Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Компьютерлік» қажудың негізгі 4 түрін ажыратуға болады



1. Өз-өзін ұстауды жоғалту: бала жиі бетін ұстайды, саусағын сорады, бетін тыржыңдатады, шыңғырады және т. с.с.

2. Компьютерге кызығушылықтың жоғалуы: бала жиі алаңдап отырады, сөзге араласады, жұмысын одан әрі жалғастыруға көңілі соқпай, зейінін басқа заттарға аударады.

3. «Шаршаған» дене қалпы: бала біресе бір жағына, біресе екінші жағына қисаяды, орындықтың арқасына шалқаяды, үстелдің жиегіне тіреліп аяқтарын созады.

4. Эмоционалды-невротикалық реакция – шыңғыру, секіру, билеу, шаң-қылдап күледі және т. б.

Балаларға арналган компьютерлік ойындар, үйрететін және дамытатын бағдарламаларға карағанда қызықтыра және қарапайым болып көрінеді. Бірақ та, 30 минут қарқынды ойнау, тек мектеп жасына дейінгілерде ғана емес, олардан үлкен балаларда да жүрек-тамыр жүйесінің өзгерістерін туғызады және көру қабілетін нашарлатады. Психологтардың компьютерлік ойындарды ең ауыртпалы жұмыстар түріне жатқызатыны бекер емес: олар тіпті күрделі математикалық есептерді шешуге карағанда тез шаршатады.

Бір көңілсіз мысал , («АиФ» газетінен, №26 маусым 2005ж. ). Екатеринбургте жергілікті ойын клубтарының бірінде 12-сағат үзбей уақытын өткізгеннен кейін, бір 12 жасар бала кең инсульттан өліп кетеді. Өз-өзін нашар сезінсе де, бала монитор экранынан бас ала алмады.

Біздің елімізде компьютерлік техниканың бала денсаулығына әсерін меңгеруге әрине көңіл бөлінуде. Жаңа ғылыми зерттеулер пайда болды, оған мақсатты мемлекеттік ақпараттау саясаты ықпал етті РЦИО мәліметтері бойынша (Құрманалина Ш. Х., 2002 ) ҚР-да: 6151 мектеп компьютерлік класстармен жабдықталған, ол 98, 2% құрайды ( соның ішінде ауылдық – 71%), қазақ тіліндегі ескі буын компьютерлік техникаларымен – 1346 мектеп және 1378 – осы техника, тек орыс тілінде; 4793 мектеп (соның ішінде 2998 – ауылдық) – жаңа буын компьютерлік техникасымен жабдықталған. Еліміздің мектептерінде 1356 лингофонды, 9488 ПК кабинеттері бар, 4634 компыотер «Интернет» торабына қосылған.



Ақтөбе облысында мектеп оқушылары денсаулығына компьютердің тигізетін әсері туралы К. М. Қибатаевпен жүргізілген, соңғы зерттеулердің бірі, микроклимат көрсеткіштерінің санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі, бөлмелердің ауасының бактериалды ластану, барлық тексерілген мектептерде арнайыланған жиһаздың жоқтығы сияқты өте маңызды мәселелердің барлығы анықталған. Мектеп оқушыарының еңбегінің аса жоғары жүйкелік-эмоционалдық ауыртпалығы, көру мүшесінің, жүйке жүйесінің және құлақ тамақ мұрын аурулар бойынша аурушылдықтың жоғарылығы байқалды. Дегенмен де жүргізілген зерттеулер әлі де жеткіліксіз, компьютер техниканың мектеп оқушыларының денсаулығына кешенд і әсері аса қадағалау талап етеді.

 

Компьютердің зияны («зұлымдылығы»)

ПК-мен (бағдарламалық компьютер) туғызылатын электромагниттік өріс спектрінде (ЭМӨ) бір Гц-тен бірнеше герцке дейін, жиілігі адам ағзасының биоритмдерінің жиілігіне жақын болатын төмен жиілікті электромагниттік тербелістер де бар екендігін ерекше атап айту қажет. Міне, ПК-дің әдеттегі адаммен тығыз қатынаста болатын тұрмыстық электрожабдықтар және басқада сәуле бөлетін техникалық заттардан айырмашылығы осында.



Сертификаттаудан өткен және сынақтарда электромагниттік сәулелену көрсеткіштерін берген ПК, олардың мониторлары өте жиі нақты пайдалану жағдайларында тұтынушының денсаулығы үшін қауіпті болады, өйткені бұл кездерде регламеттелген көрсеткі штерді қамтамасыз етпейді. Мониторларды арнайы сынақтардан өткізу де олардың электр торабымен өзара әсерлесуінің біркатар кемшіліктерін және тіптен қоршаған электромагнитті жағдайымен болатын әсерін де анықтай алмайды.

