Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы



Біздің елімізде егін шаруашылығы кеңінен дамыған - астық, техникалық, көкөніс дақылдарын өндіру. Егін шаруашылығындағы өндіріс үдерістері мынандай жүйелі кезеңдерден: топырақты егуге дейін өңдеу, өсімдіктерді егу, отырғызу, егінді күту және жинау. Біздің елдегі ауылшаруашылық саласы жоғары дәрежеде мехникаландырылған.

Механикаландыру негізін тракторлармен жұмыс істеу - олар агрегатты тіркеме, аспалы құралдар, өз бетімен жүретін ауылшаруашылық машиналары (ССХМ) құрайды . Ауылшаруашылығында тракторлармен атқарылатын жұмыстарына қарай – жалпы трактор, егін жыртатын тракторлар, арнаулы (қант қызылшасын, күріш себетіндер, мақта шаруашылығындағы т.б.) тракторлар. Тракторлар шынжыр табанды, дөңгелекті деп бөлінеді.

Егін шаруашылығындағы еңбек жағдайын механикаландыру үдерісіндегі дақылдардың егілуі, техникалық өндіруіне қарай еңбекті ұйымдастыру деңгейі анықталады. Мәселен, астық дақылдарының өндірісінде – кешенді механикаландыру үдерісі. Барлық технологиялық шаралар - топырақ өндіруден, себу, жинауға дейінгілер қол жұмысы емес, машиналармен атқарылады.

Арнайы көкөніс шаруашылығы, техникалық дақылдарды өңдеуде қол жұмысы көбірек, олар әсіресе күтімдік жұмыстар (қант қызылшасы. көкөністерде), егін жинаудада - қант қызылшасы, шитті-мақта, картоп, кейбір көкөністерді жинауда қолданылады. Өсімдік шаруашылығында механикаландыру барлық салада жоғарғы қарқында жүреді. Жылдан жылға мамандандырылмаған қол еңбегінің өз үлесі кеміп келеді, ол механикаландырылған машиналар есебінен, өйткені әр бір еңбек етушілердің бесеуі механизаторлар.

Механизаторлардың еңбек жағдайы.Соңғы уақыттарда трактормен ауылшаруашылығы машина құрылысында жоғары дәрежелі энергия тудыратын, жылдам, көп шаруаны атқаратын машиналар, жетілдірілген сапалы жаңа конструкциялы еңбек өнімділігін 2,5-3 есе арттыратын машиналар шығарылуда.



Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналар кабинасындағы жұмыс орны жабдықталған, оның орындықтары, басқару тетіктерінің өзі қозғалтқыштардың алдында орналасқан. Осының өзі механизаторларды ыстықтан, шу, діріл көздерінен сақтайды, көру аймағын кеңейтеді, жұмыс істеуге ыңғайлылық танытады.

Кабиналарының ұтымды орналасуы, мәселен, астық жинайтын комбайндар; жұмыс орнының кеңдігі, зиянды факторлардың тууына кедергі жасайды. Тракторлар кабинасының көлемі 2-ден 3,5 м3. Кабинаның 50 % көлемі шыныланған, гигиеналық тұрғыда көру аймағы кең, күн түсуі аздау, көптеген қосымша қорғанышты мүмкіндігі бар.

Механизаторлардың жұмыс орнындағы орындықтардға амортизатор жұмсақтық береді, реттеп басқарылуы ыңғайлы МЕМСТ-қа сай. Ол гигиенистердің қатынасуымен анторпометриялық, психофизиологиялық, жә гигиеналық көрсеткіштерімен есептеліп жасалған.

Белгіленген эргономикалық талаптараға сай, басқару органы біріктіріліп.күшейтіліп игеру қабілеттігі үшін , осындай талаптардан ауытқу жұмысшылардың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін кемітеді, машина жабдықтарындағы энергияларын, еңбек қабілеттілігін төмендетеді, сөйтіп қажуға әкеледі.



Болашақта тракторлар мен ССХМ машиналарындағы жабдықтау гигиеналық және эргономикалық талаптарға сәйкес болуы керек. Қазіргі тракторлардың қозғалыс жылдамдылығы 4,5-15 км/с., онымен жүруге тракторист - машинистер еңбек уақытының 85-90 % жұмсайды. Жұмыстың нақты жағдайға, түріне байланысты жұмыс күнінің ұзақтығы дақылдарды егінуіне қарай, орташа есеппен 10 сағат, егін қатарларын өңдеуге 8 сағат, жинау жұмыстарында 11 сағат уақыт жібереді.

