Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Емтиханға арналған ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР



Стоматология факультетінің 3 курс студенттері үшін

ФАРМАКОЛОГИЯ пәні бойынша 2013-2014 оқу жылында

емтиханға арналған ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

 

1. Фармакодинамика зерттейді:

1. Дәрілік заттардың ағзадан шығарылу жолдарын

2. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерін

3. Дәрілік заттардың әсерінің орналасу орнын

4. Дәрілік заттың сіңірілуін

5. Дәрілік заттың әсерінің түрлерін

2. ГЭТ арқылы оңай өтетін қосылыс:

1. Гидрофилді

2. Липофилді

3. Полярлы

4. Төртіншілік

5. Салыстырмалы полярлы

3. Дәрілік заттардың жүктілік кезінде туа біткен ақауларды дамытатын әсері:

1. Канцерогенді

2. Тератогенді

3. Мутагенді

4. Эмбриотоксикалық

5. Фетотоксикалық

4. Дәрілік заттарды тіл астына енгізудің артықшылығы:

1. Әсер етуі ұзақ

2. Әсері қысқа

3. Әсері жылдам басталады

4. Тек ауыз қуысы шырышты қабығын тітіркендірмейтін қосылыстар қолданылады

5. Тек суда еритін қосылыстарды енгізуге болады

5. Фармакодинамика байланысты зерттейді:

1. Дәрілік заттардың енгізу жолдары мен олардың биожеткіліктігі арасындағы тәуелділікті

2.Заттың химиялық құрылысы мен оның әсерін

3. Препаратты қабылдау уақыты мен оның сіңірілу дәрежесін

4. Препараттың суда ерігіштігі мен бүйректен шығарылуын

5. Препараттың майда ерігіштігін мен өт арқылы бөлінуі

6. Дәрілік заттарды көктамырға енгізудің артықшылықтарына жатады:

1. Енгізу жолы физиологиялық

2. Дәрі бауырда метаболизмге ұшырамайды

3.Кез-келген дәрілік заттарды, науқастың жағдайына байланыссыз енгізуге болады 4. Әсері баяу дамиды



5. 50% биожеткіліктік

7. Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде әсерінің төмендеуі аталады:

1. Бейімделу

2. Дәріге тәуелділік

3. Сенсибилизация

4. Антагонизм

5. Синергизм

8. Рефлекторлы әсер:

1. Дәрілік заттың енгізген жердегі әсері

2. Дәрілік заттың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

3. Дәрілік заттың рецепторды ынталандыру нәтижесінде дамыған жергілікті әсері

4. Тікелей таңдамалы әсері

5. Тікелей емес таңдамалы әсері

9. Стоматологияда кең қолданылатын енгізу жолдары:

1. Бұлшықетке

2. Апликациялық

3. Ректалды

4. Ингаляциялық

5. Көктамырға

10. Дәрілік заттың бір рет қабылдауда арналған дозасын атайды:

1. Тәуліктік доза

2. Уытты доза

3. Табалдырық мөлшер

4. Орташа емдік доза

5. Бір реттік доза

13. Дәрілік затты үнемі қабылдауға деген ұмтылыс, аталады:

1. Кумуляция

2. Бейімделу

3. Дәріге тәуелділік

4. Идиосинкразия

5. Сенсибилизация

14. Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдарына жатады:

1. Электрофорез

2. Тіл астына

3. Ішке



4. Тік ішекке

5. Субарахноидалды

15. Теріге және шырышты қабатқа жергілікті әсер ету үшін келесі дәрілік қалыптар қолданылады:

1. Капсулалар

2.Пасталар

3. Суппозиториялар

4. Ұнтақтар

5. Түйіршіктер

16. Адамның биологиялық ырғағына фармакологиялық әсердің тәуелділігін оқытатын фармакологияның бөлімі аталады:

1. Фармакокинетика

2. Фармакодинамика

3. Хронофармакология

4. Фармакогенетика

5. Фармакотерапия

17. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда болатын құбылыстарға жатады:

1. Сенсибилизация

2. Синергизм

3. Кумуляция

4. Бейімделу

5. Аффинитет

18. Кумуляцияның түрі:

1. Психикалық

2. идиосинкразия

3. Физикалық

4. Функционалдық

5. Жұптастырылған

19. Дәрілік заттардың биотрансформациясы түсінігі жатады:

1. +Фармакокинетика

2. Фармакодинамика

3. Әсер ету механизмі

4. Әсердің түрлері

5. Синергизм

20. Абстинентік синдром пайда болады:

1. Кумуляция кезінде

2. Дәріге тәуелділіктің физикалық түрінде

3. Идиосинкразия кезінде

4. Бейімделу кезінде

5. Сенсибилизация кезінде

21. Фармакологияның дәрілік заттардың енгізу жолдарын, сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын, шығарылуын оқытатын бөлімін аталады:

1. Фармакокинетика

2. Фармакодинамика

3. Хронофармакология

4. Фармакогенетика

5. Фармакотерапия

22. Сезімтал рецепторларды дәрілік заттармен ынталандырғаннан кейін пайда болатын әсер аталады:

1. Рефлекторлы

2. Резорбтивті

3. Жергілікті

4. Негізгі

5. Жанама



23. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің фармакокинетикалық типі көрінеді:

1. Идиосинкразияда

2. Таралу кезеңінде

3. Рецепторлармен байланысу кезеңінде

4. Дәріге тәуелділік кезеңінде

5. Әсер ету механизмінде

 

24. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуінің фармакодинамикалық типі көрінеді:

1. Сіңу кезеңінде

2. Таралу кезеңінде

3. Биотрансформацияға ұшырау кезеңінде

4. Шығарылу кезеңінде

5. Рецепторлармен өзара әсерлесу

25. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда әсерлерінің күшеюі аталады:

1. Сенсибилизация

2. Синергизм

3. Кумуляция

4. Дәріге тәуелділік

5. Антагонизм

26. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда әсерінің әлсіреуі аталады:

1. Сенсибилизация

2. Синергизм

3. Антагонизм

4. Бейімделу

5. Кумуляция

27. Жұптастырылып қолданылған заттардың біреуінің әсерінің күшеюі, басқасының әлсіреуі:

