Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Органикалық емес Тұтқыр дәрілік заттар



Бұл негізінен ауыр металл тұздары. Мұның әсер ету механизмінің негізі ақуызбен алмасып, альбуминатты түзу. Мұнымен организмнің ұлпасы тікелей байланысты екенін түсіндіреді және микробтарға бактериоцидтік әсері бар. Ауыр метал тұздарының әсері олардың ерітіндісіндегі шоғырлануына, әсер ету ұзақтығына және еру деңгейіне байланысты.

Көп дозада бактериоцидтік, ал аз дозада бактериостатикалық әсер білдіреді.

Дәрілік заттарының әр түрлі формалары: сулы және спирттік ерітінділер, жағын май, ұнтақтар, пилюлалар, болюстер - бұл органикалық емес Тұтқыр заттар кең диапазонда жергілікті ретінде және ішке колданылады.

Тұтқыр, дезинфекциялайтын, күйдіргіш және тітіркендіргіш, тамыр тарылу және қабынуға қарсы, кептіргіш, ауруды төмендеткіш, басқыш және құсқыш ретінде колданылады. Тері жарақаттанғанда және кілегей қабық қабынған жағдайда қолданылады.

Органикалық емес Тұтқыр заттар тобына әр түрлі металл тұздарын жатқызады; алюминий, мырыш, және т.б. Жергілікті қызметі металл тұздарының ұлпалардың ақзатымен байланысқанда анықталады. Соның әсерінен альбуминат металы және ерікті қышқыл түзіледі. Егер жасуша протоплазмасының ең жоғарғы қабатындағы ақзаттар тығыздалса, онда металдар тұтқырлық қызмет атқарады.

Ең жақсы Тұтқыр қызметті нашар еритін және тығыз альбуминаттар (алюминий, мырыш, темір т.б) атқарады. Жақсы еритін металдар және әлсіз альбуминаттар (сынап), ұлпаға терең еніп, оның зақымдалуына әкеліп соғады. Тұтқыр заттар тұз металының 1%-дық концентрациясында 15-10% күйдіргіш әсерін көрсетеді.

Алюминий препараттарыАлюминий тұздары тәжірибеде Тұтқыр және төменгі дәрежеде-күйдіргіш зат ретінде қолданылады.

Буров сұйығы (Liquor Burovi) Алюминий ацетаты ерітіндісінің 8%-дық сулы ерітіндісі. Мал жарақаттанғанда, сіңірі созылғанда, жараны жуу үшін қолданылады. Түссіз мөлдір, әлсіз сірке қышқылының иісі бар сұйықтық.

Ашудас (Alumen Alumii et Kalii sulfas) Түссіз мөлдір кристалдар немесе ақ кристалды ұнтақ. Суда және спиртте ериді. Тұтқыр зат ретінде сыртқы қолданысқа 0,2-1%, шайғыш зат ретінде, тері қабынуы кезінде қолданылады. Қарын аурулары және ішекте қан ағу кезінде пилюля немесе болюс күйінде қабылдайды. Ішкі доза: (г) жылқы және сиырларға 10,0-25,0; қой және шошқаларға 2,0-5,0; иттерге 0,5-1,0; тауықтарға 0,1-02. Ашудасты 150әС қыздыру барысында, тек 160әС асырмаған кезде ол өзінің кристалданған су күйін жоғалтып, күйген ақ ұнтаққа айналады, суда баяу ериді (1:30), ылғал тартқыш. Осы күйде ол жақсы күйдіргіш зат, ал Тұтқыр зат ретінде әлсіз болып саналады.

Висмут препараттары Висмут тұздары суда нашар ериді, ал сілтілік және қышқылдық орталарда жақсы ериді. Асқазан ішек ауруларына қарсы, Тұтқыр зат ретінде, қабынуға қарсы, жансыздандырғыш заттар ретінде қолданылады.

Негізгі висмут нитраты (Bismuthi subnitras). Ақ аморфты немесе ұсақ кристалды ұнтақ. Суда және спиртте ерімейді, ал тұз қышқылында жақсы ериді. Тұтқырлағыш және антисептикалық заттар ретінде, гастрит, энтерит, ойық жараларға, ішек ауруларына, қарын ауруларына қолданылады. Висмут молекуласы мен ақзат молекуласы әрекетескенде альбуминат түзіледі, тұнғаннан кейін қабықша пайда болады. Ол жүйке талшық ұштарын химиялық, биологиялық, механикалық факторларды тітіркенуден қорғайды. Қабынуға қарсы әсер рефлекторлық аурушаң реакцияларының әлсізденуден, қан тамырлардың тарылуынан, эксудацияның төмендеуінен болады. Негізгі висмут нитраты ұнтақ, 10-дық май микстура, балауыз, ботқа ретінде қолданады. Дәрі-дәрмектердің құрамына кіретіндер: «Викаин» және «Викаир». Дозасы: жылқыға-5-15; ірі қараға-20-25; қойға-3-8г; шошқаға 2-5г; иттерге- 0,5-2г.