Негізгі қолайсыз факторлар6 трактормен жұмыс кезіндегі: микроклимат, ауаның жұмыс істеу алаңындағы ластануы, шу, діріл болуы және майлау,жа5атын отындарымен тікелей байланысы.

М и к р о к л и м а т. Тракторлар кабинасы механизаторларды ауа райының қолайсыздығынан қорғайды. Сонымен бірге, жұмыс орнында микроклиматтық жағдайды анықтайды, ол кабинаның берік қымталуын, оның жылу өткізгіштігі, кабинаның шынылануының, жылыту жүйесі, желдеткіштері, ауа кондиционерлеуінің болуы.

Шын мәнінде жағдай, жыл бойы трактор, ауылшаруашылығындағы жұмысты орындауда, еліміздің барлық топырақ климаттық жағдайы бәріндеде 400 C-дан жоғарыда, -300 C төменгі температура пайдалынады. Бұл ССХМ машиналарының негізгі жиын агрегаттарындада солай. Астық және азықтық жем жинайтын машиналар, оңтүстік және солтүстік, орталық аудандардың ыстық ауа райы жағдайында жұмыс істейді. Қант қызылшасы, картоп жинайтын және т.б. машиналар жылдың өтпелі және суық мезгілдерінде, жауын-шашында, жоғарғы және төменгі ауаның ылғалдылық уақытында да жұмыс атқарады, ал, науқан уақыты еш жағдайды күтпейді.

Кабинадағы негізгі жылу көзі күн радиациясы (70-80 %); басқада жылу бөлінуін қозғалтқыш, трансмиссияларда әкеледі. Арнаулы зерттеулер бойынша трактор, ССХМ кабинасының микроклиматы жылдың жылы кезеңдерінде 2-3 климаттық аймақта болуы, бұл қорғаныш құралдарының күн радиациясы мен артық жылу бөлінуі бұл тиімсіз кемшілік. Мәселен, ауаға көптеп шығарылатын тракторлардың сыртқы температурасы 8-150 C, ССХМ кабиналары 5-9 0 C б олатыны белгілі.

Қазіргі, өте жақсы жетілдіріліп, технологиясы жоғары ауылшаруашылық машиналарының кабиналары барынша қолайлы етіп жасалған, ондағы ауаның алмасуы, терезелерінің жылу ұстау қабілеті, кондиционерлері механизатор жұмыс орнындағы нормаға сай сәйкестендірілген электрондық жүйелер, 2-3 мм с.б. артық қысым да және шаң мен шу, газ енуіне бейімділігі мықты.

Гигиенистер пікірінше, қарапайым, жылулық сәулеленуден қорғаныс құралдарының жеткілікті тиімділігі кең қолданылған, ол үшін, маңдайлық, қорғаныш қалқаны, терезе жапқыштар орнатылуы керек.

Көлемі кіші кабиналы тракторда туатын ыңғайсыздық үшінде жоғарыдағы жағдайлар жасалынған. Күнді, ыстық ауа райында сәулелену жылуы берілмейді. Керісінше ысып кеткен кабинасының сырты (500 С жоғары), екінші радиациялық жылу көзінің болуы операторларға әсер етеді; ал артқы бөлігінде кабине арқасына жанасуда жылу алмасуының қатысы болмайды; баяу жүрісте ауа қозғалысы конвекциялық жылу болуы және булану қиындық туғызады. Осындай жағдай, дененің қызуына пульс жиілігіне, артериялық қысымның төменденуіне, терлеуіне, көп мөлшерде ылғылдылықты көбейтеді, соңында қажушылық білінеді.

Ерте көктем және кеш күздегі жұмыс жағдайына, температура қалыптылығына, күшті жел, жауын шашындар бірігіп, ал қыс болса төменгі температура әсер етеді. Ең күрделілік мәселесінің тууы, ол ауылшаруашылық операторларының қорғанышты құралдарын пайдалану тиімділігіне байланысты.

Гигиеналық көзқараспен, жылу алмасу, жылуды сумен беретін, қозғалтқыш, суыну жүйесіндегі сапалылығына қарай пайдалану, осындай жүйедегі шығып жатқан газдың тыныс алу аймағына өтуі болмайды, кабинадағы ауаның бұзылуына жол бермейді.

Ш а ң. Жұмыс аймағындағы ауаға шаңның түзілуі, құрамының мынандай әрекеттен болуы: ол топырақ ылғалдылығының, жел бағыты мен жылдамдығы т.б. ауа райының жағдайы және кабинаның қымталу дәрежесінен байланысты болады.

