Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






В12-витамин және фолий тапшылықты анемия



В12-витамин және фолийқышқылы тапшылықтыанемияны алғаш Аддисон 1849 ж жариялады. Артынан 1872 ж. Бирмер қатерлі немесе пернициоздық (лат. perniciosus-қатерлі) анемия деп атады. Бұл анемия мегалобластық анемияға жатады.

В12-витамині (кобаламин) етте, жұмыртқада, бауырда, сүтте, бүйректе, ірімшікте көп болады және оны Кастлдың сыртқы антианемиялық факторы дейді. Асқазанның кілегей қабығының іргелі жасушаларында Кастлдың ішкі антианемиялық факторы - гастропротеин өндіріледі.

Асқазанға түскен В12-витамині пепсиннің әсерімен нәруызды бөлігінен ажыратылып алынады. Ары қарай кобаламин сілекейде транскобаламин-1 нәруызымен байланыстырылып тасымалданады.

Ішкі антианемиялық фактор кобаламин-транскобаламин-1-мен бірге ұлтабардың төменгі бөліктеріне түседі. Содан ұйқы безінің протеолиздік ферменттерінің әсерлерінен кобаламин транскобаламин-1-ден ажырап, ішкі антианемиялық фактормен тасымалданады. «Ішкі антианемиялық фактор- кобаламин» кешені мықын ішекте қанға сіңіріледі. Қанда кобаламин транскобаламин-2 нәруызымен тасымалданады (-сурет). Қанға түскен В12-витамині бауырда жинақталады. Оның жалпы қоры мөлшермен 2-5 мг болады. Ол организмнен сыртқа мардымсыз мөлшерлерде шығарылады. Сондықтан тағаммен В12-витамині түспегеннің өзінде оның қоры 2-3 жылға жетеді.

-сурет Кобаламиннің сіңірілуі

 

 

Этиологиясы.В12-витаминінің тапшылығы мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

● тағаммен түскен кобаламиннің қанға сіңірілмеуінен; ол өз алдына мына себептерден болады:

√ асқазанда ішкі антианемиялық фактор мен тұз қышқылының өндірілмеуінен; мәселен, асқазанның іргелік жасушаларының аутоиммундық бүліністері кездерінде, асқазанды сылып тастағаннан кейін немесе атрофиялық гастриттер кездерінде В12-витамині энтероциттердің Са2+-тәуелді арнайы рецепторларымен әрекеттесе алмайды;



√ ашішек аурулары (глютен ауруы, лимфома, энтерит, спру) кездерінде энтероциттердің үстіңгі мембранасы бүліністерінен В12-витаминді байланыс-тыратын арнайы рецепторлар қатты азайып кетеді;

√ ішектерде болатын жалпақ құрттар В12 витаминді артық пайдаланып қояды. Осы себептерден В12-витаминінің қанға сіңірілуі бұзылады.

● кобаламинге организмнің мұқтаждығы артып кетуінен; мәселен жүкті әйелдерде (ұрық дамуының 4-5 айлық мерзімінде қан өндірілу ұрықтық түрден эритробластық түрге ауысуына байланысты ұрық анасының кобаламині мен фолий қышқылын көп пайдаланады);

● бауыр аурулары (гепатит, цирроз) кездерінде витаминдердің қорға жиналуы бұзылуынан;

● тағамда кобаламиннің (қатаң тек өсімдіктерден тұратын тағаммен қоректенетін вегетериандарда, балаларды ешкі сүтімен, құрғақ сүт қосын-дыларымен тамақтандырғанда) жеткіліксіздігінен.

Адамда қатерлі анемия дамуына жиі әкелетін себепкер ықпал болып асқазанда ішкі антианемиялық фактордың өндірілуі бұзылуы есептеледі. Асқазанның іргелік жасушаларының аутоиммундық бүліністерінен ішкі антианемиялық фактор мен тұз қышқылының өндірілуі азаяды. Сондықтан пернициоздық анемияны аутоиммундық ауруларға жатқызады. Бұл кезде 60% науқастардың қанында асқазанның эпителий жасушаларына немесе ішкі антианемиялық факторға қарсы аутоантиденелер анықталады. Кейбір адамдарда асқазанның эпителий жасушаларында ішкі антианемиялық фактор өндіре алмауына, аутосомдық-бәсеңкі түрде ұрпаққа тарайтын, бейімділік болады.



