Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар



Дипломдық жұмысты (жобаны) ұйымдастырып, өткізуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар


Н СМЖ 110.07 - 2013

 

_________ дана

 

_________ көшірме

 

АСТАНА 2013

Алғы сөз

 

1 әзірлегенжұмыс тобы мен сапа кызметі

жұмыс тобының атауы (ЖТ)

 

ЖТ-ның төрағасы - пед. ғылымдарының докторы, профессор А.М. Әбдіров

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні

 

2 ЕНГІЗІЛГЕН сапа қызметімен

құжат жобасын бекітуге ұсынған бөлімше атауы

 

Сапа қызметі бастығының м.а. - Алдабергенова С.С.

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні

 

3 БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНДІБасқарма төрағасымен

(құжатты бекіткен лауазымдық тұлға)

08.04.2013 күнгі № 168 бұйрық

(ұйымдық-басқару құжатының бекіту күні мен нөмірі, атауы)

 

4 ӘЗІРЛЕУШІЛЕР:

- Тіркеуші кеңсе директоры Ғ.А. Алпыспаева

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні

- Академиялық жазбалар бөлімінің бастығы Г.К.Жусупова

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні

- Сапа қызметінің бастығы С.С. Алдабергенова

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні

- Сапа қызметінің маманы Ж.А. Мұхамеджанова

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні

 

 

5 БІРІНШІ ТЕКСЕРІС МЕРЗІМІ2018 ж.

ТЕКСЕРІС ЖИІЛІГІ5 жыл

 

Осы құжатты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасының рұқсатынсыз, түгел және жартылай басып шығаруға, көбейтіп таратуға тыйым салынған

Мазмұны

 

1 Жалпы ережелер
2 Нормативтік сілтемелер
3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар
4 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу тәртібіне қойылатын талаптар 5 Кафедра меңгерушісінің, ғылыми жетекшінің құқықтары, жауапкершілігі және міндеттері  
6 Студенттің құқығы, жауапкершілігі және міндеті
7 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылуына қойылатын талаптар 8 Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) ресімдеу ережелері 9 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі 10 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі 11 Дипломдық жұмысты (жобаны) сақтау тәртібі 12 Өзгерістер 13 Келісу, сақтау, тарату
Қосымша А Мұқабасын рәсімдеу үлгісі
Қосымша Б Титул парағын ресімдеу үлгісі
Қосымша В Дипломдық жоба (жұмыс) бойынша тапсырманың үлгісі Қосымша Г Қолданылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі Қосымша Д Белгілер мен қысқартуларды ресімдеу үлгісі Қосымша Е Ғылыми жетекшінің сын-пікірінің үлгісі Қосымша Ж Пікірүлгісі Қосымша И Пікір үлгісі Қосымша К Графикалық материалды ресімдеу үлгісі Қосымша Л Нормативтік сілтемелерді ресімдеу үлгісі Қосымша М Келісу парағы
Қосымша Н Танысу парағы
Қосымша П Өзгерістерді тіркеу парағы
Қосымша Р Кезеңді тексерісті есепке алу парағы

 



 

Жалпы ережелер



 

1.1 Осы СМЖ құжатында келесі терминдер мен анықтамалар белгіленген:

Дипломдық жұмыс (жоба) – жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған болса, студент оқудың соңғы кезеңінде орындайды.

1.2 Әдістемелік нұсқаулық мамандық бойынша дипломдық жұмысты ұйымдастыруға, өткізуге және ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейтін және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (одан әрі С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ) жүзеге асырылатын жоғары кәсіптік білім беруге дайындау бағыттарының негізгі құжаты болып табылады.

1.3 Дипломдық жұмыс (жоба) мынандай мақсатта әзірленеді:

- мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын жүйелеу, бекіту мен кеңейтуге және оны нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік, сонымен қатар мәдени бағыттағы міндеттерді шешуде қолдану;

- студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет, сонымен қатар оның кәсіптік құзырлылық жағдайында өзіндік жұмыс жасауына дайындығын анықтау;

- өзіндік жұмыс жүргізе алу мен дипломдық жұмыстың (жобаның) мәселелерін шешуде эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеуәдістемесін меңгеру.

1.4 Дипломдық жұмыс (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселесін зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

1.5 Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалады және келесі талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс:

- ғалымдармен, сарашылармен, практиктермен, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономисттермен өткізілген жобалық шешімдер мен зерттеулер нәтижелерінің қорытындылануы;

- зерттелген объектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

- нақты міндеттерді шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

Нормативтік сілтемелер

 

Осы әдістемелік нұсқаулықта келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілдедегі №389-1 «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2004ж. 9 қарашадағы №603-II «Техникалық реттеу» Заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;

ҚР МЖБС 5.04.019-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер.» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігімен 2012 жылдың 23 тамызында №1080 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2008ж. 18 наурыз №125 бұйрығы өзгертулермен 2011 ж 16 наурыздағы № 94 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2011ж. 20 сәуірдегі № 1526 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі;

МЖМБС 5.04.020-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009ж. 31 шілдедегі №366 бұйрығымен бекітілген.

ҚР СТ 1.5 – 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар.

ҚР СТ 1.12 – 2000 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СМЖ 01-2011 Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару.

ҰС СМЖ 1.1.01-2011 Ұйым стандарты. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын құру, баяндау және ресімдеу ережесі.

 

Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар

3.1 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай өзекті болып, мазмұны жағынан 1.5 п. талаптарға жауап беруі қажет.

Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптарын анықтағанда өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

3.2 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптары мамандықтарға және мамандарды дайындау профильдеріне сәйкес болуы қажет.

3.3 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптары бітіртуші кафедрамен әзірленеді және факультет кеңесінде қаралып, бекітіледі.

3.4 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

3.5 Дипломның жобасы, диртомдық жұмыс факультет деканы ұсыныс жасаған жағдайда ғана Басқарма төрағасының рұқсатымен алмастырылады. Бұл жағдайда дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеушілік сипатта болып, оның есептік – графикалық бөлімі болуы қажет.

3.6 Студент дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа дипломдық жұмысын (жобасын) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент кафедраға таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын тапсыруы керек.

Сырттай оқу бөлімінде білім алушыларға дипломдық жұмысының (жобасының) тақырыбын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

3.7 Студентке дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы дипломдық жұмыс қорғалатын оқу жылының басында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы тәжірибе аяқталысымен дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы қажетті жағдайларда бітіртуші кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!