Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мал шаруашылығындағы еңбек жағдайы



Мал өсіру технологиясы, көптеген әрі жетілдірілген өндірістік процесстердің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы мал өсірушілер мен құс өсірушілердің еңбек әрекетінде ерекше маңызды. Еңбек жағдайын анықтайтын негізгі фактор, көп көлемді кешенде малдармен үнемі әрі тығыз байланысты болып табылады.

Мал өсірудегі механикаландыру үдересінің деңгейі еңбек бөлімдері деңгейімен анықталады, яғни жұмыс жасаушылардың кәсіби, мал өсірумен айналысатындардың еңбек сипаттамасы мен ұйымдастыру жолдары, жануарларға қызмет жасау ретімен анықталады.

Сонымен, ірі сүт өндіру кешендерінде, сауыншы мен бақташылардан басқа азықтандырушы-механизаторлар, қондырғыларды бақылайтын, сонда жұмыс жасайтын техника мамандығының жұмысшылары жұмыс жасайды. Жоғарғы дәрежелі механикаландыру мен мамандандырылған машинамен сауу операторлары міндеттеріне сауу, сауатын аппараттарына күтім жасау, құрама жемдерді тарату жатады. Механикаландарылған сауу блогында бір оператор 80-100 бас және одан да көп сиырларға қызмет көрсетеді. Мысалға, айналдырмалы сауу қондырғыларында жұмысты тұру күйінде жасайды, ол ауысымсыз біркелкі жиі қозғалыстарын талап етеді, ол желінді жуу мен уқалау, сүттің алғашқы ағысын сауу, сауу аппаратының құтыларын кигізу мен шешумен байланысты. Барлық әрекеттер айналмалы қондырғы ырғағымен жасалады. Айналмалы аппарат 7 минут ішінде 24 қондырғыда 1 толық айналым жасайды, сонымен оператор бір малға 17 с. жұмсаса, басқа сауу қондырғыларында – 40 с.-қа дейін жұмсайды. Сонымен, аппаратпен сауу операторының еңбегі айтарлықтай жүйке-эмоциялық ауыртпалық түсірумен сипатталады. Оператордың міндеттері мен еңбегіне аппаратпен сауудан бөлек сиырларды байлау мен босату (байлау мағынасында), жайылуға тысқа шығару, малдарды тазалау, жемсауыттарды тазарту, төлдерді қабылдау мен бұзауларды 10-20 күнгі уақытқа дейін қарау. Осыдан бір операторға бөлінетін жұмыс мөлшері 25-35 сиырды құрайды. Мұндай жұмыстың ұйымдастырылуы ауыр қол еңбегі мен жарақат алу қаупін тудырады.



Отандық шаруашылықтың көпшілігінде аппаратпен сауу, операторлардың бір ауысымда, екі реттік сауу (екі рет сауады және азыққтандырады) , жалпы тәулігіне 7-8 сағ. созылатын еңбек күн тәртібі белгіленеді. Шамамен күн тәртібі төмендегідей: бірінші сауылым сағат 5 -5.30 мин және сағат 9 - 9 . 40 мин, екіншісі сағат 17.30 мин — 18 сағаттан 21 - 21.30 мин.дейін созылады.

Ең ыңғайлысы және тиімдісі екі ауысымды еңбек түрі, онда сауыншылардың бірінші ауысымы сағат 6-дан сағат 14.40 мин, екіншісі - сағат 13-тен 21сағат аралығында.

Ірі қара малдарға жем беру кешендерінде жұмысшы жүктемелері мамандықтарына, технологиялық процестер деңгейіне, жем беру немесе азықтандыру тәсіліне және т.б. қарай бөлінеді. Малдарға күтім жасауына қарай жүктеме 300 ден 800 басқа дейін, жетілдірілген құралдар көмегімен малдарға жем беру немесе азықтандыруда бір операторға - 800 дден 1100 бас ірі қарадан келеді .

Бір ауысым тәулігінде 1 – 2 сағат технологиялық үзілісі бар, ең қолайлы еңбек күн тәртібі.

Шошқа өсіру кешендерінде бір операторға малдарға қарау мен қызмет көрсетудегі жүктелетін жұмыс көлемі 60 - 100 бас аналық шошқалар немесе 2000 – 4200 бас торайлар және 1800 - 2000 бас бағудағы шошқалар.



