Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бейнелердің косылуына арналған жаттығулар



Қашықтатылған затты қабылдау:

• Көзілдірігіңізді шешіңіз!

• Сол қолыңыздың сұқ саусағын мұрыннан шамамен 20 см қашықтықта тік ұстаңыз, ал оң қолыңыздың сұқ саусағын – мұрыннан 40 см-ге жуық аралықта тік ұстаңыз.

• Көзқарасыңызды алыстау тұрған саусаққа тастаңыз.

• Көзкарасыңыз бір нүктеде қалмас үшін саусақты қимылдатыңыз.

• Сіздің көзкарасыңыз бұрынғыша алыста тұрған саусаққа бағытталса да, екі сол жақ саусақтарды көріп тұрсыз.

• Сіз «қақпаларды» керіп тұрсыз, ол сіздің миыңыздың, мұрынға жақын тұрғанды емес, қашықта тұрған саусақтың бейнесін бірлестіргенін білдіреді. «Қақпа» әрбір кез жеке қабылдаған «бейнені» береді.

Жаттығуларды орындау кезінде жиі жиі көзіңізді жыпылықтатыңыз, ол миыңыздың кернеулігін әлсіретеді. Сіздің дем алысыңыз терең және бір қалыпты болғанын қадағалаңыз.

Жақын арада орналастырылган затты қабылдау:

• Енді көзқарасыңызды сол қолыңыздың сұқ саусағына ауыстырыңыз, ол сіздің мұрыныңыздан шамамен 20 см қашықтат болсын.

• Одан ары орналасқан оң қолыңыздың саусағы, екеуленіп және бұлдырап көрінеді.

Осылайша сіз, барлық жерде, сіздің көздеріңіз қайда қараса да, миыңыз сол сәтте-ақ бейнелерді бірлестіретініне көз жеткізуге мүмкіндік аласыз.

Массаж және акупрессура

 

Белсенді нүктелерге әсер ету сіздің көңіл-күйіңізді жақсартады.

Зер салып көру және ойлау жұмысы, асығу, нервоздық жағдай, қатты зорығу, жағымсыз жағдайлар және алаңдатушылықтар көз, бет, бас, шүйде және иық белдеуі бұлшықеттерінің тырысуын және кернеулігін тудырады.



Көрудегі зиянды әдеттері барлар (көздерді қимылдатудың орнына бір бағытта, нүктеге көз алмай қарау), сағаттар бойы қозғалмастан компьютер алдында отырады және монитордан көз алмайды, мойын, шүйде және иық аймағындағы бұлшықеттер, сіңірлер және буындар қатты зорығады.

Денеден басқа еркін келіп түсуі керек энергия ағымы бөгеледі. Тыныс алу үзілісті және беткей бола бастайды, шаршау сезімі мен дел сал болу сезімі тез пайда болады.

Шүйде, мойын және иық бұлшықеттерінің басылып қалу және зорығу жағдайлары оттегінің басқа және миға жеткіліксіз түсуіне алып үзілісті және беткей тыныс алуға, көздердің көрулік жұмыс қабілеті төмендеуіне, зейін мен ойлау белсенділігінің төмендеуіне, көздегі ауруға немесе көз маңындағы ауруларға, бас ауруына немесе сақина ұстамаларына, шаршағыштыққа алып келеді.

Бұлшықеттердің шектен тыс зорығуы мен тырысулары және қатты зорығу әсерлері және тез көмекті массаж бен акупрессура көрсете алады. Көздің бұлшықеттік кернеулігінде және зорығуында суға тыныштандырушы қасиеттері бар дәрілік шөптердің жұпар иісті тұнбалары қосылған жылы ванналар өте пайдалы. Мұндай ванналарды ұйықтар алдында қабылдаған бәрінен де пайдалы.



Өзіңізді аялаңыз және аса кернеуленген шүйде және жағалық аумақ бұлшықеттеріне массаж жасау рахатынан өзіңізді тиымаңыз. Массаж сеанстары арасындағы аралықтарда өзіңіздің жағдайыңызды төменде келтірілген массаж бен акупрессураның қарапайым тәсілдерімен жеңілдетіңіз.

Осындай жағдайларда келесі шарттарды орындаңыз:

• массаж жасауда және акупрессура тәсілдерін қабылдауда міндетті түрде көзілдірігіңізді шешіңіз!

• Барлық жаттығуларды жұмылған көздермен істеңіз, соның нәтижесінде бұлшықеттік зорығуды басу үрдісі аса қарқынды және тиімді болады.