1. Синергизм

2. Антагонизм

3. Сенсибилизация

4. Кумуляция

5. Синергоантагонизм

28. Екі затты енгізгенде жалпы әсері екі заттың қосынды әсерлеріне тең болуы, бұл:

1. Күшейтілген синергизм

2. Қосынды (аддитивті) синергизм

3. Синергоантагонизм

4. Функционалды синергизм

5. Абстиненция

29. Екі затты енгізгенде жалпы әсері екі заттың қосынды әсерлерінен артық болуы, бұл:

1. Аддитивті синергизм

2. Күшейтілген синергизм

3. Синергоантагонизм

4. Антидотизм

5. Тахифилаксия

30. Аурудың патогенезі дамуының негізгі механизмін жою үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

31. Аурудың жағымсыз симптомдарын жою үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

32. Биологиялық табиғи заттардың жетіспеушілігінде орын басу үшін дәрілік заттардың қолданылуы аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3.Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

33. Резорбтивті әсер, бұл:

1. Дәрілік заттың енгізген жердегі әсері

2. Дәрілік заттың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

3. Дәрілік заттың тікелей таңдамалы әсері

4. Дәрілік заттың тікелей емес таңдамалы әсері

5. Дәрілік заттың рецепторды ынталындыру нәтижесінде дамыған жергілікті әсері

34. Дәрілік заттар келесі дозаларда аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін:

1. Емдік дозадан аз

2. Емдік дозада

3. Уытты дозада

4. Леталды дозада

5. Әртүрлі дозада

35. Фармакокинетика түсінігіне жатады:

1. Идиосинкразия

2. Сіңірілу

3. Әсер ету түрлері

4. Әсер ету механизмі

5. Дәріге тәуелділік

36. Дәрілік заттардың қатерлі ісік туғызатын әсері аталады:

1. Канцерогенді

2. Мутагенді

3. Эмбриотоксикалық

4. Тератогенді

5. Фетотоксикалық

37. Тамақтың сапасы әсер етпейді:

1. Дәрілік заттың сіңірілуіне

2. Дәрілік заттың биотрансформациясына

3. Дәрілік заттың экскреция жылдамдығына

4. Жанама әсерлердің дамуына

5. Әсер ету механизміне

38. Дәрілік затты қайта енгізгендегі әсерлердің жинақталуы:

1. Сенсибилизация

2. Функционалдық кумуляция

3. Бейімделушілік

4. Тахифилаксия

5. Материалдық кумуляция

39. Дәрілік заттардың әсері аталған сипаттамаларға байланысты:

1. Ағзаның күйіне

2. Тератогенді әсеріне

3. Канцерогендігіне

4. Мутация туғызуына

5. Әсер ету механизміне

40. Basіs, бұл:

1. Жағымсыз дәмді, иісті жоятын зат

2. Дәрілік қалып беретін зат

3. Дәрілік заттың сіңірілуін жақсартатын зат

4. Дәрілік заттың бұзылуына жол бермейтін зат

5. Емдік әсер көрсететін зат

41. Тұндырмаларды дайындау үшін constіtuens ретінде қолданады:

1. Ланолин

2. Нафталан майы

3. Вазелин

4. Тазартылған су

5. Шошқа майы

42. Дәрілік затты қайталап қолдануға деген ұмтылыс тән:

1. Сенсиблизация

2. Тахифилаксия

3. Дәріге тәуелділік

4. Бейімделу

5. Кумуляция

43. Дәрілік заттардың фармакодинамикасына жатады:

1. Дәрілік заттардың әсер ету механизмі

2. Дәрілік заттардың бауырдағы биотрансформациясы

3. Дәрілік заттардың түсу жолдары

4. Экскреция

5. Пассивті диффузия

44. Аурудың алдын алу үшін қолданылатын фармакотерапия:

1. Патогенетикалық ем

2. Симптоматикалық ем

3. Орын басушы ем

4. Этиотропты ем

5. Профилактикалық ем

45. Дәрілік заттардың жанама әсерлері байқалады:

1. Уытты дозада қолданғанда

2. Өлімге әкелетін дозада қолданғанда

3. Орташа емдік дозада

4. Кез-келген дозада

5. Жоғары емдік дозада

46. Дәрілік заттардың парентералды енгізу жолдарына жатады:

1. Тіл астына

2. Ректалды

3. Артерия ішіне

4. Ішке

5. Буккалды

47. Тұндырма дайындағанда қосып қолданылады:

1. Вазелин майы

2. Глицерин

3. Тазартылған су

4. Этил спирті

5. Шабдалы майы

48. Corrіgens:

1. Дәрілік қалып беретін зат

2. Жағымсыз дәмді, иісті кетіретін зат

3. Дәрілік заттың сіңірілуін жақсартатын зат

4. Дәрілік заттың бұзылуына жол бермейтін зат

5. Емдік әсер көрсететін зат

49. Драженің рецептте жазылу түрі:

1. Дозаланған

2. Дозаланбаған

3. Жартылай қысқартылған

4. Толық

5. Толықтырылған

50. Стоматологиялың практикада жиі қолданылатын енгізу жолдары:

1. Бұлшық етке

2. Көктамырға

3. Қызыл иекке инъекция жолымен енгізу

4. Тері астына

5. Ішке

51. Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде оның жиналуы:

1. Сенсибилизация

2. Бейімделу

3. Дәріге тәуелділік

4. Функционалды кумуляция

5. Материалды кумуляция

52. Шырышты қабаттың жаралы зақымдалуын антибактериялық заттармен өңдеу фармакотерапияның келесі түріне жатады:

1. Патогенетикалық

2. Этиотропты

3. Симптоматикалық

4. Орын басушы

5. Алдын-алу

53. Дозаланған қатты дәрілік қалыптар:

1. Таблетка, капсулалар

2. Жағылма, ұнтақтар

3. Капсула, пасталар

4. Тұндырма, сығындылар

5. Драже, суппозиториялар

54. Жұмсақ дәрілік қалыптарға жатады:

1. Ұнтақтар

2. Суппозиториялар

3. Сығындылар

4. Ерітінділер

5. Пасталар

55. Сұйық дәрілік қалыптарға жатады:

1. Тұнба, суспензиялар

2. Ерітінд, таблеткалар

3. Қайнатпа, пасталар

4. Капсула, линименттер

5. Таблеткалар, түйіршіктер

56. Дозаланған қатты дәрілік қалыптарға жатады:

1. Сеппе, таблеткалар

2. Тұнба, ұнтақтар

3. Суспензия, суспензиялар

4. Дозаланған ұнтақ, сығындылар

5. Таблетка, тұндырмалар

57. Дәрілік заттардың сіңірілуін, таралуын, метаболизмін және экскрециясын зерттейтін фармакологияның бөлімі:

1. Фармакотерапия

2. Фармакодинамика

3. Хронофармакология

4. Фармакогенетика

5. Фармакокинетика

61. Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде ағзада жиналуы:

1. Тахифилаксия

2. Идиосинкразия

3. Кумуляция

4. Бейімделу

5. Дәріге тәуелділік

62. Аурудың дамуының алдын алудағы фармакотерапия:

1. Патогенетикалық

2. Симптоматикалық

3. Профилактикалық

4. Этиологиялық

5. Орын басушы

63. Дәрілік заттардың қатерлі ісік дамуына әкелетін әсері:

1. Тератогенді

2. Эмбриотоксикалық

3. Канцерогенді

4. Мутагендік

5. Фетотоксикалық

65. Adjuvans, бұл:

1. Жағымсыз дәмі мен исін кетіретін зат

2. Қосымша (толықтырғыш) зат

3. Дәрілік заттың бұзылуына жол бермейді

4. Емдік әсер көрсетеді

5. Дәрілік қалып береді

66. Тез дамитын бейімделу аталады:

1. Идиосинкразия

2. Кумуляция

3. Сенсибилизация

4. Тахифилаксия

5. Антагонизм

67. Қан сарысуындағы уытты заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған шараларға жатады:

1. Күшейтілген (форсирленген) диурез

2. Перитониалды диализ

3. Гемодиализ

4. Асқазанды жуу

5. Белсендірілген көмірді қабылдау

 

2 Бөлім «Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттар»

68. Кураре тәрізді деполяризацияға қарсы миорелаксанттармен уланғанда қолданылатын зат:

1. Атропин, холинэстераза реактиваторлары

2. Калий хлориді, магний сульфаты

3. Прозерин, галантамин

4. ЭДТА (тетрасірке қышқылының динатрий тұзы), унитиол

5. Пилокарпин, ацеклидин

69. Холинэстеразаға қарсы фосфорорганикалық заттармен уланғанда қолданылатын заттар:

1. Налоксон, налтрексон

2. Атропин, холинэстераза реактиваторлары

3. Пипекуроний, дитилин

4. Калий хлориді, ЭДТА

5. Пилокарпин, атропин

70. Стоматологияда жиі қолданылатын енгізу жолы:

1. Көктамырға

2. Бұлшық етке

3. Тері астына

4. Апликациялық

5. Ингаляциялық

71. Тістің пульпасынан қан кетуді тоқтату үшін қолданылады:

1. Добутамин

2. Тромбин

3. Пилокарпин

4. Изадрин

5. Атропин

72. Бет жүйкесінің салдануында қолданылатын зат:

1. Атропин

2. Пилокарпин

3. Платифиллин гидротартраты

4. Прозерин

5. Ипратропий бромиді

73. Әсері тікелей емес адреномиметик - симпатомиметик:

1. Резерпин

2. Пропранолол

3. Эфедрин гидрохлориді

4. Мезатон

5. Норадреналин

Препаратты анықтау: альфа-адреномиметик. Артериялық қысым жедел төмендегенде, жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін және ринит кезінде жергілікті қолданылады.

1. Изадрин

2. Атропин

3. Добутамин

4. Нафтизин

5. Мезатон

75. Стоматитте және гингивитте қолданылатын қармаушы заттарға жатады:

1. Танин, емен қабығының қайнатпасы

2. Аммиак ерітіндісі, танин

3. Емен қабығының қайнатпасы, қыша қағаз

4. Крахмал қоймалжыңы, новокаин

5. Белсендірілген көмір, дикаин

76. Уыттығы аз жергілікті анестетиктер:

1. Пиромекаин, тримекаин

2. Дикаин, анестезин

3. Анестезин, новокаин

4. Новокаин, дикаин

5. Лидокаин, новокаин

 

77. Стоматит кезінде ауыру сезімді басу үшін ауыз қуысының шырышты қабатына ерітінді немесе жағылма түрінде қолданылатын препараттарға жатады:

1. Аннестезин, лидокаин

2. Белсендірілген көмір, тримекаин

3. Новокаин, горчичник

4. Аммиак ерітіндісі, ментол

5. Лидокаин, новокаин

Препаратты анықтау: жергілікті анестетик, амидтермен орын ауыстырылған топтарға жатады, жансыздандыратын белсенділігі жеткілікті, анестезияның барлық түрінде, сондай-ақ аритмияға қарсы зат ретінде қолданылады.

1. Новокаин

2. Лидокаин

3. Дикаин

4. Танин

5. Анестезин

79. Тітіркендіргіш заттарға жатады:

1. Крахмал шырышы

2. Ментол

3. Ақ балшық

4. Қыша дәні

5. Белсендірілген көмір

80. Стоматит кезінде құрамында илік (дубильная) заттары бар өсімдіктер қолданылады, себебі олар туғызады:

1. Тітіркендіргіш әсер

2. Күйдіргіш әсер

3. Қармаушы әсер

4. Сорып алушы әсер

5. Қаптаушы әсер

81. Адреналинді қолдану көрсеткіштері:

1. Гипогликемиялық кома

2. Анафилаксиялық шок

3. Стенокардия

4. Бронх демікпесі

5. Ішек атониясы

Препаратты анықтау: тікелей емес адреномиметик. Жүрек қызметін ынталандырады, артериялық қысымды жоғарылатады, бронхолитикалық әсер туғызады, қарашықты кеңейтеді. Бронх демікпесінде, гипотензияда қолданылады.