Шаңның түзілуі, қант қызылшасын, картоп, кейбір дәнді дақылдарды жинайтын комбайндарының жұмыс сипатына қарай болады. Механизаторының жұмыс орнының шаңдануы, кабина терезелерінің түсіріліп қлйылуы, дұрыс қымталынбауы, шаңның 1 м3- та жүздеген милиграммға жетуі. Ең көп шаңдану 1 м3-та жетуі, әсіресе техникалық дақылдарды себу, аралықтар қатарын өңдеу кезінде болады.

Шаңданудың төмен болуы ерте көктемде жер жырту мен себуде, тағыда кеш, қыс алдында топырақ өңдеу кезеңдерінде болады. Шаңданудың көп болуы тіркемеде жұмыс істейтіндерде, өйткені олар ашық кабинасы жоқ болғандықтан шаңдану көзі көп болады.

Жұмыс аймағындағы механизаторлардың шаңдануының шектік аутқуы көп. Өйткені өндірістік үдеріс циклімен және агрегаттар қозғалысының бағытының жиі ауысуы, салыстырмалы түрде бағытының өзгеруі.

Дала жұмысының көптеп орындалуы, минералдық шаңдардың болуы дәнді дақылдары мен техникалық дақылдарының (мақта) жинау кезінде, органикалық (өсімдікті) шаңдануынан.

Әр уақыт топырақ шаңында органикалық заттар енеді, олар пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштар құрамында болады. Одан басқада топырақ құрамында, әртүрлі бактериялар, зең саңырауқұлақтары, патогенді микрофлора және гельминттер жұмыртқалары болады.

Минералдық шаңының құрамында 5 мкм, органикалық шаңда 70-80 %- ға дейін 1 мкм бөлшектері болады.

Өсімдік шаңдары, сол жерде өскен өсімдіктерінің тіршілік әрекетінен шығады, ол жинау және өңдеу кезінде туындайды. Оның құрамында пестицидтер, басқада органикалық қосындылар, ал кейбіреулер биогенді аминднр (гистамин, ацетилхолин, сиротонин).

Мақта, кендір, зығырларды өңдеуге шаруашылықтарда талшықты шаң түзіледі.

Маусым ішінде ауылшаруашылық механизатоларының шаңның көп бөлігінде болуынан, шаңның концентрациялы болып ауытқуынан әртүрлі әсерге ұшыратады.

Ауылшаруашылық шаң әсері ауру тудыруға себепші, оған созылмалы шаң бронхиты жатады. Ауылшаруашылығы жұмысшыларында кәсіби шаңдылық ұзақ еңбек етуден, еңбек өтілі 15 жыл істегендер арасында болады. Талшықты өсімдік шаңының ұзақ әсері биссиноз тудырады. Өңделмеген топырақ шаңында бос кремний тотығы және силикаттардың ұзақ әсерінен диффузды-склеротикалық және өкпедегі түйіндік ауруы білінеді. Кейбір желмен өздігінен тозаңданатын өсімдіктер аллергиялық аурулар – поллинозды тудырады.

Кезеңмен орындалатын ауылшаруашылық жұмыстарында төтенше шаңдану аймағында жұмысшылардың тыныс алу жолдары аурулары (ринит, фарингит, трахеит, жіті бронхит), газдан (коньюнктивит, қабақтың қабынуы, қасанқабық жарасы) және терінің (дерматит, пиодермит) аурулары тууы мүмкін.

Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналалары кабиналарындағы шаңдануға қарсы күресудің тиімділік тәсілі ағынды желдеткіштерінің қымталып жабдықталуы, ол ауаға тіректік көрсету. Осындай шаралар шаң құрамын төмендетеді, қаліпті жағдай деңгейіне дейін апарады. Кабинадағы шаңдану әсерін төмендетуге конденционерлермен жабдықталуының маңызы зор. Ал тіркемеде жұмыс істейтіндер дөңгелектер айналуынан шығатын шаң үшін арнаулы қанатты қалқанды қорғаныш орнатылуы керек. Комбайндарда тетік түйіндерін жабу қажет, ол шаң түзушілер көзінен қорғаушылар. Механизаторлар көзін қорғауда, шаңнан қорғанатын көзілдірік киюі керек. Ерекше ауылшаруашылық жұмысында жеке қорғаныс құралдары, тыныс мүшелерін қорғайтын құралдар («Лепесток», «Ф-62 Ш», «Астра –2», «У-2К» т.б.) қолданылады.