 

Тұжырым

Барлық жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, өзіңіздің өміріңізді, сіздің компьютерде жұмыс істеу кезінде және бос уақыттарында белсенді демалып және өз күшіңізді қалпына келтіруге мүмкіншілігіңіз болатындай етіп ұйымдастыруыңыз қажет! Көру қабілетін шыныктыруға арналған жаттығулар және көрулік зорығуды басуға арналған тәсілдер әрбір жұмыс күнінің бұлжытылмас бөлігі болуы керек. Алғашқыда көзге арналған жаттығулардың біреуін, ең көп дегенде екеуін меңгеріп және үнемі орындау жеткілікті. Сіздің жұмсаған күш жігеріңіз, көздеріңіздің шаршамайтын болуымен, көзсалымыңыз үнемі ашық және жарқыраған болуымен, зейіннің жинақталуымен, ойлау кабілетінің жақсаруымен орнына келтіріледі. Өздерініздің көздеріңізді аялаудың маңыздылығы туралы ойға тереңдей беріліңіз және денсаулығыңызға зиян келтірмеу үшін өз жұмыс орыныңызды колайлы етіп жабдықтаңыз. Жұмыс істеп жатқан бөлмеңізден бөлмелік өсімдіктерге арналған бұрыш табыңыз. Сәндік мақсатта құрғақ гүлдері бар вазаларды пайдалануға болады (мысалы, лавандамен). Бөлмені хош иісті өсімдіктермен де сәндеуге болады, кептірілген жалбыз букетін немесе апельсинге жұпар иісті қалампыр сұғып қойып қойыңыз. Өзіңіздің жұмыс орныңызға жақын араға жеміс-жидектер салынған вазаны қойыңыз және тәтті тағамдармен бірге отырыңыз. Қабырғаларға кез қуантатын, түрлі-түсті картиналар, лампалар және т.с.с., іліп койыңыз. Кофенің орнына минералды су ішіңіз. Өз денсаулығынызды ойлай отырып, шылым шекпейтін-дерден келісе отырып, жұмыс орныңызда шылым шекпеуден бас тарту.

Компьютерде жұмыс істей отырып, сіз мыналарды жасауыңыз керек: күні бойы бірнеше рет палъминг жасауыңыз керек; жиі-жиі және тез-тез көзіңізді жыпылықтатуыңыз керек; бөлмеңіздегі заттарға көзіңізбен «саяхат» жасауыңыз сатылы фокусировканы тәжірибелеуіңіз керек; жұмылған көздеріңізбен соляризация жасауыңыз керек; өз тынысыңызды қадағалауыңыз керек; беріліп жиі-жиі есінеуініз керек; бар денеңізбен керілуіңіз керек; иықтарыңызбен айналмалы қозғалыстар жасаңыз; басыңызды оңға және солға бұрыңыз; белсенді демалыстың қысқаша паузалары жұмысқа қабілеттілікті жоғарлататыны және көзіңіздің зорығуын басатынын есіңізде ұстауыңыз керек; мүмкіндігінше жиі көзілдіріктеріңізді шешіп тұрыңыз; осылардың құрметінен сіз сөзді тікелей мағынасында түсінгенде өз көру өрісіңізді кеңейтесіз. Бұдан бөлек көзілдіріксіз көздеріңіз босаңсиды, ал мөлдір қабықты қисықтығын реттейтін цилиарлі бұлшықет шынығады.

Көрудің зорығуын және жалпы зорығуды төмендетуге арналған жоғарыда аталған әдістерден басқа соңғы кездерде ВДТ-ды тұтынушылар үшін әртүрлі түрлі-түсті көзілдіріктер пайда болды. Оларды көбінесе «қорғаныстық» деп атайды. Бірақ та, бұл дұрыс емес, өйткені дамытылған мониторлардың экрандары, сәулелі түтіктердің электроникасында пайда болатын, зиянды сәулеленулердің барлық түрлерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл «компьютерлік көзілдіріктер» экранда бейнелердің контрастын жоғарлатуға негізделген. Н. М. Эмануэль атындағы РАН биохимиялық физика институтымен (М. А. Островский, П. П. Зак) дамытылған мониторлар бейнелерінің контрастын жоғарылататын, оның түстік сипаттамаларын адам көзінің спектральды сезімталдығына жақындату жолынен, арнайы фильтрлер жасалып шығарылған. «Лориет М» фирмасы (П. Е. Голиков, В. М. Мосин) тұтынушылардың кәдімгі түзетпелі көзілдіріктерді жабу технологиясын ойлап шығарды. Гельмгольц атындағы Мәскеу ЕЗИ-мен (А. А. Фейгин, Ю. З. Розенблюм, Т. А. Корнюшина, Л. И. Нестрюк) компьютерді ұзақ пайдаланатын құрастырғыштармен бірге жүргізілген зерттеулер, осы көзілдірікті 4-апта қолданудан кейін тұтынушылардың 87%-ы жұмыстарының субъективті жақсарғанын байқағанын көрсетті, сонымен бірге, осы көзілдіріктерді қолданудың жұмыс ауысымы кезінде аккомодацияның патологиялық өзгерістерін төмендететінін анықтады. Тікелей жұмыс орындарында дисплейлердің өзінің көмегімен көрудегі зорығудың алдын алу бойынша әдістер өнделуде.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!