Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Органикалық Тұтқыр дәрілік заттар



Жоспар

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім:

А) Тұтқыр дәрілер

Б) Қармаушы дәрілер

В) Сорғыш дәрілер

Д)Тітіркендіргіш дәрілер

III. Қорытынды

 

IV. Қолданылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) екіге бөлінеді:

1/ ми қыртысының алдыңғы орталық қатпарындағы қимыл аймағының орталығы болып келетін соматикалық жүйке жүйесі және санамен реттеледі. Мысалы, алдыңғы орталық қатпарда орналасқан қимыл орталығы, қаңқа бұлшықет қозғалысын бара-бар реттейді, оған импульстар тікелей холинергиялық синапстан қаңқа бұлшықеттеріне беріледі;

2/ вегетативті жүйке жүйесі, сезіну шаласанамен реттеледі. Жоғары вегетативті орталық – гипоталамус (4.1. сурет).

Шеткі жүйке жүйесінің өзі келесі топтарға бөлінеді: афференттік және эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер, ал орталық жүйке жүйесі өз алдына бөлек бірнеше психотроптық топтардан тұрады, сондықтан бұлардың барлығын тақырып бойынша бірнеше тарауға бөледі.

Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілерге:

1) жергілікті жансыздандырушылар,

2) қаптағыш, қармаушы және сорғыш дәрілер,

3) тітіркендіргіш дәрілер.

Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер холинергиялық және адренергиялық болып екіге бөлінеді.

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш факторлардан қорғайтын препараттарға -тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер жатады.



 

Тұтқыр дәрілер

Тұтқыр және күйдіргіш дәрілердің бірге қарастырылу себебі олардың әсер ету механизмінің ұқсастығында, екеуінде де ақзаттық қасиеттері өзгереді, олардың денатурациясы /табиғи қалпын бұзу/ тек бір жағдайда ол қайтымды, ал кей жағдайда жоқ.

Тұтқыр дәріге: танин, танальбин, емен қабығы, шаңқурай шөбі, жылантамыр сабағы, шатыраш жапырағы, шатыраш гүлі, қара жидекшісі, табан жапырағы, итошаған шөбі, висмут, алюминий, қорғасын, мырыш, күміс, мыс препараттары жатады.

Бұл дәрі-дәрмектердің әсер ету механизмі ақуыздың денатурациясында жатыр. Ақзат денатурациясы деп – ақзат молекуларының үштік құрылымының бұзылуын айтады. Ақзат молекуласын моншаққа ұқсатруға болады, мұнда әрбір моншақ амин қышқылының қалдығы болып есептеледі. Осындай амин қышқылдарының табиғатта тек 20 түрі ғана кездеседі. Бұл моншақтардың әр түрлі құрылымының арқасында ақзат молекуларында аса күрделі ақуыз молекулары түзіледі.



Амин қышқылдарының қалдығын басқаша, ақзат молекуларының алғашқы құрылымы деп те атайды.

Осы алғашқы құрылымда екінші мен үшінші бөліктерін анықтайды. Ақзат молекуласының екіншілік құрылымы серіппе мен топсаға оралған.

Екіншілік құрылым өз еркімен өте күрделі түрге айналады және ол ақзат молекуласының құрылымы деп аталады. Осыдан үштік құрылым түрі деп айтуға болады, ақзат молекуласының түрінен оның физикалық- химиялық көрсеткіштері тәуелді болады.

Тұтқыр заттардың молекулалары ақзат молекуласына әсерін тигізеді, нәтижесінде соңғы түрі өзгереді, яғни үштік құрылым,

 

 

басқаша айтқанда ақзат денатурациясы жүреді. Осыдан ақзат молекуласының электрлік заряды төмендейді.

Ақзат молекулалары ерітіндіде коллойдты бөлшектер түзеді, яғни коллойдты ерітінді. Мұндай жағдайда ерітіндіде тұнба түзілмейді, себебі оларда бірдей электрлік заряды болады, оң немесе теріс.

Тұтқыр заттар ақзат молекуласының кеңістіктік түрін өзгертсе, олардың зарядын төмендетеді, нәтижесінде ақзат бөлшектері әлсіз бір-бірін тебісте болады, сонда коллойдты бөлшектер жайғаса бастайды. Коллойдты ерітінді тығыз бола бастайды, егер коллойдты бөлшектерінің заряды біраз төмендесе, онда ақзат бөлшектерінің тұнбаға түсуі басталады және альбуминат тығыз қабыршық пайда болады.



