Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ан жүйесінің патофизиологиясы



 

Қан өндіретін ағзалардың (сүйек кемігі, тимус, көкбауыр, лимфалық түйіндер) құрылымы дәнекер тіннен, ұлпасынан (паренхимасынан), қан тамырларынан тұрады. Ұлпалық және стромалық жасушалардың өзара тығыз орналасуынан олардың өзара байланысуы қамтамасыз етіледі және жасуша аралық жанасу жеңілдейді.Ұлпа жасушалары ұдайы өсіп-өніп, тура өздерінен айнымайтын жаңа жасушаларға ауысып тұрады және белгілі мерзім келгенде апоптозға ұшырап, тіршілігін жоғалтады.

Сүйек кемігінде барлық қан түйіршіктеріне аналық жасуша болатын, «бағаналық» деп аталатын жасушалар болады. Бұл жасушалардың өсіп-өну қабілеті өте жоғары болады. Содан олар ұдайы дамып, бөлініп көбейіп тұрады. Осының нәтижесінде орта есеппен тәулігіне тіршілігін жоғалтқан 1•1011 қан түйіршіктерінің орны толықтырылады. Осылай тіршілігін жойған қан түйіршіктері мен жаңадан өндірілген түйіршіктердің арасында қатаң тепе-теңдік сақталып тұрады. Сүйек кемігінде бағаналық жасуша миелопоэздік және лимфопоэздік аналық жасушаларға айналады. Миелопоэздік аналық жасуша колония құратын бірліктерге айналып, ары қарай эритроциттердің, нейтрофилдердің, тромбоциттердің, эозинофилдер мен базофилдердің, моноциттердің өндірілуіне әкеледі. Лимфопоэздік аналық жасушадан Т- және В-лимфоциттері өндіріледі (қан өндірілу кестесін қараңыз).

Бағаналық жасушалардың өсіп-өнуі, жетілуі және нақтылануы олардың айналасында орналасқан жасушалардың реттеуші әсерлерінен байланысты болады. Бұл жасушаларға, сүйек жасушаларынан басқа, макрофагтар, лифоидтық және басқа жасушалар жатады. Оларды тіректік (стромалық) жасушалар дейді. Бұлар қан түйіршіктері өндірілуіне қажетті, суда жақсы еритін, гемопоэздің өсу факторларын өндіріп шығарады. Олар көмірсулары мен нәруыздардан тұратын болғандықтан гликопротеидтік гормондар делінеді. Бұл гормондар барлық қан өндіретін жасушалардың тіршілік етуіне, бөлініп көбеюіне, дамуына, нақтылануына және олардың өздеріне тән міндеттемелерін атқарулары үшін өте қажет.



Гемопоэздік өсу факторларына бағаналық жасушалардың гемопоездік факторы (БЖГФ) колония құрылуын сергітетін факторлар (КҚСФ), гранулоциттік КҚСФ, гранулоциттік-макрофагтық КҚСФ, интерлейкин-3,6,7 жатады.

Бағаналық жасушалардың гемопоездік факторы (БЖГФ) әртүрлі аналық жасуша-лардың өсіп-өнуін сергітетін полипотентті түрткі болады. Миелопоезде ол гранулоциттерді, гранулоциттер мен макрофагтарды сергітетін факторлар, интерлейкин-3, эритропоезде - эритропоетин, мегакариоцитопоезде - интерлейкин-6, лимфопоезде – интерлейкин-7, мес жасушаларының өсіп-өнуінде – интерлейкин-3 сияқты факторлармен қосарласып әсер етеді.

Макрофагтардың қабынулық α-нәруызы негізінен бағаналық жасушаның пролифера-циясын күшейтеді. Қызыл сүйек кемігінің бағаналық жасушаларына БЖГФ мен макрофагтардың қабынулық α-нәруызымен қатар гликопротеиндер, гранулоциттер мен макрофагтар құрылуын сергітетін колония құрылуын сергітетін факторлар қатысады.

Гранулоциттік КҚСФ моноциттерде, фибробластарда өндіріліп шығарылады және ол негізінен нейтрофилдердің құрылуына әсер етеді. Бұл фактордың көп өндірілуінен нейтрофилдік лейкоцитоз дамиды.