Негізгі технологиялық үдерістердің механикаландырылып енгізіліп, қолдануына байланысты, ауыр дене еңбегін қысқартты, тіпті жоқ деседе болады. Сонымен қатар көптеген мал өсіру операторларының жұмысы орташа ауыр еңбекке жатады, кей жағдайларда тіпті ауыр еңбекке де жатады. Белсенді бұлшық еттер талап ететін жұмыстар қондырғыларды тазарту, суару жерлері, мал тұратын орындар, жем беретін жерлерді тазалау жұмыстары. Мысалға, қондырғыларды тазалау кезінде шошқа өсіру кешенінің операторлары көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды, дене мүшелеріне күш түсіретіндей жағдайлар да кездеседі. Қондырғыларды тазарту жұмыстары барысында операторлар 1200 – 1800-ге дейін қозғалыстар жасайды , ол ауысым бойына бірнеше шақырым жер жүргенмен бірдей болады.

Дене еңбегін талап ететін жұмыстың бір түрі – мал дәрігерлік күтім, жануарларды таразыда ұстап тұру, белгілі бір күйде ұстап тұру (егу жұмыстары, нөмірлеу т.б. кездер).

Операторлар еңбегінің ерекшелігі жүйке-эмоциялық ауыртпалығын түсіру, жарақат алу қауіптілігімен байланысты, жануарларға үнемі күтім жасау, оларды бақылап отыру кестесін қатаң сақтау (суару, жем беру, сауу және т.б.) жануарлар өнімділігі мен олардың денсаулығына аса жауапкершілікке ие болады.

Ірі мал өсіру фабрикаларында құс өсірушілер инкубация, балапандарды өсіру, үлкен құстарға күтім жасау, жем дайындау және т.б. операцияларды орындайтын мамандар еңбегі кеңінен қолданылады (шамамен 50-ге жуық мамандық иелері бар) .

Құстарды торда ұстаудың негізгі процесстері механикаландырылған, құс өсірушінің еңбегі операторлық сипатқа ие. Цехтардағы іріктеу, жарықтандыру, жұмыртқаларды дезинфекциялау мен жатқызу, сонымен қатар жарып шыққан балапандарды іріктеп жинау, оны тазалау қолмен жасалатын өндірістік операциялар. Операторлар бір ауысымда инкубаторларды толықтыру кезінде шамамен 3,5 т ауыртпалық жүк түсіреді.Іріктеуші, ауысым бойына 3 мың. балапанды қарап шығады. Қол еңбегінің айтарлықтай көп бөлігін құс өсірушілер еңбегінде сипатталады, олар жас балапандарды өсірумен айналысады, әсіресе алғашқы 10 - 15 күн аралығы жауапты кезең. Бұл кезеңде балапандарды арнайы тағамдармен жиі тамақтандырып отырады, жемді қолмен таратады, суға еркін жол ашылады, қондырғыларды уақытылы тазартып, дәрілеп өңдеп отырады, қарау технологиясы қатаң сақталады. Құстарды бөлшектеу, сою орнында да өндірістік операциялар қолмен жасалады (сою, жүндрін жұлу, іріктеу). Жұмыс біркелкі күйде жасалады, жұмысшылар сағатына 1200 - 1400 бас бірліктерін дайындайды.

Мал өсіру орындарындағы м и к р о к л и м а т белгілі бір көлем аралығында болады. Ол ғимарат түріне, жылу өткізгіштігіне, оның құрылысына, желдету мен жарықтандыру, климаттық жағдайларына, жыл мезгіліне саны мен сапасына, жануарлар түрі мен жас ерекшеліктеріне байланысты. Мал өсіру кешендерінің микроклиматтық негізінде зоогигиеналық нормативтермен анықталады, олар кейбір жағдайларда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай бола бермейді.

Мал өсіретін орындардағы, сүт өндіру фермаларындағы, ірі қара мал кеш-ендеріндегі ауа қысымы жазғы уақыттарда гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.

Бірақ сиыр ұстайтын орындарда еліміздің шығыс аудандарында, әсіресе ыстық аптаптарда ауа қысымы 35 °С-ге дейін көтерілуі ықтимал. Суық мезгілде, ауа қысымы 8 - 10 °С және одан төмен болады. Бұл кезеңдердегі қатысты ылғалдылық тиісті нормадан (75 - 95%) үнемі асып отырады.

