![]() Дисциплины:
Архитектура (936) |
Балдәуренім балғындарды шыңдайды Корсек атты жарасамыз біз Таң атқанша ертегілер тыңдайды Ой сергітіп рахаттанамыз
Балдәуренім балғын ордам шаттығым Жаздай келіп көңіл ақ гүлім Көлге түсіп ән мен асыр саламыз Салауатты өмір бастайды Үйге тапсырма: әндерді үйрену Музыка 5 а сынып 04 04. 5 б сынып 05 04 . Сабақ тақырыбы:Ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуыСабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу. Білімділік мәні:Шығыс халықтарының әндерін талдау, насихаттау. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай келе ,қабылдай білуге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа сабақ. Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,ән тексті, суреттемелер. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстан - Иә , балалар бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Абайдың музыкалық мұрасы» ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі әнөнеріне зор үлес қосқан әнші- композиторлар қатарына Абайды , Біржан салды , Ақан серіні , Мұхитты , Жаяу Мұсаны , Үкілі Ыбырайды , Естайды ерекше атауға болады. Қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Абай қазақтың ән өнерін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен байытты. Оның «Сегіз аяқ» , «Айттым сәлем, Қаламқас» , «Көзімнің қарасы» , Бойы бұлған» , «Өзгеге көңілім тоярсың» атты әндерімен қоса «Торжорға» , «Май түні» атты күйлері бар. Музыкалық сауат ашу : Гамма . Арпеджио. Ладтың тоникасынан басталатын биіктігі бойынша құрылған дыбыс қарарын г а м м а дейміз. Гаммаларда тональдықтар сияқты, тониканың атымен аталады. А р п е д ж и о – гамманың тұрақты дыбыстарын бірінен кейін бірін жалғастыра ойнау. Музыкалық шығарманы тыңдау: Абайдың әні «Айттым сәлем , Қаламқас» және күйі «Торжорға» Дауыс ашу жаттығуларын орындау: Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда. Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында. Әнді бастар алдында асықпай іщіңнен дем ал. Сөздің ортасында дем алма. Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Әндету : Абайдың әні «Қараңғы түнде тау қалғып» 1 Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым - жырт, дел - сал ғып, Түн басады салбырап. 2рет. 2 Шаң шығармас жол- дағы , Сілкене алмас жапырақ . Тыншығарсын сен- дағы,Сыбыр қылсан азырақ . 2рет. Шығармашылық жұмыс:Қазақтың халық композиторларын насихаттау барысында олардың өмірі , шығармашылығы жөнінде мәліметтер жинақтау, рефераттық жұмыс жасау. Азақтың ұлттық би өнері. Би - музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі . Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып , күні бүгінге дейін өркендеп келеді.2 Би өнері халқымыздың салт – дәстүр , тұрмыс – тіршілігіне байланысты туындаған. Ертедегі қазақ билері үй ішінде биленетін болғандықтан , Дененің алуан түрлі қимыл – қозғалыстары , бет - әлпет 2құбылулары арқылы бейнеленген . Белгілі музыкалық шығармалар , күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланған. Мысалы: «Қаражорға» ,«Бүркіт биі» ,«Қазқатар» ,«Аю би», «Киіз басу» , «Өрмек тоқу» , «Аққу» , «Ортеке» билері . Қазақтың ұлттық би өнері отызыншы жылдары сахналық өнердің бір түрі ретінде тағы бір сатыға көтерілді.Оның басында жан – жақты өнер иесі , әрі артист, әрі ұстаз , асқан ш2ебер биші Шара Жиенқұлова болды. Шара «Қыз Жібек» , «Жалбыр» , «Ер Тарғын» , сияқты алғашқы қазақ операларындағы би көріністерін орындаумен бірге ұлттық би өнеріміздің әрі қарай қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Шара Жиенқұлова - ұлттық би өнерінің көптеген өкілдерін тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Музыкалық шығарманы тыңдау: « Ұтыс биі» « Ұтыс» - би жарысы . Би суырыпсалмалық тәсілмен күрделі қимылдар жасау арқылы орындалады. Жарысқа қатысушы бишілер кезек – кезек шығып , бір- бірінен өнерлерін асыруға тырысады. Қорытындылау:Қазақ халқының вокалдық музыкасы.
