Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ КӨРУ МҮШЕСІ



Дисплей үй мен мектептен бастап және кез келген сипаттағы іс әрекетпен аяктай отырып біздің өмірімізге белсенді түрде енуде. Кез келген өркендеуші жаңалық сияқты, дисплейлер де белгілі бір дәрежеде адамдардың өмірін жеңілдетті, бірақ та, басқа жағынан алғанда, жаңа мәселе - «дисплейлік ауруды» тудырды. Дегенмен, бұл түсінікті, өйткені дисплейлермен адамдар ерте жастан бастап (монитор экранындағы ойындар), ал кейбіреулері әртүрлі рефракция бұзылыстары және басқа да көз аурулары болса да жұмыс істейді. Дисплеймен жұмыс істеу әсерінің дәрежесі жасына, көру жүйесінің алғашқы күйімен және көрулік жұмыстар жағдайымен анықталады.

Төменде жиі кездесетін кәсіптік терминдердің түсініктері келтірілген.

Дисплей (видеодисплейлітерминал (ВДТ), видеомодуль, видеомо-нитор) – ақпараттарды көзбен бейнелеу үшін арналған, техникалық жүйелермен жеке өзара қарым қатынасында адам қолданылатын шығарушы электронды қондырғы. Қарастырылған жағдайда ол дербес компьютердің шығарушы құрылғысы.

Рефракция – көздің оптикалық жүйесімен жарықты сындыруы. Офтальмологияда «клиникалық рефракция» түсінігі қалыптасқан, ол көздің торлы қабығына қарағанда фокусты нүктенің орналасуы. Клиникалық рефракцияның үш түрін ажыратады: эмметропия, миопия, гиперметропия.

Эмметропия – сәулелер торлы қабықта фокусталады (көзілдірікті түзету талап етілмейді).

Миопия (жақыннан көргіштік) – сәулелер торлы қабықтың алдында фокусталады (көз үзын, теріс линзалармен түзетіледі).

Гиперметропия (алыстан көргіштік) – сәулелер торлы қабықтың артында фокусталады (көз кысқа, оң линзалармен түзетіледі).

Жоғарыда көрсетілген терминдерге сай ендігі ұсынылатын түсініктемелі терминдер шығады.

Аметропиялар – түзетуді қажет ететін рефракция түрлері, яғни миопия және гиперметропия.



Астигматизм – бір кезде әртүрлі ағымдарда әртүрлі дәрежедегі немесе түрлері әртүрлі аметропиялар үйлесетін жағдай. Көз бұл кезде сфералық емес, элипсоидты формада болады.

Аккомодация – әртүрлі қашықтықтарда заттарды анық көру қабілеті. Фокусировка көз және мөлдір қабаттың бұлшық еттерімен іске асырылады (жасқа байланысты болады).

Присбиопия – аккомодациялық кабілеттің жасқа байланысты әлсіреуі.

Астенопия – көз аймағында жағымсыз сезімдермен болатын функционалдық бұзылыс (ашу, күйдіру, «кұм түсу» сезімі, көз алмаларының қызаруы, көздің бұлыңғырлануы және т. Б. ), көз жұмысының күштенуінен кейін пайда болады.

Торлы қабық – бейне қалыптасатын көз алмасының ішкі қабықшасы.

Глаукома –көзішілік қысымның жоғарылауына байланысты көз ауруы.

Катаракта – мөлдір қабықтың бұлыңғырлануымен болатын ауру.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, компьютер тұтынушылардын денсаулығының бұзылу себебі болуы мүмкін. Жалғыз, анық қалыптастырылған факт, ол ВДТ-ды тұтынушылардың көзінің көруінің нашарлауы. Олар ең алдымен көздің зорығуымен, ал содан кейін бірқатар «астенопия» терминімен біріккен функционалдық бұзылыстарымен көрінеді. Оларға көз аймағындағы жағымсыз сезімдер және алыстан және жакыннан көрудің уақытша нашарлауы кіреді. Бұл кезде көздің нағыз ауруы (катаракта, глаукома және басқалар) әлі дамымайды. Қазірде компьютермен ұзақ жұмыс істеу салдарынан жақыннан көргіштіктің пайда болуы және өршу мүмкіншілігі әлі де түсініксіз болып отыр.



Оператордың ағзасына дисплеймен жұмыс істеудің әсерін зерттеуде электромагнитгік сәулеленудің әсері жөніндегі мәселе бірінші орында тұр. Электронды сәулелі түтіктерде орындалған дисплейлер жұмсақ рентгендік, ультракүлгін, инфрақызыл, көрінетін, радиожиілікті, төменгі және аса жоғарғы жиілікті электромагниттік сәулеленудің потенциалды көздері болып табылады. Егер олар ҚР-ның МЕМСТ-ын қанағаттандырса, онда бұл сәулеленулер адамға зиянды әсерін тигізбеуі керек. Компьютерлердің әртүрлі типтері үшін жұмсақ рентгендік сәулелену шамасы экраннан тіпті 5-10 см қашықтықта да қалыптастырылған нормалардан аспайды. Ультракүлгін жене инфра-қызыл сөулеленулердің деңгейлері табиғи фоннан төмен немесе оған сәйкес келеді және зиянды әсерін тигізе алмайды.