Ксероформ (Xeroformium). Негізі үш бромды фенолят висмуттан тұрады, сыртқы жараға жағатын сарғыш ұнтақ. Суда, спиртте, эфирде мүлдем ерімейді. Тұтқыр, кептіргіш және әлсіз антисептикалық әсеріне ие. Экзема, дерматитке, ойық жараға, күйікте қолданады. Ұнтақ, 3-5% –дық май және сепкі ретінде қолданылады.

Дерматол (Dermatolum).Негізгі висмут тұзының галлов қышқылынан тұрады, құрамында 55% висмут тотығы бар. Аморфты ұнтақ, лимонды-сарғыш түсті, иіссіз және дәмсіз, суда және спиртте нашар ерісе, сілтілік ерітіндіде жақсы ериді. Тұтқыр, құрғататын, антисептикалық зат ретінде қолданылады. Ұнтақ, 10%-дық вазелин майы, 5-20% суппозиторий түрінде, жараға, дымқыл экземаға, ойық жараға, дерматит ауруларын емдеуге қолданады.

Мырыш препараттарыМырыш тұзының тұтқырлағыш қасиеті басқа тұздарға қарағанда күшті болып келеді, тұздары улы.

Мырыш ацетаты (Plumbi acetas). Түссіз, мөлдір, әлсіз сірке қышқылының иісі бар кристалды зат, суда жақсы ериді. Тұтқыр зат ретінде 0,25-0,5%-дық су ерітіндісінде, терінің қабыну үрдісінде сыртқа қолданылады.

Армаушы дәрілер

Қаптағыш дәрілер сумен қосылып, коллоидты ерітінді түзейді, ол шырышты қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың әсеріне кедергі жасайды. Бұл заттарға негізінен крахмал кілегейі (Mucilago Amyli), зығыр дәнінің кілегейі жатады. Олар жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында және энтероколитте қолданылады. Дәрілермен бірге ауыруды басатын бір реттік клизма ретінде, қышқылдар мен негіздермен уланғанда ұзақ уақыт ішке шырышты қабатты жаралардан қорғау мақсатында тағайындайды.

Сорғыш дәрілер

Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер.

 

 

Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

Белсенді көмір(Carbo activatus), карболен, карбактин, энтеросорбент, арнайы өнделген, сорғыш беткейі бар, ерімейтін қара түсті ұнтақ.

Белсенді көмірөзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ішектегі ашу және шіру үрдістерімен жүретін диспепсияда (метеоризм), қышқылдықтың жоғары болуы мен асқазан сөлінің гиперсекрециясында, іштің өтуінде, жедел улануларда (алкалоидтармен, жүрек гликозидтерімен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.), токсикалық синдром ауруларында – тамақ токсикоинфекцияларында, дизентерия, сальмонеллезде, күйік ауруларының токсемия және септикотоксемия сатысында, созылмалы бауыр жетіспеушілігінде, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте, рентгенологиялық зерттеулерге дайында кезінде (газдардың түзілуін азайту үшін). Сулы жүзгінді уланғанда және интоксикация кезінде 20-30г; қышқылдық жоғары болғанда және іштің кебуінде - 1-2 таблеткадан (таблетка 0,5-0,25 г.) тәулігіне 3 – 4 реттен. Сулы жүзгінін ересектер үшін тамақтың арасында 10 г (бір пакет) тәулігіне 3 реттен; 7 жасқа дейінгі балаларға – 5 г, 7-14 жастағыларға – 7 г қабылдау. Емдеу курсының ұзақтығы 3-15 күн.

Кері көрсеткіштері. Асқазан ішек жолдарының ойық жараларында және асқазаннан қан кетулерде, әсіресе басқа дәрілермен бірге беруге және жоғары сезімталдықта болмайды.

Жанама әсерлері.Диспепсия болуы мүмкін, асқазан ішек жолдарында майлардың, ақуыздардың, витаминдердің, гормондардың, қоректі заттардың ж.т.б. сіңірілуі төмендейді; іштің қатуы немесе іштің өтуі, нәжістің қара түске боялуы, белсенді көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболияның дамуы мүмкін,

 

геморрагия, гипокалемия, гипокальцемия, гипотермия және гипотензия, ағзада витаминнің, гормондардың, майлардың және ақуыздардың азаюы. Дәрілермен бірге қолданғанда олардың ықпалының төмендеуі мүмкін.

Шығарылу түрі.200 мг капсуласы; 230, 250, 500 мг (N.10) таблеткасы; 5, 10, 15, 25, 30, 50, 100, 150 г ұнтағы пакетте; 100, 200 г флаконы; 100, 250, 450, 700, 850, 1300 г пастасы; 2,5; 3, 5, 10, 60, 100, 650 пакеттегi грануласы; 10, 12, 15, 24, 25 г флаконда.

Тальк (Talcum) тер бездерінің бөліп шығарғандарын өзіне сіңіреді және теріні механикалық тітіркенуден қорғап, оны кептіреді. Оны сеппе ретінде қолданады.



Просмотров 1897

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2023 год. Все права принадлежат их авторам!