Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Пестицидтерді қолданудағы еңбек гигиенасы



Пестицидтер – ауылшаруашылығында зиянкестермен, дақылдардың ауруын қоздырғыштарымен, әртүрлі зиянкесті жәндіктер, кемірушілер, сонымен қатар, зиянды арамшөптермен күресудегі химиялық заттар және т.б.

Әртүрлі көптеген асспектілерді қолдану және жоғары тиімділік, әсіресе ауылшаруашылығын индустрияландыруда, қолданылатын ядохими-каттардың саны, мөлшері өте үлкен, олар гигиеналық төтенше күрделі және тұрғындар денсаулығын сақтауда жауапты мәселе.

Пестицидтер өндірісімен айналысатындар, жоғарыда көрсетіл-гендерден басқа, ауылшаруашылығында қолдануымен щұғылданатындар. Ондай жұмыскерлер: қоймада, тракторларда, ауылшаруашылығындағы ұшақтарда, хабарландырушылар, агрономдар, дезинфекторлар, лаборанттар, сонымен бірге, ауылшаруашылық гигиеналық шаралармен шұғыл-данатындар, арамшөп жұлатын, егін жинайтын, өсімдіктер өнімін алатын адамдар жатады.

Пестицидтерден уыттанудан түбегейлі сақтандыру шараларының бірі дер кезінде токсикалық, гигиеналық баға беріп, жоғары қауіптігі бар препараттар қосылыстарын қолдануға рұқсат бермеу, ендірілетін препараттарды, табиғи биоценоздарды адамға қолайсыз әрекеті барларды алдын -ала қолданыстан шығарып тастау.

Қазіргі кезде ауылшаруашылығында қолданылатын жүздеген ұнтақ шығарылатын эмульсия күйіндегі химиялық заттар бар. Қолданылуына қарай бірнешеге жіктелінеді (инсектид, бактерецид, фунгицид, зооцид), сонымен бірге, өз қасиеттеріне қарай еңбек гигиенасында ерекше орын алады:

- токсикалық (DL50) әсері, яғни, экспериментті жануарлар қарнына ендірілудегі мөлшері 50 мг/кг –дан аз , жоғары токсикалы – 1000 мг/кг;

- теріде кері сорылу (резорбция) дәрежесіне қарай (айқын -, орташа-, әлсіз білінетіндер);

- ұшып кету дәрежесіне қарай (өте қауіпті, қауіпті, қауіптілігі әлсіз);

- жиынтықталу дәрежесіне (куммуляция) қарай (өте жоғары куммуляция кооэфициенті 1-ден аз, білінуі 1-3, шамалы білінуі -3-5, әлсіздігі -5);



- тұрқтылығы бойынша (өте тұрақты – ыдырау уақыты 1-2 жыл, тұрақты - 6 айдан 1 жылға дейін, аздауы -1 айға дейін).

Ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтерді санитарлық қадағалау, әртүрлі мамандығы бар (еңбек гигиенасындағы маман, дәрігер, коммуналдық және азық түлікпен шұғылданатындар) немесе барлық аспектілерге аудандық, облыстық СЭС – те, тұрғындардың қоршаған ортаға әсеріне жауапты адамдар, тікелей уыттану әсерін, сауықтыру жәйін білетін, ядохимикаттармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер атқаруы керек.

Химиялық заттардың өсімдікті қорғауға қолданылатыны санитарлық, эпидемиологиялық қызметкерлер жұмысына:

1. Жаңа пестицидтердің технологиясы, аппараттары т.б. алдын ала ескертетін санитарлық қадағалау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі нысандарға (қойма, көлік, уланды-рып ендіретін машиналар мен аппараттар, астықты уыттандыру, ерітінділерді құятын, толтыратын торап, аэродром т.б.) санитарлық қадағалау.

3. Қолданылатын іс шаралар мен жеке қорғану құралдарын медициналық байқау, бақылау, нұсқаулар беру.

