Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ми реакциясы зейіннің және ойлау белсенділігінің төмендеуімен көрінеді, енжарлық, шаршағандық, жалпы аса зорығу білінеді



Көз ұзақ уакыт күн жарығынан айырылғанда, мысалы, қара және күннен қорғаушы көзілдіріктерді кигенде, терезе әйнектері қараңғыланған автомобильдерде немесе қараңғы бөлмелерде ұзақ уақыт жүргенде, олар жарық сезінуінің төменденуіне ұшырайды. Бұл кезде торлы қабықтың жүйкелері әлсірейді, оның қабылдаушы қабілеттері тұйықталады, көздер күн жарығына өте сезімтал болады және көру қабілеті, әсіресе, ымыртта және караңғыда нашарлайды. Көздері күн жарығын алмайтын адамдар, ашық жарықта тек жағымсыз сезімдерді ғана емес, сонымен қатар, жіті ауруларды да сезінеді.

Күн жарығының тапшылығымен көздің «жарықсезгіштігі» арасындағы өзара байланыс туралы білмей тұрып, көптеген адамдар көздерді қараңғы көзілдіріктермен қорғай отырып, «аялау» керек деп сенеді. Ал, арада мұндай көзқарастар затың шынайы жағдайына қарама-қайшы келеді.

Жарықсезгіштік қараңғыда нашар көрумен бірге жүреді, ол бас ауруында, бастың сақинасы ұстағанда, жалпы шаршауда, күйзелісте немесе ауруларда одан да көп нашарлайды.

Д-р Бейтс «Көзілдіріксіз көру қабілетін жақсарту» деген кітабында өзіне көмек сұрап қаралған пациенті туралы айтады, онда бір дәрігер оның көздерінің жоғары сезімталдылығына байланысты бір көзіне қатты таңғыш қоюы, ал екінші көзін қара әйнекті көзілдіріктермен қорғау керектігін ұсынған. Екі жыл бойына ол әйел іс жүзінде толық қараңғылықта өмір сүрген, бірақ ешқандай жақсаруды сезінбеді. Д-р Бейтс онымен күн жарығымен емдеу курсын жүргізді. Соның нәтижесінде, емделуші жоғары жарық сезгіштіктен құтылды, ал көру өткірлігі болса жоғарылады. Тәжірибелер, тіпті күшті жарық сезгіштікте де күндік немесе жарықтық ванналарды ретт і қолданғаннан кейін, көздер қиындықсыз күн жарығын қабылдайтынын көрсетті.



Күн немесе жарықты ванналардың оң әсері былай: күн жарығы көз қысымын, жүйке және бұлшықет кернеулігін түсіреді; сіздің көздеріңіз күн жарығын қаншалықты көп қабылдаса, соншалықты ойлау әрекеті жақсы және көздеріңіз жітілеу; күн жарығы торлы қабықты қатайтады және регенерациялайды, көздің қанмен қамтамасыздалуын жақсартады; күн жарығы қараңғыда көру қабілетін едәуір жақсартады. Көздер сулы беткейлерде шағылысулардан, күннен, ұшқындаған қардан, автомобиль фарларының жарығынан жән е т. с.с. Аз зардап шегеді; соляризация мидың жүйкелерін белсендіреді және ынталандырады, ол зейін мен ойлау қабілеттерін ерекше жақсартады; Соляризация энергияның ағзаға қарқынды түсуін қамтамасыз етеді; соляризацияның бірнеше сеанстарынан кейін-ақ жарықты ашығуға ұшыраған көздің торлы қабықшасы заттарды едәуір анығырақ кабылдайды; күн жарығының әсерінен көздер демалады, көз бұлшықеттері босаңсиды, қан айналымы күшейеді; күн жарығы көз жасы бездерінің жұмысын реттейді және белсендіреді.



Аса күштенуде көздер қызарады, жасаурайды, олардағы қан тамыр жарылады, көзге түйіршік түскендегідей жағымсыз шаншу сезімдері пайда болады, жарықтан қорқу дамиды.