Шұғыл жағымсыз микроклиматқа ұшырайтын мал шаруашылық кешен деріндегі жем немесе азық тарату кезінде дарбазаны жиі ашудан бұзылады. Ауа ылғалдылығының жоғары болуы жай ішінде тұманның пайда болуына соқтырады және ғимарат қоршауында су буларының конденсаттарының түсуіне әкеледі

Қалыпты салқын климатта орналасқан шошқа өсіру кешендері «Климат» және т.б. желдеткіш-жылытқыш жүйелерімен жабдықталған, ауа қысымы мен ылғалдылығы және микроклиматтық жағдайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді. Дегенмен, салыстырмалы ылғалдылық (70 - 75%) жоғары болуы мүмкін, ал жай ішін сумен жуу, жинау-тазалау жұмыстары кезінде 80 - 95%-ға дейін көтерілуі де ықтимал. .

Құс өсіру шаруашылықтарындағы жекелеген жайлар немесе бөлмелердегі ауа қысымы айтарлықтай тұрақты емес. Сонымен, жас балапандарды өсіру бөліктерінде ауа қысымы жыл бойына біркелкі, барлық бөлме ішінде яғни 30 ± 2°С деңгейінде болады . Осындай жағдайды ескере кететіні, құс өсіру шаруашылығындағы жұмысшылар үнемі жай ішінде болады және дене еңбегі ауыртпалығы орташа болады .

Суық кезеңдердегі өндірістік ортадағы ауа қысымы 2,5 - 11,5 °С деңгейінде болады. Салыстырмалы ылғалдылық ауа қысымының жоғарғы жылдамдығы 45 - 85% ға ауытқиды; жылы кезеңдерде ауа қысымы 16 - 35 °С аралығында болады.

Мал өсіру ортасында жануарлардың тіршілік етуінен негізделген үнемі газ тәрізді иістермен, сонымен қатар экскрементті өнімдердің жайылуы мен жем қалдықтар иісіде толы болады. Оларға қатысты аммиак, күкірт қышқылы және т.б. құрамында көмір қышқыл қосындылары жоғарғы мөлшерде болады

Сәулеттік-жоспарлы шешімдеріне қарай , өндірістік жайлар ішінде ауаның газ тәрізді иістер шоғырланып үнемі тұрмайды, олар малды ұстау тәсіліне қарай, азықтандыру түріне қарай, мал қиын тазалау, желдету жүйесінде т.б. байланысты .

Аммиактың (20 мг/м3) құрамды және күкіртқышқылы (10 мг/м3) болуы, мал ұстау орындарында санитарлық талаптар мен зоогигиеналық нормативтерге сай .

Көп жағдайларда ПДК деңгейінде немесе одан төмен болады, жылдың суық мезгілінде, жай орындарын жинастыру кезінде желдеткіш істен шыққан жағдайда және мал астын яғни қиларын уақытылы тазартпаған жағдайларда, зиянды бұл заттардың ауа концентрациясының ауада жоғарылауы мүмкін.

Мал өсіру мен құс өсіру өндірістік ортасынының негізгі келеңсіз факторларының бірі ж а ғ ы м с ы з ө з і н е т ә н и і с і, ауада ұшып жүретін бірнеше газ тәрізді қосындылардың (меркаптан, амин, кетон, альдегидтер, дисульфидтер, спирт, индол, скатол және т.б.) болуы. Иіс беретін химиялық қосындылар мардымсыз концентрацияда, дегенмен, ұзақ уақыт сақталып тұрады, тіпті адам киіміне сіңіп қалуы, адам денесіне сіңіп қалуы да ықтимал.

Иіс ұзақ уақыт сақталады және кешен мен фермаларада жұмыс жасайтын жұмысшылардан шығып тұрады, ол әлеуметтік-психологиялық зиян келтіреді, мамандыққа деген қызығушылықты жоғалтады, әсіресе жастар арасында, сондықтан жұмысшылар үнемі ауысып отыруына да негіз болады. Газ тәрізді химиялық қоспалар концентрациясы – иіс көзі – жұмысшыларда иіс сілемейлі қабаттарын тітіркендіреді, тыныс алу жолдарын зақымдау,жүрек айну, бас ауыру сияқты жағдайлары жиі болады.