Гранулоциттік-макрофагтық КҚСФмоноциттерде, фибробластарда, Т-лимфоциттерінде, эндотелий жасушаларында және терінің эпителий жасушаларында өндіріледі. Бұл полипотентті фактор гемопоезде өте маңызды орын алады. Өйткені ол барлық гранулоциттер өндіретін жасушалардың өсіп-өнуін сергітеді. Бұдан басқа бұл фактор бластық жасушалардың пролиферациясын қадағалайды, эозинофилдердің цитотоксиндік қасиетін күшейтеді.

Интерлейкин-3 көптеген колония құрылуын сергітетін факторға жатады. Ол әсерленген Т-лимфоциттерде түзіледі және барлық гемопоездік жасушалардың (бағаналық, аналық жасушалардың, миеолоидтық т.б.) өсіп-өнуі мен нақтылануын күшейтеді.

Гранулоциттердің бағаналық жасушалары өсіп-өнуі мен нақтылануына интерлейкиндер-4, 5, 6 ықпал етеді. Қан өндіретін тінде сұйықтық өсу факторлары, стромалық жасушаларға әсер етпей, гемопоездік жасушаларға басым әсер етеді.

Гемопоездік өсу факторлары қан сұйығындағы нәруыздардың әсерлерінен сүйек кемігінде аз-аздап, ұдайы шығарылып тұрады. Сондықтан қан түйіршіктерінің саны шеткері қанда қалыпты мөлшерде ұсталады. Ал енді организмге бір жұқпа енетін болса, онда бактериялар мен вирустардың өнімдері моноциттердің белсенділігін көтеріп, олардан интерлейкин-1, өспелерді жоятын α-фактор өндірілуін арттырады. Бұлар өз алдына сүйек кемігінде фибробластар мен эндотелий жасушаларында әртүрлі колония құрылуын сергітетін факторлардың өндіріліп шығарылуын күшейтеді. Осы гемопоэздік өсу факторлары нейтрофилдердің, моноциттердің, плазмалық жасушалардың пысып жетілуін тездетіп, шеткері қанда олардың көбеюіне әкеледі.

Қан жүйесіндегі дерттердің түрі, оның этиологиясы мен даму жолдарының (патогенезінің) ерекшеліктері осы жүйенің келесі функциялық, морфологиялық және реттелу қасиеттеріне байланысты болады:

● организмде өндірілген қан жасушалары ұдайы жаңарып тұруы қажет. Мәселен, эритроцитгердің тіршілігі 110-130 тәулік болса, лейкоциттер 2-3 аптадан кейін тіршілігін жояды. Олардың орны толтырылып тұрады. Ол үшін сүйек кемігі тәулігіне 200-250 млрд қан жасушаларын өндіретін болғандықтан қан өндіру ағзалары ұдайы қызмет атқарып тұрады. Осыған байланысты қан жасушаларын өндіру үшін организмге көптеген заттар (нәруыз, темір, В12 витамині, фолий қышқылы, мыс, кобальт, марганец т. с. с.) қажет. Олардың организмге тамақпен түсуі азайса немесе сыртқа көптеп шығарылып кетсе, қан өндіру ағзаларының қызметтері де төмендейді. Сонымен бірге қан өндіру ағзаларының жасушалары ұдайы бөлініп-көбейіп тұратын болғандықтан олардың бөлінуін тежейтін дәрі-дәрмектер, химиялық заттар, улы өнімдер, иондағыш сәулелер бұл ағзалардың қызметтерінің жеделдеген бұзылыстарына әкеледі;

● қан өндіретін барлықжасушалардың құрылымы, зат алмасуы, жетілуі және көбеюі жасушалардағы құрылымдық және реттегіш гендік құралдардың ақпараттарына байланысты болғандықтан қан жүйесі дерттерінің себептері болып жиі гендік өзгерістер есептеледі (лейкоз, тұқым қуатын гемолиздік анемия, тромбоцитопения, лейкопения т.б.). Сол себептен бұл өзгерістерге әртүрлі мутагендік әсер туындататын ықпалдар (иондағыш сәулелер, химиялық улы заттар) белгілі дәрежеде әсер етеді;

● қанға түсетін ауру туындататын заттар (бактериялар, вирустар, сыртқы және ішкі уытты заттар, дәрі-дәрмектер т.с.с.) қан жасушаларының антигендік қасиеттерін өзгертіп, аутоиммундық құбылыстарға, артынан жасушалардың еріп кетуіне әкеледі;

● қан жасушаларының өндірілуін эритро-, лейко- және тромбоцито-поэтиндердің көмегімен реттеу бұзылыстарында қан жүйесінде дертгік өзгерістер пайда болады.

