Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы ерлікті мадақтау



М.Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрік»-сөздіктегі аңшылық жайындағы өлеңдер

Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық болғаны жақсы мәлім. «Түркі тілдері жинағында» халық ауыз әдебиетінің аңшылық жайындағы өлең-жырлары жиі ұшырайды. Бұл жырларда белгілі бір тайпа мүшелерінің аң аулау маусмына салтанаттты түрде дайындалып жатқаны, аңшылыққа аттанар сәттегі қыз той-думан, сондай-ақ қанжығасы қанды болып қайтқан аңшылардың ойын-сауығы бейнеленеді. Әрбір өлеңнің соңында жастарды аңшыллыққа үйрету қажеттілігі айтылып отырады. Бұл жырларда әсіресе құс аулауға, яғни саятшылыққа көбірек назар аударылады:(мазмұны) жастарға қаршыға беріп, құс салдырып үйретейік;аңдарды тазы қосып тістетейік;түлкі, доңызға тас лақтырайық, өнер қаьілетімізбен мақтанайық.

Адамдардың күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі ол кезде аңшылық еңбегіне тікелей байланысты екенін біз жоғарыда айтып өттік. Аңшылық жайындағы жырлардың негізгі мақсаты-жастарды аса қауіпті де жауапты іске, жыртқыш аңдарды аулауға баулу болып табылады. Сонымен бірге аң аулау мереке іспеттес, көпшіліктің қуанышына айналған тағыз той-думан ретінде бейнеленіп отырады. Мәслен, мына бір өлең жолдарынан аң аулауға шығайын деп тұрған адамдардың сауық-сайран құрып жатқанын көреміз:

...Жігіттерді жинайық,



Жеміс теріп сыйлайық.

Той қызығын тыймайық,

Аңға шығып құс салып.

Төрт аяғын билетіп,

Құр атқа басын үйретіп,

Қырық кез құрық сүйретіп,

Киікке тазы қосайық.

Түлкіге қыран салғанда,

Тазынын қосып арланға,

Жеткендей мәз боп арманға.

Ерлік жоқ,сәрі,жігіттер,

Осыдан асқан жалғанда.

Сонымен, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты түркі сөздерінің жинағы арқылы бізге жеткен алғашқы қауым адамдарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары сол дәуір адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы өмірін, еңбек процесін,тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.

Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы ерлікті мадақтау

«Түркі тілдерінің жинағында» ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең-жырлары көп.Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілмен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. Дәл осындай халық батырларының сом тұлғасын жасау-барлық халықтар эпосына тән құбылыс. «Сөздікте» мысал ретінде көрсетілген шағын өлең жолдары қазақтың көнеден кел жатқан дәстүрлі дастандары-батырлық жырларындағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақыру мәнерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін, т.б. Еріксіз еске түсіреді. Мәселен, «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» және «Ер Тарғын» жырларында халықтың ерлік героикасы , махаббат пен достық, туған жерге деген сүйіспеншілік осылайша жырланады.



М.Қашқари «Сөздігінде» ерлік тақырыбын жырлаған көлемді дастанадардан үзінділер көп. Солардың бірі- «Мыңлақ елін алғанбыз» деген жыр үзіндісі болса керек. Небары 20 жолдан тұратын осы өлең үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының дабылын қағып тұрғандай естіледі. Бұл жырдан жорық жаңғырығы, жеңіс дабылы айқын сезіліп тұрған сияқты:

Тұрмады бектер алдасып,

Жекпе-жек шықты арбасып,

Қылыштың жүзін қан басып,

Қынабына қайта саймады.

Домалап жаудың бастары,

Йықтан түсіп қашқаны,



Әлсіреп дұшпан қашқаны,

Қылыштар қанға малынды.

Аяғыма келіп жығылды,

Сұрады жалғыз ғұмырды,

Ұяттан өліп бүгілді.

Тоқтатты мені осылай.

Бұл жырдан ежелгі түркілердің мінез-құлқын, әдет-ғұрпын аңғарту қиын емес. Ежелгі түркілер жеңіске жеткенде өзі жеңіп отырған жау аттарының кекілін, жалын, құйрығын жау аттарының кекілін,жалын, құйрығын кесіп тастайтын болған. Бұл арқылы ежелгі жауды ұдайы мұқатып отырған.

Қазақтың батырлық жырларында «жыршы -ақын» кейіпкер тасасында тұрып жырлайды. Сонда, «ақын-мен» мен «кейіпкер-мен» қосылып кетіп отырады. Мәселен, қазақтың «Ер Тарғын» жыры, «Қазтуған сөзі» «Орақ Мамай» жырларында автор Орақ батыр, Қазтуған, Ер Тарғын атынан сөйлейді. «Ер Тарғын» жырының төмендегі жолдарына назар аударайық:

Алты жаста ақтаттым,

Аттай мұрның танаттым,

Алшақтатып ойнаттым,

Арпа-бидай асаттым.

Бұл дәстүр қадым замандарда қалыптасқан сияқты.Оған М.Қашқари «Сөздігіндегі» төмендегі жыр үзінділері дәлел:

Мен дұшпаннан саспадым,

Жауды малдай жасқадым,

Домалаттым бастарын,

Кім тоқтатар мені енді?

Айқастарда алыстым,

Ұлыларын жаныштым,

Жау алдында қарыстым.

«Сазайыңдытарт!»-дедім.

Жау қамалы алынды.

Қызыл байрақ қағылды,

Дұшпан шөптей шабылды,

Құтылмайды қасша да.

Қазақтың жорықшы жырауы Доспамбет өз тоуғауларында батырдың ерлігін автордың атынан жеткізіп,ежелгі дәуір ақындары мәнерінде бейнелейді:

Арғымаққа оқ тиді

Қыл майқанның түбінен,

Аймадетке оқ тиді

Отыз екі омыртқаның буынан,

Зырлап аққан қара қан

Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.

Сақ етер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма.


Просмотров 4276

Эта страница нарушает авторские права





allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!