Ш а ң - мал өсіру кешендерінде аса күрделі және минералды және органикалық құрамды компоненттерден құралады. Минералды компонентті жеммен, көлікпен, мал- дармен келетін топырақ шаңдарды құрайды. Бұл топырақ шаңдарында 0,5 - 8% көлемінде диоксид кремний болады. Органикалық компонент болып саналатын шаң-тозаң мал шаруашылық жайларындағы гигиеналық талаптармен анықталады. Мал басы мен құс өнімі тиімділігін арттыру үшін көптонналы өндіріс қарастырылуда, жақсы құрамды азықты кеңінен пайдалану, ақуыз, ашытқы, дәруменді қоспалар (мал шаруашылығы өндірісінде Вг, Вз, Bi2, К, Е, РР, DD2 және т.б. дәрумендер кеңінен қолданылады), ауыспайтын аминқышқылдары, ферменттер, антиоксиданттар қолданылады. Бұл қоспалар негізінен микробиологиялық синтез өнімдері болып табылады.

Шаң-тозаң құрамына жемде кездесетін антибиотиктер, яғни жануарларды өсіруге пайдаланатын заттар (тетрациклин, биомицин және т.б.) кіреді, сонымен қатар, антибиотиктер, жануарлар ауруларын алдын алу мен емдеуге арналған (пенициллин және т.б.) дәрі дәрмектер болады.

Соңғы жылдары құстарды топтап өңдеу әдісі жиі қолданылуда, яғни егу барысында жекелеп егу және аэрозолді тәсілі арқылы антибиотиктерді , күйзеліске қарсы дәрілерді және басқа да фармакологиялық дәрмектер, ауаны дәрілеу, дезинфекциялау құралдары және т.б. қолданылады.

Азық дайындау мен мал өсіру өндірісінде йод, марганец, кобальт, мырыш, қола сияқты микроэлементтер кеңінен қолданылуда. Бұл өндірісте құрама жем темірсульфаты күйінде қолданылады.

Мал өсіру орталарындағы шаң—тозаң құрамында аз көлемде улы химикаттар, гербецидтер, болуы мүмкін, олар азыққа дайындайтын шөптерді өңдеу үшін қолданылады, дәнді дақылдарды сақтау мақсатында дихлофоспен өңдеуі де ықтимал. Одан бөлек, улы химикаттар мал шаруашылығы жайларын немесе орындарын дезинсекция мен дератизация жасау құралы ретінде де қолданады.

Сонымен, қазіргі кездегі мал өсіру кешендеріндегі шаң-тозаңдар олардың патогенді қасиетін анықтайды - фиброгенді, аллергия тудырушы, сезімталдалығы тен токсикалылығы, алдымен , олар адам ағзасына аллергиялық түрде әсер етеді.

Мал өсіру кешендеріндегі жекелеген операторлардың жұмыс орындарындағы шаң-тозаң концентрациясы өндіріс технологиясымен анықталады. Шаң көтерілудің ең көп жері азық дайындау цехтары, әсіресе азықты, жемді майдалау аумақтарында, тағамды түрлі заттармен араластыру, азық сақтау орындары, оларды басқа орынға көшіру, құрғақ азықты тарату, жайлар ішін тазарту барысында басым болады. Шаңды басуға тиісті құралдарды қолданбау көрсетілген шаралар барысында келеңсіз жағдайларға итермелеуі мүмкін.

Мал шаруашылығы кешендеріндегі операторлардың жекелеген жұмыс орындарындағы шаң концентрациясы өндіріс технологиясымен анықталады. Шаң болу деңгейінің жоғары сатысы азық дайындайтын цехтарда, азықты ұсақтау аумақтарында, қоспалармен азықтарды араластырғанда, азықтық жемдерді сақтау орындары мен оларды тарату, жинау барысында тым артық екені байқалуда. Шаң басу үшін арнайы құралдар пайдаланбай көрсетілген шараларды орындау қиынға соғады. Жануарлар белсенділігі артқан кездері шаң көтерілуі артады, сонымен қатар малдар мен құстарды дәрігерлік және өндірістік өңдеу барысында да осындай жағдай болады. Мысалға, инкубатор цехтарында балапандарды сорттау барысында жұмыс жасау аумақтарында 34 - 48 мг/м3-ге дейін, жылы жай ішін жинауда 58 - 60 мг/м3-ға дейін шаң-тозаң көтеріледі. Инкубаторлық шаң – органикалық, оның құрамын негізінен балапандардың үлпілдектері құрайды. Шаңның жағымсыз әрекеті инкубаторлық цехтарды фармальдегид деп аталатын бумен ауаны ластауы да ықтимал. Әдетте жылдың жазғы уақытында аталып отырған жұмыс орындарында қысқы кезеңдегіге қарағанда шаң көтерілудің жоғарғы деңгейін байқалады,ылғал немесе сұйық азықтарды қолдану,қиларды сумен жуу тәсілі мал өсіретін жайлардағы шаң көтерілу жағдайларын төмендетеді.