4. Қоршаған ортаның (пайдаланатын су көздері, сумен жабдықтау, ауа атмосферасы, топырақ) пестицидтермен ластануына бақылау жасау және іс шара ұсыныстарын бер.



Ауылшаруашылығында пестицидтерді қолдану, тасымалдау, сақтау туралы заңды санитарлық қадағалау ережелері бар. Одан басқада, зиянкестерімен өсімдік ауруларынан қоғанатын химиялық және биологиялық заттар, зиянды арамшөптердің жыл бойында берілетін тізімі шығарылып тұрады.

«Селхозхимия» дейтін пестицидтерді сақтау қоймалары шаруашылықтарға арналған тарату мекемелері болады. Мұндай нысандар құрылып, салынып, жабдықталып жобаланады. Санитарлық қорғаныс аймақтарда көлемдік қоймалардың оқшауланған аумағы 200-1000 м2, әрине, қолдануға тиіс болатын ядохимикаттар алатын көлемге байланысты болады. Ондай қоймалар қоршалған, жан жағы көгалдандырылған, жататын жерлерінің үсті жабылған, машиналар келетін, кететін үлкен қақпалары бар, бүріккіш, сепкіш, шашқыш құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Химиялық заттарға арналған қоймалар бөлек секция немесе ғимараттары – аммиак силитрасына, күшті әсер етуші, жанудан, қопарылыс пестицидтерден, химиялық концентратты азықтардың қауіптілігінен қорғануы керек, сонымен бірге, санитарлық тұрмыстық бөлмелер, механикалық және табиғи желдеткіштермен, табиғи және жасанды жарық бергіштерімен (КЕО 0,2-0,25-тен), 30 кейде 100 лк жасанды шамдар, люменсцентті шамдармен жабдықталуы тиіс. Пестицидтер физикалық, химиялық, техникалық оттан қорғанып орналастырылуы керек. Пестицидтердің сақталуында қалыпты метеорологиялық жағдайды, суық және жылдың ауыспалы мерзімдерінде белгілі температура 8-10 0С , салыстырмалы ылғалдылықтың 75% ұсталуы, жел қозғалысы жылдамдығы 0,4 м\с-де болуы керек, ыдысқа құйылатын, реттелетін, оралатын орындарындағы температура – 16-23 0С, салыстырмалы ылғалдылығы 75%, жел қозғалысының жылдамдығы 0,3 м\с қалыпты жағдайда ұсталуы тиіс.

Химиялық заттардың қоймаларда жиналып тұруы аптасына бір рет, шаңды болса сорылуы, аппараттарымен жуылып зарарсыздандыру кезеңінде және дегазациялы шаралар орындалуы керек.

Пестицидтердің тасымалдау.Пестицидтердің тасымалдау арнаулы контейнерлер немесе арнайы жабдықталған белгі беретін ескертулері бар (жалауша, кузовы боялған т.б.) көліктері болады. Арнаулы пестицидтерді тасымалдау жабдықтары болмаса оларға арналған көліктер, өзіне арналған белгілермен көрсетіледі.

Бір орыннан немесе басқа жерлерге тасымалдауда жүретін жерлерін, маршруттарын СЭС белгілейді, оларды алып жүретін адамдары да көрсетіледі. Тасымалдау кезінде пестицидтер салынатын ыдыстар бүтін, сақтауға тұрарлық, алатын сусымалы, төкпелі ядохимикаттар үшін бүтін қап, қапшықтар болады. Ал кемшіліктері бар ыдыстардағы ядохимикаттар болса зарарсыздандырылуы керек.

Әрина, пестицидтер, қолданылатын азық түліктерден бөлек болады. Барлық тасымалдау көліктері, тасымалданудан соң тазаланады, зарарсыздандырылған соң, ары қарай пайдалануға рұқсат етіледі.

