Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тартылым қосалқы станцияларының (айнымалы тоқ қосалқы станциясы) жабдықтарының бір жылда бір істен шығулары



Дәріс

Электрлендірілген жолдардың электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігі

Дәріс жоспары:

1. Істен шығуларды талдау

 

Толық және сенімді ақпараттар болған кезде істен шығуларды талдау сенімділік жайлы объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Электрлендірілген көлік пайда болғаннан бері істен шығулар әр түрлі талданып келді. Электрмен жабдықтау құрылғыларының істен шығулары бойынша бірнеше жылғы мәліметтер 1­3­кестелерде келтірілген.

 

1­кесте.

Бір жылда 100 км түйіспелі тораптың істен шығулары

 

Құрылғылар Істен шығу саны
дана %
Түйіспелі сымдар 0,44 (0,14) 0,39 (0,15) 38 (12) 22 (8)
Тағы басқа әр түрлі сымдар 0,21 (0,15) 0,28 (0,12) 18 (13) 16 (7)
Бекіту құрылғылары мен конструкциялар 0,11 (0,05) 0,12 (0,08) 9 (4) 7 (4)
Оқшаулатқыштар 0,10 (0,07) 0,52 (0,37) 9 (6) 29 (21)
Әр түрлі құрылғылар 0,31 0,49 26
Барлығы 1,17 (0,67) 0,39 (0,15) 100 (35) 100 (40)

Ескерту: 1. Алымында тұрақты тоқ телімдері үшін, ал бөлімінде айнымалы тоқ телімдері үшін мәліметтер келтірілген. 2. Жақшаларда электрлендіру шаруашылығының кінәсінен болған бұзылулар келтірілген.

 

2­кесте.

Тартылым қосалқы станцияларының (тұрақты тоқ қосалқы станциясы) жабдықтарының бір жылда бір істен шығулары

 

Құрылғылар Істен шығу саны
дана %
Түрлендіргіштер 0,03
Тез әсер етуші құрылғылар 0,05
Тұрақты тоқ разрядтауыштары 0,01
Жатықтаушы құрылғылар 0,02
Басқалары 0,11
Барлығы 0,22

 



3­кесте.

Тартылым қосалқы станцияларының (айнымалы тоқ қосалқы станциясы) жабдықтарының бір жылда бір істен шығулары

Құрылғылар Істен шығу саны
дана %
27,5 кВ фидер ажыратқыштары 0,05
Қарымталаушы құрылғылар 0,08
Тұрақты тоқ разрядтауыштары 0,01
Басқалары 0, 21
Барлығы 0,34

 

Түйіспелі тораптың істен шығуының саны жыл бойы циклдік өзгеріп отырады. Ең көп істен шығулар ­ маусым айында, ал ең аз істен шығулар қазан айында болады. Бұл климаттық факторлардың және поездардың қозғалысынан болатын жүктемелердің ықпалымен түсіндіріледі. Түйіспелі тораптың әр түрлі элементтерінің істен шығу интенсивтіліктері жыл бойы әр түрлі дәрежеде өзгеріп отырады.

Түйіспелі торапты қайта қалпына келтірудің орташа уақыты 1,4 сағатты құрайды. Кейбір кезде түйіспелі торапты толық қалпына келтірмейтін де оқиғалар ұшырасады, бұл тек шектелген поез қозғалысы бар телімдерде ғана орынды. Қозғалыстың шектеулі күйін сипаттайтын параметрлердің таралуы 1­суретте келтірілген.

 

а) шектеу телімінің ұзындығының салыстырмалы жиіліктерінің гистограммасы



 

б) шектеу әрекеті уақытының салыстырмалы жиіліктерінің гистограммасы

 

1­сурет. Шектеу күйінің сипаттамасы

 

Тұрақты тоқ тартылым қосалқы станцияларында істен шығулардың саны орташа жылдық істен шығулармен салыстырғанда найзағайлы кезеңде 25­30% өседі де, ал қыс айларында 15-20% кемиді.

Айнымалы тоқ тартылым қосалқы станцияларында істен шығулардың санының көп болуы, тұрақты тоқ қосалқы станцияларымен салыстырғанда, олардың бірлік қуаттарының үлкен болуымен түсіндіріледі.

Тартылым қосалқы станциялардың істен шығуларының әсерінен поез қозғалысы үзілісінің ұзақтылығы электрмен жабдықтау құрылғыларының бұзылуларынан болатын кідірулердің жалпы санының 3% құрайды. Бұл көптеген жабдықтардың резерві болатындығымен түсіндіріледі.

Бұдан басқа, тартылым қосалқы станцияға қарағанда тартылым торабынығ жұмыс шарты анағұрлым күрделірек. Тұрақты тоқ тартылым қосалқы станцияларында тек аккумулятор батареясының және жатықтаушы құрылғының резерві болмайды.

Талдау тұрақты тоқ түйіспелі торабының сенімділігі:

- айнымалы тоқ түйіспелі торабының сенімділігіне қарағанда жоғары;

- тұрақты тоқ тартылым қосалқы станциясының сенімділігі айнымалы тоқ тартылым қосалқы станциясының сенімділігіне қарағанда жоғары болатындығы жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!