 

 

- сурет. Қан өндірілу кестесі.

Белгілер: КҚБ - колония (лат. соlоnіа - тұрғын жер, құрылымы бойыяша бір тұтастық құратын жасушалар) құратын бірлік: КҚБ-ГММ - макрофагтардың және нейтрофилдердің колония құратын бірлігі; КҚБ-Э- эритроциттердің КҚБ; КҚБ-Мге -мегакариоциттердің КҚБ; КҚБ-М - моноциттердін КҚБ; КҚБ-Б -базофилдердің КҚБ; КҚБ-Эо-эозинофилдердің КҚБ; КҚБ-Г гранулоциттердің КҚБ, Пре-В – В-лимфоциттеріне нақтыланатын, Пре-Т – Т-лимфоциттеріне нақтыланатын жасушалар.

 

Анемиялар

 

Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшері азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (мәселен, теміртапшылықты анемия, талассемия).

Әйелдерде гемоглобиннің мөлшері 120 г/л-ден, гематокриттік көрсеткіш 36%-дан, еркектерде гемоглобин 140 г/л-ден, гематокрит 42%-дан төмен болғанда анемия деп аңғаруға болады.

Гемоглобиннің мөлшері айналымдағы қанның жалпы көлеміне және гематокриттік көрсеткішке байланысты болады. Мәселен, жіті қансыраудан кейін айналымдағы қанның жалпы көлемі азаюына байланысты қанның белгілі көлемінде анықталған гемоглобиннің мөлшері қалыпты деңгейде сақталады. Әйелдердің жүктілігі кезінде қан сұйығының көлемі көбеюінен гемоглобиннің мөлшері, оның жалпы мөлшері қалыпты болуына қарамай, азаяды.

Қанның оттегіге сыйымдылығы азаюына байланысты дамитын қандық гипоксияның клиникалық көріністері гемоглобиннің 70 г/л-ден төмен болуынан байқалады. Ауыр анемия кезінде терінің бозаруы және қанмен оттегінің тасымалдануын арттыруға бағытталған тахикардия пайда болады.

Шеткері қанда ретикулоциттердің саны сүйек кемігінің анемияға жауап қайтару қабілетін, эритроциттердің өндірілу қарқынын көрсетеді. Олардың саны қан жағындысында саналған эритроциттердің жалпы санының пайызымен анықталады. Қалыпты жағдайда саналған 1000 эритроциттің 5-15%%-і немесе 0,5-1,5%-ы ретикулоциттерге жатады. Ретикулоциттік индекс (РИ) – сүйек кемігінің анемияға жауап ретінде оның ауырлығына сәйкес жаңа эритроциттер өндіру қабілетін көрсетеді.

РИ = 0,5 х ( ретикулоциттердің мөлшері х науқастың Ht : қалыпты Ht).

Ht – гематокриттік көрсеткіш.

РИ 2-3%-дан астам болуы сүйек кемігінде эритропоездің қарқыны анемияға сәйкес екенін, ал одан төмен болуы сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі азаюынан дамыған анемия екенін көрсетеді.

Анемия кезінде қанның оттегіге сыйымдығы азаюынан гемдік гипоксия дамиды. Соған жауап ретінде организмде оттегінің тасымалдануын арттыруға бағытталған біршама икемделістік серпілістер байқалады (- сызбанұсқа).

 

Бұл икемделістік тетіктер жеткіліксіз болғанда қан тамырларының жүйкелік-сұйықтық реттелуі арқылы оттегінің мыйға, жүрекке және өкпеге жеткізілуі біршама қалыпты мөлшерде ұсталынып тұрады. Бұл кезде бүйрек арқылы өтетін қанның көлемі азаяды. Гемдік гипоксияға артынан тіндік гипоксия қосылады.

Анемиялар даму патогенезі бойынша:

● эритропоез бұзылыстарынан дамитын дизэритропоездік анемиялар;

● қан ыдырауы артуынан дамитын гемолиздік анемиялар;

● қансыраудан болатын постгеморрагиялық анемиялар – деп бөледі.

 

- сызбанұсқа

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!