Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер)



Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған. Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес. атомдық көзқарас Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес. Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді: Сезім арқылы танып-білу, Ақылмен танып-білу. Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы.





17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері:



Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгi философиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз: 1-Дәһриййұн: Философиялық материализмнiң уәкiлдерi. Бұл философиялық ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басға дiндердегi философтардың әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ, Башшар Бұрдұлы және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди. 2-Табиғиййұн: натуралистiк философияның өкiлдерi. Мутазиланың рационалды философиясының дамыған түрi болып саналады. Бұларды ампиристер десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси, Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әл-Рази. 3-Тiл және аналитикалық философия: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы уә синтаксы жөнiнде көптеген жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы Сибеуейх, Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы, Әбу Абдұррахман әл-Халил Ахмедұлы. Белгiлi хакім Әбу Хамза әл-Хасанұлы әл-Исфаһани оларды «әл-Фәласифат-ұн нахуиййұн», яғни тiлбiлiмi саласының хакімдері деп атаған. 4-Метафизикалық философия: «илаһиййұн» деп аталған осы топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби және Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали сияқты мәшһүр ойшылдарды айтуға болады. Әл-Кинди еңбектерiнде неоплатонист аристотелшi ағымның ақыл теориясын дамытқан. Көптеген философиялық еңбектердiң авторы жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс философиясын» жасау қажеттiгi туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген хакім, ойшыл. Басра шаһарында аты-жөндерi белгiсiз философтар тарапынан 946-950 жылдары шамасында құрылған «Ихуан-ұс Сафа» философтар қоғамы Бағдад уә Мысыр шаһарларында бөлiмшелер ашып, неоплатонист және неопифагорист бағыттарды қамтитын 51 рисаладан құралған ғылымдар энциклопедиясын шығарған. Шығыс философиясын жеке сала ретiнде дамыту жолында ең сүбелі жұмысты жасаған хакімдердің қатарынан Ибн Сина ерекше атауға тұрарлық тұлға. Ол «Мантиқ-ұл мәшриқиййин» және «әл-Хикмәт-ұл мәшриқиййа» (шығыстықтардың даналықтары) атты еңбектердi жазған. Әл-Ғазали еңбектерiнде неоплатонизм мен аристотелизмге қарсы пiкiрлер айтылған, ғалым философияны дiни шеңберде пайдаланып, әл-Әшаридiң кәлам жүйесiн негiзге алған.


Просмотров 2197

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!