Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Көрудің әртүрлі ақаулары кезінде компьютермен жұмыс істеу



Көру қабілетінде ақаулары бар адамдардың компьютер мониторымен жұмыс істеу мүмкіншілігі, бір жағынан жұмыс, түрімен және ауырлық дәрежесімен, екінші жағынан – ақаудың сипатымен анықталады.

Жалпыға мәлім, мұндай жұмысқа қабылданушы дәрігер-офтольмологтың қарауынан өтуі тиіс.

I-категориялы ауырлықтағы жұмыстар, яғни, аусымда 20 000 таңбаға дейінгі ақпараттарды оқу, ауысымына 15 000 таңбаға дейінгі ақпараттарды енгізу немесе ауысымына 2 сағатқа дейін диалогтық режимде жұмыс істеу көрулік-күштенулі жұмыстарға жатпайды және мұнымен айналысатын адамдар арнайы тексерулерден өтпеуі керек. Бірақ, көру өткірлігі түзетпесімен бірге 0, 4-тен кем болмағаны дұрысырақ болады, ол стандартты шрифтті 60-70 см қашықтықтан оқуға қол жеткізеді. Көру өткірлігі едәуір төмен болған кезде шрифт көлемін жоғарылатуға , яғни, жұмыс бағдарламасын өзгертуге тура келеді.

II-категориялы ауырлықтағы жұмыстар, яғни ауысымда 40 000 таңбаға дейінгі ақпараттарды оқу, ауысымына 30 000 таңбаға дейінгі ақпараттарды енгізу немесе ауысымына 4 сағатқа дейін диалогтық режимде жұмыс істеу көрулік-күштенулі жұмыстарға жатады. Мұндай жұмысқа қабылданаған адамдарда 8, 0 дптр дейін алыстан көргіштік немесе жакыннан көргіштігі, 3, 0 дптр дейін астигматизмі, көру өткірлігі 0, 5/0, 2 түзетпесімен болса, қабылдана береді. Ал, жұмыс істеп жүргендер үшін астигматизмі 4, 2 дптр-ға дейін, көру өткірлігі 0, 4/0, 2 түзетпесімен болса рұқсат етіледі. Орны басылмаған және суборын басылған глаукомасы барлар жұмысқа жіберілмейді.

III-категориялы ауырлықты жұмыстар, яғни, ауысымда 60 000 таңбаға дейінгі ақпараттарды оку, ауысымына 40000 таңбаға дейінгі ақпараттарды енгізу немесе ауысымына 6 сағатқа дейін диалогтық режимде жұмыс істеу оператордың көру мүшесіне одан да қатаң талаптар қояды. Жаңадан қабылданушыларда алыстан көргіштік 2, 0 дптр-ға дейін, жақыннан көргіштік үшін 5, 0 дптр-ға дейін, астигматизм 1, 5 дптр-ға дейін көру өткірлігінің түзетпесі 0, 9/0, 6 болса қабылдана береді. Жұмыс істеп жатқандар үшін алыстан көргіштік 3, 0 дптр-ға дейін, жақыннан көргіштік үшін 6, 0 дптр-ға дейін, астигматизм 2, 0 дптр-ға дейін көру өткірлігінің түзетпесі 0, 7/0, 5 болса рұқсат етіледі. Бұдан бөлек жұмысқа қайта қабылданушыларда жасына байланысты норма шамасында аккомодация көлемі ( 20 жасқа дейінгілерде – 5, 0 дптр, 21-25 жаста – 4, 0 дптр, 26-30 – 3, 0 дптр, 31-35 – 2, 0 дптр, 35 жастан ары – талап қойылмайды) болуы керек. Сондай-ақ, бинокулярлы көруі болуы қажет. Жасырын қыли көз көлденеңі бойынша 4 шк. Дптр және тігінен 2, 0 шк. Дптр-ға дейін рұксат етіледі. Көзішілік қысымы жоғарлауға бейім адамдар жұмысқа жіберілмейді.



II және III категориялы жұмыстар үшін жас ағумен, жарықтан қорқу және басқа да көздің тітіркену белгілерімен жүретін көздің қабынулық және аллергиялық аурулары, торлы қабық пен көру жүйкесінің аурулары қарсы көрсеткіш болып табылады.

Түс белгілі бір ақпарат беретін бағдарламаларда жұмыстарды орындауда түстік көрудің қатал бұзылыстары – қызыл түске (протонопия) және жасыл түске (дейтранопия) соқырлық та қарсы көрсеткіш болады.



Диплей тұтынушыларының оптикалық түзетпе қағидалары жалпы түзетпе қағидаларынан ерекшеленбейді. Олар көру ақауларының табиғатынан және берілген тапсырмамен көру қабілетіне қойылатын талап-тарынан шығады.

