Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жұмысты ұйымдастыру және ДКК функциясы



Диспансерлік топтар.

Д I – дені сау адамдар – ешқандай шағымы жоқ және олардың қарау кезінде созылмалы аурулары немесе бөлек органдары мен жүйелерінің қызметтерінің бұзылулары табылмаған адамдар, олардың ішінде «шекаралық» деп аталатын жағдайлары бар аурулары кіреді (яғни, қан қысымы көрсеткіштерінің және басқа да ағзаның қызметіне әсер ет пейтін физиологиялық көрсеткіштердің азғана ауытқулары бар адамдар).

Д II – дені сау адамдар – анамнезінде жедел немесе созылмалы аурулары бар, бірақ соңғы жылдарда бұл аурулар ешқандай өршулер бермеген;

Д III – науқас – емді қажет ететін адамдар.

Созылмалы ауруы бар балалар диспансерлік есепке тұруымен қатар, педиатр және арнайы маман дәрігер есебінде тұрады. Диспансерлік бақылаудың негізгі медициналық құжаты баланың даму тарихы (форма№112) болып саналады. Диспансерлік бақылауда тұратын балаларға ұйымдастырылған сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін бақылау картасын толтырады. (форма№30)

Баланың дәрігерге жоспарлы келуі сол екі формамен бекітіледі.

Жүргізілген емдік және профилактикалық шаралардың нәтижесін педиатр әртүрлі маман дәрігерлер баланың даму тарихы және бақылау картасына қарап бала денсаулығын анализ жасайды. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды сол мекемедегі педиатр дәрігер диспансерлік бақылауға алады

 

 

77. Уақытша еңбекке жарамсыздық. Анықтамасы. Түрлері. Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасы кіммен жүргізіледі. ДКК міндеттері. Клиникалық болжам - аурудың ақыр-соңың болжау, ол диагноздың, науқастың зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Бұл кезде аурудың сипаты, ағымы, дәрежесі, қосалқы аурулар және асқынулар, ағза қызметінің бұзылыстары да қарастырылады. Ауруды зерттеу барысында аурудың этиологиясы, немесе нозологиялық түрі анықталады; аурудың дәрежесі (созылмалы аурулар кезінде) немесе аурудың кезеңі (жедел аурулар кезінде) анықталады, ағза қызметі бұзылыстарының айқын дәрежесі және сипаты анықталады; емнің әсері және емдеу мүмкіншіліктері қарастырылады.



Еңбек болжамы- бұл аурудың бұрынғы жұмысына, мамандығына, қызметіне оралу мүмкіншілігі, мамандықтың квалификациясы, қызметтері немесе еңбек жұмысына квалифицияланған болу.

Дәрігерлік-еңбек сараптамасының міндеттері

Әртүрлі аурулар, жарақаттар кезінде еңбекке жарамсыздық жағдайын ғылыми негізделген тұрғыда бағалау.

Мүгедектік себебін зерттеу.

Қоғамдық еңбекке, денсаулыққа қолайлы әсері бар ғылыми-негізделген еңбек ұсыныстарын қарастыру.

Әлеуметтік көмектің әр-түрлі түрлеріне көрсеткіштер: зейнетақы, протездеу, қалпына келтіру емі, автокөлік алуға және т.б. льготалар.

Уақытша еңбекке жарамсыздықтың түрлері

1.аурулар және жарақаттар кезінде

2.санаторлы-курортты ем кезінде

3.жүктілік, босану кезінде

4.сырқат баланы, жанұя мүшесін баққанда

5.Карантин кезінде

6.Бактерия тасымалдаушылық кезінде, жұқпалы аурумен ауырып жұмыстан босатылу кезінде

7.туберкулезге немесе кәсіби ауруға байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысу кезінде



ДКК қызметін және жұмысын ұйымдастыру Уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайына сәйкес, ДКК емдеу мекемелерінде (ауруханаларда, амбулаторлы-емханалы мекемелерде) ұйымдастырылады. ДКК төрағасы- комиссияның жалғыз тұрақты мүшесі, қалған мүшелер комиссияда қарастырылатың науқастың сырқатына сәйкес өзгеріп отырады. Комиссияның төрағасы болып бас дәрігер немесе бас дәрігердің орынбасары бола алады. Егер де емдеу мекемесінде бір ғана маман болса, мысалы невропатолог, онда ДКК-ның екінші мүшесі болып терапевт немесе терапевттік бөлімшенің меңгерушісі болады. Қажеттілік бойынша ДКК-ға осы немесе басқа емдеу мекемесінің сәйкес келетін мамандары шақыртылады. ДКК-ға науқастарды емдейтін дәрігер, бөлімше меңгерушісі жібереді. ДКК отырыстарын аптасына 3 рет немесе күн сайын, сенбі күндерімен қоса, жүргізу керек.

Жұмысты ұйымдастыру және ДКК функциясы

1.Кеңес жұмысы.

2.Ауру парағын ұзартуды және ауру парағын негіздеп беруді қадағалау.

3.Ауру парағын беру және ұзарту.

4.МСЭК-ке жіберу.

5.ДКК қортындысы бойынша жұмысқа тұрғызу.

6.Әртүрлі сұрақтар ДКК бойыша қортынды беру.

Мүгедектік- денсаулық бұзылысына байланысты ағза қызметінің тұрақты бұзылуының нәтижесінде адам іс-әрекетінің шектелуі.

МүгедектіктіңI тобы еңбек жарамсыздығының ең жоғарғы жайылуын сипаттайды. I-топ мүгедектікті негіздеу: тіршілік етудін жарақаттарға, ауруларға, туа біткен ақауларға байланысты айқын шектелуі, олар айқын әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі, себебі адамның оқуға, тілдесуге, өз тәртібін қадағалауға, қозғалуға , өзі өзін күтуге мүмкіншілігі болмайды. Анатомиялық ақауларды немесе ағзаның бұзылған қызметтерін компенсациялау, үйде немесе кәсіп –орында арнайы еңбек жағдайын жасау кейбір еңбек түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

II -топ мүгедектік – функция бұзылысының айқын дәрежесімен, толық еңбекке жарамсыздықпен сипатталады (тек қана кейбір мүгедектер арнайы жасалған жағдайда еңбек ете алады).ІІ-топ мүгедектері өзі-өздерін күте алады да басқа біреудін көмегін қажет етпейді.

II -топ мүгедектікті негіздеу: тіршілік етудін жарақаттарға, ауруларға, туа біткен ақауларға байланысты айқын шектелуі, олар айқын әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі, себебі адамның оқуға, тілдесуге, өз тәртібін қадағалауға, қозғалуға , өзі өзін күтуге мүмкіншілігі болмайды, анатомиялық ақауларды немесе ағзаның бұзылған қызметтерін компенсациялау, үйде немесе кәсіпорында арнайы еңбек жағдайын жасау кейбір еңбек түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

III -топ мүгедектік еңбекке жарамдылықтың жартылай жойылуымен сипатталады. III -топ мүгедектері жұмыс істей алады және жұмыс істеу керек, ал МСЭК оларға ұсыныс береді, оның ішінде мүгедектердің денсаулық жағдайына байланысты еңбек сипаты және еңбек жағдайы туралы мәлімет берілген.

III -топ мүгедектікті негіздеу болып анатомиялық ақаулар немесе созылмалы нәтижесінде болған ағза функциясының бұзылуы табылады, осының нәтижесінде еңбекке жарамдылық төмендейді.

 

 

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!