Пестицидтер дайындайтынерітінділер – еріткіштермен толтырылатын торапты механизмдермен тасылады. Ертінді немесе суспензия дайындау шаралары арнайы алаңдарда арнаулы толтыру, құю станцияларында жүреді. Ерітінді толтырылып, құятын уақытша сақталатын бөлмеде жеке қорғалатын заттарға арналады (онда киім кию, демалу, душ, нұсқаулық әдістемелік материалдар, тіркеме жұмыс журналы т.б. болады). Осындай толтырылып жабдықталған орындар елді пунктерде, мал қоралардан, су көздеріне 200 м қашықтықта аулақ болуы керек.

Пестицидтерді қолдану әдістері мен тәсілдері.Пестицидтерді қолдануда әртүрлі тәсілдері бар. Оған:

1. Өсімдіктерді таза препараттармен немесе ұнтақтармен тозаңдандырады (порошок қсынды пестицидтерді толтырып).

2. Сулы пестицид ерітінділерді немесе органикалық ерітінділерді тозаңдандырып қолданады.

3. Эммульсиямен, с успензиялармен тозаңдандырылады.

4. Тұмандатып немесе түтіндетіп аэрозольдарды пайдаланады.

5. Фумигация – газбен немесе булармен өңдеу.

6. Топыраққа ендіру немесе пестицидтерді беру.

7. Алдамсыратып уландыру әдісі.

Пестицидтерді (ұнтақтарды ылғалдау, концентратты ерітінділер, концентрациялы эмульсия) шашыратып пайдаланудың түрлері осы кезге дейін негізгі тәсілдердің бірі болды. Жиірек полидисперсілі аэрозольдар, монодисперсілеріде қолданылады. Өздерінің мөлшері шашыратуда ұсақ тамшылардан (51-150 мкм), орташа ( 300 мкм) болады.

Шашырылатын сұйықтықтың шығыс нормасына қарай жоғары көлемде (400-500 л/га), орташа (50-400 л/га), кішілеу (10-15 л/га), ультра аз (10 л/га) беріледі.

Препарат түрдегі пестицидтерді қолдану суда еріген немесе майлы минералды, эмульсия, суспензия, ұнтақ (дусть), түйіршік күйінде және микрогранулять түрінде де болады. Кәдімгі сұйыққа қосымша қопа (шылау, активтеу заттары, антибуланғыш) ретінде де пайдаланады. Пестицидтердің концентрациялық шегінің ауытқуы кең көлемде. Ультра, аз көлемді бүркуде пестицидтерге сұйық қосылмайтындай етіп қолданылады.

Қазіргі уақытта жер бетінде авиациялық тәсілмен пестицидтермен өңдейді.

Жер бетілік тәсіл.Тракторлар тіркемесінің агрегаттарына ілмелі етіп қолданылады. Сұйықтықты тозаңдатып гидравликалық (қысым арқылы форсункамен бүрку) жолымен іске асырады немесе желдеткіштермен (ауа ағынымен аэрозольдармен шашу).

Бүркіп және тзаңдату тәсілімен шашу машинамен орындалса да, оның бірегей ережелері болады. Пестицидтерді бүрку және тозаңдату жолымен қолдану міндетті түрде таңертеңгілік немесе кешкілік ауа ағыны баяу кездерде болады. Ұсақ тамшылармен егінді бүрку және тозаңдату кезінде жел жылдамдығы жел жылдамдығы 3 м/с аспауы, ірі тамшылар болса 4 м/с болуы керек, оның өзінде қатаң сақтықпен қолдану керек, себебі пестицидтер ағыны тек сол жерінде орындалады, адамдар, су көздері, жасыл екпелер, тұрғын үйлерге, малға т.б. жерлерге таралмауы керек.

Авиациялық тәсілмен пестицидтерді қолдану.Авиациялық тәсілмен пестицидтерді қолдану үлкен көлемді аумақты қамтиды (дала, орман т.б.), ол ұшақтармен (АН-2, АН-2М, ЯК-12) және тікұшақтарымен (МИ-1, МИ-2, КА-26, КА-15) орындалады.

