Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Музыкалық сауат ашу : Альтерация елгілері



Музыкалық дыбыстарды түрлі биіктіктерге жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды альтерация белгілері дейді. Альтерация белгілеріне мыналар жатады: Д и е з - ол дыбысты жарты тон жоғарылатады. Б е м о л ь - ол дыбысты жарты тон төмендетеді. Б е к а р - ол диезбен бемоль белгілерінің күшін жояды. Дауыс ашу жаттығулары :Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда. Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында. Әнді бастар алдында асықпай іщіңнен дем ал. Сөздің ортасында дем алма. Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Әндету : Дос болайық бәріміз.Әнін жазған И.Нүсіпбаев . Өлеңін жазған Х.Талғаров.1.Әр қашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз . Ілгері жүріндер , Достық жырын біліңдер . Ту ғып ұстап бірлікті , Еңбекті сүйіңдер . Қайырмасы:Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз . Тыңыштықты сақтаймыз , сақтаймыз . Атсын күліп таңымыз.

2 .Қайраттанып , қырышта , Озып шыққан жарыста Батыл бас жас ұлан , Самға биік алысқа , Жұлдыздарға , ғарышқа , Бойда күш тасыған. Қайырмасы :

3. Отан - біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз . Нұрлы күн сөңбесің ,Бақыт болып жаңамыз . Жарық біздің санамыз , Қара бұлт төнбесін .

 

Музыка. 5сынып 28 .02 01.03. Сабақтың тақырыбы Маком өмірден сыр шертеді . Сабақтың мақсаты:музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтержиынтығын айту , жыр ,толғау ,терме ,лирикалық әндер ,айтыс өнерін айтып түсіндіру. Білімділік: Қазақ халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың барысы:Маком өмірден сыр шертеді. Музыкалық шығарманы тыңдау: «Телқоңыр» СүгірдіңҮйретілетін ән: «Жол жыры» Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр,толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ,дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған. Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы жәнедомбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік,шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофонболып жіктеліп жүр.





Сүгірдің термесі
Әні мен сөзін жазған Сүгір Бегендікұлы.

1. Ауылға Сүгір келді-деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.
Ағалар енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.

2. Келіндерімде бар еді,
Қайнаға келді дегенде.
Реңін қалай көрем деп,
Сығалап талай қимаған.
Құрбыларым да бар еді,
Қона кетші құрдас деп.
Талай жанды қимаған,
Сызылып талай сыйлаған.
Інілерім де бар еді,
Сүгірдей ағам келді деп.
Ат шаптырып айқайлап,
Хабар да салған еліме.

3. Таратқан менің даңқымды,
Мәжілісте байтақ жеріме.
Біз жүре беріппіз жігіттер,
Адайдың берген желіне.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып беріп атамның.
Батихасын алам деп,
Саусақтары майысқан.
Алты қанат-ай ақ орда!
Біздерде кеттік - ай аман бол!
Айырылып қалып-ай барасың,
Шабысы жүйрік арыстан.

Әндету: Жол жырыШ. Қалдаяқов. Т. Молдағалиев. Шақырады асқар мынау Ақша бұлтқа оранған . Жүрген сайын достарым - ау, Ашылады жол алдан. 2 рет. Көк өзендер көбік шашып, Бізді келіп көр дейді. Жолда жүру қандай жақсы,Жол биікке өрлейді. 2 рет. 3 Төбемізде жанады күн, Күн қызығын көрейік. Жиып әкеп дала гүлін , Анамызға берейік. 2 рет.

Музыка сауаты:нотаменмжұмыс жасау

Үйге тапсырма : әнді жаттау

 

-2013, 01

 

Музыка. 5 сынып 07 .03 15.03. Сабақтың тақырыбы Вена классикалық симфониясы. Сабақтың мақсаты:Вена коассикасымен таныстыруСвиридовтың «Школльный вальс» деген музыкасын тыңбату. Білімділік: Вена халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың барысы:Вена классикалық симфониясы. Музыкалық шығарманы тыңдау: Свиридовтың «Школльный вальс»

Жанр- өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмүны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келеді. Өнердің әрбір тегі іштей тағы да жанрлық түрлерге бөлінеді.
Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Алғашқы кезенде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл жағдайда композитордың стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.
ХУ111-Х1Х ғасырларда жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды.
Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға жіктеуге болады:
а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптык);
ә) эстрадалық музыка;
б) камералық музыка;
в)симфониялық музыка;
г) хорға арналған музыка;
д)сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығармалар.
Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: вокалдық (таза немесе аспаптық сүйемеледеумен) және аспаптық.
Музыкалық образды топтастыру ретінде (обобщение через жанр) жанрдың көркемдік образды бейнелеуде маңызы үлкен. Мысалы, Бетховен шығармашылығында революциямен байланысты марш жанры аса үлкен мағынаға ие болады.
Симфониялық музыканың ең ірі жанрларының бірі – симфония жанры. Симфониялық оркестрде орындауға арналған негізінен сонаталық циклді формадағы музыкалық шығарма. Кейбір симфонияға хор мен жеке әншілер де қатысады. Әдетте ол 4 болімнен түрады. Бірінші бөлім-сонаталық аллегро, екінші-баяу лирикалық, үшінші –менуэт немесе скуцо, ториінші-көбіне рондаға үқсас финал. Симфония –аспантық музыканың идея мен ойды барынша жетік бейнелейтін түрі.
Симфонияның жетілген аса дамыған түрлері Вена классикалық мектебі

Венаның классикалық мектебі – Венада қалыптасқан музыкалық бағыт (ХУ111 ғасырдың екінші жартысы мен Х1Х ғасырдың бірінші ширегі). Венаның классикалық мектебінің негізін салушы композиторлар – И. Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен шығармашылығында бұл стиль өзінің шарықтау биігіне жетті. Вена классикалық мектебінің музыкасына көркемдік ойдың әмбебаптығы, форманың логикалық айқындығы тән. Шығармаларда өмір құбылыстарын динамикалық түрде көрсетуге байланысты жаңа сонаталық форма қалыптасып, дамыды

Волфганг Амадей Моцарт (алманша Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист,дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялыққабілеттері болған.композиторлары (Гайди, Моцарт, Бетховен) шығармашылығында қалыптасты.

 

Үйретілетін ән: «Ана, сен бақыттысың» сөзі: Мұқағали Мақатаев
әні: Естай Әлікеев

Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

 

Музыка 5 сынып 14.03 29.03.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!