Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Потенциалды кауіпті және зиянды өндірістік факторлар



Казіргі кездебіздің елімізде бар ұйымдастырушылық шаралары мен қорғаныстық техникалық заттардың өнделінген кешені, біркатар есептеу корғаныстық жиналған алдынғы қатардағы жұмыс тәжірибелері жұмысшыларга қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін жою ісінде едәуір үлкенжетістіктерге қол жеткізу мүмкіншілігінің барлығын көрсетеді. Бірақ, бірқатар ЕО-ның (есептеу орталығы) жағдайы мен оның қауіпсіздігі әлі де болса бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келмейді.

ЭЕМ-ның операторының жұмысы қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты болатын еңбек категориясына жатады. ПЭЕМ-ның операторына еңбек үрдісі кезінде келесі кауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерін тигізеді:

физикалык:

- электромагниттік сәулеленудің жоғары деңгейлері;

- рентгендік сәулеленудің жоғары деңгейлері;

- ультракүлгін сөулеленудің жоғары деңгейлері;

- инфрақызыл сәулеленудің жоғары деңгейлері;

- статикалық электрліктің жоғары деңгейлері;

- жұмыс аумағы ауасының шаңдануының жоғары деңгейлері;

- жұмыс аумағы ауасында оң аэроиондардың жоғары болуы;

- жұмыс аумағы ауасында оң аэроиондардың төмен болуы;

- жұмыс аумағы ауасының жоғары немесе төмен ылғалдылығы;

- жұмыс аумағы ауасының жоғары немесе төмен қозғалғыштығы;

- шудың жоғары деңгейі;

- жарықтандырудың жоғары немесе төмен деңгейлері;

- тікелей жарқыраудың жоғары деңгейі;

- шағылысқан жарқыраудың жоғары деңгейі;

- соқырлықтың жоғары деңгейі;

- көру өрісіндегі жарықтықтың біркелкі емес таралуы;

- жарықтық бейнелеудін жоғары ашықтығы;

- жарық шамының жоғары пульсациялау деңгейі;



- тұйықталуы адам денесі арқылы өтуі мүмкін, электр тізбегінің жоғары кернеулік шамасы;

химиялық:

- жұмыс аумағы ауасында көміртегі қос тотығының, озонның, аммиактың, фенолдың, формальдегидтің және көпхлорланған бифенилдердің мөлшерінің жоғары болуы;

психо-физиологиялық:

- көрудің кернеулігі;

- зейіннің кернеулігі;

- ақыл-ойлық жүктемелер;

- эмоционалды жүктемелер: - ұзақ уақыттық статикалық жүктеме;

- еңбектің бірыңғайлылығы;

- уақыт бірлігінде өнделінетін ақпараттардың үлкен көлемі;

- жұмыс уакытын рационалды емес ұйымдастыру;

биологиялық:

-жұмыс аумағы ауасында микроорганизмдердің жоғары болуы.


Барлық жоғарыда аталған факторлар оқулық және ғылыми-әйгілі әдебиеттерде өте жақсы бейнеленіп жазылған. Мониторингтың негізі электронды-сәулелі түтікшелер болатын компьютерлерді тұтынушылардың жұмыс орындарында ЭМӨ-тің жеткілікті түрде жоғары деңгейлері фокусталатынын, ал олардың биологиялық әсерінің қауіптілігі туралы айтатынын, ол өрістердің таралуы күрделі және әртүрлі жұмыс орындарында бірдей еместігін атап өтсек болады. Компьютер тұтынушының жұмыс орнындағы өрістің спектральді сипаттамасы және электромагниттік жағдайдың типтік картасы төменде келтірілген:



 

 


Тұтынушының жұмыс орнындағы ауыспалы электрлік өрістің таралуы, мысалы

 

 

Дисплей айналасындағы магнитгік өрістің күштік сызықтары

Жоғарыда көрсетілген жағымсыз факторлардың әсері пайда болған зорығумен шақырылатын, еңбекке қабілетгіліктің төмендеуіне алып келеді. Зорығудың пайда болуы және дамуы жұмыс істеу кезіндегі орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістермен, ми қыртысындағы тежеулік үдерістерімен байланысты. Мысалы, қатты шу, түстік белгілерді тану киындығын туғызады, түстерді жылдам қабылдауды, көру өткірлігін, көрулік бейімделуді төмендетеді, көзбен көріп қабылданатын ақпараттардың қабылдануын бұзады, 5-12 %-ға еңбек өнімділігін азайтады. Дыбыс қысымының деңгейі 90 дБ болатын шудың ұзақ уақыт әсер етуі, еңбек өнімділігін 30-60%-ға төмендетеді.

ЕО-ның жұмысшыларын медициналық тексерулерден өткізу, еңбек өнімділігінің төмендеуімен қоса шудың жоғары деңгейлері есту қабілетінің нашарлауына алып келетінін көрсетті. Әртүрлі жағымсыз факторлардың бірлестіріліп әсер ету аумағында адамның ұзақ уақыт болуы кәсіптік аурушаңдыққа алып келуі мүмкін. ЕО-ның жұмысшылары арасында жарақаттануларға талдау жасау, бақытсыздық жағдайлар негізінен физикалық қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен, ақпараттар тасымалдаушыны айналмалы барабанға сыртқы қабы алып тасталынған күйде салып жатқанда, қызметкерлердің өздеріне тән емес жұмысты атқарып жатқанында болатынын көрсетті. Екінші орында электрлік тоқ әсерінен болатын жағдайлар тұр.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!