Ақзаттың денатурациясы қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. Қайтымды болғанда уақытша қасиетін жоғалтады, ал қайтымсыз болғанда мүлдем жоғалтады.

Қандай денатурация болады - қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? Негізінен ол әсер етуіне және оның ұзақтығына байланысты. Белгілі топтың барлық заттары шоғырлануына және әсер ету уақытына байланысты Тұтқыр және күйдіргіш әсерін тигізеді. Шоғырлануы аз болғанда - тұтқырлағыш, ал үлкен концентрацияда күйдіргіш әсер етеді.

Тұтқыр әрекетінде қайтымды денатурация негізі жатыр, ал күйдіргіш әрекетінде - қайтымсыз денатурация, яғни жасушалардың өлуі болады.

Сондықтан Тұтқыр дәрілер – кілегей қабық пен жара бетінде ақ заттармен амин қышқылдарынан түзілетін дәрілік заттар (жөнді ерімейтін альбуминаттар). Ұлпаларды тітіркендіргіштер әсерінен, қабынудан қорғайды.

Тұтқыр заттардың әсерінен организмдегі сезімтал жүйкелердің қабылдаушысы, яғни рецепторлары баяулайды, қан тамырлары қысылады, және секрециялары шектеледі. Қан тамырлардың қосылуы барысында ұсақ артерияларда және капиллярларда қан ағымы азаяды. Мұның барлығы эксудаттың пайда болуына әсер етеді.

 

Сондықтан Тұтқыр заттарды тек қана жергілікті деп санамай, оның орталық нерв жүйесіне әсер етуін де аңғарған жөн.

Ішке қабылданған Тұтқыр заттар ақуыздық заттармен, асқазан жасуша ұлпасымен және ішектермен қосылады да, тұнбаға түседі де нерв ұштарын тітіркенуден қорғайтын қабықша пайда болады. Бір мезгілде перистальтикалық қозғалыстың баяулауы және секрециялары төмендейді. Бұның барлығы ішек құрамының тығыздалуына және осы арқылы ас қорыту жұмысының баяулауы жүреді. Осы арқылы рефлекторлық реакциялар әлсіздеп, ауру сезімі азаяды. Осы барлық кешеннің соңы іштің қатуына айналады, яғни, ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы пайда болады. Сондықтан, өсімдіктен жасалған Тұтқыр заттар көбінесе ауыл шаруашылық малдарға іш өту, немесе диспепсиямен ауырғанда тағайындалады.

Тұтқырлағыш заттар әсері тек асқазанға және ішектерге таралады. Организмге сіңгеннен кейін және қанға түскеннен кейін олар өздерінің қасиетін жояды, яғни қарапайым химиялық қосылысқа дейін ыдырайды. Тұтқыр заттардың әсер етуі шектелгеннен кейін, жасуша қызметтері қайта нормаға келеді. Егер бұл заттардың шоғырлануы жоғары болса, ол жасуша ішіне еніп, ақзат құрамын өзгертіп, күйдіргіш әсерін тигізеді, бұл жағдайда жасуша өледі.

Тұтқырлағыш дәрілер 2 топқа бөлінеді; органикалық /илік/ өсімдік заттары және органикалық емес / металл препараттары/.

Органикалық Тұтқыр дәрілік заттар.

Ветеринарлық медицинада жақсы дәрілерді қолданудың түрлі әдістері бар. Олар әр түрлі, әр жақты әсер етуге: бактериостатикалық, қабынуға қарсы, қан тоқтатушылық, ауа дезодорациялық әрекетке қабілетті. Сондықтан оларды инфекциялық және жұқпалы аурулар кезінде дербес немесе микробқа қарсы жәнебасқа да препаратты қиыстыру арқылы қолданады. Тәжірибе жүзінде Тұтқыр заттарды салицилді және борлы қышқылмен, сульфаниламидтармен және антибиотиктермен қиыстыруға болатыны анықталған, сонда бактериостатикалық және грануляциялық әсер байқалады.

