![]() Дисциплины:
Архитектура (936) |
Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
Қазақ халқының өмірінде жыраулық,термешілікпен қатар табан астында өлең сөз шығаратын суырыпсалмалық өнер де кең дамыған.Халқымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған.Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына,айтысқа айналған. Айтысатауы «айтысу» деген сөзден шыққан.Ол өлеңсөзбен жарысу,сайысу,дауласу,тартысу, сынасу мағынасында қолданылады.Айтысу қара сөзбен де,күй тарту арқылы да,суырыпсалма өлеңмен де болуы мүмкін.Мұның бәрі де,аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты,қиыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді.Айтыстың қысқа қағыспа айтыс түрінде айтысушы екі тарап бір-біріне сұрақтар қоя отырып,оның жауабын қысқа қайтаруы тиіс.Ақындарымыз айтыс кезінде көбіне-көп осы түр бойынша айтысады. Сынып оқушыларына «Алғашқы қоңырау» әні үйретіледі,тональдылық туралы түсініктер беріледі. Йретілетін ән: «Алғашқы қоңырау» Қ - сы Нанга Мектебім аяулы мектебім Өзіңсің өмірдің көктемі. Бағыңда көктей боп көктедім. Нәр алып қолымды созамын, Өзіңсің гүлімнің бұлағы, Арманға кқктегі. Нәр алып келемін Мектебім келеміз тағы да, Күн сайын өзіңді сағына. Сыңғырлап соғады қоңырау, Бар бала бағына тағыда.
2.Келеміз қуанып біз тағы, 3.Мектебім өзіңді сүйемін, Мектебім сен жәйлі жыр дайын. Білімді санама түйемін. Айқара есігі ашылды, Аяулы ұстаздар алдында, Қарсы алып күн сайын Басымды йемін. 5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыст талдау жасау. 6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын. 7.Үйге тапсырма беру: Үйден тақырыпты оқу.ән: «Алғашқы қоңырау». 5 сыныбы. Музыка.20.09.13ж. 21.09.13ж. Сабақтың тақырыбы: Құлыншақ пен Майлықожа Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу. 3. Танымдық: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отан сүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер. Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа оқу, өлеңге теориялық талдау . Сабақтың түрі: талдау, зерттеу. Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі. Үй тапсырмасын тексеру Сабақтың барысы. Ұйымдастыру 1. Қожатүбінде адам болатын бала ма? 2. Осы әңгімені жазудағы жазушының айтайын деген ойы не? 3. Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады? 4. Майқанова апайдың сөзі арқылы Қожаның болашағы туралы не ойлайсыңдар? Жаңа сабақАқынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. ... Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың арқалы ақын екендігін танып отыр. Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өрудің теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биігіне көтергені.Соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны. Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең»ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең» ұғымы қыпшақ тіліндегі «ұма»сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді. «Қара»- ол әлемнің алғашқы қалпы.Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады.Оның иесі, авторы - халық.Табиғатқа таңдануды, әділетті, аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т.б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау-халқымыздың қанына сіңген қасиет. Мұқағали туралы айта берсек, сөз жетпес. Бүгінгі сабағымыз зерттеу сабағы болғандықтан, бұл сабаққа бәріміз алдын ала дайындалып келген болатынбыз.Қазір кім не білді екен, соны ортаға салайық. Ол үшін тақтаға назар аударайық , қажетті сауалдарға өз білгенімізді айтамыз. Тыңдалатын ән: «Құтты білік» әні:Ж. Еңсеповтікі. өлеңі:Жүсіп Баласа ғұни. аударған:А. Елеубаев. Үйретілетін ән: «Мектебім аяулы мектебім» Есімде сүйетін мектебім, Мектебім аяулы мектебім Өзіңмен өткізген бар күнім Сен менің бүгінім ертеңім Қалайша ұмытам ұстазды, Беретін қаншама ұғымды, Алмайтын жыл бойы бір тыным. Білемін әлі көп берерің. Боламыз мектепте белсенді, Көтеріп биікке еңсеңді
Үйге тапсырма: Арыма сен менің ақылым, Өлеңді мәнерлеп жатқа айту