Шүбәсіз, мониторлардың электронды-сәулелі түтікшелеріндегі электромагниттік өріс деңгейлері, өндірушілердің күш-жігеріне байланысты төмендетілді. Ол көптеген тәуелсіз сертификаттық сынамалардың нәтижелерімен дәлелденген. Бірақ та дисплей экранындағы бейнелердің сипаты өзгергенде, олардың электромагниттік өріс деңгейлері 10 еседен де көп өзгеруі мүмкін, соның ішінде тесттік сынамаларда қалыптастырылған шамаларға қатысты жоғарылауы да мүмкін. Сондай-ақ мұндай әсерлер экрандағы бейнелерді шығару анықтылығы жоғары болатын, дамытылған дисплейлерде үлкен дәрежеде болады.

Монитор экранына көптеген ұсақ бөлшектерден тұратын жоғары контрасты суретті шығаратын стандартты бағдарламаларды орындауда, компьютер алдында жұмыс істеп отырған адам бағытындағы ЭМӨ деңгейі көп есе жоғарылайды. Ал мониторлар болса әлі де тек текстік суреттермен сыналуда. Бұл жұмыс тәртібінде қосылған компьютердің ЭМӨ деңгейі қалыпты жағдайда болады.

Дисплейдің ЭМӨ-інің классикалық көздерінен басқа (қоректену элементтері, жоғары вольтты элементтер, кадрлік және жолдық ашу блоктары) дисплейлердегі ауыспалы электр өрісінің электронды – сәулелі түтікшелеріндегі тағы да бір көзі бар екендігі анықталды – ол тікелей дисплейдің экраны.

Ол тек классикалық белгілі электростатикалық потенциалды ғана тудырмайды, сонымен бірге, ауыспалы электрлік өрісті де туғызады, ол экрандағы белгілі бір бейнелердің сипатында басқа элементтермен туғызылатын өрістен, қалай төмен жиілікті (5Гц... 2 кГц) диапазонында болса, солай аса жоғары жиілікті диапазонда (2 кГІ: 400 кГц) айтарлықтай жоғары болады.

Мысалы, 1998 жылы шығарылған экранының көлемі 15 дюйм болатын мониторлардың бір типі, сертификациялық сынамаларда тұтынушы бағытындағы жағдай 25 В/м болғанда 5 Гц... 2 кГц жиілік диапазонында 17 В/м және қалыпты жағдайда 2, 5 В/м 2 кГц... 400 кГц жиілік диапазонында 1, 1В/м болатын спектр өрісімен сипатталды. Осында дамытылған бағдарламамен немесе экранды режимде емес, терезелік режимде жұмыс істеу кезінде, экраннан 50 см 5 Гц... 2 кГц жиілік диапазонында электрлік өріс кернеулігі, экранда орындалатын бағдарламаның алған ауданына байланысты 55 В/м-ге жетті.

2 кГц.... 400 кГц жиілік диапазонында нақты жұмыс істеу тәртібінде электр өрісі деңгейінің жоғарлауына басқа факторлар әсер етеді. Мұнда электр экранындағы ақпараттың сипаты айтарлықтай маңызды болады. Атап айтқанда, сызбалы ақпараттары бар жұмыстар істеу уақытында, әсіресе монитор экранындағы бейнелердің қанықтылығы жоғарылағанда да өріс кернеулігінің бірден көбеюі байкалады.

Зерттеулер, сондай-ақ монитор экранындағы бейнелермен жұмыс істеу тәртібін және ақпараттарды бейнелеу сипатын өзгерткеңде монитормен туғызылатын өрістердің тек интегральды деңгейлері ғана емес, сонымен катар, олардын спектральды құрамы да өзгеретінін көрсетті. Осы өрістен тиімді қорғану – монитор экранына, тіпті онда кауіпсіздік сертификаты болған күнде де, 5 Гц.... 400 кГц жиілік диапазонында электрлік өрістерді төмендету сапасын сипаттайтын көрсеткіштері бойынша міндетті түрде сертификатталған қорғаныстық экрандық фильтрді орнату.

Өкінішке орай, ПК-дің мониторларына арналған қорғаныстық экрандық фильтрлер сапасын регламенттейтін нормативтік құжаттар, (МЕСТ Р 51658-2000) Ресейде тек 2001 жылы ғана іске енгізілді. Жарнамалық материалдарда және қорғаныстық сүзгілердің құжаттарында көрсетілген, ЭМӨ-ті әлсірету бойынша шамалар 95... 99 пайыз осы сүзгілердің стенділік сынамаларына қатысты және ешқашанда нақты жағдайларда қол жеткізу мүмкіншілігі болмайды.