Танинді ветеринарлық медицинада мынадай жағдайларда қолданады:

1) Ауыр тұздармен және алкалойдтармен уланғанда;

2) Жарақатта, үсікте, ойық жарада, теміреткіде, сынуда 5-8%-дық спирт ерітіндіде;

3) Ауыз қуысындағы кілегей қабықтың қабынуына, тамақтың, мұрынның, көмейдің 0,5-2%-дық су ерітіндіде;

4) Капиллярлы қан кетуді тоқтату үшін - 5-10%-дық, ал кілегей қабығының қанталауында -2-5%-дық су ерітіндісін .

Танальбин, теальбин, тесальбен сілтілі ортада ыдырайды, сондықтан кілегейлі қабыққа және тері жапқышқа Тұтқыр әсер тудырмайды, ал ішектегі сілтілі ортада олардың әсері болады.

Танальбин және тиальбин инфекциялық, ал теальбин инфекциялық емес ауруларда қолданылады.

Танин мен танальбинді байланыстыра пайдалану гастроэнтероколит патологиясында әсер етуге мүмкіндік береді.

Тәжірибеде дәрілік шөптер қолданылады, олар тұнба және қайнатпа ретінде пайдаланылады: шатыраш жапырағынан, шайқурай шөбінен, түймедақ гүлінен, емен қабығынан, бадан тамыр және сабағынан, жылантамыр сабағынан, сиырсілекей тамырының тамыр сабағынан.

Танин ( Tanninum)Турциялық илік сия жаңғағынан (галлов қышқылы) алынады. Қазіргі уақытта жаңа өсімдіктер табылған /скумпия және сумах олар Ресейдің Оңтүстігінде өсіріледі/ олардан танин алынады.

Танин /галло- илік қышқыл/, түсі ақшыл сары немесе күңгірт сары, аморфтық ұнтақ, әлсіз өзіндік иісі бар және дәмі Тұтқыр болып келеді. Суда және спиртте жеңіл ерітілсе, эфирде, эфир майларында әлсіз ериді. Судағы қышқыл ерітіндінің реакциясы алкалоидттермен және ақзат ерітінділерімен және желатинмен, ауыр металл тұздарымен тұнба түзеді.

Танинді енгізгеннен кейін ол секрецияны кішірейтіп, асқазан жұмысын тоқтатып, рефлекторлық реакцияларды әлсіретіп, ауруын сездіртпейді, кешеннің соңында іштің қатуына әкеліп соғады. Сонымен қатар микроорганизмдер санын және ашытқы саңырауқұлақтарының өсуін тежейді.

Егер танинді көп мөлшерде қабылдаса, ол ас қорыту жолының кілегейлі қабығын тітіркендіреді, соның нәтижесінде құсу, тышқақ басталады.

Ішектің кілегей қабықшасының астыңғы бөліктеріне танин әлсіз әсер етеді, яғни танин ең біріншіден асқазан, ақзатпен қатысады. Таниннің ішектің кілегей қабықшасына әсер етуі үшін басқа препараттар қолданылады, мысалы танальбин.

Танин Тұтқыр дәрілік зат ретінде, қабынуға қарсы, қан тоқтатылуына қарсы қолданылатын зат. Тұтқыр және заралсыздандыратын зат ретінде танин 2-5% -дық сутек ерітіндісі ретінде вагинит, яғни қынаптың қабыну кезінде; 0,5-1% - дық ерітіндісі қуықтың қабыну кезінде қолданылады. Катаральдық және ойық жаралық, стоматит, фарингит, және ларингит кезінде 0,5-2% - дық препарат ертіндісі, ал капиллярлық қан ағымында 5-10%-ын қолданылады. Танинді сонымен қатар, күйген, үсіктің 1 және 2 дәрежесінде, жарақаттанған кезде 5-10%-дық сутек немесе спирттік ерітіндісін қолданады.

Танин Новиков антисептикалық ерітіндісінің құрамына кіреді. Препаратты қараңғы, құрғақ жерде беті тығыз жабылған күйде сақтайды.

Танинді сыртқы және ішкі түрінде қолданады. Дозасы: жылқыға және ірі қара малға-10-20г; кой және ешкіге -2-5г; шошқаға -1-2г; итке 0,1-0,5г.

Танальбин (Tannalbinum)Танин альбуминнің ақзат қосындысы. Құрамында 50% танин бар. Аморфтық ұнтақ, күңгүрт түсті. Суық суда және спиртте еруі төмен.