Жақыннан көргіштік (миопия) көз алмасының шектен тыс өсуімен қамтамасыз етілген. Ол 8-18 жас аралығында жиі дамиды және алғашқы төрт жылында өршу қасиетіне, яғни, өзінің дәрежесін көбейтуге қасиеті бар. Бүл өршуді әдетте жакын ара қашықтықта ұзақ күштенулі жұмыс істеумен байланыстырады. Мұндай жұмыс аккомодацияның үнемі күштенуін талап етеді, ал ол болса жақыннан көргіштіктің дамуына алып келеді.

Жакыннан көргіштік негізінен көз ауруы емес, оның фокустеуші қабілетінің бұзылуы. Жақыннан көргіш көз тым үлкен болғандыктан, оның фокустық нүктесі көздің торлы қабығында емес, оның алдында болады. Жақыннан көргіш жақында орналасқан заттарды өте анық көреді, ал бірақ, алыста тұрған заттарды көруі – анық емес. Оларды анық көру үшін көздің алдына ойыс (теріс) линза кою керек. Айтылғандар бойынша, жақыннан көргіштікті емдеп жазуға немесе кішірейтуге болмайды, яғни көз алмасының көлемін өзгерте алмаймыз. Жақыннан көргіштікті көзілдіріктердің, байланыстық линзалар немесе хирургиялық операциялар көмегімен тек түзете аламыз.

Жақыннан көргіштікті түзету мақсаты – көздің фокустық нүктесін торлы қабыққа орналастыру және сонымен байланысты алыстан көруді қалыпты жағдайға жеткізу. Түзетудің екінші мақсаты – мүмкіншілігінше жакыннан көргіштіктің өршуін шектеу.

Енді басталған жакыннан көргіштігі бар балалар мен жасөспірімдерге әдетте тек қана алыстан көру – класстағы және аудиториядағы жұмыстар, кино, театр тамашаларын көру, теледидар қарау үшін көзілдіріктер тағайындайды. Компьютермен жұмыс істейтіндер үшін ереже бойынша көзілдірік қажет болмайды. Бірақ, көзді экранға өте жақын жақындатуына балаларды дағдыландырмау керек. Көздің экранға дейінгі ара қашықтығы 50 см –ден кем болмауы тиіс. Жақыннан көргіштіктің үлкен дәрежелерінде ВДТ-да жұмыс істеу үшін көзілдіріктер тағайындау керек, бірақ олар алысқа арналған көзілдіріктерден 1, 0-1, 5 дптр-ға әлсіздеу, аккомодацияға үнемі салмақ салмайтын болуы керек. Компьютермен жұмыс істеуге арналған көзілдіріктер 60-70 см қашықтықта тексттерді комфортабельді оқуды қамтамасыз етуі тиіс.

Үнемі көзілдірік тағатын, жақыннан көргіш ересек адамдарда компьютермен жұмыс істеуге арналған басқа көзілдіріктер, егер тұтынушы өз көзілдірігімен тек 60-70 см қашыктықта (экранға дейін) және көзден 30-33 см (терілген текстке дейін) аралықта газеттік шрифтті қиналып оқитын болған жағдайда ғана қажет болады. Егер сол бір линзамен екі қашықтықтан да оқу мүмкін болмаса, бифокальды көзілдіріктер тағайындайды.

Егер тұтынушы жанасулық линзалар киетін болса, онда олармен экран мен текстті қаншалықты жақсы көретініне көз жеткізу керек. Қажеттілігі бойынша жұмыс істеу үшін оң линзалары бар қосымша көзілдіріктер тағайындалуы мүмкін. Жақыннан көргіштігі бойынша, операциядан кейінгі адамдар да осы ережелерді пайдаланады.

Алыстан көргіштік (гиперметропия), жақыннан көргіштікке қарағанда туа біткен болады. Ол фокустық нүкте торлы қабыктың артында жататын көз алмасының өте кіші көлемімен қамтамасыз етілген. Алыстан көргіштік – дұрыс емес атау, өйткені тыныштық жағдайда алыстан да, жақыннан да нашар көреді. Тек аккомодация жолымен кейде ол алыстағы заттарды анық көре алады. Бірақ жылдар өте аккомодация бұлшықеттерінің күші әлсірейді және көру нашарлайды. Сондықтан да, алыстан көргіштіктің пайда болғаны туралы айтады, ал шын мәнінде оны тек анықтайды. Алыстан көргіштік көбінесе түйісуші кылилыкпен, сонымен қатар торлы кабықтың туа біткен жетіспеушілігімен бірге көрінеді, бұл кезде көзілдіріктің өзіде толық көруді қамтамасыз етпейді.

