Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






І БӨЛІМ: АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАНАТЫ 2 часть



Жәдитшілер көсемі Махмудқожа Бехбудидің ұлт-азаттық қозғалысының қуатты ағымына араласуы оны өлкедегі мұсылмандық саяси элитаның алдыңғы легіне шығарды. Ал саяси көзқарастары бойынша діни клерикалдықты ислам социализмімен ұштастырған «Шурои Улема» көсемі ретіндегі саяси қызметі қаншалықты қайшылықты болса да С.Лапинді өлкеге кеңінен танымал етті. Олар түркілік, мұсылмандық бірлікте әртүрлі саяси ағымдарды қуаттаған ұлт-азаттық күрес көсемдеріне айналды.

ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі әлемдік ұлт-азаттық қозғалыс дүмпуі тарихи Ресей мен Кеңес Одағы құрамындағы Орталық Азия халықтары арасында саяси ағымға айналған Тұтас Түркістан идеясын дүниеге әкелді. Отаршылдыққа қарсы этникалық, аймақтың бірлікті мақсат тұтқан бұл идея сөз күйінде қалған жоқ. 1917 ж. қарашада орнаған Түркістан Мұхтарияты қызметінде алғаш рет көрініс берген түркістандық бірлік идеясы М.Шоқай бастаған ұлттық элитаны батыл саяси шешімдерге ынталандырды.

Түркістан Мұхтариятының қару күшімен жойылуы, М.Шоқайдың эмиграцияға кетуі, кеңестік үлгідегі Түркістан автономиясы мемлекеттік құрылымының орнауы да аймақтық тұтастықты қалыптастыру идеясын тұншықтыра алмады. Ұлт-азаттық күрес барысында саяси партиялардың тұғырнамасын безендірген «ұлттық автономия» мәселесін большевиктер шовинистік мақсатқа сай бұрмалады. Содан да Тұтас Түркістанның орнына қауқарсыз, саяси, экономикалық құқығы барынша шектелген ұлттық республикалар құру Одақта бірыңғай великоросстардың үстемдігін нығайтуға қызмет жасады. Бұл ұстанымды өз кезінде түркілік бірлік идеясының ту ұстаушысы болған қайраткер М.Сұлтанғалиев әшкерелеген болатын.



Ал кеңестік билік жағдайында саяси күрестің алдыңғы шебіне шыққан Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың барынша солшыл қанатының өкілі Т.Рысқұлов Тұтас Түркістан идеясын большевиктердің өздерінің саяси күрес тәсілдерін қолдана отырып іске асыруды көздеді. ТКП ІІІ съезінде мұсылмандар конференциясының атынан сөйлеген Т.Рысқұловтың «Бізге бұл жерде, көптеген өзге ұлттар мекендеген Түркістан өлкесінде таптық күресті бірлесе жүргізгендіктен де ол ұлттарды біріктіру керек, өйткені пролетариат ұлтқа бөлу дегенді білмейді»[5] деген сөзінің ұлттық күштерді жаңа жағдайда отаршылық пен ұлыорыстық шовинизмге қарсы күреске жұмылдырудағы маңызы ерекше болды. Өйткені, жаңа қоғамның билік институттары нығайған сайын кеңес өкіметіне қарсы ашық күресу өте күрделі сипат ала берді. Большевиктердің еліктіргіш таптық, ұлттық идеяларды көтеру арқылы қараңғы халықтың едәуір бөлігін өз жағына тартуы да ашық күрес жүргізудің саяси тиімділігін азайта берді. Осындай себептерге сәйкес билікке тартылған ұлттың саяси қайраткерлері кеңестік билік жағдайында ұлт мүддесін қорғаудың міндеттерін айқындап, оны іске асырудың тәсілдерін белгілеуге тиіс еді. Осыған байланысты стратегиялық міндет ретінде Т. Рысқұловтың сөзінде алғаш рет Түркістан халықтарын біртұтас ұлтқа біріктіру идеясы тұжырымдалды. Ол 1920 ж. қаңтарында Ташкентте өткен Мұсбюроның ІІІ төтенше конференциясында болашақ Түркі республикасының саяси ұйымын «Түркі халықтарының Коммунистік партиясы» деп атау туралы шешімге қол жеткізген. Әйтсе де, түркілік бірліктің бұл алғашқы нәтижесін большевиктік билік жөргегінде тұншықтырды.