Ауыздың кілегей қабатына және асқазанға тұтқырлау әсерін тигізбейді, оның әсері тек ішекте жүреді. Бірақ сілтілі ортада ол ыдырап танинді бөледі де, Тұтқыр және микробқа қарсы, қан тоқтату әрекетіне ие. Ішектің қабынуы мен қан кету кезінде, (энтерит, колит) инфекциялық ішек ауруларында басқа дәрілермен бірге көмекші ретінде қолданылады.

 

Танальбин ветеринарлық тәжірибеде түймедақ және ұнтақ ретінде тағайындалады: жылқы мен ірі қара малға- 10-20г; қой мен ешкіге- 2-5г; шошқаға- 2-3г; итке-0,3-2г; аралығы 24 сағат.

Емен қабығы (Cortex Quercus)Жас өсімдік сабақтары мен жапырақтары қолданылады. Ерте көктемде, яғни шырынының ағуы кезінде дайындалады. Қабықтын құрамында 10-20% кермекті заттар, пектиндер, флавондық қосылыстар, кверцетин, қант және басқа заттар бар. Емен жаңғағының құрамында қрахмал, кермекті және ақзат заттары, қант және май бар. Кермекті заттардың көп болуы Тұтқыр заттардың үлкен әсер етуіне байланысты. Қайнатпа қатынасы 1:10 ерітіндісін ауыз кілегей қабатының қабыну кезінде, фарингит, асқазан, ішек қабыну кезінде, асқазан ішек қан ағымы кезінде қолданылады. Күйген теріні емдеу үшін 1:5 қатынастағы қайнатылған ерітіндіні қолданады.

Емен қабығы ұсақталған түрінде қартон қорабында 100 г жиналған. Дозасы: жылқы мен ірі қара малдарға-20-50 г, қой мен ешкіге, шошқаға - 5-10 г; итке-1-5 г. Күн сайын. Сыртқы қолданысқа қайнатпа жасап ванна түрінде қолданады.

Жылантамыр сабағы (Rhizoma Bistortae)Халықтық атаулары: жылантамыр, шаян мойыны, горлянка, жүрекше шөбі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры толық берілген. Дәрілік қасиеттерімен ерекшеленеді, оны күз айында дайындайды. Құрамында 25% кермек заттар, крахмал, ақзат, галлдық және аскорбин қышқылы, А провитамині және т.б. заттар бар. Тұтқырлағыш дәрілік қасиеті бар. Ветеринарлық тәжірибеде 1:10 қатынастағы жылантамыр ерітіндісі қан тоқтататын, асқазан- ішек қабынуы кезінде алиментарлық диспепсияға, гастрит, колит ауруларын емдеуге қолданылады. Дозасы: жылқы мен ірі қара малдарға-30-80г, қой мен ешкіге, шошқаға- 10-20г; итке-5-10г.

Шайқурай шөбі (Herba Hyperici). Халық атаулары: ақ қайың, қарғашөп, кровавец, кровавчик, дюравец.

 

Ұзындығы 60 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл өсімдікті гүлдеген кезде жапырағымен, гүлімен бірге жоғарғы бөлігін кесіп алады. Бетіндегі шөбінің құрамында (гиперицин және псевдогиперицин) кермекті заттар, флавоноидттар (рутин, кварцетин, және т.б.), эфирлік май, каротин, аскорбин және никотин қышқылы т.б бар.

Тәжірибеде Тұтқыр дәрілер ретінде қабынуға қарсы, микробтарға қарсы қолданылады. Шайқурайдан фитонцидтік препараттар алынған; иманин және новоиманин, оларды жарақаттанғанда, 2 және 3 дәрежелік күйік кезінде, мастит, желіннің ісуі кезінде, фарингит, ларингит, және т.б. ауруларға қарсы қолданылады.

Ветеринарлық тәжірибеде шайқурай ертіндісінің 1:10, 1:20 қатынасын тұтқырлағыш және антисептик заттары ретінде: диспепсия, гастроэнтерит, қатты шаншу кездерінде пайдаланады. Шайқұрай өсімдігінің егістік алқабы 120х65х10 см, салмағы 75 г тура 20 бір текті бөлікке бөлінген әрқайсысы 7,5 г. Шайқурай ерітіндісін стоматит, фарингит, ауруларында қолданылады. Дозасы: жылқыға және ірі қара малға -20-60 г; қой, ешкі, шошқаға-10-20 г; итке-3-8 г.