Дисплейлерді тұтынушылардың жұмыс орындарында төмен қарқындылықты электромагниттік сәулеленулер орын алады, олар 60 кГц – 300 МГц жиілік диапазоны үшін электрлік және магниттік өрістердің рұқсат етілген шамаларынан аспайды. Электрлік өріс қарқындылының максимальды деңгейі дисплейдің артқы панелінде және экран мен дисплей корпусынан 10 см қашықтықта біршама аз.

Электромагниттік сәулеленудің оператордың көру мүшесіне әсерін зерттеуде зерттеушілер бұл сәулеленудің, көзге зиянды әсерін таппады.

Дисплейдің электростатикалық өрісімен байланысты болуы мүмкін ең бір жалғыз ауруға бет терісінің дерматиті жатуы мүмкін.

Оператордың көзіне негізгі әсерді элетромагниттік сәулелену емес, монитормен көру – қауырттылықпен жұмыс істеу тигізетінін анықталған деп есептеуге болады. Әдебиетерде дисплеймен жұмыс істеудің көруге әсері туралы әртүрлі ақпараттар бар. Бір қатар авторлар, тұтынушылардың денсаулық жағдайына ұзақ уақыт бақылау жасай отырып, айтарлықтай функционалдық өзгерістерді таба алмады, ал басқалары, керісінше, көру жұмысының карқындылығы мен көру жағдайы арасындағы тікелей байланыстылықты көрсетеді. Соның ішінде, бұл әсерлер едәуір дәрежеде тұтынушының жасына, оның рефракциясына, көрудің физиологиялық көрсеткіштерінің күйіне, сонымен қатар, монитормен жұмыс істеу каркындылығына және жұмыс орнының ұйымдастырылуына байланысты болады.

Болгарлық авторлармен, ВДТ-ды тұтынушылардың үлкен санын (5703) тексеру кезінде келесі белгілер байқалды: көздің қызаруы (48, 44%), қышуы (41, 16%), ауруы (9, 17%), көздегі «құмырысқалар» (36, 11%), жағымсыз сезімдер (5, 6%), ауырлық сезімі (3, 94%), жалпы дискомфорт (10, 48%), бас аурулары (9, 55%), әлсіздік (3, 23%), көздің қарауытуы (2, 59%), бас айналу (2, 22%), екеулену (0, 16%). Бұл кезде көру жүйесінде объективті өзгерістер де байқалды: көру өткірлігінің төмендеуі (34, 2% жағдай), аккомодация бұзылыстары (44, 73% жағдай), конвергенция бұзылыстары (52, 02% жағдай), бинокулярлы көрудің бұзылуы (49, 42% жағдай) стереокөру (46, 8% жағдай).

АҚШ-да «компьютерлі көрулік синдромы» термині етек алды; оның жиілігі күннен күнге өсуде: 1992 жылы оптометристке көру шағым-дарымен ВДТ-ды тұтынушылардың 10 000-ға жуығы, ал 1996 жылы – 15000 –ы қаралды.

Жоғарыда айтылып өткендей, бұл құбылыстардың себебі – компьютер мониторының физикалық сәулеленуі емес, бұл қондырғымен көрулік жұмыс істеу ерекшеліктері. Экрандық бейнелену қағаздық бейнеленуден келесі өзінің сипаттамаларымен ажыратылады:

- шағыласқан емес, өзіндік жарқыраушы; едәуір аз контрастты;

- үздіксіз емес; дискретті нүктелер – пикселдерден тұрады;

- жыпылықтаушы (өшіп жанушы), яғни бүл нүктелер белгілі бір жиілікпен жанады және өшеді;

- жыпылықтаулар жиілігі қаншалықты аз болса, аккомодация анықтау дәлдігі соншалықты аз болады.

Жарықтың, контрасттың, таңбалардың бұрыштық мөлшерлерін жасаудың, кадрларды ауыстыру жиілігінің және басқа да экрандық бейнелеудің сипаттамаларының қолайлы көрсеткіштерін сақтау ВДТ-мен жұмыс істеуде көздің зорығуын едәуір төмендетуге қол жеткізеді, бірақ толық болдырмау мүмкін болмайды.

Көздің зорығуына көзді экраннан клавиатураға және қағаз бетіне үнемі аударып тұру, сонынен қатар жұмыс орнын ұйымдастыруда мүмкін болатын қателіктер – көзден экранға дейінгі ара қашықтықтың дұрыс болмауы, сыртқы жарық көздерінен экранда болатын шағылыстар, экранның шамадан тыс жарықтығы және түстерді дұрыс таңдамау да әсерін тигізеді.

Бұдан басқа, жұмыс кезіндегі статикалы дене қалпы, қайталанатын қозғалыстар және жұмыс орнын ұйымдастыру ұтымды емес, ВДТ –ды тұтынушылардың көптеген офтольмологиялық белгілерімен бірге жүретін сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылыстарының пайда болуына алып келеді. Мойын остеохондрозында бас ауруы, көз алмасының шарасынан шығып кете жаздау сезімі, көздің солқылдап ауруы, көрудің бұлыңғырлауы, «ұшып жүрген нүктелер» және кемпірқосақтық дөңгелектер пайда болады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!