1908 ж. Петербургте жарық көрген еңбектердің бірінде мұсылман авторларының бірі «Исламда араб та, татар да, башқұрт та, мешер де жоқ... барлық мұсылмандар бір ғана ұлтты құрайды»[6] деп тұжырым жасағанымен ол саяси тұрғыда қоғамдық ойдың қолдауына ие бола алмады. Ондай үстірт тұжырымға отаршылыққа қарсы күресте исламдық бірліктің мүмкіндіктеріне үміт артқан және оны әсіре дәріптеген саяси авантюризм түрткі болғандығы даусыз. Осыған байланысты батыстық, ресейлік парасатты дінтанушылардың «ғасыр басындағы мұсылман халықтарының бірлігі тек қиялда ғана өмір сүрді» деп атап көрсеткені мәселеге біржақты қарағандық еді. Европалық мемлекеттердің отарлық басқыншылығына қарсы күреске барлық мұсылмандарды біріктіру идеясы ислам әлемінің негізгі бағыттары және олардың түрлі тармақтары арасындағы түбірлі ерекшеліктер түріндегі кедергіге тап болғанымен мұсылмандық қозғалыс Ресейде біртұтас «ислам ұлтын» қалыптастыруда үйлестіруші фактор қызметін мақсат тұтпаса да ұлт-азаттық қозғалыста белгілі бір саяси рөл атқара алды.

Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын Алаш қозғалысымен салыстыра қарастыру барысында оның бірқатар ерекшеліктеріне көз жеткіземіз. Ол ерекшеліктер, біріншіден: өлке халқының полиэтникалық құрамынан туындаған саяси, рухани әралуандық түріндегі ішкі фактордан, екіншіден: тарихи Ресейдің өлкедегі қоғамды модернизациялауының қарқынды жүргізілуі түріндегі сыртқы фактордан туындады. Алғашқы фактордың ықпалымен ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясын қалыптастыруда жадитшілер басты рөл атқарды және тәуелсіздік идеясы төңірегінде халықтың мұсылмандық, түркілік, түркістандық түріндегі ортақ атаулармен бірігуіне негізделді. Ал екінші факторға байланысты отарлық биліктің қоғамдық өмірге, экономикаға жасаған өзгерістері өлке тұрғындарының тұрмысы мен санасына елеулі ықпал жасаған шовинистік сипаты арқылы ұлттық наразылықты өршіте түсті. Ұлттық демократиялық құрылым ретінде ұлттық элитаның үлкен жетістігі болған Түркістан Мұхтариятының қуып таратылуынан соң өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс сипаттық өзгеріске ұшырады.

Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихы отан тарихының мазмұнындағы ең бір түйінді құбылыстардың бірі болғандықтан да барынша ыждығатты дәйектілікті талап етері сөзсіз. Біздің пікіріміз, осы құбылыстың шынайы ақиқатының айтылмауы тарихи танымда бірлік пен қарама-қарсылықтың күресі заңдылығының танымдық мүмкіндігін толығымен пайдаланбаудан деп білеміз. Қоғамдық құбылыстар мен әлеуметтік-тарихи ақиқаттың қозғалысы мен дамуының қайнар көзі болуымен бірге жалпытанымның да заңдылығы ретінде бірлік пен қарама-қарсылықтың күресі заңы тарихи құбылыстарды тұтастықта баяндаудың басты шарты болуы тиіс. Осы заңдылыққа сүйенер болсақ, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы тарихының сипаты, оның дамуының қайнар көзі сыртта, қоғамның табиғатынан тыс күштерде емес, осы саяси әлеуметтік құбылыстың өз ішінде екендігіне назар аудартады. Осы заң біртұтас ұлт-азаттық қозғалысты бір-біріне қарама-қарсы саяси көзқарастар мен бағыттарды біріктірген күрделі және бөлшектенген жүйенің бірлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

ХХ ғ. алғашқы ширегінде Орта Азия мен Қазақстанда белсенді қызмет жасаған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының саяси тәжірибелері мен қалыптастырған мәдени-рухани құндылықтар жүйесі түркі халықтарының ортақ игілігі ретінде алдағы уақытта өз бағасын алуы тиіс деп білеміз.