Пестицидтерді авиациялық өңдеуге дайын ерітінділер толтырылып ыдыста дайындалып ұшақ немесе тікұшақтарға бекітіліп, бүркіп, тозаңдатып шашады. Аэродром аумағы пестицидтермен ластанады, жұмыс істейтіндер мен авиатехникаға қолайсыздық тудырады.

Ұшақтарға пестицидтер әсері, нашар қымталған кабиналардан келеді, оны негізгі бактары ядохимикаттармен толтырылып кабинаға жақын орналастырылады, пестицидтік материалдардың кабинаға және жабдықтарға сорылуына мүмкіндік бермеу керек.

Авиациялық өңдеуде жағдайдың төмендеуі болса хабарлаушысы болады. Хабарлаушылар механикалық түрде құрастырылуы керек. Хабарлаушылар арнайы киімдер ( алжапқыш, халат, комбинезон, етік, қолғап, көзілдірік, респираторлар) жабдықталуы керек.

Олар химиялық толқын болатын жерлердің, өңделетін учаскелерінің ығында болуы керек (оның шетінн 50 м қашықтықта). Хабарлаушыларда қолғап, жалауша, түрлі түсті шатырлары болуы керек. Химиялық өңдеу кезінде ұшақтар 5-7 м биіктікте болуы керек, оның өзі пестицидтер ұшқынының қауіптілігін, ластануын азайтады. Авиациялық тәсілді қолдануда ауылдық пункттер үстіне, өңдеу участогынан аулақ, радиусы 300 м- дей, тұрған үйлерді, мал қоралар, су көздерін ластамайтындай болуы керек.

Авиациялық өңдеуде, өздеріне тән қызметтік мекемелер басшылығымен, арнаулы ережелермен нормалануы, санитарлық қадағалануы керек. Техникалық қауіпсіздік санитарлық өндіріс мекемелерінің нұсқауымен орындалады. Медицина қызметкерлеріне нұсқаулар беріледі, авиаторлар құрамы нақтыланады, дайындайды, оқытады, қауіпсіз шаралары Денсаулық сақтау министрлігімен қадағаланады, бұйрық беріледі. Онда пестицидтер қолдану мерзімі, күн тәртібі, уақыты, ұшу биіктігі, желдің жылдамдығы көрсетіліп бекітіледі.

Тұқымды уландыру.Себуге дейінгі тұқымды уландыру орталықтандырылған, тұқым белгілі пішіні, көлемі, ірілігі, ұсақтылығы зауытта ретке келтіріледі, ауылшаруашылық мекемелерде ұйымдас-тырылып жүргізіледі.

Тұқымды уландыру технологиялық циклдан тұрады: онда тазаланады, калибрленеді тұқым уландырылады (қант қызылшасы, мақта, жүгері, күріш т.б.) гигиеналық тұрғыда уланған тұқымдарының орталықтандырылған пішіні арнаулы орындарда өткізу жеңіл, ол кеде жұмысшы еңбегінің сауықтыру жағдайы жабдықтармен қамтылады, өндірістік үдерістер механикаландырылуы қажет.

Орталықтандырылмаған жеке мекемелерде, тұқымды себуге дейін бірнеше күн қалғанда уландырылады (күздік, жаздық дақылдары, күзде және көктемде жүргізіледі).

Уландыру құрғақ, жартылай құрғақ және ылғалдандырылу жүргізіледі. Оның мәні, тұқымды аралас ұнтақ уландырғышпен анықталған қарым – қатынаста өткізу.

Сапалы уландыруды жүргізу түрлі аурулар (гоммоз, фузариоз, қаракүйе) қоздырғыштарынан тұқымды зарарсыздандыру, негізгі қолданылатындар сынапты органикалық қосындылар (гранозан, филизан 2,5, протрав Р, лейтозан, руберон, риоген, фунгимог, агронах, радософ). Соңғы жылдары кеше нді әсерлі меркуран, меркурагексан қолданылып жүр. Сынап – органикалық пестицидтердің, өндіріс орындарындағы ауаға 2-10 есеге түсу мүмкіндігін кеміту үшін тұқымды уландыру құрғақ немесе ылғалдық тәсілмен жүргізеді.