5 сыныбы. Музыка27.09.13ж. 28.09.13ж. Тақырыбы: Ұйқас сөздер,5-7-11 буынды өлең құрау Білімділік: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету. Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік:Өз туған жерін Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Айтыскерлер суреті, тест, күй. Сабақтың типі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу. Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастырыу кезеңі: Сәлемдесу жаңа сабаққа назарларын аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді. 3.Ерікті ұйқасҚара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды. Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кездеседі. («Қобыланды» жырынан) Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-мен 4-жол, 5-мен 6-жолы бір ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді. Есте болатын бір нәрсе алдыңғы бір шумақ жоғарғы айтқанымыздай болып ұйқасады екен, енді келесі шумақтың тағы солай ұйқасуы шарт емес. Мүлде басқаша болып ұйқасуы да мүмкін. Сондықтан да ерікті ұйқас атанады. Ескі жырлардың көбі-ақ осы ерікті ұйқастан құралған. Ерікті ұйқастың түрі біздің бүгінгі әдебиетімізде де бар. Кезекті ұйқас Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз. Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады. Шалыс ұйқас Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды. Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де кездеседі. Егіз ұйқас Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз. Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп - тербеп» болып ұйқасады да, 3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5- жол «шауып - тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді. Келтірген үзіндінің айтылып өткен шалыс ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен, 2-4-жолмен ұйқаспайды, ұйқастары үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Және шумағы не сегіз, не алты жолдан құрылады. Сегіз жолдан тұратын шумақ - жоғарғы келтіргеніміз. 6 жолдан тұратын шумақ төмендегі тәрізділер: Аралас келетін ұйқас Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып көп жасалған ұйқастар бар. Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін ұйқас деп атайды. Бұл үзіндінің өзі бір шумақ, 7 тармақтан тұрады. Ұйқас түрлері жоғары біз келтірген өлең ұйқастарынан бөлегірек. Әйтсе де байланысы бар. Бұл шумақтың алдыңғы 4 жолы шалыс ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы ұйқастан құралған. Шалыс ұйқас пен шұбыртпалы ұйқастан жаңаша ұйқасты өлең жасалып отыр. Жалғыз ғана бұл екі ұйқас емес, басқа ұйқастардың да осылай араласып келуі мүмкін. 8.Осы күнгі ерікті ұйқастар Абайға дейінгі 11,8,7 буынды өлеңдерден құралды. Өзгешеліктер бола қалса, әнге салынып айтылатын өлеңдерде ғана болды. Бұлардың жай 11 буынды өлеңдерден айырмасы - он бір буынды өлең тармақтары 3 бунақтан құралса, бұлар 4 бунақтан құралады. Он бір буынды өлеңнің буынынан тыс не екі буынды, не үш буынды бунақтар қосылады. Сол әннің ырғағына қарай түрлі ұйқастар болады. Мысалы,«Жар-жар» осыған жатады. «Жар-жар» өлеңіне бір бунақ қосылған. Үйретілетін ән:Н.Алғашбаев «Егеменді ел Қазақстан» 5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау. 6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын. 7.Үйге тапсырма беру: Үйден тақырыпты оқу. Алғашбаев «Егеменді ел Қазақстан»
Егемен Қазақстан. 1.Көз жетпес далам, ел жетпес елім, Арнайды әнін жауынгер ұлың Жау шапса егер саған, жас жаным құрбан, О, далам менің о, елім менің. Сы Қазақтың елі қазақтың жері, Береке қонған ұлы Отан Асқар тауларың өзен көлдерің Жаны қымбат ұлы Отан Сұңқары биік самғаған елім Қанатын көкке қомдаған елім, Кел достар кәне , шырқайық бірге Бостандық әнін азаттық әлін Сыныбы. Музыка. 04.10.2013ж. 05.10.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі-Асан қайғы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөзді дұрыс қолдану, Асан қайғы туралы білу, жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі өсиет ету. Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу. Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауға баулу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі: Кітабы, ұлттық киімдер, қамшы, нақыл сөз жазылған плакат, І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ, Сөзден ащы нәрсе жоқ Сөзіңді тіліңе билетпе , Ақылыңа билет. Сөзіңді ақылсызға қор етпе , Ақылдыға айт Кімге қай кезде, қай жерде қалай сөйлейтініңді біл»,-деген екен Бөлтірік шешен. Асан Қайғы СәбитұлыҚызметі: мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философТуған күні: XIV ғасырдың ортасы Туған жері: Алтын Орда Азаматтығы: Қазақ хандығы, Ноғай ордасы,Алтын Орда Ұлты: ноғайлы-қазақ-Алтын Орда Қайтыс болған XV ғасырдың басы АСАН ҚАЙҒЫ ақын, философ, аңыз кейіпкері. Халық қамын, елінің болашағын ойлап, үнемі мұңға батып жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «кайғы» деген сөз қосып, Асан Қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде (15 ғ.) өмір сүрген Асан Қайғы алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлы-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Елге тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған қазақ мемлекетінде, Жәнібек, Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан Қайғы — көптеген нақыл сөздердің, философия толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының кұралу кезеңіндегі белгілі тарихи окиғалардың елесін танимыз. Асан Қайғы қазақ руларының Әбілқайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек, Керей хандарды оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асан Қайғы «ең алдымен хандық үкіметгі күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет» деп санайды. Жәнібек ханды «уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың» деп сөгеді. Шоқан Уәлиханов «көшпенді ноғай-қазақ ұлысының философы» деп атаған Асан Қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етеді. Біздін заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орныңда пайда болған ұсақ хандықтардың бәрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді. Өзінен соңғы ұрпақ әулие танып, «Асан Ата» атандырған ақын жайлы әрқилы мазмұн, әр түрлі сипаттағы әңгімелер халық арасына кең тараған. Асан Қайғы төңірегіндегі аңыздар негізінен үш жүйеге (Асанның алғаш танылуы, қайғы атануы, «Жерұйықты» іздеуі) бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең тандаулысы — Асан Қайғының «Жерұйыкты» іздеуі жайлы аңыз. Асан Қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, мекен еткен қоныстарын жерсінбейді, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты —«Жерұйық». Бұл — елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан Қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті баға беріп отырады. Ақыры таба алмай, өксіп кеп, Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден кешеді. Аңыз — қазақ халқының бақытты тұрмыс, сәулетті болашақ туралы армандарының жемісі. Сонымен қатар бұл — Асан Қайғының бақыт мекені «Жерұйық» жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да негіз бар. Үйретілетін ән: Н.Тіендиев.«Өз елім» 5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау. 6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын. 7.Үйге тапсырма беру: Үйден тақырыпты оқу. Н.Тіендиев.«Өз елім»
5 сыныбы. Музыка.11.10.2013 ж. 12.10.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөзді дұрыс қолдану, Асан қайғы туралы білу, жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі өсиет ету. Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу. Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауға баулу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет. Сабақ көрнекілігі: Кітабы, ұлттық киімдер, қамшы, нақыл сөз жазылған плакат, І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. мазары Шығыс Қазақстан облысы, Жүрек Жота деген төбенің басында тұр
Ақтамберді жырау — суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.Ақтамберді — тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол — жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған. «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын шығармасы — ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. («Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жағама қолдың тигенін», «Жауға шаптым ту байлап» т.б.). Ақтамберді сөздері — ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп
Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлігі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде атамекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ақтамберді 90 жас жасап, 1788 жылы шамасында дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді. Ақтамбердінің мазары Семей облысы, Абай ауданында. Музыкалық жүйе. Лад Кез келген әуенге негізгі дыбыс болады. Осы дысыстың басқа дыбыстармен арақатынасы музыкалық жүйе деп аталады. Негізі дыбыс әр тактідегі әлді үлеспен басталып, музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса, ол негізгі тон деп аталады. Негізгі тон әуеннің басы мен аяғында анық байқалады, ал негізгі тонға құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды Тыңдалатын ән мен күй: «Еркем - ай» әні. «Ата толғау»күйі Н.Тілендиев Үйретілетін ән:«Бесік жыры» әні:А.Жайымов. сөзі: Қ. Сыдықов. 1.Тербетейін ән жыр мен, қ – сы Ертегі ме керегің? 2.Құшағыма алайын, Айналайын бөпешім. Оны да айтып берейін. Әлди әнге салайын, Әлди – әлди әлдимен Әлди – ай,әлди – айәлди – ай, Тыңдап қана жат, көкем, Ұйықтап кетерме екенсің Ұйықтай ғой, қалғымай. Қалауыңды айт, жаным. Балбөбегім әппағым 5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығын талдау жасау. 6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын. 7.Үйге тапсырма беру: Үйден тақырыпты оқу.ән:«Бесік жыры», жаттау. Ақтамберді жырау
Күнде жиын, күнде той Қос- қосымен шаттанып Алғайдың құба жонына
5 сыныбы. Музыка18.10.2013ж. 19.10.2013ж.
|