Ш у. Тракторлармен ССХМ машиналарымен жұмыста қарқынды шу болады. Шу көздері қозғалтқыш, трасмиссия, дірілдік қоршау және т.б.

Отандық дөңгелекті тракторлар, тиімді сөндіргішпен жабдықтанған, ол сыртқы шуды шектеулі деңгейден асырмайды. Шу көзі жұмыс орнына екі жолмен: ауа мен металл конструкциялы қоршау арқылы өткізіледі. Көптеген тракторларда Т-150 К, К-701, Т-70 С, ЮМЗ – 6 Л, ДТ-75 С шуға қарсы конструкторлық шешімнің қолдануы, жұмыс орнында шектеулі шегі деңгейінде , МТЗ-80, МТЗ-82 тракторлерінде шу, жұмыс орнында 90-92 дБА деңгейінде болады.

Отандық комбайндарда шу жіберілуі норма мөлшері аспайтын деңгейде. Спектрлі құрамды шу тракторларда жоғары жиілікте; комбайндарда шу деңгейі төменгі жиіліктегі спектор бөлігінде.

Ауылшаруашылығы машиналарының операторлары қарқынды шу, діріл мен бірігіп күшейетін естуді төмендетеді. Ауылшаруашылығындағы механизаторлардың 15 жылдық, оданда көп еңбек өтіліндегілерде есту белгілері құлақ мүкістігіне алып келеді. Бұлар әсіресе, ескі кабинасы жоқ ұзақ уақыт техникалармен жұмыс істеген дыбыс сіңіргіші жоқтармен атқарғандарда болады. Сондықтан шу мен қарсы күресу тракторлар мен ССХМ машиналарда техникалық құралмен жабдықталғандар (шу өшіргіш, дыбысты оқшауландырғыш, амортизаторлары т.б. барларда ) тиімді.

Қол жеткізілген жетістіктер қарқынды шу деңгейінде болатын тракторлар дүниежүзілік үлгіге сай болуы қажет.28-кесте

Діріл.Ауылшаруашылығындағы дала жұмысын атқаратын тракторист, тіркемеде, өз бетімен жүретін машиналардың жүргізушілерінің бәрі, қыр-қабат жалпы араласып әрекет ететін және күрделі сипатты орнықты діріл болатын жұмыстар атқарады.

Қозғалтқыштар, жүріс бөлігі және тегіс емес жерлермен жүру - діріл көзі. Қозғалтқыштар жұмысы жоғары жиілікті дірілдің, көп деңгейі ортагеометриялық 31,5-125 Гц жиілікті көрсетеді. Бұл жалпы қажетті қозғалыстар, ол орындық отырғыштары еденінен берілетін және бір мезеттегі орнықты рульден, дөңгелектерден, басқада рычактардан операторлар қолына берілетін дірілдер. Жүріс бөліктері және қозғалу тегіс емес жерлердегі агрофон, көбінде тік және көлденеңдік діріл.

Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналармен жұмыс орындауда дірілдің көп бөлігі 2-5 Гц. көлем деңгейінде. Бұл жиілік резонансты және өзінің діріл жіберілу шегінен асуы да мүмкін. Байқалуы шынжыр табанды тракторларда, өйткені шынжыр дөңгелектерге қарағанда діріл аутқуын нашар басатыны белгілі.

Жеке тетіктердің машиналарды пайдануына, оның тозығы жетуіне және механизмдердің параметрлеріне қарай діріл ұлғаяды.

Ауылшаруашылығы машиналарының қозғалысы, жүрген жеріне, ой, шұңқыр, кездесетін кедергілеріне қарай мезгілсіз секіру, итеру амплитудасы және қаттылығы бірге жүреді. Итермелеу параметрлеріндегі тербеліс нормадағы жағдайда 5-10 есе көп болуы мүмкін. оның бәрі ауыл-шаруашылық механизаторларына қолайсыз кедергілер ұзақ уақыт әсер етеді. Тік әсерлі итермелі төменгі жиіліктегі тербелістер сипаты, көбінде дистрофиялық (көтеремдік) ауытқулар омыртқаға өзгерістік туғызып, дистромозды түрде остиоартроз және дискоз тудыруымен байланысты болады. Көп өтілі бар тратористтер омыртқасында омыртқа сегізкөз остиохондроздары білінеді. Оның патологиялық көрсеткіші, омыртқадағы екінші түбіртектің бұзылысына әкеліп, жұмыс атқару қабілетіне әсерін тигізеді. Төменгі жиіліктегі тербелістер көп өтілі бар трактористерде басқа кәсіби жұмысшыларға қарағанда жиі байқалады. Үзіліссіз тербелістердің нәтижесінде гастроптоздың дамуы асқазанның байланыстылығын нашарлатуына әкеледі. Асқазан төмен түсіп, оның секреторлық және қимылдық қызметін бұзады.