Соған орай, сүзгілерді шығарушылармен кепілдендірілген төмен жиілікті ауыспалы ЭМӨ-ті әлсірет у шамалары нақты жұмыс істеу жағдайларында 2... 4 реттен аспайды. Стенділі сынамалар нәтижелерімен тек жұмыс орындарындағы дисплей экранынын электростатикалық потенциалын сүзгімен әлсірету шамасы ғана сәйкес келеді.

Жалған жарнамалармен қоса белгілі бір «қулықтар» да орын алады, бұл кезде өндірушілер төл құжаттарда немесе жарнамада оның жиілікті диапазонға байланыссыз минимальды өткізу шамасын көрсетеді. Мәскеу және Мәскеу облысындағы мектептердегі компьютерлік класстарында ПЭЕМ-ның экранынына арналған қорғанысты сүзгілер жұмы с орындарының 80%да тұтынушыны электро-магниттік өрістің әсерінен құтқармайтынын айту жеткілікті.

Банктер мен кеңселерде осыған ұқсас жағдайлар, жұмыс орындарының 50 пайызын құрайды, ал жұмыс орындарының 13 пайызында операторлардың орналасу аумағында ЭМӨ сапасыз сүзгілерді пайдалану салдарынан тіпті жоғарылаған.

Бірқатар мониторлардың түрлерінен шығатын электрлік өріс деңгейінің 5-10 есе өзгеруіне әсер ететін факторлардың ішінде, торапты ашалы (розетка) монитор қорегінің (монитор жүйелік блок арқылы қоректенгенде жүйелі блокты) айырын (вилка) шамалауды атап көрсетсе болады.

Қазіргі кезде қолданылатын мониторларды электромагниттік қауіпсіздікке сынау әдістері қоректену вилкасының әртүрлі шамалануда өрістердің деңгейін тексеруді қарастырмайды. Монитордың сертификаттау сынамаларын өткізгеннен кейінгі жұмыс орындарындағы электрлік өрістердің деңгейлері экологиялық қауіпсіз санитарлық нормалардан асып кетуі де әбден мүмкін. Сондай-ақ, тек тұтынушыға ғана емес, барлық кеңестік бағыттарда.

ЭМӨ-тің кеңістік шамалануын бөлмелерден жұмыс орындарының аса жоғары шоғырланғанында да ескеру керек, себебі МРR. П және ТСО 95 стандарттары, ПК-дің сырт жағынан өтетін төмен жиілікті электр қойылатын өрістерін шектемейді. Зерттеулер статистикасы бойынша, жұмыс орнындағы ең дамытылған компьютерлердің 20 пайызға дейінгісінің, олармен туғызылатын ЭМӨ деңгейлері бойынша ескі үлгідегі компьютерлерден айырмашылығы шамалы. Оның себебі – мекемелерде қолданылатын электрмен жабдықтау розеткілері (табақшалары). Еуропа стандарттарымен шығарылған олар, іс жүзінде ПК-дің қоректендіру баулығы вилкасының (айыры) жерлетуші өткізгішімен тиісті қатынасын камтамасыз етпейді.

Жұмыс орындарындағы ЭМӨ деңгейін саудада кең жарнамаланатын тасымалдағыш секілді тораптық сүзгілер («Ріlot» және т. Б. ) бірден жоғарылатады. Мұндай сүзгілерді пайдалану тек қоректену торабындағы кедергілердің салдарынан өшіп қалу фактісі дәлелді түрде анықталғанда ғана мақсатты.

«Notebooks» портативті компьютерлерін пайдаланудың толық қауіпсіздігі туралы көзқарас кате. Төмен коректендіруші кернеуліктерде бұл компьютерлерде экранның электрлік потенциалдары болмайды, қоректендіру жүйесінің енгізілген импульсті кұрастырғыштарымен туғызылатын ауыспалы электромагниттік өрістер, « Notebooks»-тің бірқатар түрлерінде, электронды - сәулелі түтікшелі мониторлардың өрістерінен ешкандай кем емес.

ПК-дің қоршаған ортамен электромагниттік сәйкестігіне аса көңіл бөлу қажет. Адамдардың көбісі, мониторы электронды – түтікшелі жеке дербес компьютерлерде жұмыс істеу барысында экранда тұтынушының кезі үшін қауіпті бейнелердің тұрақсыздығы пайда болуымен беттеседі. Егер мониторды алмастыру жағдайдың өзгеруіне алып келмесе, бейнелердің тұрақсыздығы, бәрінен бұрын монитордың электронды сәулесіне 50 Гц өнеркәсіптік жиілігіндегі сырттан келетін магниттік өрістің әсер етуімен байланысты болады.