Тұқымды уландыру орындарында өте қуатты, жақсы алмастыратын желдеткіштер болуы керек. Құрғақ уландырылуда комбенезон, қолғап, арнайы аяқ киім, тыныш жолдарын қорғайтын реапиратор, пестицидтердің қолдануында тозаңдануы, газдануы қарсы паторондары болуы қажет. Жұмыс уақыты уландыру орындарындағы мерзімі 4 сағат.

Уландырылған дәндерді арнаулы қапшықтармен, шаң өткізбейтін кездемелі емес материалды қапшықтар, маркерлерген штамптары бар («Уланған у» деп жазылуы керек ) ыдыстарымен тасымалданады.

Уланған тұқымдарды себу, сынапты – органикалық препараттарын алып жүріп тұқым сепкіштер тыныс аймағына әкеледі. Тұқым сепкіш тұқымды себуге күні бұрын тексеріліп жөнделеді, сепкіш жәшіктердің қақпағы өте тығыз себу кезіндеде берік жабылуы керек.

Уландырылу жұмысы аяқталған соң, барлық себу машиналары, сепкіш, уландырғыш машиналар тазартылады, міндетті түрде зарарсыздан-дырылады.

Пестицидтермен жұмы кезіндегі қауіпсіздік щаралары.Химиялық және биологиялық заттардан қауіпсіздік сақтаудағы еңбек жұмысын жағдайын жасауға: жұмысты механикаландыру, белгілеп ұсынылған санитарлық ережелер, нұсқаулар және нормативтер, ЖҚҚ пайдалану ережелері орындалуы керек.

Барлық, химиялық және биологиялық препараттарымен жанасып жұмыс істейтіндер жеке қорғаныс құралдарымен (комбенезон, ер адамдар костюмі, халаты, резиналы етігі, кебістер, резиналы қолғап, алжапқыш, респератор, противогаз, қорғаныш көзілдірік т.б.) қамтамасыз етіледі. Арнайы киімдері, пішіні шақ, дұрыс тігілеген, денеге жабысып тұратындай, түймеленген бауы бар, еркін қимылға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Әр адам ЖҚҚ – дарын өз мөлшеріне лайықтап таңдап, өзіне ғана арналғандай болатын, барлық маусымды өткізу кезінде өзіне тиесілі жұмыс атқаруы керек. ЖҚҚ белгілі орында, өз шкафында, киім ілгіште, таза күйінде құрғақ бөлмелерде тұруы керек. Қорғаныш жабдықтар киімдер пестицидтер сақталатын орындарында сақтауына, тұруына арнаулы киім кешектерін үйіне алып кетуіне тиым салынады.

Шаңға қарсы жұмыс уақытында ұшпалы ұсақ ұнтақты препараттардан қорғайтын респираторлар және противогаздар патрондары, өздеріне сай қораптары болады – ұшпалы пестицидтермен жұмыс істеу кезінде қолданылады. Әрбір противогаздарды қораптардың өз төл құжаты, пестицидтердің аты жазылады, жұмыс істеуге болатын ұзақтық мезімдері көрсетіледі.

Тыныс мүшелерін қорғайтын Ф–62 Щ, У-2К, Астра-2, «Липесток-200», «Липесток -40», «Липесток -5», РПГ-67 маркалы респираторлар көмегімен іске асырылады.

Барлық санитарлық ережелерге сай, ауыл шаруашылығында сақталу, тасымалдану, ядохимикаттарды қолдану ДСМ – нің арнаулы бұйрығы арқылы, жыл сайынғы медициналық тексерулерден пестицидтермен жұмыс атқаратындар жұмысқа шақырылады, қатыстырылады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!