Жалпы және итермелі діріл әйелдердің жыныстық мүшелер аймағына теріс әсер етеді. Әйел механизаторлар ұзақ уақыт тракторлармен, ауылшаруашылық машиналармен, егер нашар амортизиторлары бар орындықтарды жұмыс істесе, етеккір циклінің бұзылысы, әйелдің жыныс мүшесінің қабынуына да әсері болады.

Жалпы және орнықты діріл параметрлері ауылшаруашылық машиналарынан туындайды, ол жіберілу шегінен аспауы керек.

Ауылшаруашылығы машиналар операторлары әрекетінің төмендеуі, техникалық мәселелер әрекетінің дұрыс шешілмеуінен. Сондықтан жаңадан құрастырылып жасалатын машиналарда «Діріл. Ауылшаруа-шылығы машиналарының жұмыс орнындағы операторлар жұмысының есептелу әдісі» деп аталатын МЕСТ жасауда, дірілді оқшалау талаптары ескерілуі крек. Осындай стандарттық талап, арнаулы дірілдік оқшаулау жүйесінде міндетті түрде ескеріліп, жоғарғы - , төменгі діріл жиілігінен қорғалуы керек.

Бар, амортизация жасау тәсілде (механикалық, гидравликалық, электрогидравликалық) орындықтардағы дірілді 1,5-2 есеге төмендетеді. Тиімді пайдаланатын отырғыштардың өзіндік жиілік тербелістері төмен (2-5 Гц.) болуы керек, ол амортизаторлық отырғыштарда реттеліп тұруы керек.

Жоғары жиіліктегі тербелістер қозқалтқыштардан механизмдер жұмыстарын тепе теңдікті сақтау жолымен кетіріледі, өйткені амортизаторлы кабинамен және машиналар қаңқасы т.б. құралдармен, басқада отырғыштар арасына жұмсақ төсеме салу арқылы да жасалынады.

Медициналық шаралары ішінде ең маңыздысы6 алдын - алу және кезінде медициналық байқау жұмыстары және оданда бұрын теріс әсерлерді сезініп, оны анықтау мақсатында діріл патологиясын білу керек. Ең маңыздылығы дұрыс ұйымдастырылған еңбек және механизаторлар демалысы. Механизаторлардың шартты түрде уақытында сауықтыру үшін санаториялық профилактика кешенді физиотерапиялық іс шаралары, дәрумендеу, тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру оң нәтиже береді.

З и я н д ы х и м и я л ы қ з а т т а р. Механизаторлардың дала жұмыстарын орындауында көптеген зиянды химиялық заттармен жанасуына тура келеді. Олардың негізгілері: қозғалтқыштан шығатын газдар, майлы отынды материалдар, пестицидтер, минералді тыңайтқыштар т.б.

Қозғалтқыштан шығатын газдардың құрамында токсикалық заттары көміртегі тотығы, дизельді отындарды пайдаланудағы формальдигид және акролеин, азот тотығы. Кабиналардың дұрыс қымталмауынан, күшті жел, терезелердің ашылып қалуы, инверсиясы және желсіз тынық уақыт, әсіресе отынның толық жанып кетпеуі, ол қозғалтқыштың дұрыс істемеуі, жұмыс режимінің бұзылуы, бұлар өте қауыпты және созылмалы уыттануды, ең біріншіс і көміртегі тотығының шығуынан болатын жағдайлар.

Қазіргі тракторлар арнаулы қорғанышты құралдармен (кабинаның жақсы қымталуы, кабинадағы жеткілікті ауа, желдеткіштер жүйесінің жұмысы, картерлердегі газдың сорылып шығып кетуі т.б.) жабдықталуы көмір қышқылы газы концентрациясының шектеулі деңгейден аспауы себепші.

Механизаторлардың пестицидтер мен жанасуы, жұмыстағы препа-раттардың технологиялық дайындалуда, қолдануда орын алады.

Ядохимикаттармен жұмыс істеуде қаупсіздік шаралары керек. Қазіргі тракторлар кабинасының дұрыс желдендіру болуы механи-заторларда пестицтдтер әсерінен қорғайды. Бірақ, шын мәнінде, оңтүстік аудандардағы ыстық ауа райында жұмыс істейтін механизаторлар кабинасыз тракторлармен жұмысында улы химикаттардың консентрациясы шекті нормадан асып кетуінің әсері болады.