 

 

ТАРИХИ ТАНЫМ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ МӘСЕЛЕСІ

 

Тарихшы – өз дәуірінің перзенті болғандықтан оның еңбегінде сол дәуірдің табы болады. Содан да тарихшының болашақты болжап, өткенді толғап тудырған жаратындысы ең алдымен түптің түбінде оның өзі өмір сүрген қоғамының тарихи ахуалымен айқындалмақ. Осы үдерісте тарихи таным өзгереді, тарихтың өзі басқа кейіпке еніп, қоғамдық, саяси және рухани құндылықтар жүйесі өзгеріп, жаңа бағаға ие болады. Қайта бағамдау деген ұғымға саятын бұл фактордың азды-көпті ықпалы тарихи үдерісті тұтастай қамтитын болады. Осыған қатысты мәселелерді ресейлік танымал тарихшы А.Я.Гурьевич былай деп тұжырымдайды: «...особенно важно подчеркнуть следующее: изменяется методология исторического познания. В новых условиях обновляется арсенал исторической науки. Перестраивается система источников, подлежащих исследованию, меняются его методы, выдвигаются новые понятия. Более того, смещаются самые интересы историков. Жизнь и профессиональная практика ставят их перед новыми проблемами, меняют ракурс рассмотрения старых проблем»[7].

Бұндай тарихи таным үдерісіндегі әдіснамалық дағдарыс сипатын иеленген құбылыс отандық тарих ғылымына да тән. Олай болатыны, лениндік-сталиндік қоғамдық практикада барынша қасаң және дөрекі сипат алған маркстік идеология кәсіпқой тарихшылардың бірнеше буынының шығармашылық еркіндігін тұсап келсе, ендігі жерде ол әдістеме әжетке жарамай қалды. А.Я.Гуревичтің пікіріне ден қойсақ «значительная часть отечественных историков оказались в состоянии философской и методологической растерянности. ...Мы обрели свободу, в том числе свободу мысли, – хотя бы внешне, формально. Но подлинная свобода научного творчества возможна лишь при условии что историк напряженно вдумывается в эпистемологические основания своего исследования, творчески и критически основанная при этом достижения гуманитарного знания своего времени» [8].

Тарихи танымның теориясы мен тәсіліндегі тарихшыдан талап етілетін осы өзгерістерге кейбір отандық тарихшылар жете мән бермейтіндей. Маркстік-лениндік «ақыл-ой алыптарынан» қол үзіп, ізденіс тақырыптарын қарама-қарсы бағыттарға ауыстырғанымен олар қанына сіңіп қалған ескі таным тәсілдері мен қағидаларынан қара үзіп кете алмағаны көзге ұрып тұрады. Содан да отандық тарихи танымдағы ұлттық мүдде ескерілмей, олардың еңбектерінде тарихи ақиқат жеткілікті ашылмайды немесе жаңсақ тұжырымдарға жол беріледі.

Ғылыми ізденіс барысындағы осындай қайшылықтардың тарихи танымға ықпалы туралы А.Я.Гуревич мынадай тұжырым жасайды: «В обстановке растущего и по временам делающегося агрессивным национализма и шовинизма возникают или возрождаются всякого рода псевдо исторические мифы и измышления. Одновременно в условиях нарастающей интелектуальной безответственности части гуманитариев расшатывается и делается все более проблематичным понятия исторической истины»[9]. Ғылыми теориялық-әдіснамалық негіз орнықпай тұрған кезеңде бұндай жалған тарихи мифтер, әсіресе кеңестік тарихнамада қызметі мен көзқарасы таптық тәсілмен бағаланған жеке тұлғаларға қатысты жасалып, оларды «коммунистік тұғырдан түсірмеуге» қызмет жасайды.

Тарихи дамудың барысында қалыптасқан осындай әдіснамалық кереғарлықтар (катаклизмы) тарихи жадты жойып, сол сияқты уақыт сабақтастығына қауіп төндіреді деп бағаланады. Бұл жағдай тарихшыға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі белгілі. Осы мәселеге әдіснамалық тұрғыда баса мән берген М. Шоқай «Бір ғылыми өтірікке қарсы» деген мақаласында «Тарих жазудың екі жолы бар. Бірінші жолы: зерттеуші өмірде болып өткен оқиғаларды көңіл қойып жинастырады. Оларды хронологиялық тәртібі бойынша заманның жағдайына, ахуалына қарай зерттейді. Мәліметтер мен ақпараттардың бұлақтарын іздейді. Жиналған мәліметтерді өзінің ғылыми зердесінен өткізеді, орнына салады және ол мәліметтерден өзін бейтарап ұстай отырып, талдау жүргізеді. Шын мәніндегі ғылыми тарих, міне осы, осындай тәсілмен жазылады.