Патогенезі.Кобаламин жасушалардың ішінде болатын екі түрлі ферменттердің белсенділігін көтеретін коферменті болып саналады:

● біріншіден, метионин түзілуіне қажетті метионинсинтаза ферментінің;

● екіншіден, метилмалонил-коэнзим А-ны сукцинил-коэнзим А-ға ауыс-тыратын метилмалонил-коэнзим А-мутаза ферментінің коферменті.

Метионинсинтаза ферменті метилтетрагидрофолий қышқылынан метил тобын ажыратып алады да, оны гомоцистеинге қосып, метионин түзуге қатысады. Бұл кезде метил-тетрагидрофолий қышқылынан тетрагидрофолий қышқылы босап шығады. Бұл қышқыл дезоксиуридинді дезокситимидинге ауыстыру үшін қажет. Ал дезокситимидин ДНҚ молеку-ласы түзілуі үшін пайдаланылады.

Кобаламин тапшылығы кезінде метионинсинтаза ферментінің белсенділігі төмендеуден фолий қышқылының салдарлық жеткіліксіздігі дамиды, ДНҚ молекуласының түзілуі бұзылады (-сызбанұсқа). Бұл кезде РНҚ мен нәруыздар түзілуі сақталып қалады. Осыдан:

● сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі бұзылады;

● ас қорыту жолдарының жаңарып тұру қабілеті бұзылады.

Эритроциттердің өндірілуі бұзылуы.Сүйек кемігінде эритрокариоциттерде, ДНҚ молекуласы түзілуі бұзылудан, РНҚ/ДНҚ арақатынасы 0,85-ке дейін көбейеді (қалыпты жағдайда ол 0,3) Содан бұл жасушалардың хромосомаларында хроматидтердің жыртылуы болып, олардың митоздық көбеюі S-фазасында тоқталады. Бұл кезде мутациялық өзгерістер дамуы жиілейді, мутацияға ұшыраған жасушалардың фагоциттелінуі қатты артады. Мутацияға ұшырамаған жасушаларда гемоглобин түзілу кезеңі ұзарады, гемоглобин мөлшері көбейген жасушалар пайда бола бастайды. Жасуша ядро-сындағы бар ДНҚ молекуласы жартылай ғана екіге ажырап, бір жасушаның ішінде сақталып қалады. Сол себепті жасушалардың ішінде қалыптыдан көп ДНҚ молекуласы болудан, олардың көлемі ұлғайып, алып жасушалар (мегалобластар мен мегалоциттер) пайда болады. Содан сүйек кемігінде қан өндірілу эритробластық түрінен мегалобластық түрге ауысады. Мегалоциттердің сүйек кемігі қойнауы мен қанайналымға шығарылуы баяулайды. Бұл кезде дәрменсіз эритропоез күшейеді, эритроциттердің тіршілік мерзімі қысқарады. Қан өндірілуі бұзылуынан және эритроциттердің сүйек кемігінде артық гемолизінен анемия дамиды. Мегалобластар мен мегалоциттер шеткері қанға түседі. Бұл алып жасушалар гемоглобинге қаныққан болады. Содан қанның түстік көрсеткіші 1-ден жоғары болып, гиперхромдық анемия дамиды, бірақ гемоглобиннің жалпы мөлшері тым аз болғандықтан қанның оттегіге сыйым-дылығы азаяды.

Бұл анемия кезінде, эритроциттер мен гемоглобиннің қатты азаюымен қатар, лейкоциттер мен тромбоциттердің де азаюы байқалады. Оларда бүліністік өзгерістерге ұшырап, алып нейтрофилдер және ядросы бүлінген мегакарио-циттер шеткері қанда көптеп пайда болады.

Ас қорыту жолдарының бұзылыстары. Кобаламинңің жеткіліксіздігінде, ДНҚ молекуласы түзілмеуінен, асқорыту жолдары эпителий жасушаларының өсіп-өнуі бұзылып, оның бөліктерінің кілегей қабықтарында атрофиялық қабыну (глоссит, стоматит, эзофагит, гастрит, энтерит) дамиды. Атрофиялық глоссит дамуынан тілдің бүрлері жоғалып, жып-жылтыр болып, ол тегістеліп кетеді. Бұндай тілді «Гунтер тілі» дейді ( - сурет). Атрофиялық гастриттің нәтижесінде ішкі антианемиялық фактордың өндіріліп шығарылуы бұзылып, В12-витаминінің сіңірілуі болмайды. Осыдан, кері айналып соғу шеңбері бойынша, кобаламиннің тапшылығы одан сайын күшейеді.