Эксперименттердің көрсетуі бойынша, 14 және 15-дюймдік мониторларда бейнелердің дірілдеуі сыртқы магниттік өрістің шамасы 1000 нанотеслдан (нТл) (0, 4 А/м) көп болғанда пайда болады. Өрістің сандық шамасы экран көлемі 17 дюйм және одан да көп болса төмендейді. Іс жүзінде мұндай деңгейдегі магниттік өрістер өндірістік ғимараттарда орналасқан бөлмелерде ПК-де жұмыс істегенде пайда болады. Ал қазіргі уақытта осындай ғимараттарда кеңселерді жалға алу кең таралған.

Сертификатталған мониторларда бейнелердің тұрақсыздығы неліктен пайда болады, себебі, қазіргі уақьпта Ресей мен Қазақстанда бейнелердің және уақытша тұрақтылық өлшемдері бойынша төмен жиілікті өрістердің әсеріне мониторлардың шыдамдылығын тексеру қарастырылмаған.

Сыртқы магниттік өрістердің осыған ұқсас деңгейлерінде, осы магниттік операторына тікелей әсер көрсету нәтижелері пайда болады. Әдеттегі жағдайларда, деңгейі бойынша қауіпсіз магниттік өріс (500-1000нТл) компьютерлі техникасы бар жұмыс орындары үшін қауіпті болады.

Мұндай бөлмелерде ПК-і бар жұмыс орындарын пайдалануға тыйым салу дұрыс болар еді, бірақ оған әлі көңіл бөлінбеуде. Міне, сондықтан да ПК операторлары мұндай жағдайларда «ең шеткі» болып шығады, ал ұйымдардың басшылары оларға қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ете алмайды.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі эксперименттік мәліметтер емес ПК-ді пайдаланудағы бір рет болған жағдай емес. Сынау зертханасымен несиеленген «Циклон-Тест» кәсіпорыны бірнеше мыңдаған компьютерлік техника мектептердің, кәсіпорындардың, банктердің, фирмалардың кеңселерінің орындарын тексерді.

Жеткілікті қаржы-каражаттары бар коммерциялық құрылымдарда, банктерде жағдай бәрінен де жақсырақ болуы тиіс сияқты еді. Бірақ Ресейдің ең бір ірі банкісінің белмелеріндегі тексерілген 142 жұмыс орнының 125-де электр өрісі кернеулігінің рұқсат етілген деңгейлерден жоғары екендігі байқалды. Олардың бірқатарында – 10 және одан да кемінде 5 Гц - 2 кГц жиілік жолағында болды. Жиіліктің осы жолағында 57 жұмыс орнында ауыспалы магнитгік өрістің индукция шамасы қалыптыдан жоғары болып шықты. Соңғылары Қытай және Тайван өндірушілерінің ескі үлгідегі дисплейлерімен байланысты болды.

12 жұмыс орнында 2кГц - 400 кГц жиілік жолақтарында өріс кернеулігі қалыптан жоғары. Тек үш орын ғана тиімділігі жақсы сүзгілермен қамтамасыздалған болып шықты, ал қалған жұмыс орындарында сүзгілер ие болған жоқ, не болмаса олар кернеуліктің төмендеуін қамтамасыз етпеді.

Ал, магниттік өрістің индукциясы осы жолақтарда 36 жұмыс орнында жоғарылаған болды. Жиіліктің бұл диапазонындағы индукция шамасын анықтайтын негізгі себеп дисплейді жолдык ашу тоқтары болып табылады. 16 жұмыс орындарында беткейлік электростатикалық потенциалдың шамасы қалыптыдан жоғары болды.

Мұнда келтірілген өте толық емес ПК-рі бар жұмыс орындарын пайдалану ерекшеліктерінің тізімі, жұмыс орындарында электро-магниттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің колданылатын компьютерлік техникаға тәуелсіз, өзіндік маңызы бар екеидігіне куәлік етеді. Істе бар СанНмЕ –дің талаптары н қамтамасыз етуге кепілдік беретін шаралар кешенінің ішінде үш бағытты бөліп көрсетуге болады.

Бірінші – жұмыс орындарындағы электромагниттік өріске құрал-жабдықтық өлшеулерді оған билігі бар сынақ зертханаларымен талап етілетін арнайы гигиеналық құжаттарды толтыра отырып жүргізу.

Екінші – ПК-і бар жұмыс орындарын ұйымдастыру және компьютерлі техника орналастырылатын бөлмелерге қойылатын арнайы талаптарды қамтамасыз ету бойынша техникалық шаралар.

Үшінші – компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезіндегі злектромагниттік қауіпсіздік ережелеріне қызметкерлерді оқыту.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!