Екінші жолы: зерттеуші көздеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады. Тіпті мақсаты қажет етіп жатса, оқиғаларды ойдан шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұндай тарихшылар өзін бейтарап ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық тұрғыда талдау жасайды. Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы екінші түрге жатады»[10]. Тарихи танымның тәсілдері туралы М.Шоқайдың 1931 жылы жасаған осы тұжырымы ешқандай да сәуегейлік емес, тарих ғылымының іргелі әдіснамалық қағидалары болып шыққандығына отандық тарих бойынша қалыптасқан кеңестік тарихнаманың теориясы мен мазмұны көз жеткізіп берді. Осыған байланысты қазіргі кездегі тарихи санадағы ақиқатты тану және танытудың мәселесі туындайды.

Тарихи ақиқаттың тарих мазмұнынан көрініс табуы бір-бірімен тізбектелген көптеген факторларға байланысты екендігі белгілі. Атап айтқанда тарихи шынайылық ғылыми адалдыққа, автордың қолында нақты деректердің болуына, тарихшының идеологиялық позициясына, ол өмір сүрген қоғамның саяси құрылымына, тарих мазмұны қалыптасқан кезеңдегі елдегі ахуал тіпті оның өзге тарихшылармен қарым-қатынасы сияқты мәселелерге де байланысты болмақ. Міне, осындай көп сатылы үдерісте тарихи ақиқат билеуші таптың, партияның, адамдар тобының, «қазіргі заманның қажеттілігіне, мақсатына» қарай түрлі сипатта ұсынылуы мүмкін.

Тарихи ақиқатты тану мәселесі ежелден-ақ ғылыми ойдың қызығушылығына айналып келгені оның үнемі бұрмалаушылықпен астасып жатуында. Өйткені ақиқатты бұрмалаушылық жалған тарих қалыптастырудың негізі. Ғылыми әдебиетте жалған тарих жасаудың негізінен үш түрі аталады. Оның бірі – кездейсоқ дәйектік қателерден тұрады. Тарих оқулықтарынан орын алған бұндай бұрмалаушылық көбіне кәсіби біліксіздіктен туындайды. Жалған тарих жасаудың екінші түрі – тарихи ақиқаттың бір бөлігін жабық тақырыпқа айналдыру, ол туралы қасақана үндемеу. Оның мысалы ретінде отан тарихының «ақтаңдақ» тақырыптарын атасақ болады. Отан тарихында қазіргі кезде де «ақтаңдақ» тақырыптар сақталып келеді. Солардың ең бастысы – алаштық қайраткерлер мен большевиктік номенклатура арасындағы саяси күрес. Бұл тақырыпты игеруге жақында жарық көрген «Алаш қозғалысы» атты құжаттар жинағы сәуле түсіргендей болғанымен де онда ұсынылған тың деректерді ғылыми тұрғыда талдаудың өзі орнықты әдіснамалық негізсіз тарихи танымға жол табуы қиын болып тұр. Жалған тарих жасаудың үшінші түрі тарихты ашықтан-ашық бұрмалау. Ол дегеніміз ойластырылған, саналы бұрмалау, түпнұсқаны, шынайыны жалғанмен алмастыру. Тарихи танымда әлдеқандай мақсат көздеген жеке тарихшылардың мақсатты әрекеті ретінде бұл фактор зиянды сипат алады. Жеке тұлғалардың тарихтағы орнын айқындауда соңғы фактордың ықпалы қатты сезіледі.