Сиырсілекей тамыры және тамыр сабағы (Rhizoma aradicibus sanguisorbae).Халықтық атаулары: қызыл бас, черноголовник, простудная, луговка, және т.б. ұзындығы 1 метр көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл өсімдікті күзде яғни тамыз қыркүйек айларында дайындайды. Бұл өсімдік тамырларында 25% кермекті заттар, 30% шамасында крахмал, эфирлі май, аскорбин қышқылы, минералдық тұздар, фитонцидттер т.б. бар.

Тұтқыр заттар ретінде қабынуға қарсы қан ағымын тоқтату үшін, микробтар санын азайту үшін қолданылатын өсімдік.

Дозасы: бұзауларға 1:10, 1:20 ерітінді 3-5мл /кг/ дозада беріледі. Препаратты күніне 3 рет тағайындайды.

Түймедақ гүлі (Flores Chamanillae).Халықтық атауларыкәдімгі түймедақ, дәрілік түймедақ, аналық шөп, аналық.

 

Дәрілік шикізат ретінде гүл сабақтары бола алады. Оларды бастапқы гүлдеу кезінде қиып алады. Гүл сабақтары 0,8% эфир майын құрайды, оның құрамында азулен және терпен, органикалық қышқыл, фитостериндер, каротин және т.б. заттар бар. Бұл өсімдік зарарсыздандырғыш, тер айдатқыш, қабынуға қарсы қасиеттерімен ерекшеленеді: азуленнің жансыздандырғыш қасиеттері бар және апиин мен апигенин ішкі мүшелерінің бұлшық ет түйілуін тоқтатады.

Ветеринарлық тәжірибеде бұл гүлді асқазан-ішек қабынуында, улану, ішек түйілуінде, қарынның ісуіне қарсы қолданылады.

Бұзауларға 1:10 ерітінді 2-3мл /кг/ дозада, ал диспепсияда күйіне 3-4 рет береді. Экзема, ойық жараға, күйік кезінде түймедақ ерітіндісімен жараны емдейді. Бұл жағдайларда 15-20 г гүлді стақанға су құйып 4 г бор қышқылын қосып ерітіндіні дайындайды.

Қандыағаш жеміс шоғыры (Fructus Murtilli)Ағаш және бұта өсімдігінің туысы. Қабығы илік затқа бай. Құрамында 10 % танин бар, Тұтқыр, қабынуға қарсы және әлсіз қанды тоқтату үшін қолданады. 1:10 және 1:20 қатынастағы ерітінділерді яғни Тұтқыр дәріні тышқақ кезінде қолданылады. Иттерге күніне 3-4 рет 1 шай қасығымен тағайындайды.

Шатыраш жапырағы (Folia Salviae ).Жапырақ құрамында кермек заттар, 2,5 % эфир майы, өзіне тән хош иісті және дәрілік қасиеттері бар.

Шатыраш жапырағы тұнбасын Тұтқыр зат ретінде қабынуға қарсы, антисептикалық дәрілік зат ретінде ауыз кілегейлі қабықшасының қабынуы, ларингит, стоматит, фарингит, тыныс алу жолдарының қабынуында қолданылатын дәрілік өсімдік.

Жалбыз (Salvinum)Шатыраш жапырағынан алынатын жасыл-сарғыш түсті дәрілік ерітінді, одан 1%-дық спирт ерітіндісін жасайды. Стоматологияда 0,1-0,25%-дық спирттік ерітінді қолданылады, оны 1%-дық спирт ерітіндісінен дайындайды.

Атқұлақ (Rumex confertus) Биіктігі 120 см–ге дейінгі көпжылдық шөптесін өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде шатыраш жапырағы қолданылады. Бұл өсімдікті маусым, тамыз, қыркүйек айларында дайындайды. Өсімдік құрамында 4% гликозид (антрагликозид), 8-10% кермекті заттар, органикалық қышқылдар, каротин, аскорбин қышқылы, флавоноид және тағы басқа заттар бар. Бұзауларда тышқақ пайда болған кезде 5-8 г түнба (1:10) ретінде береді, күніне екі рет.


Просмотров 2212

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!