А у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы м а ш и н а л а р ы м е н і с т е й т і н- д е р д і ң ж ұ м ы с о р ы н д а р ы н ұ й ы м д а с т ы р у. Жұмыс орындарын ұтымды етіп ұйымдастыру өндірістік еңбектің жемісті болуына мүмкіндік туғызады, жұмыс қабілеттілігін қалыпты етуде, жұмысшы денсаулығын сақтауға, сондықтан да эргономикалық талаптарды орындауға, ауылшаруашылығы машиналарымен жұмыс орындаудағы жобалық кезеңдерде қарастырылуы керек. Машиналарды басқара отырып атқарылыуында, ауыртпалық жұмыс кейіпінде: басқару рычактарын меңгеру және рулімен үздіксіз байқап, бақылап отыру, кабина сыртында да орындалып отырады. Дала жұмыстарының қауырттылығы, жұмыс ауысымының ұзақтығы, орындалатын жұмыста қолайлы жағдайдың бола бермеуі, микроклимат жағдайы және итермелік тербелістердің бірге жүруі; соңғы жағдайлардың өз кейіпінің анықтығын қолдауда қосымша статикалық бұлшықеттердің күштенуі болады.

Санитарлық ережелер, МЕМСТ-тары бар шектеуші антропометриялық, физиологиялық, психофизиологиялық, гигиеналық көрсеткіштері негізінде тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарындағы жұмыс орын параметрлері, эргономикалық талаптарды мейлінше орындау, механизаторлардың жұмыс орнының нақты ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.

Гигиена мен дене еңбегі, жұмыс орны мен басқару ұйымының динамикалық параметрлерін қажет етеді. Ол параметрлері өзгеріс өлшемдерінің анық диапазонына қажет, ол операторлардың антропометриялық ерекшеліктерінің реттелуін қамтиды және соған сай болады. Нервтік – бұлшықет аппараттарындағы жүктемелік қарқындылығы жұмысшы қозғалыс типтеріне тәуелділігі механизаторлардың басқару шараларына түседі. Жұмысшы қозғалысының қарқындылығының күшеюі, машина тракторлар агрегаттарының жылдымдығына пропорциялы. Агрегаттар жұмысының басқару жұмысының басқару үдерісін жеңілдету автоматтандырылу мүмкіндігінен, мәселен жер жырту орнын сыналуда және МТЗ-82, Т-150 К тракторларымен, қатар аралықтарды өңдеуді қосымша автоматтандырылған жүйедегі кейбір жабдықтануларына, физиологиялық, гигиеналық, механизатор еңбегінің бөлекше орнатылған сипаты: жұмысшылар қозғалысының 10 есе, 60-75 % операторлардағы жұмыс уақытының, жұмысшының бос кейіпі, физикалық, нервтік – эмоциялық ауыртпалықтың шамасын а зайтады.

Аурушаңдық.Ауылшаруашылығындағы механизаторлардың кеңінен тараған аурушаңдығы шеткі нерв жүйкелері және тірек қимыл аппараттары. Оның ішіндегі құяң (люмбалгия) және омыртқа сегізкөз радикулиті.

Құяң ауруының алғашқы белгілері кәсібіи жұмысшылардың 5 жылдық жұмыс өтілі бар механизаторларында білінеді. Аурушаңдық жиі, көктем және күз айларында асқынып аурады. Омыртқа сегізкөз радикулиті жұмыс өтілі 10 жылдан асқандардада туады, бұның туу сипаты ұзақ вегетативті-сосудтардың бұзылуынан байқалады.

Шеткі нерв жүйелері аурушаңдығы механизаторларда баяу жүреді де, барған сайын агрессивті өтетінімен ерекшеленеді, мұндай кәсіби аурушаңдық 15-20 жыл ішінде жұмысқа қабілетсіздікпен шектеледі, мұндай патология омыртқадағы остеохондрозға және спондилез .

Ауылшаруашылығы механизаторларда кейбір жағдайда, өзіндік патологиясы церебральді және перифериялық ангиодистония (тамыр нәрленуінің бұзылуы) бұзылысына, шартты түрде айтқанда дірілдік ауруғу әкеледі. Клиникалық сиптомалы формасы, бұндай патология полирадикулоневропатия сияқты вегототрофиялық бұзылыс және шамалы ауру синдромы көрінісін береді. Бұл өндірістік жұмыс өтілі 15-20 жылдан асқан жұмысшыларда дамиды. Діріл мен қатар шартты түрде осы патологияға өндірістік факторлар әсері, дененің салқындауы, еріксіз кейіпте жұмыс істеуі, денеге түсетін ауыртпалығы т.б.

