Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Диатомды, қоңыр балдырлар бөлімі – Diatomophyta



 

.Түрлердің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар бір клеткалы, колониялы организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) cіңеді. Қорғаныш қызмет атқаратын “сауыт” түзеді. Ол бір біріне тығыз болып киілген екі бөлектен сыртқы эпитека және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері – поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді және оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хромотофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен, кароминоидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.

2.Вегетативтік көбеюі протопластың методикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір бірінен ажырайды да әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының айтуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі : ұсақтанған особьтар бір – бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клетка – тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір – бірімен қосылады, қалған клеткалар жойылады. Зиготаны өсу спорасы (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады.Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде динамиттер жасауға пайдаланады.



3. Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі екі кластан тұрады : пенатталылар класы (Pennatophyceal) центрикалылар класы (Centrophyceal).

Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пенаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы салақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ортаңғы бөлігі жалпақтау, бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Пинулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтары болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро вакуоль және екі пластинка тәрізді қоңыр түсті хромотофорасы болады.



4. Түрлерінің жалпы саны 1.5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттердің бірі болып табылады.Қоңыр балдырлардың таломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан эволюцияның дамуын ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен 60-100м жетеді.Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық арқаулық және механикалық өткізгіштік ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге ризоидтарға өстік бөлікке (сабаққа) және филлоидтарға (жапырақтарға) бөлінуіне байланысты болса керек.

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хромотофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болады. Артық қор заттары ламинарын (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді – целююлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қысытырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады.Жыныссыз көбеюі көптеген екі талшықты зооспоралары немесе қозғалмайтын тетроспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы сиректеу көп клеткалы зооспораларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады.

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы, оогамиялы болып келеді. Изо және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады, оонийлері мен антеридийлері – бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фикуста басқаларында өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспораларда жүреді. Зооспоралары немесе гаметофитке бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасу әртүрлі болады.Біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншісілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен болады. Қоңыр балдырлар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзеді. Кейбір қоңыр балдырлардың талломының ұзындығы 60-100м.

Классификациясы. Үш кластан тұрады : изогенераттылар класы (isoqeneratae), гетерогенераттылар класы (Нeteroqeneratal) және циклоспоралар класы (Cyclosporeal).

Бақылау сұрақтары :

1. Диатомды балдырлардың тіршілік ету орталары

2. Көбею жолдары

3. Классификациясы

4. Қоңыр балдырлардың биологиялық ерекшеліктері

5. Қоңыр балдырлардың клетка құрылыстары

6. Қоңыр балдырлардың көбею жолдары

7. Қоңыр балдырлардың классификациясы

8. Гетерогенераттылар класының биологиялық ерекшеліктері


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!