 

 

- сурет. В12-тапшылықты анемия кезіндегі Гунтер тілі.

 

Метилмалонил-коэнзим А-мутаза ферментінің белсенділігі төмендеуі. Кобаламин жетіспеуі кезінде осы ферменттің белсенділігі төмендеуінен, жүйке жасушаларына улы әсер ететін метилмалонил-коэнзим-А жиналып қалып, қанықпаған май қышқылдарының алмасуы бұзылады (-сызбанұсқа). Осыдан, жүйке талшықтарын қаптайтын миелиннің құрамына қалыптыдан ауытқыған май қышқылдары еніп кетеді немесе миелин қабықтары құрылмайды. Содан жүйке жүйесінің миелин қабықтары жоғалып, аксондардың қызметтері бұзылыстарына әкеледі. Бұл кезде жұлынның артқы және ірге мүйіздерінің бүліністері дамиды, мидағы және шеткері жүйкелер бүлінеді. Көптеген жүйке талшықтарының қабынулары, сезімталдықтың бұрмаланулары (парестезиялар) байқалады. Бұл бұзылыстардың дамуында, жоғарыда келтірілгендермен қатар, кобаламин тапшылығынан метионин түзілуінің азаюы да маңызды орын алады. Өйткені метиониннің аздығынан құрамына холин енетін, жасуша мембрана-сының құрамында болатын, фосфолипидтердің түзілуі тежеледі.

Қорыта келгенде, бұл анемиялар кездерінде қан жүйесі, асқорыту жолдары мен жүйке жүйесінің бұзылыстары біріккен түрде байқалады.

Қан көріністері.В12-витамин тапшылықты анемиялар:

● қан өндірілудің түрі бойынша - мегалобластық анемия;

түстік көрсеткіші бойынша – гиперхромдық анемия;

эритроциттердің көлемі бойынша – макроциттік немесе мегалоциттік анемия.

Қанда эритроциттер мен гемоглобиннің жалпы деңгейі бұл анемияларда қатты төмендейді, бірақ гемоглобинмен толған мегалобластар мен мегалоциттердің қанда көп болуынан түстік көрсеткіш 1-ден жоғары (1,4-1,8) болады.

Қан жағындысында сүйек кемігінің дерттік өзгерген жасушалары:

● мегалоциттер (диаметрі 10-12 мкм-ден үлкен, ортасында жарықтануы жоқ қарқынды боялған, бірқатар сопақша жасушалар);

● мегалобластар (диаметрі 12-15 мкм цитоплазмасы көгілдір, қызғылтым немесе көп түске боялған, ядросы бар ірі жасушалар) көрінеді. Бұларға ерте гемоглобиндену және нәзік торлы, әдетте шеткері орналасқан, ядросы болуы тән.

 

 

-сурет. Сол жақта эритробластар (нормобластар), оң жақта мегалобластар.

 

Қанда көптеген бүліністік өзгерістерге ұшыраған эритроциттер: пойкилоцитоз, анизоцитоз (макроцитоз), гиперхромия, Жолли денешіктері, Кебот жүзіктері бар мегалоциттер, көгілдір нүктелері бар эритроциттер кездеседі (-сурет). Физиологиялық регенерациялық жасушалар (ретикулоциттер) азаяды, өйткені сүйек кемігінде қан өндірілуінің эритробластық түрі бөгеліп, мегалобластық эритропоез басым болады. Миелоидтық және мегакариоциттік өскін тіндердің қалыптыдан ауытқыған жасушалары (көп бөлшектелген алып нейтрофилдер) болуымен қатар (-сурет), лейкоциттер мен тромбоциттердің саны азаяды.

 

 

 

-сурет. Қан жағындысында алып таяқша ядролы және көп бөлшектенген ядролы нейтрофилдер.

 

- сызбанұсқа


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!