Өте көп өтілі бар (15 жылдан жоғары) механизаторларда да кохлеарлы неврит дамиды. Аурушаңдықтың дамуы екі жақты үдеріс және жеңіл сирек, орташа дәрежедегі есту функциясының бұзылуына, өкпеде де жүреді.

Механизаторлардың ұзақ уақыт шаңды ортада жұмыс істеуі, шаңдық патология өкпе - бронхы аппаратында дамиды, өз кезеңінде диффузды созылмалы бронхитке ұшырайды.

Көптеген механизаторларында ас қорыту мүшерінің ауруы деңгей-лерінің жоғарылауы, өндіріс факторларының ішіндегі қолайсыздықтан, итерме және жалпы діріл, ас ішу режимі бұзылысында, ылғида сапасыз сумен жабдықталмасада туады. Ауылшаруашылық машиналарының жетілдірілуі механизаторларды санитарлық бақылаудың күшті болуы, жұмыс жағдайларының жақсаруы, кейбір аурулар - кохлеарлы неврит, шаңдық бронхит, асқазан –ішек патологияларын төмендетуге себепкер.

Соңғы жылдарда, арнайы аурушаң емес орталық нерві және жүрек тамырлары жүйесінің ауруларының көбею беталысынан.

Аурушаңдық себептердің өсуі, ауылшаруашылық операторларының әрекетіне тұрақты нервті-эмоциялы ауыртпалықтың әсерінен болады.

Механизаторларындағы дала жұмыстары сатыларындағы ауырт-пашылықта 1-ші кезеңде терінің ірің аурулары – сыздауық, көршихан, итемшектердің шығуы. Бұл терінің тұрақты лас ортада, мұнай өнімдерімен, шаңмен, микрожарақат алуымен, организмнін иммундық қорғаныштық қабілетінің әлсіреуімен, шамадан тыс шаршауымен зорығуымен, тағыда медициналық санитарлық қызмет көрсетудің кемшілігінен туындайды.

Сауықтыру шаралары.Дала жұмыстарындағы еңбек жағдайының сауықтырылуы барлық технологияның негізі механикаландыру. Ол дегеніміз, қиын қол жұмысын азайту, мүмкіндігінше ауыр мамандырылмаған қолмен істелінетін жұмыстарды жеңілдету.

Механизаторлардың физиологиялық, гигиеналық ұтымды еңбегі, ең алдымен, ауылшаруашылық машиналар конструкциясын жетілдіру. Барлық санитарлық заңдылықтарға сай, ауылшаруашылығында жаңа сериялық техника шығару және оның тек өндіріске ендірілуі, ұйымдардың сани-тарлық қадағалануымен өтуі қажет.

Трактор, комбайн және т.б. ауылшаруашылық машиналарын шығаратын мекемелер, денсаулықты сақтау және механизаторлардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

Операторлардың жұмыс орнына қойылатын талабы шектеулі санитарлық нормалар мен ережелерге сай, олардың эргонометриялық параметрлері, микроклиматтық жай күйі, шу мен дірілдің мүмкін болатын деңгейі, шаң концентрациясының және токсикалық заттардың, жұмыс аумағындағы рұқсат етілген ауа шектеріне қойылады. Осындай құжаттарда санитарлық техникалық құралдар ( желдеткіштер, кондиционерлер т.б.) және техникалық шешімдер (амортизация, дыбыс оқшаулағыштар т.б.) көрсетілуі гигиеналық талап етілетін жағдайлары.

Қазіргі көптеген ауылшаруашылық машиналары, еңбек гигиенасына техникалық талаптарына жауап береді. Бірақ, техникалық құралдар, механизаторлардың нақтылы жұмыс орындарында пайдаланатын қажеттілікті қамтуы өте қиын. Осыған байланысты ауылшаруашылық техникасына жауапты адамдар оның жағдайына, сол құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалауы керек. Ал, механизаторлар соған дайын болуы, техниканы сауатты игеруі және нақтылы дәрежеде оны ұстауы қажет.

Ауылшаруашылық машиналармен еңбек етуінде, пайдалану үдерісінде жұмыс орындарында зияндылықтың өрістеуі еңбек жағдайын төмендетеді.

