![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тағам өнімдерінің ластану көздері
Билет. Химиялық ластану Химиялық ластану — қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі. Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Тағам өнімдерінің ластану көздері. Ата-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп, иесінің өз малына деген қамқорлығының жоғары деңгейде болуын дәріптеп, малмен күнделікті қарым-қатынастың ізгілікті қағидаларын ұстану дәстүрін ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтқан. Мысалы, малды ұрып-соғу, әсіресе, сояр алдында қинау, қатыгездік жасаудан мал ағзасында пайда болатын түршігу, шошынудың әсерінен малдың еті мен сүтінің құрамына өзгерістер еніп, биологиялық құндылығы мен сапалық қасиеті төмендейтіндігін қазіргі ғылым дәлелдеуде. Осылайша біздің ата-бабаларымыз тіршілік арқауы болған төрт түлік малдың қадір-қасиетін қастерлей отырып, оның бағым-күтіміне ерекше мән беру арқылы ет, сүт өнімдерінің қорек, қуаттылығын толықтай пайдалана білді. Соның арқасында тәні сау, жаны таза, ақ пейілді халықты осынау ұлан-байтақ өлкенің заңды мұрагері етіп қалдырып кетті. Адам ағзасының қалыпты дамуында, денінің сау, санасының сергек болуында табиғи да таза тамақ өнімдерінің рөлі аса жоғары болатындығы белгілі. Алайда, қазіргі заманда әртүрлі техногендік әсерлерден, қоршаған ортаның ластануы салдарынан әлемде малдың қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуымен қатар, адам ағзасы үшін аса қауіпті химиялық зиянды элементтер (мыс, қорғасын, сынап, мырыш қатарлы улы металдар, радионуклидтер, пестицидтер мен антибиотиктер т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал өнімдері арқылы адам ағзасына еніп, әрқилы аурулардың туындауына себепкер болуда. Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі өндірістік технологияның дамуы нәтижесінде азық-түлік тағамдарын дәмдендіру, сақталу мерзімін ұзарту мақсатымен түрлі тағамдық қоспаларды пайдалану да азық-түлік өнімдерінің табиғи құрамына айтарлықтай өзгерістер келтіруде. Кейбір өндіріс орындары өнім көлемін ұлғайту үшін де тағамдық қоспаларды пайдаланудың түрлі технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдануда. Мысалы, шұжық өндіру кезінде сапасы төмен шикізат қалдықтары мен малдың ішкі ағзаларын пайдалана отырып өнімнің өзіндік құнын азайтып, өндіріс көлемін ұлғайту іс әрекетін бүркемелеу үшін де әртүрлі дәмдеуші, әрлеуші қоспаларды қолданатыны белгілі. Бүгінде әлемнің дамыған көптеген елдерінде азық-түлікке, соның ішінде, ет өнімдеріне жасанды қоспаларды пайдалану тәжірибесі кеңінен өріс алуда. Ет өнімдерінен адам ағзасы аса қажетті табиғи ақуыз, түрлі минералды заттар мен дәрумендер алатындықтан басқа тағам түрлеріне қарағанда биологиялық құндылығы өте зор етке халықтың сұранысы да әрқашан жоғары болып келді. Әлем елдерінде ет өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үрдісі тек табиғи шикізат көздері есебінен ғана жүзеге асырылып отырған жоқ. Әсіресе, соңғы кездері ет өңдеу кәсіпорындары өз мүдделерін тұтынушы мүддесінен жоғары қойып, өнім көлемін арттыру үшін тағамдық құндылығы төмен қосымша өнімдер (өкпе, бауыр, ішек, қарын т.б.) мен әртүрлі қоспаларды кеңінен пайдалануда. Мұндай қоспалар тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығын төмендетеді. Себебі, өнім құрамында толыққұнды ақуыз мөлшері жеткілікті бола алмайды. Ал күнделікті өмірде қарапайым тұтынушы ет өнімдерін сатып аларда тек сезім мүшелерінің көмегімен сыртқы түр-түсі, иісі, консистенциясы сияқты көрсеткіштеріне баға беру, орама сыртындағы ақпаратпен танысу арқылы ғана, сол өнімді сатып алу немесе алмау туралы шешім жасайды. Яғни адамдардың еттің химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерін анықтайтын мүмкіндігі жоқ. Өнім құрамындағы зиянды заттарды анықтау тек зертханалық тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Ал өнімнің сыртқы орамасына жазылатын тұтынушыға арналған ақпараттар сол өнім туралы шынайы мәліметтерді толық қамти бермейді. Тіпті кейбір кәсіпорындар мен фирмалардың өнімге қосылған бөгде қоспаларды жасырып, жалған ақпарат беру оқиғалары да кездеседі. Мұндай жағдайлар адамдардың денсаулығына зиян келтіріп, тіпті өмірлеріне қауіп төндіруі де мүмкін. Сондықтан мемлекет пен тұтынушы қауым тарапынан азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау, қадағалау іс шараларын жоғары деңгейге көтеріп, жетілдірудің маңызы зор. Соңғы жылдары біздің елде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінен бірқатар техникалық регламенттер мен заң актілері қабылданды. Солардың бірі 2010 жылы мамырда қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл заңда тұтынушы мен сатушының құқылары мен міндеттері, әсіресе, тұтынушылар мүддесі тұрғысынан жан-жақты қарастырылып, айқындалған. Осы заңда көрсетілгендей, сапасы тиісті талаптарға сай емес тауарды тұтынушы сатушыға қайтарып беруге, оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы. Сондай-ақ, тауардың және көрсетілген қызметтің кемшіліктері салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтетуге тұтынушының құқығы бар. Нитриттер –азтоксинді, бірақ Aдам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр металдар (РШШ – рауалды шекті шама деңгейінен жоғары). Кез – келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді. Нитраттар мен нитирттердің шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады. Тағамнан улану — санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі — бүгінгі таңда көп жағдайда нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша өнімдері. Жаз – жеміс-жидек, көкөністер кезеңі. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге лық толы, олардың бірқатары оңтүстіктен әкелінсе, бірқатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар мөлшерден тыс болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін. Денсаулыққа нитраттардан гөрі метаболиттер – нитриттер қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Олар түрлі микроағзалардың әсерінен өнімдерді сақтағанда, кулинарлық өңдеуден өткізгенде пайда болады. Құрамында белгіленген нормадан тыс нитраттары бар тағамдар жегенде, ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудыратын метгемоглобинемия аса қауіпті. Бақша өнімдерімен байланысты тағамнан уланудың алдын алу үшін облыстың санитарлық қызметімен 561 бақша өнімінің сынамасы зерттеліп, олардың 4-еуі санитарлық талаптарға сай болмай шықты: «Ақниет» ЖШС-нен қызылша мен қырыққабат сынамасы, «Әлия» базарынан алынған баялды, «Анвар» супермаркетінен алынған редис сынамаларында нитраттар саны белгіленген мөлшерден артық болып шықты. Сатылымнан 11 кг көкөніс алынып, жойылды. Облыс халқын сақтандыру мақсатында ерте піскен табиғат сыйын пайдалану кезінде сақ болулары сұралады: қолдан немесе стихиялық базардан көкөніс сатып алмаған жөн. Тексеруден сырт қалғысы келген сатушы өнімді белгіленбеген жерден сатқанды жөн көреді. Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек, өйткені сауда желілерінде сатылған азық-түліктің жауапкершілігі әкімшілік, сатушы, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларының қызметкерлеріне жүктеледі. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.
![]() |