![]() Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Йге тапсырма; бағалау: аспаптар түрлерін жаттау. «Бабалар» әнін жаттау
5 сыныбы. Музыка. 22.11.2013 ж. 23.11.2013. Сабақтың тақырыбы: Башқұрт халқының мақтанышы болған қурайСабақтың мақсаты: Білімділік: МақсатыБашқұрт елімен таныстырып ,қурайдан жасалған сыбызғымен таныстыру. Тәрбиелік: Көршілес елдердің мідениетімен таныса отырып татулыққа тәрбиелеу,өнер ұқсастығын ескерту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі: суреттер, үн таспа, диск аспаптар. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыруІІ Үй тапсырмасын сұрау:.Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау.
Жез сыбызғы аспабында басқа халықтарда кездесетін темірден жасалған үрмелі аспап тектес темір мен ұзын жез түтікшілерді пайдаланады. Ағаш және қурай сыбызғыларға қарағанда жез сыбызғы төзімді болып келеді. Алайда, оның дыбысы қурай және ағаш сыбызғыларға қарағанда сазы өзгеше болады. Сыбызғының дәстүрлі үлгісі қурай, өсімдігінен жасалады, аспапты жасауға қара қурай, өгіз қурай,, қырлы қурай, түрлері пайдаланылған. Сыбызғышылар сыбызғыны қурайдан өздері жасап алып тартқан және оны жасау әдіс-тәсілдерінде әрбір өнерпаздың өзіндік өлшемі, өз заңдылықтары болған. Аспапты жасау үшін жаздың соңғы айларында, күз уақыттарында әбден өсіп жетілген өзегі кеңейіп, буыны қатайып кепкен түзу қурайларды пайдаланған. Қурайды кейбір сыбызғышылар қолының ұзындығымен өлшеп кесіп алатын болған, енді бір өлшемнің түрі өнерпаз-шебер өз тұтамын өлшем етіп алты тұтам, жеті-сегіз тұтам етіп қурайды кесіп алған. Бұл әдіс-тәсіл Башқұрт қурайшыларында да көп қолданылады. Үйретілетін ән: Жол жырыӘнін жазған Ш. Қалдаяқов Сөзін жазған Т. Молдағалиев 3. Төбемізде жанады күн,
5 сыныбы. Музыка.29.11.2013ж. 30.11.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка Сабақтың мақсаты: Музыка сырын жеткізу. «Ләйлім шырақ» әнін үйрету. Қосымша желтоқсан мерекесіне байланысты «Көк тудың желбірегені» әнін үйрену. Білімділік: Музыка жәйлі түсінік беру. Тәрбиелік:. Музыка аспабына үйрету сабағы білімгерлерге жеңіл музыка шығармаларын өздігінен талдап, үйреніп, оны орындап беруге дағдырландыруы керек.. Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауғабаулу. Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі әдеп. Сабақ көрнекілігі: І. Үй тапсырмасын сұрау:Башқұрт халқы туралы не білесіңдер? Қазақстан әнін жатқа айту. Сыбызғы деген қандай аспап? Сыбызғының қандай түрі бар ? Қандай ағаштан немесе металдан жасалады? Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру Сабақ барысы: Аспанмен тілдескен музыка . Тыңдалатын музака жене үйретілетін: Біржан «Ләйлім шырақ ». Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі. Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл. Жасыл –желек ат көрінбес құрағым. Мыңғырған мал даласында жайылған, Бабалардың болған сондай тұрағы. Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты, Орыс патша арам ойлы бұзықты. Қорған салып, жерін алып, қуса өзін, Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты. Қазақта жер қалмады патша алмаған, Елін, жерін, малын тегіс жалмаған. «Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың, Отаршылдық қыр соңынан қалмаған... Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
Қосымша ән үйрету: «Көк тудың желбірегені!» Көк тудың желбірегені -Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені - жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі- Көктудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені- елдіктің асқақ өлеңі, әр жаққа тартпай, Қазағым, бір сөзге жинал дегені.
Көк тудың желбірегені - бақыттың елжірегені, қиырда қалған Қазақтың Азат отанға жете алмай көзінің мөлдірегені.
5 сыныбы. Музыка.06.12.2013ж. 07.12.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобызБілімділік: Мақсаты: Қобыз аңызымен таныстру, үнін тыңдату , бұрынғы қыл қобызбен қазіргі алть қобызды салыстыра отырып білімдерін әрі қарай дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды білімдерін дамыта отырып, мәдениетке тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі: суреттер, үн таспа, диск аспаптар. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыруІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Ләйлім шырақ »әнін жатқа сұрау.Cуреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынын атау. Қорқыт десе қобыз, қобыз десе Қорқыт еске түсетіні рас. Негізінен, киелі аспапты VIIІ- IX ғасырларда Қорқыт жасаған деген аңыз бар. Аңызға құлақ түрсек, Қорқыт жігіт жасына жеткенде түсіне ақ киімді адам кіріп, о дүниелік болатынын айтып, аян береді. Бақиға аттанғысы келмеген Қорқыт желмаясына мініп, әлемнің әр түкпірін аралап, ажалдан қашып құтылмақ болыпты. Бірақ қайда барса да ажалмен бетпе-бет жолыға беріпті. Амалы қалмаған Қорқыт қобыз шауып, желмаяның терісін шанағына керіп, күңірене күй шертіпті. Қобыздан шыққан киелі үнге айналаның бәрі тынып, күйге елітіпті. Жылан бейнесінде келген ажалдың өзі де киелі сазға елітіп, беттей алмаған деседі.
![]() |