Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе



Антитромбин III бауырда К-витаминінің қатысуымен өндірілетін қуатты антикоагулянт. Ол әсерленген XII, XI, IX, X факторларды және тромбинді әсерсіздендіреді. Оның әсері гепариннің ықпалынан күшейеді.

Гепарин– глюкозаминдерден, глюкурон, идурон және күкірт қышқылдарынан тұратын протеогликан. Қалыпты жағдайда қанда оның мөлшері 1,5-1,8 мг/л. Гепариннің басым бөлігі мес жасушалары мен базофилдік лейкоциттерде болады. Олардан босаған гепарин жергілікті антикоагулянттық әсер етеді. Ол антитромбин III-тің тромбинмен әрекеттесуін күшейтеді. Гепарин кешен құру арқылы X және IX факторлардың белсенділігін бөгейді.

Гепарин қанайналымға түсіп қан ұюы тежелуін қамтамасыз етеді. Ол қанда қан ұю факторларымен тұрақты кешен құрып фибринолизді күшейтеді. Гепариен-тромбопластин кешені атеросклероздық ықпалдардың әсерінен тежелген қан ұюына қарсы факторларды әсерлендіреді. Гепарин-фибриноген, гепарин-фибрин-мономер, гепарин-тромбин, гепарин-XII фактор, гепарин-плазминоген және гепарин-плазмин кешендері фибрин-мономерлерді ыдыратады және олардың полимерленуін әлсіретеді, VIII факторды тежейді. Гепарин плазмадағы калликреиннің және өткіштік факторының белсенділігін тежейді, Х фактордың бәсеңсіткішінің әсерін қатты күшейтеді.

Бұлардан басқа гепарин көптеген қызметтер атқарады. Ол қабынуға қарсы әсер етеді, нейтрофилдердің хемотаксисін бөгейді, миелопероксидаза, лизосомалық протеаза ферменттерінің белсенділігін төмендетеді, белсенді радикалдардың құрылуын тежейді. Сонымен бірге гепарин Т-лимфоциттерінің қызметін, комплемент жүйесінің белсенділігін, қан тамырлары қабырғасында тегіс салалы ет талшықтарының өсіп-өнуін тежейді. Ол қанның тұтқылығын азайтады, жаңа тамыр пайда болуын сергітеді. Қанда гепариннің аз мөлшерде болуы гистаминнің әсерінен дамитын тамыр қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуінен сақтандырады. Гепарин гистаминмен, серотонинмен, нейтрофилдердің катиондық нәруыздарымен кешенді қоспалар құрады. Қан жасушаларының сыртқы беттерінде ол теріс электр дәрменін көбейтіп, олардың агрегациясын азайтады. Лимфалық тіндерде ол жасушалардың пролиферациясын сергітеді.



Гепарин қанға ұдайы шығарылып тұратын антикоагулянтқа жатады. Қанда тромбопластин немесе тромбин пайда болғанда ол уақытша әсер ететін антикоагулянттардың өндірілуін және босап шығуын арттырады. Бұларға С протеині, S протеині, тромбомодулин, гепариндік кофактор II және фибриолиз өнімдері жатады.

C протеині бауырда К-витаминінің қатысуымен өндірілетін гликопротеид. Ол қанда белсенді емес түрінде 3-5 мг/л шамасында айналып жүреді. С протеинінің белсенділігі тромбиннің, тромбопластиннің және Са2+ әсерінен көтеріледі. С протеині әсерлену кезінде S протеині пайдаланылады. Тромбин тромбомодулинмен байланысқанда С протеинінің әсерленуі күшейеді.

S протеині бауырда К-витаминінің қатысуымен өндірілетін гликопротеид және ол қанда 35 мг/л мөлшерінде болады. Оның жартысы бос күйінде және екінші жартысы қан нәруызымен, негізінен комплемент құрамбөлшегімен, байланысқан түрде қанмен айналып жүреді. Бос S протеині эндотелий жасушаларымен және тромбоциттермен өзара әрекеттесуі кезінде әсерленген с протеинінің антикоагулянттық әсерін күшейтеді.



Тромбомодулин мый тамырларынан басқа барлық қан тамырланың эндотелий жасушаларында болатын және тромбинді байланыстыратын рецепторлық нәруыз. Тромбомодулин-С протеині- S протеині жүйесі қылтамырлар деңгейінде қанның тұтқырлығын азайтып тромбоз дамуынан сақтандырады. С протеині тромбинмен жанасудан қатты әсерленеді және әсерленген V, VIII факторларды ыдырататын протеазалық қабілет қабылдайды. Осыдан тромб дамуы болмайды. Сонымен бірге әсерленген с протеині-S протеині кешені фибринолизді де күшейтеді.

Гепариндік кофактор II гепариннің қатысуымен тромбиннің күшті бәсеңсіткіші. Ол тері мен шырышты қабықтардың дерматансульфаттарының әсерінен белсенділігін көтереді. Қанда оның деңгейі 50%-ға дейі азайғанда тромбэмболия дамиды.