Мал өсіретін жайлардың микрофлорасы негізінен сапрофитті және шартты-патогенді түрлерінен: ақ және алтын түсті стафилококктан, гемолитикалық стрептококктан, сальмонелл, протейн және ішек таяқшалары тобынан тұрады. Саңырауқұлақтар ішінен зең саңырауқұлақтары жиі кездеседі. Ауаны микробты ластану көзі - азықтар, жем, малдар және көңнің өзі ықпал етеді.

Өндіріс кешендеріндегі сұйық көң, ластану жағынан органикалық заттар мен бактериялардан, әсіресе ішек таяқшалары шаруашылық ағын сулардағыдан асып түседі. Малдар арасында осындай эпизооттық орта, эпидемиялық қауіп төндіретінін есте сақтау керек. Сонымен, жануарлар көңі эризипелоидтардың қоздырғыштығы 58-ден 120-ға дейін, бруцеллозды - 70-тен 174-ке дейін, аусыл вирусын - 42-ден 192-ге, сальмонеллезді – 20-дан 300 күнге дейін сақтап тұра алады. Бірқатар жұқпалы ауруларды қоздырғыштары құрғақ көңде сақталады да тозаң түрінде сіңіп , мал өсірушілерде респираторлық жолмен ауру, қоздырады (орнитоз, бруцеллез).

Жануарларды емдеу мен тамақтандыруда антибиотиктерді кеңінен қолдану, антибиотикті-қалыпты бактерияларының штаммларының пайда болуына әкеп соқтырады. Мұндай микроағзалардың саны өсу беталысына ие болады.

Бактериялық ластану деңгейі, жануарларды ұстау, жыл мезгіліне, жылы жайларды жинау мен тазарту, желдету, дәрілеу, басқа да санитарлық-ветеринарлық шаралар жүргізуге байланысты. Микроағзалардың саны 1 м3 –та оннан жүз мыңдаған және одан да көп болуы мүмкін, олардың санитарлық көрсеткіші 45-тен 80%-ға дейін болады. 1 м3 ауада жүздеген көгерген зиянды заттар болады. Бактериялары басым аумақ шошқа мен құс өсіру кешендері болып саналады. Мысалға, бірқабатты торларда құстарды ұстауда 1 м3 –та 7,5-тен 22 мың. микроағза бар, ал құстарды жерде ұстау кезінде 500 мың. — 1 млн. дейін және одан да көп .

Ауа микрофлорасының саны мен құрамы мал шаруашылығының санитарлық жағдайының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Мал өсіретін аймақтардағы ауаның микробты ластануын бағалауда ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесінің нұсқаулығын уақытша басшылыққа алуға болады, яғни онда 1 м3 аумақта ауаның микробты ластануы 70, төл туатын бөлімдерінде – 20-ға дейін, төлдерді ұстайтын орында - 40-қа дейін, шошқа төлдері өсіп өнетін жайларда – 40-тан 60-қа дейін және шошқа-азықтандыратын бөлмелерде – 50-ден 80 мың. микроағзалар дейін болуы мүмкін. Жануарларға күтім жасайтын жоғарғы микробты лас жағдайда жұмыс жасайтын операторларды тексеру салдарынан олардың ағзаларында стафилококк және гемоли­тикалық стрептококк, көздің шырышты қабатында — зиянды саңырауқұлақ ұлпалары анықталған.

Мал және құс өсіру өндірістік жағдайларында ш у ерекше орын алады. Шу шығарушы түрлі механизмдер, азық дайындау, сауу, азық тарату, көң тазарту құралдары мен тіпті жануарлардың өздеріненде туындайды. Азық дайындау цехтарында азықты ұсақтау барысында 2000 - 4000 Гц жиілігін құрайтын шуыл, шығаратын дыбыс деңгейі 10 - 12 дБ-ны қамтиды.