Үйге тапсырма:Абайдың әндерін жаттап келу. Тыңдаған әндеріне талдау жасау. «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін суреттеу, бейнелеу. Музыка 5 а сынып 11. 04. 5 б сынып 12. 04 . Сабақ тақырыбы:Ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуыСабақтың мақсаты: Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткерлері А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Абай бейнесін ашу. Халық музыкасы мен кәсіби музыка арасындағы байланысты сезіндіру. Классикалық музыканы тыңдай білуге дағдыландыру. Музыкаға қызығушылығын арттыру. Ұлттық өнерді сүюге, әсемдікке тәрбиелеу. Шығвармашылық - танымдық белсенділігін арттыру. Пәнаралық байланыс арқылы оқушының білімін тереңдету Білімділік мәні:Шығыс халықтарының әндерін талдау, насихаттау. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай келе ,қабылдай білуге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа сабақ. Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,ән тексті, суреттемелер. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстан - Иә , балалар бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Абай» - композит А. Жұбанов пен Л. А.Хамидидің операс. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссер Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородски болды. Операның 2-редакциясын Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды.Бұл жолы оны сахнаға қойған - режиссері Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітов, суретшісі - А. Ненашев, дирижері - Т. Османов. Операда басты кейіпкер - Абайдың өмір сүрген заманы, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отаршыл саясаты, қазақ халқын бір жағынан орыс әкімдері, екінші жағынан жергілікті феодалдардың қанауы, ақынның еңбекші халық үшін істеген қоғамдық, адамгершілік қызметтері көрініс тапқан. Композиторлар-қазақтардың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын суреттей отырып, ақын тұлғасын оның реакцияшыл болмысқа, бай-феодалдарға қарсы күрес үстінде көрсете білген. Операда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі түрлі әлеуметтік күш: Жақсылық пен Зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады. Операда жаңашыл жастардың бірі Абайдың шәкірті - Айдар. Сүйенері жоқ, бірақ әділдікті көксеген, жолы түзу, дарынды жас ақын. Оның сүйгені Ажар да өзінің бас бостандығын аңсаған, сол үшін әділетсіздікке қарсы күресіп келе жатқан жағымды тұлға. Абайдың достары Көкбай, Қарлығаштар да тартымды бейнелер. Операдағы жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Әзім, ол Абайдың жақыны, ақын, бірақ оның негізгі ұстаған жолы, тілегі Абайға қарсы. Операның өн-бойында Әзімнің жүріс-тұрысы, әрекеті, оның халық алдындағы сөзі мен билігі оны Абай жағындағы адам сияқты көрсетеді де, шығарма соңында ол Айдарға у беріп өлтіреді. Осының өзі Абай арманының құлаған сәтін көрсетсе де.осы тұстағы қуатты ария шындықты тап басып, ұлы ақынның болашаққа сеніммен қарайтынын танытады.Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір- бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халықәндерімен әдемі жарасым тапқан. Абайдың кейбір ариялары мен ариозалары ұлы ақынның өз әндерімен үндес пайдаланылған, ал бірқатары халық музыкасынан алынған, сондай-ақ Ӏ-актідегі «Қай талқы құл алдына құрылмаған» деп басталатын ариясы мен «Зарлының наласы, жас жүрек жарасы» әні композиторлардың өздері туғызған туындылар. Операдағы Абай, Айдар, Ажар ариялары әуендік жағынан бай, үлкен шеберлікпен жазылған. Басқа да кейіпкерлердің ариялары, дуэттері, ансамбльдері, речитативтік әндері, хорлар мен би музыкалары операның жалпы драматург, құрылысымен тығыз байланысты және Абай әндерімен, халық музыкасымен сарындас: Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1 акт, 2 картина),«Айттым сәлем, қалам қас» (3 акт), «Сегіз аяқ» (4 акт) әндерімен қоса «Қаралы қайғы кештім-ай, талай, талай» (1 акт) немесе «Қош, жазықсыз арыстаным» (4 акт) деп басталатын тұстардан Біржанның «Ақ тентек» әнінің әуені естілгендей болады. Операда Нарымбет пен Жиренше тұлғаларын бейнелеуге речитативтік әндер пайдаланылған.«Абай» операсының алғашқы қойылымында Абайдың бейнесін - Р. Абдуллин, Ажарды - К. Байсейітова, Айдарды - Б. Досымжанов, Әзімді - М. Абдуллин, Қарлығашты - О. Симоновқа, Көкбайды - А. Байғожаев, Сырттанды - М. Толыбаев, Жиреншені-С. Әбжанов, Нарымбетті - Ә. Мұсабеков, Месті - Ғ. Құрманғалиев сомдады. Бұл опера – қазақ операсының классик, үлгісі және опера өнеріндегі жаңа белес. Опера қазақтың опера және балет театры репертуарынан берік орын алды.Театр өзінің жыл сайынғы жаңа маусымын осы операмен ашады. Опера 1958 ж. Москвада өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігінде қойылды. Композитор А. Жұбанов пен Л. Хамидиге «Абай» операсы үшін Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978 Ж.) Музыкалық сауат ашу : Гамма . Арпеджио.Ладтың тоникасынан басталатын биіктігі бойынша құрылған дыбыс қарарын г а м м а дейміз. Гаммаларда тональдықтар сияқты, тониканың атымен аталады. А р п е д ж и о – гамманың тұрақты дыбыстарын бірінен кейін бірін жалғастыра ойнау. Музыка тыңдау:Қазақ опера музыкасында ерекше орын алатын А.Жұбановтың «Абай» операсы. «Абай» операсы 1944 жылы Ұлы Абайдың 100 жылдығына қарсы қойылды. Операның либреттосын жазған әйгілі жазушы М.Әуезов – Абайдың музыкалық мұрасын жинап – сақтауға көп күш салған жазушы. Либреттолға ақын өміріндегі драмалық оқиға арқау болған. Опера кіріспе (увертюра), үш көріністен және соңғы бөлімнен тұрады. Кәсіби опера өнерінің жетістіктерін ұлттық операда тиімді пайдалану – шығарманың табысы болып табылады. Операға Абай әндері сәтті еңгізілген. «Абай бейнесін ашуда өзінің философиялық мзмұны терең «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем, қалам қас», «Желсіз түнде жарық ай» әндері операда жарқын көрініс тапты. Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтық интонациясына құрылған», - деп айтқан еді А.Жұбанов. Операда сонымен қатар терме, желдірме, жоқтау сияқты халықтың ән мұралары молынан кезлеседі. Музыка тыңдау:Абай «Желсіз түнде жарық ай». Бұл ән сендерге таныс па? Оқушылартікірлері тыңдалады. (Қазақ кәсіби композиторлары тақырыбы еске түсіріледі). Музыка тыңдау:«Абай» операсынан Абайдың ариясы. Ария қалай орындалады? Музыкалық ырғағы, жылдамдығы қандай? Қандай музыкалық бейне көре алдың? Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуі, үні қалай естілді? Ариядан алған әсерлерін оқушылар ортаға салады. Ариядан халқына қарап мұңын шағып, қайғысын айтып күңіреніп тұрған Абайдың музыкалық бейнесін көреміз. Осындай қиын – қыстау кезде оның үміті де, арқа сүйері де халық. Ән үйрену:Б.Әлімжан «Абай – біздің бабамыз». Ән мазмұны мен әуені жасұрпақты өнерге, адалдыққа, еңбекке, адамгершілікке, талапты болуға жетелейді. Қорыту:Нені білдік? Нені есімізге сақтаймыз?