Алыстан көргіштікті дөңес (оң) линзалармен түзетеді. Алыстан көргіштік кезінде көзілдірікті тек қана көру өткірлігінің темендеуінде, немесе кылилықта немесе жұмыс кезінде зорығуда т ағайындайды. Балаларға көзілдірікті үнемі тағып жүру үшін тағайындайды. Ересектерге – не үнемі киіп жүру үшін, не болмаса жақын қашықтықтардағы жұмыстар үшін. Дисплейді пайдалану үшін көзілдіріктерді жақыннан көргіштік кезіндегідей ережелер бойынша тағайындайды экраннан 60-70 см және терілген тексттен -30-35 см қашықтықта комфортты оқуды қамтамасыз етуі керек. Ол үшін олар, алысқа қарағанда кішкене күштілеу, жақынға қарағанда кішкене әлсіздеу болуы керек.

Астигматизм рефракцияның жеке бір түрі болып табылмайды. Ол көздің біршама «плюстенуі», оның сфера формасынан ауытқуы және элипсоид формасына жақындауы. Ол кез келген рефракцияға – және миопияға да, риперметропияға да, эмметропияға да (мөлшерсіз рефракция) қабаттаса алады.

Астигматизмді тора (торическая) формалы (сфероцилиндрлі) линзалармен түзетеді. Батыста астигматизмнің тіпті кішкене дәрежелерін де түзетумен айналысады және 0, 5-0, 75 дптр цилиндрлі көзілдіріктер тағайындайды. Біздің бақылауларымыз бойынша мұндай астигматизм, ереже бойынша, көру қабілетін бұзбайды және түзетуді талап етпейді. Астигматикалық көзілдіріктерді сфералық линзаға цилиндрді қосу көру өткірлігін едәуір жоғарлатқан жағдайда ғана мақсатты. Ол әдетте 1, 0-1, 5 дптр-дан жоғары астигматизм дәрежесінде болады.

Астигматикалық көзілдіріктерге ересектерге қарағанда, балалар тез үйреніп кетеді. Сондықтан да, ересектерге мұндай көзілдіріктерді ең алғаш едәуір астигматизмде тағайындау керек. Оларға бейімделу қиынға түседі: алғашқы кездері пайдаланушы заттардың пішіндерінің бұрмалануын, олардың жақындауын немесе алыстауын байқайды. Ол әсіресе баспалдақпен жүргенде мазалайды.

Компьютермен жұмыс істеген кезде астигматикалық көзілдіріктерді егер олар бұрын тұтынушыда болған болса немесе экранмен жұмыс істеуде қиындықтар туғызатын астигматизм анықталған болса ғана тағайындайды. Бұл жағдайлардың өте сирек болатынын есте сақтаған дүрыс және көзілдірік таңдауда цилиндрлердің шын мәнінде жеңілдіктер туғызатынан көз жеткізу керек. Басым көпшілік жағдайларда, тұтынушы өзінің күнделікті пайдалануында болған цилиндрлерді қалдыру керек және олардың сферасын жоғарыда келтірілген ережелерге сай, яғни, 30-35 және 60-70 см қашықтықта комфортты көру үшін таңдау керек.

Пресбиопия (жасқа байланысты алыстан көргіштік) – аккомодация кабілетінің, яғни, өртүрлі қашықтықтарда анық көрудін әлсіреуі. Бұл үрдіс әдетте 35-40 жаста басталады және 60 жаста аякталады. Пресбиопия жақын қашықтықта жұмыс істеуге арналған көзілдіріктерді тағайындауды талап етеді. Бұл адам, мысалы, окығанда киетін жеке көзілдірік болуы мүмкін, не болмаса үнемі киіп жүруге арналған көзілдіріктегі линзаның арнайы бір бөлігі болуы мүмкін. Бифокальды және үшфокальды көзілдіріктер осындай, ал соңғы кездерде, линзалардың күші жоғарғы бөліктен төменге жайлап өзгеретін үдемелі әсерлі деп аталатын көзілдіріктер кең таралуда.

Жоғарыда айтылғандардан, дисплей тұтынушылары үшін прес-биоптикалык көзілдіріктер, оқуға арналған көзілдіріктерге қарағанда біршама әлсіз болуы керек. Өйткені, оларда экранды да (көзден 60-70см) және тестті де (көзден 30-35 см) айқын көру керек. Егер аккомодация тіптен болмаса, ол әдетте 60 жастан кейін болады, онда бір көзді экранмен жұмыс істеуге арнап, ал екінші көзді – қашықтықта жұмыс істеуге арнап түзету кейде мақсатты болады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!