Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ



Қазақстанда халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы салалары ішіндегі ең маңыздысының бірі мал шаруашылығы, оны интенсивтендіру және қоғамдық тиімділігін көтермелеу бірінші мәселе.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың ең негізгі бағыттарының бірі болып саналатыны индустрияландыруды жүйелі енгізу, өндірістік негізде фермалар мен кешендер жасау болып табылады.

Мал шаруашылығының индустриялы негізге өтуі малдардың көп шоғырланған жаңа қуатты кешендерді тұрғызумен және қолданыстағы мал фермаларын қайта қалпына келтірумен, сондай-ақ малға азық беру, суару, сауу, қилардан тазарту сияқты негізгі жұмыстарды,технологиялық үдерістерді механикаландыру арқылы жүзеге асырылады.

Мал шаруашылық кешені – ет, сүт, құс шарушылығында жұмыртқа өндірісі бойынша индустриялы түрдегі ірі мамандандырылған кәсіпорындарындағы бұндай кешендер құс фабрикалары деп аталады.

Сүт беретін малдар үшін өнеркәсіптік кешендер және фермалар сиырларды байламалы түрде ұстағанда 400, 800, 1200 басқа және байламауда 1200, 1600, 2000 басқа арналып жасалады. Ірі қара малды бордақылау кешендері 3, 6, 9 және 12 мың басқа, ал бордықылау алаңдары 1-ден 30 мың малға есептелген.

Шошқа еті өндірісінің қуаттылығын 6, 8, 12, 24, 54 және 108 мың малға арналған аяқталған өндірістік жүйесі бар мамандандырылған кешендерде жүзеге асырылады.

Өндірістік құс фабрикалары 250-500 мың мекиен тауықтарды, 3-10 млн. қоңды балапандарды, 1-1,5 млн. үйрек балапандарын, 250-500 мың күркетауық балапандарын өсіруге және асырауға есептелген.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің индустриялы әдістерге өтуімен, кешендер тек қана типтік жобалар бойынша салынады. Нәтижесінде оларды жобалау және салыну деңгейлерінде сақтық санитарлық қадағалаудың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл мал өсірушілердің микроклимат жағдайлары, жұмыс орындарының жарықтандырылуы, малдардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын газ тәрізді өнімдерінің (аммиак, күкіртсутек, көмірқышқыл газы және т.б.) орташа мөлшері сияқты гигиеналық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын жақсартуға септігін тигізді.



Мал шаруашылығының мамандандырылуы, технологиялық шаралардың кешенді механикаландырылуы, өндірістік үдерістің ағымды ұйымдастырылуы, мал өсірушілердің еңбек жағдайын түбегейлі түрде өзгертті, оны өндірістік кәсіпорындар жұмысшыларының еңбегіне едәуір жақындата түсті. Алайда мал өсірушілердің еңбегінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жабық ғимараттарда аумағы кішігірім , шоғырланған малдың көптеген санымен тұрақты тығыз қатынаста болуына байланысты.

Мал шаруашылығын индустриялландыру негізінде еңбек жағдайлары бойынша біршама ерекшеленеді. Мамандандырылмаған ауыр қол жұмысының үлесі азайды, еңбектің өзара қатнастық бөлінуі пайда болды, бір операторға деген мал саны күрт өсті т.б. Қазіргі мал шаруашылық кешендерінде дәстүрлі жем берумен қатар міндетті түрде теңдестірілген шоғырланған аралас біріктірілген азықтарды (комбикорм) қолдану қарастырылған. Олардың құрамына көптеген әртүрлі биологиялық қоспалы заттар кіреді. Осылай, малшылардың еңбек жағдайы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта факторлары да біршама өзгерді. Сонымен бірге, физикалық факторлардан шаң, жұмыс орындарының ауасының, малшылардың арнайы киімдерінің және тері қабатының микробтармен ластанатынуы болатыны да ерекше көңілді бөлуді қажет етеді. Қазіргі мал шаруашылығында бөлінетін әртүрлі иістергеде көңіл, олда шешілмек өзекті мәселенің бірі. Осылай, биологиялық факторлар мал шаруашылығының өндірістік ортасындағы негізгі факторы болып табылады.



Мал шаруашылығы нысандарының әртүрлі механизмдер мен машиналардың қолдану , толықтығы шектелген деңгейден асып түсетін интенсивті өндірістік шудың пайда болуына алып келеді.

Мал күтімі жұмыстарының жоғарғы қарқындылығы өсуі, жауапкершілігі, үлкен топтағы малдармен жұмыс істегенде жарақаттанушылық қауіпі, малшылардың еңбегінде көңіл күйіне ауыртпалық түсіріп келеді. Соңында, мал шаруашылығын өндірістік негізге ауыстыру, ірі кешендерді тұрғызу, ластанудың үлкен массасын жинау, тазалау және залалсыздандырудың күрделі, яғни, қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық мәселесі бірінші жолға қойылады.

Табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, фермалар мен кешендер типтік жобалар бойынша салынуы керек.

Фермалар мен кешендер құрлыстарын салу, негізгі (сиыр, бұзау, шошқа, қой, тауық қоралары, малды жемдеу бөлмелері) және қосымша (әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, жем цехтары) болып бөлінеді.

Санитарлық-қорғау аймағының ені фермадағы малдардың санына тәуелді: ірі қара мал ұстайтын фермаларды 100, 150, 200 м болып белгіленеді; шошқа шаруашылығы үшін -200, 250, 500 м. Санитарлық-қорғау аймағы көгалдандырылған және ыңғайландырылған болу қажет.

Бордақыланатын ірі қара малдар, 6-12 айлық төлдерге, бордақылайтын мал басына қарай және жайылатындарға да азықтық алаңы салынуы керек.

Сүт өндіру негізіндегі өндірістік кешенді ғимараттар - сауын сиырларға, мал туатын, 20 күндік жаңа туған төлдерге, сиырды сауу залы, сауу бөлмелері, жасанды ұрықтандыру пункті , жайылатын бос сиырларға да арналып салынатын албар, алаңдар болуы керек.

Өндірістік негіздегі құрлыстарды шошқаларға арналған кешен ішінде , жеке басты шошқаларға, ана бастыларға, алғаш төлдейтін буаз мегежіндерге, торайлары бар анабас мегежіндерге, анасынан бөлінген торайларға, бордақыланатын шошқаларға, албарлы жайылатын асты қатты жабынды алаңдары, сонымен қатар малдар емдейтін жас малдарға арналған орындар болады.

Құс фермалары үшін жеке павильондық немесе аралас типті құрлыстар тұрғызылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!