Тәжірибе көрсеткендей, трактор, ауылшаруашылық машиналарымен өндірістік үдерісті орындауда қауіпсіздікті қамту, жөндеу конструкциясымен бейімділігіне аз көңіл бөлінеді. Соған байланысты, санитарлық заңдылыққа жаңа ережелер ендіріледі. Талап қойылатын осындай ережелерде қазір міндетті түрде ұйымдар мен мекемелерде жобалау, сынақтан өту, ауылшаруашылық машинаны пайдалану және жөндеу әрекетінде міндеттеледі. Ауылшаруашылық техникаларын күрделі жөндеуде, құралдарды толық қалпына келтіруде еңбек жағдайының гигиенасы қамтамасыз етілуі керек. Операторлардың қорғану құралдарының тиімділігі жабдықтау өлшеуіш көмегімен бағалануы керек. Ауылшаруашылық техникаларын қабылдау комиссиясы құрамына, күрделі жөндеу жұмысынан соң санитарлық дәрігерлер енуі керек. Ауылшаруашылық машиналарындағы еңбек жағдайы санитарлық заңдылықты сақтау талабын, мемлекеттік санитарлық қадағалауды күшейту керек.

Дала еңбектерінің жұмыс қабілеттілігінің жоғары болуы, еңбек жағдайының сауықтырылуы, өндірістегі қажу мен денсаулығын сақтау –оның еңбек етуі мен демалыстарында физиологиялық режимді шектеу – сауықтыруда ең маңызды рөл атқарады. Жұмыс күнінің ұзақтылығын қалыпты ұстау, әсіресе науқан кезінде (себу, жиын - теру компаниясында) екі ауысымды жұмыс күнінің болуы ұтымды. Одан басқада6 түскі үзілістің екі ауысымы кезеңіндегі 10 минуттық үзіліс, әрбір 2-2,5 сағатта болуы ұсынылады. Оңтүстік аудандарда тәуліктің өте ыстық уақытында ауысымның басы мен соңында нақтылы жағдайлармен анықталады.

Соңғы жылдары кезекшілік (вахта) режим, ауылшаруашылығындағы жұмыстардың артқарылуында кеңіне қолданылып жүр. Ол көбінде ауысымдылықта күннің жарық мезгілінді әр бір 4 сағатта қолданылады да , әр 2 сағат сайын 10 минуттық үзіліс беріледі. Әрине кезекшілік (вахталық) пен жұмыс істеудің үлкен тиімділігі, ол ұзартылған жұмыс күнінде (12-16 с.), екі механизатор үшін ауылшаруашылық агрегаттардың қызмет атқару жағдайының іске асырылу мүмкінділіг жоғары.

Осындай жағдайда, ұзартылған жұмыс күніндегі бақылауына қарай 8 сағаттан соң еңбек өнімділігінің прогрессивтілігі байқалады.

Жоспарлы дала жұмыстарында қажет емес асығыстық (қар тоқтату, топырақты дайындау, дәнді дақылдарға тыңайтқыш беру, ауылшаруашылығының техникаларын жөндеу т.б.) жұмыстардағы 5 күндік жұмыс 8 сағаттық режимінде ендірілуі қарастырылмайды.

Механизаторлардың кезекті демалысы, қауырт жұмыстарының алдында берілуі орынды.

Тамақтану, демалыс, санитарлық қызмет атқарылуында ірі далалық шаруашылықтарда тұрақты қос (полевойстан) болуы қажет. Оның аумағында асүй, асхана орналасады. Ерекше көңіл аударылатыны сапалы үш мезгіл тамақтану, яғни, аспазшылар рационында қажетті мөлшерде белок, дәрумендердің енуі керек. Тұрмыс кешеңінде қол жуғыш, душ қондырғылары, киініп, шешіну орындары, кептіргіштер болуы керек. Жұмыс орнына бару, қатынауда, жағдайлар өмір талабына сай жасалуы керек, ол жұмысшылардың еңбек жағдайының, жұмыстық еңбектің тиімділігі үшін қажет (жол салу, көліктермен қамтылуы, дала қосындағы профелактория және т.б.), ал, екінші жағынан аурушаңдықтың алдын- алу және т.б. шаралар.

Механизаторлар еңбегінде нервтік-эмоциялық ауыртпалықты төмендету, әртүрлі технологиялық шараларды көп жұмыс атқаруда ауылшаруашылық агрегаттарда тиімді еңбекті сауықтыру істеріне ары қарай жағдай жасалуы, жетілдірілген автоматтандыру оны дамыту қажет.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!