Музыка: 5 а сынып 18.04. 5 б сынып 19.04. Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр - опера - кино «Кыз Жібек» операсының қысқаша мазмұнын айтып өтем. Сабақты қорытындылау: Үйге тапсырма: «қыз Жібек» жыры туралы мәлімет жинап әкелу. Музыка: 5 а сынып 25.04 5 б сынып 26.04. Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр - опера - кино Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жыр және опера өнерімен таныстықты одан әрі жалғастыру.»Қыз Жібек» операсының жырының мазмұнмен танысу, Операны жазған композитор Е. Брусиловскиймен танысу. Дамыту: Оқушылардың ән орындау мүмкіндігін дамыту Тәрбиелік: Жыр мазмұнымен танысу арқылы қазақ халық өнерін қадір тұта білуге үйрету. Көрнекіліктер: Е. Брусиловскийдің суреті, операдағы бейнелер: Қыз Жібек роліндегі К. Байсейітованың, кинодағы Жібек М. Өтекешованың, Ыбырай Сандыбайұлының суреттері, Муз. орталық, слайдтар. компьютер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақты таныстыру: Қыз Жібек" - қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған фильм Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Өшпес мұра «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына айналды. 1968-1970 жылдары түсірілген «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті. Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған.
Жағабайлы елінен шыққан Төлеген (Құман Тастанбеков) жар іздеп, көп қыздың арасынан Сырлыбайдың (Кененбай Қожабеков) қызы Жібекті (Меруерт Өтекешова) ұнатады. Алайда, өзара руға бөлініп, екі жақ тартыстың салдарынан Төлеген әкесі Базарбайдың (Кәукен Кенжетаев) батасынан аттап кетіп, сүйіктісі Жібектің еліне кетеді. Жібектің елінен шыққан сарбаз Бекежан (Асанәлі Әшімов) қос ғашықтың махабатын көре алмай, үш ай Сырлыбай елінде болып, өз еліне сапарға шыққан Төлегенді өлтіреді. Сүйгенінің қазасын білген Жібек Жайық өзеніне батып өледі.
Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов, сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған актерлер Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
1972 жылы Тбилиси қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша жеңімпаз аттанды. Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды. 2010 жылдың 27 желтоқсанында «Құлагер» ұлттық кинематографиялық байқауында Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков құрмет грамотасы мен «Экран шебері-2010» төс белгілері табыс етілді. Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды. Ызықты мәліметтер · Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген. · Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу мақсатында 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады. · Төлегеннің ақсауыты мен Жібектің бүрмелі көйлегі бұл күнде «Қазақфильм» мұрағатында сақтаулы. · Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген. · Түрлі себептермен киноның 500 метрлік лентасы қиылған. Түпнұсқада фильм ұзақтығы 3 сағаттан асады. · Фильмге сегіз, он, он алты қанатты жалпы саны отыздан асатын киіз үйлер арнайы тігілген. · Фильмнің бас суретшісі Гүлфайруз Ысмайылова киноны көркем безендіру үшін мың жарымнан астам эскиз жасаған екен
Музыка: 5 а сынып 0 4.05. 5 б сынып 03.05. Сабақтың тақырыбы: Жігер – күй және симфония Сабақтың мақсаты : Білімділік:Күйді симфонияға өңдеуге болатындығы,яғни күрделі музыкалықшығармалардағы тағы бір қолданысын көрсету, музыкалық сауаттылығын дамыту және шығармашылығымен таныстыру. Дамытушылық: Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту. Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге,оны құрметтеуге баулуСабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі : И.Нүсіпбаев Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару;Жаңа сабақ: осы уақытқа дейін қаншама музыкалық шығармалармен таныстыңдар. Олардыңішінде айтып жүрген әндерің, тыңдап жүрген күйлерің, жыр-термелерің және де жаңадан танысқан оратория, вариация , хорлар да бар.Музыкалық шығармалар өзінің құрылымы, мазмұны, орындалу ерекшелігі мен көркемдеушіқұралдары арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрідеп атайды.Көп жанрлардың ішінде ерекше орын алатын күрделі болса да, өте мазмұнды, қызықты - симфониялық музыка жанры.