Кеңеске қарсы буржуазиялық ой-пікірлер деп бағаланған М.Шоқайдың ғылымда үстемдік еткен таптық көзқарасты әшкерелейтін мынадай тұжырымдарының мәні зор. Ол былай дейді: «Большевиктер жалпы ғылымда бейтараптықты мойындамайды. Ғылым олар үшін таптық күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ таптық мақсаттары үшін пайдалануға тырысады. Өйткені олар тарих өткен өмірден мағлұмат беретін ғылым ғана емес, келешекке сабақ беруге қызмет ететін ғылым екенін де жақсы біледі» [11] деген пікірлерінде тарихи сана қалыптастырудың саяси кілтипандары айқындала түседі.

Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз деген сұрақ қояды да оған өзі былай деп жауап береді: «...белгілі бір мұрат-мақсаттарының соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады» [12].

Демек, тарихи сана қалыптастыру да басты міндеттерінің бірі болып саналатын зиялылар «тек жүктелген міндеттерді атқарумен ғана шұғылдану жеткіліксіз. Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс».

Осы жерде М.Шоқай орыс (Батыс) мектептерінде тәрбиеленген зиялылардың қасіретке толы тағдыры жөнінде жазып, «мұндай зиялылар халыққа пәлендей бір ұлттық тәрбие беріп жарытпайтыны және халық та олардан пәлендей бір ұлттық тәрбие алып жарымайдығын» тілге тиек етеді.

«Батыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері – рухани жақтан өз халқына өгей болып қалуы еді. Аса дарынды, мол білімдар көсем боларлық деңгейге көтерілген осы қыр баласы, орыс (Батыс) ықпалында өсті» дей келіп Мұстафа Шоқай Шоқан Уәлихановтың трагедиясын еске ала отырып, «Батысшылдығы» пұшайман жағдайға душар еткен Шоқан трагедиясының қайнар көзі жат адамға айналып қалам деп қорқуында емес, жат адамға айналып қалуында еді»[13] деген тұжырым жасайды. М.Шоқайдың Шоқанға қатысты жасаған бұл тұжырымы кеңестік қоғамда таптық идеяға иланып, ұлттық құндылықтардан қол үзіп қалған кейбір қайраткерлерге де тән екендігіне жете мән бермей келеміз. Тарихи үдерістегі ұлттық мүдденің әрбір шегінісінің астарын осындай тосын көзқарастар арқылы шынайы бағамдай алар едік.

Жеке тұлғаның тарихтағы орнын анықтаудың өлшемі туралы көрнекті ғалымдардың жасаған тұжырымдары көп. Мысалы, Гегель ұлы адам деп «өз дәуірінің қалауын сөзбен нақты көрсете алған, өзінің қалауы қандай екендігін өз дәуіріне айта алған және іске асыра алған» адамды атайды. «Оның іске асырғаны – дәуірдің өзегі және мәні, ол арқылы дәуір көрініс табады»[14] демек, жеке тұлғаның шынайы бейнесін тану оның өмір сүрген дәуірінің тарихи болмысын тану деп білеміз.

Әдетте тарихтың оқулығынан орын алу құқы бірінші кезекте адамзаттың өркендеуі мен игілігінің артуына барынша ықпал жасағандарға тиесілі екендігі даусыз. Олар кімдер? Осындайда В.И.Лениннің мына сөзі ойға оралады: «тарихи тұлғалардың тарихи еңбегі олардың қазіргі талаптармен салыстырғанда не бере алмағандығымен емес, өзінің ізашарларымен салыстырғанда жаңа не бере алғандығымен өлшенеді». [15]

Тарихта кейбір тұлғалар бір идеяның, бір қоғамдық-саяси құрылыстың, тіпті бір отанның ғана жолын қуумен шектелмеген. Ресей тарихында бұл дәлелге жарқын мысалдар көп. Айталық, Г.Плеханов В.Ленинмен идеялас та, қарсылас та болды. Ал генерал А.Власов А.Гитлерге қарсы да, өз халқына қарсы да соғысты.

Бәрімізге белгілі ақиқат, Ресейдің алғашқы президенті алпыс жасқа келгенге дейін КОКП-ның ең жоғары мансаптарында болды, кейін партияны таратып, коммунистік идеяның бітіспес жауына айналды, ІІ Николайдың отбасы атылған Ипатев үйін тегістеп жіберді, кейін осы отбасы мүшелерінің мүрдесін жерлеуге қатысты. Отан тарихының мазмұнында да бұндай мысалдар жоқ емес. Бір тұлғаның болмысындағы осындай қарама-қайшылық оның өмір сүрген дәуірінің тарихын тануға жол сілтейді.

