![]() Дисциплины:
Архитектура (936) |
Обыз - бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
Қобыз – тек қана ұлттық музыкалық аспап емес, сонымен бірге Тәңірге табынған ата-бабаларымыздың қасиет тұтқан бір тотемі де болғаны белгілі. Қасиетті зат емес пе, кез келген үйден табыла бермейтіні де сондықтан шығар. Бүгінде қарағайдың түбінен қайырып алып жасайтын киелі аспапты қолдан шабатын шеберді табу да - қиын шаруа.
Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш-қуат береді. Қобыз туралы әңгіме қозғау қиын. Өте қиын. Біріншіден, ол – жай музыкалық аспап емес, ежелгі ата-бабаларымыздың кие тұтқан бір тотемі. Түркі әлемі қобызды Тәңірімен байланыстырған. Расында да, қобыздың табиғаттың біз сезбейтін қандай да бір құпия, тылсым күштерін қозғайтын қасиеті барына дау айту қиын. Ал тәңірілік сенім, көптеген зерттеушілердің пікірінше, табиғат туралы күрделі ілімдер жиынтығы…Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейінгі сұрапыл жылдарда ескілікке, дінге қатыстының бәрі қудалауға ұшырағаны белгілі. Ел шолақ белсенділерден Құранды қалай жасырса, қобызды да солай жасырды. Жыршылардың, бақсылардың қолынан түркі жұрты мыңдаған жылдар бойы серік еткен киелі аспап күшпен тартып алынды. Нәтижесінде бүгінгі бізге қобыз бұрынғы қобыз емес, соның жұрнағы ғана болып жетті. Кеңестік кезеңде әр нәрседен ілік іздеп, тіміскіленіп жүретін шолақ белсенділер қобызды бақсы-балгерлердің аспабы деп қара күйе жаққысы да келді. Бірақ сан ғасыр сорабынан аман-есен шыққан қобыз бүгінде қазақтың бас аспаптарының қатарына қосылды. Байырғы қазақ шеберлері оның ішегін жылқының құйрық қылынан жасайды екен. Онда да сойылған жылқының емес, тірі жылқының құйрық қылын жұлып алып, тұзға салып қайнатып барып, әбден баптап тағады екен. Қазір тым таралған, қобыздың әуелгі тұрпатынан тым жіңішкеріп кеткен сым шекті қобыздар шықты. Қобыз сияқты екі тізенің ортасына қысып отырып тартатыны болмаса, оның скрипкадан айырмасы шамалы. Ал скрипканы қобыздың көшірмесі санайтындар баршылық. Сапалы жасалған қобыздың өзі бірнеше мың доллар тұрады. Ағаштан шауып алуға қанша қажыр-қайрат жұмсалады. Шығыны да бар. Бүгінде өнерпаздарымыз пайдаланып жүрген нарқобыз – 2 мың, 1 мың доллар тұрады...
Үйретілетін ән: Абайдың«Желсіз түнде жарық - ай»
Сыныбы. Музыка. 13.12.2013ж. 14.12.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы Сабақтың мақсаты: Білімділік:Монғол халывмен таныстырып, көрші елдер халқының аспаптарын айта өту. Тәрбиелік мақсаты: Халық татулығы - ел тыныштығы , ел бірлігі – аспан тыныштығы, көк аспан жатқырап тұрса, бейбітшілік орнату болашақ жастардың қолында екенін айтып татулыққа тірбиелеу.Оқушыларды білімдерін дамыта отырып, мәдениетке тәрбиелеу.Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет,әдеп. Сабақ көрнекілігі: суреттер, үн таспа, диск аспаптар.Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыруІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Желсіз түнде жарық - ай »әнін жатқа сұрау.Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды. ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды. Монғол елінен енген бірқатар өнер түрлері бар. Атап өтер болсақ, моринхур, сыбызғы, көмей, уртын дуу (ұлттық ұласпалы ән), т.б. Сондай-ақ, өнерпаздарымыз ән шырқап, би билеумен қатар, домбыра, сырнай, кучир, шанз, садақ хур, дудар, тобшур сынды көне аспаптарда ойнайды. Монғол елінде қазақтың ұлттық өнерін дамытуға ешқандай шектеу қойылмаған. Бірақ, қаражат жағы қолбайлау болғандықтан, қазақ өнері біраз ақсап тұр. Есесіне, ондағы қазақ балаларының өз ана тілдерінде білім алуына мол мүмкіндік жасалған. Мәселен, Монғолияның Баян-Өлгей аймағында он жылдық 50 мектеп бар болса, оның 49-ы қазақ тілінде білім береді. Бұл – қазақтарға деген үлкен қамқорлық. Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит еді. Мералыұлы Мұхит (1841 – 1918). Баһадүр Әбілқайыр ханның ұрығы. Қаратай сұлтанның шөбересі. Сүйегі асыл. Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын. Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті. Уа, Зәуреш, сен үшін елден келдім, Баяғы өзің өскен жерден келдім. Сен неге мен келгенде тебіренбейсің Иіскеп бір сүйейін деген едім? Құланның жонда көрдім шоқырағын ,Қайыңның жаста көрдім жапырағын Қарамай кетіп қалып әкең сорға, Бір уыс көп көрді ме топырағым. (Ғарифолла Құрманғалиев. Мұхиттың әндері. Алматы. «Дастан» дыбыс жазу студиясы, 2001 ж.) 5 сыныбы. Музыка.20.12.2013ж. 21.12.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрамалы аспаптар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Түркі тілдес халқының мәдениеті мен тілі, діні ұқсас екекнін дәлелдеп, аспаптарын салыстырмалы түрде атап өту. Тәрбиелік мақсаты:Түркі халықтарының музыкалық өнеріндегі ұқсастық тек аспатарының ұқсастығымен шектелмейді, ол тектестік пен ұқсастық осы аспаптардағы орындау әдіс-тәсілдерінде де байқалады. Ұрмалы, үрмелі, шертпелі, ысқыш пен ойналатын аспаптарымыздағы ойнау тәсілдеріміз ортақ.Оқушыларды білімдерін дамыта отырып, мәдениетке тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі: суреттер, үн таспа, диск аспаптар.Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыруІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Желсіз түнде жарық - ай »әнін жатқа сұрау.Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ Баршамызға белгілі, өнер- халықтарды жақындастыратын ерекше, құдіретті күш. Осы түркі халықтарының да арасындағы айрықша ортақтықты дәлелдейтін сол өнер. Көптеген тарихи, мәдени деректер бойынша – ежелгі заманнан әр халық өз өмір салтына, тұрмыс тіршілігіне байланысты өнер түрлерін дамытып оны рухани азық еткен. Осыдан 2 мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспаптың бейнесі айрықша назар аударады... бұған бүгінгі күнгі ең тектес ең жақын аспап ретінде қазақтың домбырсы мен қырғыздың қомузын жатақызуға болады». Бүгінгі күні әлемде ең танымал әрі ең көп тараған еуропалық аспаптар қатарына жататын: скрипка, альт, виолончель аспаптарының шыққан тегі ыспалы аспап қобыз, шыққан жері Орта Азия екендіктері жайлы да В. Виноградов айтып кеткен.
|