Күн жарығы жағымды физикалық комфорттық сезім береді, тыныштандыратын жеңілдік және психикалық босаңсу сезімін тудырады. Күн жылуы шаршаған көздердегі және дененің шаршағанын басады, бірақ көңіл-күй, жүйесін тыныштандырады.

Өз көздеріңізді аялаңыз, оларға бірнеше минут демалыс беріңіз. Ашық күнді ауа райында ретті түрде көзіңізд і қатайтыңыз.

Жабылған көздерге күн сәулелерінің әсерінен кабыну үдерістері басылады, микроорганизмдердің белсенділігі төмендейді. Бар мүмкіншілікте күнді пайдаланыңыз: түскі үзіліс мезетінде, серуендеп жүргенде және т. с.с.

Ол келесі жолдармен іске асырылады:

• Көзілдірігіңізді шешіңіз.

• Көзіңізді жұмып, ашық күн жарығына қарап тұрыңыз (бөлмеде терезе әйнегінен емес, міндетті түрде таза аулада!).

• Еркін, күш салмай, басыңызды бірде оңға, бірде солға күн сәулесі сізге барлық жағыңыздан кұйылатындай етіп бұрып тұрыңыз.

Егер тіпті жабық қабақтар арасынан күн жарығы жағымсыз сезімдер немесе аурулар тудыра отырып, сізге шағылысатындай ашық болып көрінсе, онда көлеңке астына, мысалы, ағаш көлеңкесіне тұрыңыз.

Оңтүстікте тұратындарға арналган кеңестер.

Егер сіз оңтүстікте тұрып көздеріңізге күн ваннасын қабылдап тұрған болсаңыз, абсолютті қараңғылыққа арнайы қол жеткізу үшін, оқтын-оқтын көздеріңізді алақандарыңызбен жауып тұрыңыз. Осылайша сіздің көздеріңіз ашық жарық пен қараңғылықтың әсеріне кезектестіріліп ұшырайды. Мұндай тез және кенеттен болатын тербелістер кез келген көз үшін пайдалы шынықтыру болып табылады.

Көздерді соляризациялау ұзақтығын көңіл-күйіңіз бен қажеттілігіңізге қарай өздеріңіз анықтайсыздар. Алғашқыда 30 секунд жеткілікті, жаттығулардың ұзақтығын 5 минутқа дейін көтеруге болады.

Өзіңіздің сезіміңізге сеніңіз, өзіңіздің жағдайыңыздың комфорттылық дәрежесін басшылыққа алыңыз. Бір адам үшін мұндай жаттығулардың шектік ұзақтығы 2 минут болса, басқа біреуге бұдан да көп керек болуы мүмкін. Ең басты талапты орындауды есте сақтаңыз: бұл жаттығуларды тек қана жабық көздермен істеу керек. Оқтын-оқтын күн ванналарын «жарқылдықтармен» үзіп тұрыңыз. Соляризацияны үнемі пальмингпен аяқтаңыз. Жаттығу жасап тұрып, жиі көздеріңізді жыпылықтатыңыз, қытырлағанша бар денеңізбен керіліңіз, рахаттанып есінеңіз. Бетіңізді салқын сумен шайыңыз, ол сізді сергітеді және жаңартады.

 

Жарқылдықтар (Проблеск)

Ол былай істелінеді:

• Жаттығуларды үнемі көзілдіріксіз жасау!

• Көздерінізді жұмасыз. Көздеріңізден алақан ені қашықтығында қол және бірінен кейін бірін-бірінен онша емес қашықтықта орналастырыңыз. Саусақтарыңыздың арасын ашыңыз және қолдарыңызбен жоғары-төмен тез-тез қимылдатыңыз. Әртүрлі карқындылықтағы кезекпен әсер етуі көздерге пайдалы және ұнамды. Өзі бір массаж түрі бұл жаттығу торлы қабықтың фоторецепторлық жасушаларының, мидағы көру орталығының жұмысын белсендіреді және көздердің қан айналымын күшейтеді.

Берілген жаттығуды созылмалы пальмингпен міндетті түрде аяқтау керек. Содан соң бар денеңізбен керіліңіз, жиі-жиі жыпылықтаңыз және рахаттанып есінеңіз.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!