Тұлғатанудың қазіргі заманғы әдіснамалық негіздерінің қалыптасып үлгермеуі «Кейбір таяз ойлайтын тарихшылар қазақ қоғам қайраткерлерін бір-біріне қарсы қойып, зерттеулері, сол арқылы қарапайым халыққа дұрыс ғылыми ұғым бере алмауы – олардың ғылыми ұстанымдарының арқауы бос есілген арқандай қожырап тұр»[16] деген азаматтық тарих сипатындағы үстірт пікірлерге жол берілуде. Бірақ жеке тұлғалар арқылы танылатын саяси, мәдени, рухани, ұлттық құндылықтардан туындаған көзқарастар мен ағымдардың тұтас болмысы қарама-қарсылықтардың бірлігі заңдылығы бойынша қарастырылып, ол құбылыстарды тұлғаландыру арқылы ашылатындығы дәлелдеуді керек етер ме екен, сірә?! Демек, қоғамдық-саяси қайшылықтардың сырын ашу үшін де тұлғалардың көзқарасы мен саяси қызметі естір құлаққа қаншалықты ауыр болса да ғылыми талдаудың нысаны болуы заңды. Интеллектуалдық тарихтың ұстанымы осы.

Осындай әдітемелік ұстанымдардың тарихи тұлғаларды танып білуге жетелейтін себептері көп. Айталық, көптеген тұлғалардың қызметі белгілі бір адамдар тобының, сословиенің, таптың, партияның мүддесін танытуға арналады. Міне, осыған байланысты «жеке тұлға кімдердің мүддесін, неге олардың мүддесін және қандай тәсілдермен қорғады?» деген сұрақтың жауабы тұтастай құбылыстың тарихын тарқатады. Осы жағдай базбір зерттеулерде тарихи танымнан тыс қалады да, тарихи тұлғаның есімі ғана, онда да көбіне даңқы мен дапқырты аталып, тарихи мазмұн жартыкеш, біржақты сипат алады. Ал тарихта кейбір тұлғалар бір идеяның, бір қоғамдық-саяси құрылыстың, тіпті бір отанның ғана жолын қуумен шектелмегендігі мәселені күрделендіре түседі. Тарихи таным үдерісіндегі осы күрделіліктің түйінін тарқата алмаған жекелеген тарихшылар топтық, аймақтық мүддені қаузап, ұлттық сана деңгейіне көтеріле алмайды.

Тұлғатануда ең бастысы – оның өмірі мен қызметін жан-жақты бағалау. Кімді де болса біржақты мақтау немесе біржақты қаралауға жол беру –тарихтың шынайы мазмұнын ашуға кедергі болады. Кейбір тарихшылар жеке тұлғаларға тарихи баға беруден тартынады. Олардың пікірінше тарихи тұлғалардың кемшіліктерін айыптаудан пайда жоқ. Ал кейбір тарихшылар бұл миссияны үлкен құлшыныспен атқарып, тым асыра сілтеп жібереді. Айталық, тарихшы О.Қоңыратбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың «Түркістан майданы революциялық-әскери кеңесінің Ерекше бөлімі мен Төтенше Комиссияның репрессиялық әрекеттерін ақтай сөйлегендігі тарих кешіретін іс емес»[17] деп жазады. Тарихи таным, әсіресе кеңестік идеология үшін бұндай тұжырым таңсық емес. Қоңыратбаевтың қисынының ізімен «жеке саяси амбициясы үшін ұлт мүддесін құрбандыққа шалған»[18] деген ұшқары тұжырымды Тұрар Рысқұловқа қатысты осы жолдардың авторы да айтқан. Асығыстықтан, бәлкім бейресми оппоненттерінің әрекеттеріне ашынғаннан айтқан. Бұл жердегі коммунистік қоғам үшін дұрыс шешім болған тарихи әрекетке бүгінгі тәуелсіздік билігінен баға берген қателіктің әдіснамалық сипаты айқын. Коммунистік қоғамда партия мүддесі – халық мүддесі, ұлт мүддесі болып саналды, пікірталас тудырған әрекетте коммунистік партияның мүддесі қорғалғандықтан да «ұлт мүддесі» құрбандыққа шалынбаған болып шығады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!