Симфониялық музыканың өзі бірнеше жанрға бөлінеді симфония, симфониетта, симфониялықкартина, симф Симфониялық музыкасимфониялық оркестрге арналып жазылад. поэма, оркестр мен жеке аспапқа арналған концерт,сюита, увертюра .ы«Симфония»грек тілінде «дыбыстар бірлестігі»деген мағынаны білдіреді. 4 бөлімнен тұратын бұлшығарма күрделі музыкалық шығармалар қатарына енеді. Симфония кейде бір немесе бірнешебөлімнен тұруы мүмкін.Симфониялық поэма- халық өмірінен алынып, тарихи шындықты, бостандық үшін күрестінемесе табиғат көріністерін баяндайтын бір бөлімді шығарма. Алдын ала дайындалған тақырыбыбар белгілі бір шығармалардыбағдарламалық музыка деп атайды.Композитор Қапан Мусиннің шығармашылығын таныстыру (муз. хр. 4-кл.)Қапан Мусиннің «Жайлауда»атты симфониялық поэмасында«Ақ дариға»халық әні негізінде орындаладыАранжировка– француз тілінен аударғанда «тәртіпке келтіру»дегенді білдіреді.Өңдеу арқылы музыкалық шығарманы басқаша орындауға болатынын көругеболады. Құрманғазының «Ақбай»күйіне композитор Б.Байқадамовтың хорғаарналған өңдеуін мысалға алуға болады.Хордың орындауында күй жаңаша сипат алады.Аспаптық музыкаға вокалдықжолмен, ән айту арқылы домбыра дыбысын сала алады.Дос болайық бәріміз.Әнін жазған И.Нүсіпбаев . Өлеңін жазған Х.Талғаров.1.Әр қашан дос біргеміз,Ажырамас іргеміз . Ілгері жүріндер , Достық жырын біліңдер . Ту ғып ұстап бірлікті , Еңбекті сүйіңдер . ҚайырмДос болайық бәріміз,Жарасып тұр әніміз . Тыңыштықты сақтаймыз , сақтаймыз .Атсын күліп таңымыз. 2 .Қайраттанып , қырышта , Озып шыққан жарыста Батыл бас жас ұлан , Самға биік алысқа , Жұлдыздарға , ғарышқа , Бойда күш тасыған .3. Отан - біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз . Нұрлы күн сөңбесің , Бақыт болып жаңамыз . Жарық біздің санамыз , Қара бұлт төнбесін . Музыка: 5 а сынып 16.05. 5 б сынып 10.05. Сабақтың тақырыбы: Құдаша – симфониялық күйСабақтың мақсаты : Білімділік:Күйді симфонияға өңдеуге болатындығы,яғни күрделі музыкалық шығармалардағы тағы бір қолданысын көрсету, музыкалық сауаттылығын дамыту жәнеЕркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев шығармашылығымен таныстыру. Дамытушылық: Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту. Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге,оны құрметтеуге баулуСабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев : Сабақтың барысы Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1932 жылы 1 тамызда Семей облысы Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында туған – 2013 жылы 9 сәуірде қайтыс болған) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.[1] Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”,“Дала таңы”,“Алпамыс” опералары, “Дайрабай”,“Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал. Күй— музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.Үйретілеін ән: СарбаздарСайдың серке тасында қатар тізілген Шеру тартқан көркіңе елің сүйсінген Ән салшы сарбазым Мазданып салған өзің әнім Айхай Қамажайым салған әнің ай Саңынғаным ай-хай күтсем болңан – ай Жалаулаған алаулап жігер күшің сен Ауылың мен бауырың аңсағаныммен Ән салшы сарбазым Ұсынған келед өзің назым Ай- хай қара көзім – ай Толған сезім – ай Шақырады ай – хай айтқан сөзің – ай Айхай Қамажайым салған әнің ай Саңынғаным ай-хай күтсем болңан – ай Жалаулаған алаулап жігер күшің сенҮйге тапсырма: әнді жаттау . Тәттімбет Қазанғапұлы “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді. Үйретілеін ән: Әлия с. Б. Тәжібаев ә. С. Байтереков
Музыка 5 б сынып .05.. Сабақтың тақырыбы:Ән мен күйге саз берген – Алатау Сабақтың мақсаты : - Нұрғиса Тілендиев өмір баяны мен таныса отырып әнін үйрету. Білімділік: Қазақтың музыкалық тіліндегі әр облыстардың өзіндік стиль ерекшеліктері Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі :түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі :бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтыңбарысы :І. ҰйымдастыруТуып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Туындылары Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған. Ол Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге...», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген, сыртым сау...», «Қызарып, сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне«Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.[ Үйретілетін ән: «Алатау»
|