85 - 87 дБА-ға дейінгі шуларды қозғағыштар мен сауу аппаратының вакуумдық сорғыштары тудырады. Мобильді азық таратушы агрегатты тракторлары және көң тазалайтын бульдозерлер жоғарғы жиіліктегі 87 - 90 дБА және одан да жоғары деңгейлі шулары шығады.

Аталып отырған кезе-кезек жүргізіліп отырылатын шаралар арасында үнемі шу болып тұрмайды. Жануарлардың өздері туындататын шулар үнемі болмайды. Мысалға, шошқа өсіретін кешендерде жануарлар тынығу кезінде 45 дБА, ал жануарлар қозу қозғалыстарыда , ондай жағдайлар азықтандыру, азық тарату, немесе уақытында азықтандырылмаған кездері және дәрігерлік тексеру барысында, шу 85 - 98 дБА-ға дейін жетеді. Әдетте жануарлардың дыбыс, шу шығаруы кезіндегі,төлдерін емізіп емеуренгенде шу ұзақтығы бір ауысымда сағаттан аспайды. Құстардың шулауы 90 дБА-ға және одан жоғары болуы ықтимал. Айрықша шу түрі, бұзауларды немесе төлдерді кіші топтардан ұжымдық аумақтарға көшіру барысында туындайды. Алғашқы уақытта олар үйрене алмай, азықтан бас тартып,1-1.5 жарым тәулікке дейін дыбыс (мөңірейді,)шығарады. Олардың бір ғана себебі бар төлдер өздерін баққан бақташыларын іздейді.

Механизм жұмысынан туатын шудан гөрі жануарлар өздері шығаратын дыбыстардан туындайтын шулар әсер ету жағынан жағымсыз болып табылатыны айта кету керек.

Мал өсіруші жұмысшылардың еңбек жағдайында маңыздысы жұмыс орындарын дұрыс жарықтандыру. Барлық негізгі өндірісітік орындары табиғи және жасанды жарықпен қамтылған. Құстар көбіне жарықсыз жерлерде ұсталады, олар ылғи жарық сәулесімен де тұра береді

Сиыр ұстайтын жерлердегі байлауда және бос ұстау барысында, өндірістік нормаға сәйкес жарықтандыру 30 лк, төлдеу орнында - 100 лк болуы тиіс. Сауу бөлімінде ұсақ кемшіліктері ажырата білу ( сүт қондырғысының аппараттары туындататын желіннің ластануы, желін ұштарының жарылуы) қажет. Жұмыс орындарындағы жарықпен қамтамасыз ету 150 лк, КЕО - 0,5 ден 0,7 - 0,9 % ға дейін жарықтандырылады.

Шошқа өсіру кешендеріндегі жайларда жасанды жарықтандыру, 20 - 50 лк, КЕО - 0,5; басқа орындарға үшін – 50 - 100 лк и КЕО - 1 - 2% қарастырылған. Жарықтандырғыш қондырғыларды, терезе, шамдар тиісті талаптарға сәйкес нормаларда ұстайды.

Құс фермаларында жарық беру ұзақтығы мен жарықтандыру деңгейі технология жағынан қарастырылған. Сонымен, құстардың жас ерекшелігіне қарай жарықтандыру 18-ден 23 сағатқа дейін созылады. Егер жұмыртқалаушы мекиендер (40 - 60 лк) өте жарықта ұсталса, ал бордақылантын балапандары керісінше онша қатты жарықтандырылмаған жағдайда ұсталады (10 - 12 лк).

Мал шаруашылығын өндірістік ортаға көшіру еңбек жағдайының жақсару мен сауықтыруына ықпалын тигізеді және ол мал өсірушілердің денсаулықтарына айтарлықтай әсер етеді. Өндірістік орындар мен кешендердегі мал күтушілердің ауру түрлерінің көрсеткіші, дәстүрлі мал өсірушілерге қарағанда төмен. Дегенмен, олардың еңбек түріне қарай мұндай көрсеткіштер ауылшаруашылық жұмысшыларының кәсіби топтарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғарғы көрсеткішті көрстеді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!