Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәріс. Саңырауқұлақтар бөлімі



Жоспар:

1. Құрылысы

2. Қоректенуі

3. Көбеюі

4. Классификациясы

 

Сабақтың мақсаты : Студенттерді саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері, құрылысы, қоректенуі, көбеюі, классификациялары мен таныстыру.

Сабақтың мазмұны Саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не сопрофитті, не паразиттерге жатқызады. Сопрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.

Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозалан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ-тардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа – плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.



Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.



Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңрауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза.

Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.

Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.

Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.

Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді : гаметангиогамия сырт құрылыстары әр түрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы : самотогамия вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы : сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама – қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикариондардың ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді.

Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады : гаплоидты, дикарионды және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар : 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғанннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі базидиооспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді. Сонымен қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы артық қор заттары ретінде гликагеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды суыру арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады өсмдіктер мен жануарлардың саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплойдты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.

Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

Бақылау сұрақтары :

1. Саңырауқұлақтардың биологиялық құрылысы

2. Саңырауқұлақтардың гифалары

3. Саңырауқұлақтардың мицелийсі

4. Сапрофитті саңырауқұлақтар

5. Паразитті саңырауқұлақтар

6. Саңырауқұлақтардың класстары

7. Саңырауқұлақтардың паразитті түрлері

8. Саңырауқұлақтардың пайдалы түрлері

9. Саңырауқұлақтардың залалдылығы

10. Адам және жануарларда кездесетін клетка құрылысы

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!