1. Адреналин

2. Резерпин

3. Прозерин

4. Эфедрин гидрохлориді

5. Пропранолол

83. Салдануда және парезде қолданылатын препарат:

1. Атропин

2. Пилокарпин

3. Платифиллин

4. +Прозерин

5. Ацеклидин

84. Бензогексоний қолданылады:

1. Глаукомада

2. Гипертониялық кризде

3. Рейно ауруында

4. Ортостатикалық коллапста

5. Өкпе ісінуінде

85. Стоматитте қолданылатын анестетик:

1. Анестезиннің майлы ерітіндісі

2. Белсендірілген көмір

3. Танин

4. Мезатон

5. Новокаин

86. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзартатын заттар:

1. Қармаушы

2. Адреномиметиктер

3. Холиноблокаторлар

4. Тітіркендіргіш

5. Ауыру сезімді басатын

87. Уыттығы өте жоғары жергілікті анестетик:

1. Новокаин

2. Дикаин

3. Анестезин

4. Тримекаин

5. Пиромекаин

88. Қаптаушы заттардың негізгі қолданылулары:

1. АІЖ-дағы инфекциялық үрдістерде

2. Бас ауырғанда

3. Қуыстарды жуу үшін

4. Тітіркендіретін қасиеті бар заттармен жұптастырып

5. Гипертензияда

89. Препаратты анықтау: инертті ұнтақ, сорып алатын беті үлкен, улану кезінде улар мен токсиндерді сорып алу үшін, сондай-ақ метеоризмде қолданылады:

1. Анестезин

2. Белсендірілген көмір

3. Танин

4. Висмуттың негізгі нитраты

5. Крахмал шырышы

90. Ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну аурулары кезінде ауру сезімін басу мақсатында қолданылатын препарат:

1. Белсендірілген көмір

2. Ақ балшық

3. Новокаин

4. Магний үшсиликаты

5. Лидокаин

91. Новокаинге адреналинді қосқанда жансыздандырушы әсерінің күшеюі негізінен байланысты:

1. Бұзылысқа баяу ұшырауына

2. Адреналинмен кешенді қосылыс түзуіне

3. Сіңуі баяулауына

4. Екі заттың жансыздандырушы әсерінің қосындысына

5. ортаның рН өзгеруіне

92. Сульфаниламидтермен үйлесетін жергілікті анестетиктер:

  1. Новокаин, тримекаин
  2. Лидокаин, бупивакаин
  3. Тримекаин, анестезин
  4. Бупивакаин, дикаин
  5. Дикаин, анестезин

93. Сорып алушы заттар:

1. Активтелген көмір, қыша

2. Танин, крахмал шырышы

3. Ментол, анестезин

4. Емен қабығы, ақ саз

5. Тальк, активтелген көмір

94. Стоматит пен гингивитте қабынуға қарсы әсері үшін қолданылатын дәрілік зат:

1. Жергілікті анестетиктер

2. Қармаушы

3. Сорып алушы

4. Тітіркендіргіш

5. Өт айдаушы

95. Уыттығы жоғары жергілікті анестетик:

1. Новокаин

2. Дикаин

3. Анестезин

4. Бупивакаин

5. Лидокаин

96. Ауыздың жағымсыз иісін жоюға қолданылатын препарат:

1. Белсендірілген көмір

2. Крахмал шырышы

3. Емен қабығының қайнатпасы

4. Анестезин

5. Дикаин

97. Инфильтрациялық анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик:

1. Новокаиннің 0,5% ерітіндісі

2. Дикаиннің 0,1% ерітіндісі

3. Тримекаиннің 2% ерітіндісі

4. Лидокаиннің 2% ерітіндісі

5. Анестезиннің 0,5% ерітіндісі

98. Тек терминалдық анестезия үшін қолданылатын жергілікті анестетик:

1. Новокаиннің 0,5% ерітіндісі

2. Дикаиннің 0,5% ерітіндісі

3. Тримекаиннің 0,5% ерітіндісі

4. Лидокаиннің 0,5% ерітіндісі

5. Анальгиннің 50% ерітіндісі

99. Өткізгіштік анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик:

1. Новокаиннің 0,5% ерітіндісі

2. Дикаиннің 0,1% ерітіндісі

3. Тримекаиннің 0,05% ерітіндісі

4. Лидокаиннің 1% ерітіндісі

5. Анестезиннің 0,5% ерітіндісі

100. Қаптаушы заттардың әсер ету механизмі:

1. Рецепторлық құрылымдарды тежеу

2. Шырышты қабықтарда қорғаныш қабатының түзілуі

3. Шырышты қабықтардың бетіндегі белоктардың коагуляциялау

4. Натрий каналдарын тежеу

5. Тітіркендіретін заттарды сорып алу

101. Сорып алушы заттар негізінен қолданылады:

1. Тіс ауырғанда

2. Бас ауырғанда

3. Метеоризмде

4. Ішек атониясында

5. Қуыстарды жуу үшін

102. Препаратты анықтау: парааминобензой қышқылының туындысы, суда нашар еруіне байланысты терминалдық анестезияда жағылма, суппозитория, паста түрінде, асқазан ауырғанда және құсу кезінде ұнтақ пен таблеткалары ішке тағайындалады:

1. Танин

2. Новокаин

3. Анестезин

4. Лидокаин

5. Дикаин

103. Лидокаинге тән әсер:

1. Жергілікті жансыздандыратын

2. Қармаушы

3. Артмияға қарсы

4. Зәр айдағыш

5. Сорып алушы

104. Ацеклидинге тән әсерлер:

1. Қарашықтың тарылуы және көзішілік қысымның төмендеуі

2. Бронх және ас қорыту бездерінің секрециясы азаюы

3. Жүйке-бұлшық еттік қозу берілуінің жеңілдеуі

4. Ішек, қуық, жатыр тонусының жоғарылауы

5. Брадикардия

105. Ацеклидин жатады:

1. Альфа-адреномиметиктерге

2. Бета-адреномиметиктерге

3. Ганглиоблокаторларға

4. М-холиномиметиктерге

5. М-холиноблокаторларға

106. Холинэстеразаға қарсы заттардың жанама әсерлері:

1. Гиперсаливация

2. Бронхоспазм

3. Ішек атониясы

4. Миастения

5. Мидриаз

 

108. Фосфорорганикалық заттармен жедел уланғанда тағайындалады:

1. Н-холиномиметиктер, адреноблокаторлар

2. М-холиноблокаторлар, холинэстераза реактиваторлары

3. М-, Н-холиноблокаторлар, симпатолитиктер

4. Ганглиоблокаторлар, миорелаксанттар

5. Симпатолитиктер, бета-адреномиметиктер

109. М-холиноблокатор:

1. Адреналин

2. Пилокарпин

3. Метацин

4. Бензогексоний

5. Ацеклидин

110. Платифиллин:

1. М-холиномиметик

2. М-холиноблокатор

3. Тікелей әсерлі адреномиметик

4. Тікелей емес әсерлі адреномиметик

5. Симпатолитик

111. Бета-адренорецепторларды ынталандыратын заттарға жатады:

1. Фенотерол

2. Мезатон

3. Сальбутамол

4. Добутамин

5. Прозерин

112. Адреналин тағайындалады:

1. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін

2. Анафилаксиялық шокта

3. Артериялық гипертензияда

4. Гипергликемиялық комада

5. Жүрек тоқтағанда

113. Артериялық қысым күрт төмендегенде (жарақатта, стоматология тәжірибесінде хирургиялық көмек көрсетуде, улануда) қолданылады:

1. Изадрин

2. Метацин

3. Мезатон

4. Сальметерол

5. Нафтизин

114. Альфа-адреноблокаторларды қолдануға көрсетулер:

1. Артериялық гипотензия

2. Облитерациялық эндартериит

3. Бронх демікпесі

4. Тамырлық коллапс

5. Ашық бұрышты глаукома

115. Пропранолол жатады:

1. Альфа- адреноблокаторларға

2. Бета - адреноблокаторларға

3. М-холиноблокаторларға

4. М-холиномиметиктерге

5. Н – холиномиметиктерге

117. Бета-адреноблокаторлардың қолдануға көрсетулер:

1.Гипертониялық ауру, стенокардия

2. Стенокардия, гипотония

3. Бронх демікпесі, тахикардия

4. Брадиаритмия, глаукома

5.Тахиаритмия, бронхоспазм

118. Гиперсаливацияда қолданылатын зат:

1. Ацеклидин

2. Атропин

3. Пилокарпин

4. Прозерин

5. Адреналин

119. Бета- адреноблокаторға жатады:

1. Пропранолол

2. Норадреналин

3. Метопролол

4. Адреналин

5. Фенотерол

120. Резерпин жатады:

1. Альфа- адреноблокаторларға

2. Бета -адреноблокаторларға

3. Симпатолитиктерге

4. М-холиноблокаторларға

5. Н-холиномиметиктерге

 

121. Альфа-адренорецепторларды басымырақ ынталандыратын заттар:

  1. Галазолин
  2. Сальбутамол
  3. Мезатон
  4. Добутамин

5. Нафтизин

122. Симпатолитиктерді қолдануға негізгі көрсетулер:

1. Стенокардия

2. Жүрек аритмиясы

3. Гипертониялық криз

4. Гипертониялық ауруды ұзақ уақыт емдеу үшін

5. Ми ісінуі және өкпе ісінуі

123. Альфа- адреноблокатор:

1. Пропранолол

2. Прозерин

3. Адреналин

4. Празозин

5. Резерпин

124. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын анестетик:

1. Лидокаин

2. Адреналин

3. Фенотерол

4. Сальбутамол

5. Пропранолол

125. Тіс ұлпасынан қан кетуді тоқтату үшін қолданылады:

1. Атропин

2. Тромбин

3. Сальбутамол

4. Прозерин

5. Гепарин

126. Анафилаксиялық шокта қолданылатын препарат:

1. Изадрин

2. Адреналин

3. Фентоламин

4. Пропранолол

5. Нафтизин

127. Празозин жатады:

1. Альфа адреноблокаторларға

2. Бета -адреноблокаторларға

3. Холинэстеразаға қарсы заттарға

4. Н-холиноблокаторларға

5. миорелаксанттарға

128. Тікелей емес әсер ететін адреномиметик:

1. Пропранолол

2. Метопролол

3. Эфедрин

4. Фенотерол

5. Резерпин

129. Лабеталол жатады:

1. Альфа және бета-адреноблокаторларға

2. Альфа -адреноблокаторларға

3. Бета-адреноблокаторларға

4. М-холиномиметиктерге

5. Холинэстеразаға қарсы заттарға

130. Сульфаниламидті препараттармен үйлесетін жергілікті анестетиктер:

  1. Анестезин, лидокаин
  2. Лидокаин, тримекаин
  3. Тримекаин, анестезин
  4. Бупивакаин, дикаин
  5. Новокаин, танин

131. Пасталар, жағылмалар бұл:

1. Дозаланған қатты дәрілік қалыптар

2. Дозаланбаған қатты дәрілік қалыптар

3. Дозаланған жұмсақ дәрілік қалыптар

4. Дозаланбаған жұмсақ дәрілік қалыптар

5. Сұйық дәрілік қалыптар

132. Ішек және қуық атониясының алдын алу және емдеу үшін қолданылады:

  1. ацеклидин
  2. прозерин
  3. галантамин
  4. бензогексоний
  5. атропин

133. М-холинорецепторларды ынталандыратын препараттар:

1. Ацеклидин, прозерин

2. Прозерин, атропин

3. Галантамин, атропин

4. Бензогексоний, пилокарпин

5. Атропин, ацеклидин

134. Бет жүйкесінің салдануында қолданылатын зат:

1. Атропин

2. Пилокарпин

3. Платифиллин

4. Прозерин

5. Метацин

135. Н-холиномиметиктер:

1. Лобелин

2. Атропин

3. Цититон

4. Бензогексоний

5. Пилокарпин

136. Холинэстеразаға қарсы әсері қайтымды заттар:

1.Прозерин

2. Армин

3.Галантамин

4. Метацин

5. Атропин

137. Холинэстеразаға қарсы қайтымсыз әсер ететін зат:

1. Платифиллин

2. Армин

3. Галантамин

4. Прозерин

5. Атропин

138. Препаратты анықтау: каротидті синустағы Н-холинорецепторларды қоздыру арқылы тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандырады. Тынысты рефлекторлы ынталандыратын аналептик ретінде қолданылады:

1. Бензогексоний

2. Цититон

3. Атропин

4. Платифиллин

5. Прозерин

139. Деполяризациялаушы миорелаксант:

1. Атропин

2.Дитилин

3. Тубокурарин

4. Мезатон

5. Адреналин

140. Деполяризацияға қарсы әсер ететін миорелаксанттар:

  1. Дитилин, атропин
  2. Атракурий, тубокурарин
  3. Тубокурарин, дитилин
  4. Бензогексоний, платифиллин
  5. Прозерин, пипекурония бромид

141. Бензогексоний қолданылады:

1. Глаукомада

2.Гипертониялық кризде

3. Рейно ауруы

4. Ксеростомияда

5. Ішек атониясында

142. Басқарылатын гипотония үшін қолданылады:

1. Дитилин

2. Тубокурарин

3. Мезатон

4. Гигроний

5. Атропин

143. Дитилиннің артық мөлшері енгізілгенде қолданылады:

1. Жаңа цитратты қан

2. Холинэстеразаға қарсы заттар

3. Бензогексоний

4. Тубокурарин

5. Цититон

144. М-холиномиметик:

1. Прозерин

2. Физостигмин

3. Атропин

4. Пилокарпин

5. Галантамин

145. Шылым шегуді тоқтатқанда дамитын абстиненция құбылысын жою үшін қолданылатын препарат:

1. Атропин, цититон

  1. Табекс, лобесил
  2. Никотин, ацеклидин
  3. Метацин, пирензепин
  4. Лобесил, бензогексоний

146. Бронх демікпесінде қолданылатын зат:

1. Ацеклидин

2. Прозерин

3. Пилокарпин

4. Ипратропия бромиді

5. Пирензепин

147. Холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда қолданылатын заттар:

1. М-холиноблокаторлар

2. М-холиномиметиктер

3. Н-холиноблокаторлар

4. Н-холиномиметиктер

5. Ганглиоблокаторлар

148. Сальбутамол жатады:

1. Симпатолитиктерге

2. Бета-адреномиметиктерге

3. Альфа-адреноблокаторларға

4. Бета-адреноблокаторларға

5. Ганглиоблокаторларға

149. Өткізгіштік және инфильтрациялық анестезия үшін қолданылатын заттар:

  1. Анестезин, новокаин
  2. Дикаин, пиромекаин
  3. Лидокаин, бупивакаин
  4. Бупивакаин, анестезин
  5. Танин, лидокаин

150. Бета-2 адренорецепторларды ынталандыратын зат:

1. Норадреналин

2. Сальбутамол

3. Мезатон

4. Нафтизин

5. Эфедрин

151. Альфа1-адренорецепторларды басымырақ ынталандыратын зат:

1. Адреналин

2. Сальбутамол

3. Мезатон

4. Эфедрин

5. Нафтизин

152. Адреналин қолданылады:

1. Гипогликемиялық комада

2. Гипергликемиялық комада

3. Анафилаксиялық шокта

4. Артериялық гипертензияда

5. Жүрек тоқтап қалғанда

153. Аналептиктерге жатады:

  1. Кофеин, этимизол
  2. Этимизол, морфин
  3. Бензогексоний, диазепам
  4. Цититон, промедол
  5. Кордиамин, пирацетам

155. Қысқа әсер ететін жергілікті анестетик:

1. Лидокаин

2. Бупивакаин

3. Адреналин

4. Тримекаин

5. Новокаин

156. Тек терминалды анестезия үшін қолданылатын жергілікті анестетиктер:

  1. Новокаин, пиромекаин
  2. Анестезин, дикаин
  3. Лидокаин, Бупивакаин
  4. Дикаин, тримекаин
  5. Бупивакаин, анестезин

157. Сорып алушы заттар:

1. Еменнің қабығы, анестезин

2. Ақ балшық, тальк

3. Танин, горчичник

4. Анестезин, ақ балшық

5. Тальк, пиромекаин

158. Афферентті иннервацияны тежейтін дәрілік заттардың топтары:

1. Қаптаушы заттар

2. Холиноблокаторлық заттар

3. Адреноблокаторлық заттар

4. Симпатомиметикалық заттар

5. Тітіркендіргіш заттар

159. Антидеполяризациялық миорелаксанттардың антагонисі:

1. Прозерин

2. Бензогексоний

3. Атропин

4. Ацеклидин

5. Адреналин

160. Уыттығы төмен жергілікті анестетиктер:

1. Дикаин

2. Новокаин

3. Лидокаин

4. Пиромекаин

5. Анестезин

161. Симпатомиметик (адреномиметик, тікелей емес әсер ететін):

1. Ацетилхолин

2. Норадреналин

3. Адреналин

4. Эфедрин

5. Нафтизин

162. Аретриялық қысым күрт төмендегенде (сынықта, стоматологиялық тәжірибеде хирургиялық көмек көрсетуде, улануларда) қолданылатын зат:

1. Сальбутамол

2. Платифиллин

3.Мезатон

4. Нафтизин

5. Атропин

163. Тітіркендіретін заттар:

1. Крахмал шырышы, танин

2. Ментол, аммиак ерітіндісі

3. Емен қабығы, активтелген көмір

4. Аммиак ерітіндісі, новокаин

5. Түймедақ гүлдері, емен қабығы

164. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын, аритмияға қарсы белсенділігі бар жергілікті анестетик:

1. Новокаин

2. Пиромекаин

3. Лидокаин

4. Бупивакаин

5. Анестезин

165. Аммиак ерітіндісі қолданылады:

1. Дерматитте, экземада жергілікті

2. Тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандыру және есінен тану жағдайынан шығару үшін

3. Дезинфекциялық зат ретінде бөлмені өңдеу үшін

4. Іріңді жараларды өңдеу үшін жергілікті

5. Ауыз қуысының шырышты қабатын өңдеу үшін

166. Препаратты анықтау: орын алмастырылған амидтерге жатады, анестезияның барлық түрінде және қарыншалық аритмияда қолданылады:

1. Новокаин

2. Анестезин

3. Лидокаин

4. Дикаин

5. Бупивакаин

167. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын зат:

1. Анестезин, новокаин

2. Новокаин, тримекаин

3. Лидокаин, тримекаин

4. Тримекаин, дикаин

5. Бупивакаин, анестезин

168. Анестезинге тән әсерлер:

1. Анестезияның барлық түрінде қолданылады

2. Тек терминалдық анестезияда қолданылады

3. Өткізгіштік анестезия үшін қолданылады

4. Майда жақсы ериді

5. Инфильтрациялық анестезия үшін қолданылады

169. Дикаинге тән әсерлер жатады:

1. Анестезияның барлық түрінде қолданылады

2. Терминалдық анестезияда қолданылады

3. Анестезиялық белсенділігі новокаиннен жоғары

4. Уыттығы өте жоғары

5. Қан тамырларын тарылтқыш әсері бар

170. Лидокаинге тән әсерлерге жатады:

1. Терминалдық анестезияда әсері жоқ

2. Анестезияның барлық түрінде тиімді емес

3. Анестезиялық белсенділігі новокаиннен жоғары

4. Уыттығы жоғары

5. Аритмияға қарсы белсенді

171. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын фактор:

1. Қышқыл орта

2. Бейтарап орта

3. Сульфаниламидті препараттармен қосып енгізу

4. Анестетиктерді қолданған аймақта қабыну үрдісінің болуы

5. Адреномиметиктерді қолдану

172. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту және күшейту үшін қолданылатын заттар:

1. Атропин

2. Норадреналин

3. Фенотерол

4. Адреналин

5. Платифилин

173. Анестезин қолданылады:

1. Қышумен жүретін тері ауруларында (жағылмасын)

2. Өткізгіштік анестезия үшін

3. Инфильтрациялық анестезия үшін

4. Жұлын анестезиясында

5. Анестезияның барлық түрінде

174. Сульфаниламидтердің бактерияға қарсы әсері келесі заттардың ықпалынан төмендейді:

1. Лидокаиннің

2. Пиромекаиннің

3. Бупивакаиннің

4. Дикаиннің

5. Тримекаиннің

175. Новокаинге тән әсерлерге жатады:

1. Уыттығы өте жоғары

2. Уыттығы төмен

3. Беткейлік анестезияда қолданылады

4. Инфильтрациялық анестезияда қолданылады

5. Жағылма түрінде қолданылады

176. Бейорганикалық қармаушы заттар:

1. Висмут негізінің нитраты, қорғасын ацетаты

2. Белсендірілген көмір, тальк

3. Ментол, қыша қағазы

4. Танин, емен қабығының қайнатпасы

5. Крахмал шырышы, аммиак ерітіндісі

177. Сорып алушы заттар:

1. Висмут негізінің нитраты, қорғасын ацетаты

2. Белсендірілген көмір, тальк

3. Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі

4. Танин, емен қабығының қайнатпасы

5. Крахмал шырышы, алюминий гидрототығы

178. Тітіркендіргіш зат:

1. Танин

2. Аммиак ертіндісі

3. Тальк

4. Крахмалдың шырышы

5. Белсендірілген көмір

179. Жергілікті анестетиктерге жатады:

1. Адреналин

2. Дикаин

3. Тубокурарин

4. Қыша

5. Танин

180. Аса ұзақ әсер ететін анестетик:

1. Лидокаин

2. Тримекаин

3. Бупивакаин

4. Новокаин

5. Дикаин

181. Холинэстеразаға қарсы зат:

1. Атропин

2. Прозерин

3. Ацетилхолин

4. Адреналин

5. Пилокарпин

182. Атропиннің негізгі фармакологиялық әсерлері:

1. Миоз, көз ішілік қысымның төмендеуі

2. Мидриаз, көз ішілік қысымның жоғарылауы

3. Гиперсаливация, тершеңдік

4. Бронх тонусының жоғарылауы, бронхоспазм

5. Асқазан-ішек жолы тонусының жоғарылауы, диарея

183. Ганглиоблокаторларға жатады:

  1. Ацеклидин, пропранолол
  2. Гигроний, атропин
  3. Бензогексоний, пентамин
  4. Пентамин, адреналин
  5. Атропин, платифиллин

 

184. Айрықша бета-2 –адреномиметиктер:

  1. Нафтизин, мезатон
  2. Изадрин, метапролол
  3. Салбутамол, тербуталин
  4. Фенотерол, изадрин
  5. Адреналин, добутамин

185. М-холиноблокаторлар:

  1. Салбутамол, скополамин
  2. Празозин, платифиллин
  3. Ипратропиум бромид, атропин
  4. Изадрин, ипротропия бромид
  5. Метацин, белая глина

186. Қармаушы заттар:

  1. Прозерин, атропин
  2. Емен қабығы, танин
  3. Ақ балшық, ментол
  4. Танин, қыша
  5. Аммиак ерітіндісі, метацин

187. М- холиномиметиктерді қолдануға көрсетулері:

1. Миастения

2. Глаукома

3. Бүйрек шаншуы

4. Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы

5. Ішек және қуық атониясы

188. Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсетілулер:

1. Диарея

2. Бронх демікпесі

3. Ішек пен қуықтың атониясы

4. М-холиноблокаторлармен улану

5. Бронхоспазм

189. Атропиннің жанама әсерлері:

1. Ауыз қуысының, терінің құрғауы

2. Аккомодация спазмы

3. Брадикардия

4. Ішек перистальтикасы жоғарылауы

5. Гиперсаливация

190. М-холиномиметиктерге тән әсерлер:

1. Қарашықтың тарылуы және көз ішінің қысымы төмендеуі

2. Бронх және ас қорыту бездерінің секрециясы тежелуі

3. Ішек, қуық тонусы жоғарылауы

4. Импульстің нерв-бұлшықеттік берілуі жақсаруы

5. Тахикардия

191. Фосфорорганикалық қосылыстармен (ФОҚ) уланғанда қолданылады:

1. Бета-адреноблокаторлар

2.Холинэстеразаның реактиваторлары

3. М-холиномиметиктер

4. Ганглиоблокаторлар

5. Н-холиномиметиктер

192. Ганглиоблокаторларды қолданғанда байқалатын әсер:

1. Қарашықтың тарылуы

2. Артериялық қысымның жоғарылауы

3. Тіндердің микроциркуляциясының жақсаруы

4. Ішек моторикасының күшеюі

5. Ас қорыту бездері секрециясының жоғарылауы

193. Айқын бета 1-адреноблокаторға (кардиоселективті) жатады:

  1. Атенолол, метопролол
  2. Адреналин, мезатон
  3. Сальбутамол, добутамин
  4. Мезатон, фенотерол
  5. Метопролол, изадрин

194. Бета-адреноблокаторлардың жанама әсері:

  1. Артериальная гипертензия, тахикардия
  2. Бронхоспазм, брадикардия
  3. Брадикардия, бронхоспазм
  4. Гиперсаливация, миоз
  5. Мидриаз, гипосаливация

195. Адреналиннің жүрек-қан тамыр жүйесіне тигізетін әсерлері:

1. Жүректің жиырылу күшін және жиілігін төмендетеді

2. Жүректің минуттық және соғу көлемін төмендетеді

3. Систолалық және орташа артериялық қысымды жоғарылатады

4. Әдетте артериялық қысымның жоғарылауы шамалы төмендеумен орын ауысады

5. Миокардтың оттегіне қажеттілігі төмендейді

196. Бета-адреноблокаторлардың тән әсер:

1. Жүректің жиырылу күшін және жиілігін төмендетеді

2. Миокардтың оттегіне қажеттілігін жоғарылатады

3. Рениннің өндірілуін жоғарылатады

4. Бронхтардың тонусын төмендетеді

5. Артериялық қысымды жоғарылатады

197. Н-холиномиметиктердің негізгі әсері:

1. Қарашықты кеңейтеді

2. Артериялық қысымды төмендетеді

3. Бронхтарды босаңсытады

4. Асқазан-ішек жолының (АІЖ) тегіс салалы бұлшықетін босаңсытады

5. Тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандырады

198. Тубокураринді жоғары дозада енгізілгенде қолданылады:

1. Ацетилхолин

2. Прозерин

3. Цититон

4. Платифиллин

5. Жаңа цитратты қан

199. Ганглиоблокаторлар:

  1. Гигроний, бензогексоний
  2. Тубокурарин, адреналин
  3. Ацетилхолин, цититон
  4. Бензогексоний, лобелина гидрохлорид
  5. Дитилин, ипротропия бромид

 

200. М-холиномиметиктер көзге әсерінің нәтижесінде дамиды:

1. Қарашықтың кеңеюі

2. Көз ішінің қысымы төмендеуі

3. Аккомодация параличі

4. Көз анық көретін алыстағы нүктеге тоқталады

5. Көз ішінің қысымы жоғарылауы

201. М-холиномиметиктерді қолдануға көрсету:

1. Миастения

2. Гиперсаливация

3. Бүйрек шаншуы

4. Ішек және қуық атониясы

5. Бронх демікпесі

202. Параличте және парезде қолданылады:

1. Метацин

2. Ацетилхолин

3. Галантамин

4. Ацеклидин

5. Прозерин

203. Ішек және қуық атониясының алдын алу және емдеу үшін қолданылатын препараттар:

  1. Цититон, мезатон
  2. Прозерин, ацеклидин
  3. Атропин, скополамин
  4. Ацеклидин, платифиллин
  5. Платифиллин, пилокарпин

 

204. М-холиноблокаторларға төмендегі препараттар жатады:

1. Атропин, скополамин

2. Ипратропия бромид. прозерин

3. Платифиллин, мезатон

4. Бензогексоний, адреналин

5. Пилокарпин, метацин

205. М- холиноблокаторларға тән әсер:

1. Брадикардия

2. Бронх және ас қорыту бездерінің секрециясы жоғарылауы

3. Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусы жоғарылауы

4. Қарашықтың кеңеюі, көз ішінің қысымы жоғарылауы

5. Сілекей бездерінің секрециясы жоғарылауы

206. Атропиннің қолдануға көрсетілуі:

1. Сілекей бездерінің гипосекрециясы

2. Гипоацидті гастрит

3. Асқазан мен 12- ішектің ойық жара аурулары

4. Ішек атониясы

5. Тахикардия

207. Атропиннің көзге тигізетін әсерінен дамиды:

1. Миоз

2. Көз ішілік қысымның жоғарылауы, аккомодация параличі

3. Көз анық көретін жақын нүктеге тоқталады

4. Аккомодацияның параличі

5. Мидриаз, көз анық көретін жақындағы нүктеге тоқталады

208. М-холиноблокаторларға жатады:

  1. Метацин, ипратропиум бромид
  2. Пропранолол, платифиллин
  3. Ипратропиум бромид, адреналин
  4. Ацеклидин, скополамин
  5. Атенолол, мезатон

209. Ипратропиум бромиді қолданылады:

1. Бронхоспазм профилактикасы үшін

2. Наркоз кезінде жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін

3. Ішек және қуық атониясында

4. Тахикардияда

5. Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруларында

210. Гиперсаливацияда қолданылатын зат:

1. Адреналин

2. Празозин

3. Атропин

4. Ацеклидин

5. Пилокарпин

211. Бензогексоний жатады:

1. М-холиномиметиктерге

2. М-холиноблокаторларға

3. Холинэстеразаға қарсы заттарға

4. Ганглиоблокаторларға

5. Миорелаксанттарға

212. Тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандыратын заттар:


Просмотров 1239

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!