Әсерленген қан ұю факторлары. Қан ұюында және фибринолиз кезінде көптеген прокоагулянттар артынан антикоагулянттық қасиет қабылдайды. Мәселен, фибрин түйіндерінің сыртқы бетімен тромбинді жұтып алудың нәтижесінде ары қарай фибриннің қалыптасуы тежеледі. Сондықтанда фибринді антитромбин 1 деп атайды. Тромбин протромбиннен X, V факторлардың тежегіштерін бөліп алады да, ұюға қатысқаннан кейін протромбиннің тромбинге ауысуын тежей бастайды. Фибриноген мен фибриннің ферменттік ыдырау өнімдерінің антикоагулянттық қасиеттері бар. Олар тромбиндік уақытты ұзартады, фибрин-мономерлермен немесе фибриногенмен қосылып, фибриннің пайда болуына бөгет жасайды.

Фибринолиз өнімдері қан ұюына қарсы әсер етеді. Фибриннің X және Y құрамбөлшектері тромбинді тежейді, тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясын әлсіретеді.

D құрамбөлшегі фибрин мономерлерінің полимерленуін бәсеңсітеді, брадикининнің, калликреинннің, ангиотензиннің, гистаминнің әсерлерін күшейтеді.

Е құрамбөлшегі фибриноген молекуласының бетінде тромбинмен байланысатын рецепторлармен байланысады.

Гепаринсульфатты протеогликандар эндотелий жасушаларының және эндотелий асты құрылымдарда орналасады. Эндотелий жасушаларының бетінде ол антитромбин III-тің кофакторы болады.

Тіндік фактордың бәсеңсіткіші бауырда және эндотелий жасушаларында өндіріледі, қанда аз мөлшерде болады. Ол протеаза ферменттерін тежейді.

Дерттік антикоагулянттар. Әртүрлі дерттер (гепатит, аутоиммундық аурулар, дәрілік аллергия т.б.) кездерінде антикоагулянттар түзілуі мүмкін. Иммундық аурулар кездерінде жекелеген қан ұю факторларына қарсы антиденелер түзілуі болады. Бауыр ұлпасы бүліністерінде прокоагулянттық, антикоагулянттық және фибринолиздік жүйелердің үйлескен функцияларының бұзылыстары пайда болуы ықтимал.

 

Фибринолиз жүйесі

 

Фибринолиз— қанның плазминоген-плазмин протеолиздік ферментті жүйесімен жүреді. Плазминоген бауырда, сүйек кемігінің эозинофилдерінде, бүйректе өндірілетін гликопротеид. Қанда оның мөлшері 1-2 мкмоль/л болады. Плазминоген тек фибрин болғанда ғана әсерленеді. Қан плазмасында және әртүрлі тіндерде (жатыр, қалқанша без, өкпе, ұйқыбез, қуық асты безі) плазминогенді плазминге ауыстыратын әсерлендіргіш заттар (активаторлар) болады. Олар тамырлардың, әсіресе көктамырлардың, венулалардың, өкпе артерияларының эндотелий жасушаларында өндіріледі. Оларды плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштері дейді және олардың бір өкілі болып урокиназа есептеледі.

Кейбір бактериялар туындыларының (мәселен, стрептокиназа) плазминогенді плазминге ауыстыру қабілеті бар. Стрептокиназа тікелей әсер етпейді. Алдымен ол плазминогенмен қосылып, стрептокиназа-плазминоген кешенін құрады, содан кейін осы кешен плазминогенді әсерлейді. Сонымен, плазминоген әрі әсерлеуші, әрі әсерленуші зат болады. Қандағы плазминогенді әсерлендіретін заттардын мөлшері қол жұмысынан немесе басқа ауыртпалықтардан кейін, организмге никотин қышқылын немесе пирогендік заттар енгізгеннен кейін көтеріледі.

Қанның тамыр ішіндегі ұюы фибринолиздік жүйенің негізгі табиғи әсерлендіргіші болады. Плазминогеннің әсерленуінде белсенді Хагеман факторы (калликреин-кининдік және комплемент жүйелерінің қатысуымен), тромбин және фибрин қатысады.

Фибринолиз лейкоциттердің лизосомалық қышқыл протеазаларының әсерлерінен де болады. Фибринолиздің әсерлендіргіштерінің әсерінен плазминогеннің молекуласы ферменттік ыдырауға түсіп, плазминге айналады. Плазминнің фибрин - фибриногенге қарсы протеолиздік қасиеті бар. Фибриннің ыдырауы бірнеше сатыда өтеді.

Сонымен бірге қан сұйығында қандағы плазминогеннің әсерлендіргіштерін бәсеңсітетін де заттар болады. Оларды плазминогеннің әсерлендіргіштерінің бәсеңсіткіштері дейді. Мәселен, α -глобулиндерге жататын антиплазмин фибринолизді реттейді және оның үдемелі қарқынын тежейді.

Фибринолизді емдік мақсатта арттыру бактериялардан алынатын ферменттердің (стрептокиназа т. б.) немесе урокиназаның көмегімен жүргізіледі. Керісінше фибринолизді тежеу үшін жасампаздық жолмен алынған аминқышқылдары, сонымен қатар жануарлардан және өсімдіктерден алынатын антипротеазалар (трасилол, контрикал т.с.с.) қолданылады.

 

- сызбанұсқа

 

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!