Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






БЕЙНЕТЕРМИНАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ



 

Еңбек медицинасының негізгі кағидаларының біріне жұмысшының денсаулығын жоғалту қатерінсіз еңбекке қүқықтығын қамтамасыз ету жатады. Өзінің бүкіл кәсіптік өмірі бойына адам өндірістік және қоршаған орта факторларының толық бір кешендік әсерге ұшырайды, соның ішінде, физикалық факторлар: шу, діріл, иондаушы емес электромагнитті сәулеленулер (ЭМС) микроклимат және басқалары негізгі орынды алады. Белгілі бір жағдайларда олардың әрқайсысы, сондай-ақ, олардың әртүрлі үйлесімдері адам ағзасының бейімделу мүмкіншіліктерінің айтарлықтай зорығуына, ал одан әрі бейімделудің үзілуіне алып келуі мүмкін.

Берілген факторлардың күйзелтуші әсері, олардың қалай физикалық сипаттамаларымен (мөлшерлік жүктеме) анықталса, дәл солай ағзаның жетекші жүйелерінің функционалдық жағдайымен, оның тітіркендіргішке жеке сезімталдылығымен анықталады. Соңғы кездері бүкіл әлемде ЭМС сияқты күйзелткіш үлкен алаңдаушылық тудыруда. «ЭМС және адам денсаулығы» мәселесі өндіріснен тұрмыстың әртүрлі салаларына жиіліктің кең диапазонында аса жоғары жұмыс қуаттылығын пайдалана отырып әртүрлі сәулелену режимдерінде жұмыс істейтін жаңа ЭМС көздерін белсенді түрде енгізілуімен байланысты аса келеңді мәселе болуда.

Адамға жаппай әсерін тигізетін бұл ЭМС көздеріне радио- және теледидарлық бекеттер, жоғары және аса жоғары кернеуліктегі электр-тасымалдаудың ауа жолдары, өнеркәсіптік технологиялық қондырғылар, азаматтық және әскери мақсаттағы радиолокациялық бекеттер, мобильді және редиотелефонды байланыстың базалык бекеттері, алыс ғарыштық байланыс бекеттері және т. Б. Жатады. Соңғы уақыттарда, адамның электромагниттік қауіпсіздігі саласындағы мамандарда ұялы телефондар мен компьютерлер, сонымен, қатар әртүрлі радиоэлектронды және электрлік бұйымдар: теледидарлар, ойын қойылымдары, микротолқынды пештер, электроплиталар, электрошәйнектер, тоңазытқыштар, электро-үтіктер, электрофендер, электроқырғыштар, электро-массажерлер, электро-жылытқыштар, жылытқыш электрорадиаторлар және басқа да тұрмыстық техникалар үлкен алаңдаушылық туғызуда.



Сондықтан да, соңғы жылдарда злектромагниттік қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл аударылуда. Қазіргі кезде техногенді иондаушы емес электромагнитті сәулелердің қарқындылығы табиғи фонмен салыстырғанда бірнеше рет өсті. Шын мәнінде, барлық адамзат жиіліктік кұрамы бойынша күрделі, әртүрлі үлгідегі және уақыт пен кеңістік бойынша тұрақты емес ЭМС –дің жоғары әсеріне ұшырауда.

Барлық елдерде өзінің іс әрекетінде дербес электронды-есептегіш машиналары (ПЭЕМ) мен бейнедисплейлі терминалдарды (ВДТ) пайдаланатын адамдар саны күннен күнге өсуде. Кейінгі мәліметтер бойынша, 2008 жылдың соңында, бүкіл әлемде тек Интернет торабын пайдаланушылар саны 150 млн. адамға өсті. ТМД елдерінде компьютерлік технология салыстырмалы түрде жақын арада (20 ғасырдың 80 жылдары) пайда болды, дегенмен де оларды тіршіліктің барлық салаларына енгізу қарқынды дамуда. Мысал үшін, мамандардың баға беруіне сай, 2008 жылы Ресейде Nokia компаниясының мониторларын сату екпінінің өсуі, келтірілген фирмамен жеткізілетін басқа 29 елге қарағанда жоғары болды. ПЭЕМ мен ВДТ-ды үйлерінде пайдаланатын адамдардың саны да өсуде. Берілген техниканы пайдаланатындар шеңбері мектеп жасындағы балаларды, тіпті мектеп жасына д ейінгі балаларды да қамтиды. Қазақстан мен Ресейдің 20 жыл бұрын басталған жаппай компьютерленуі, оқу орындарын балалардың денсаулығына, әсіресе көзіне үлкен зиянын тигізетін компьютерлердің ескірген үлгілерімен толтырылуына алып келді. Офтольмологияда жаңа түрлі түс пайда болды – компьютерлік көрулік синдромы. Білім берудің Интернет Федерациясымен ұйымдастырылған «Компьютер және денсаулық» тақырыбына арналған «дөңгелек үстелінде» байқалғандай, мектеп бағдарламасына баланың жасына байланысты компьютермен жұмыс істеуін шектейтін нормалар енгізу қажет. В. О. Шефтельдің мәліметтері бойынша АҚШ-та 1990 жылы компьютерлер саны 70 млн., ал 2008 жылы 200 млн. асады. Ол, ЭЕМ тұтынушыларының қатары арнайы білімі мен еңбек тәжірибесі жоқ, денсаулық жағдайы және нейропсихологиялық шыдамдылық, әртүрлі адамдардың орасан зор санымен толтырылып жатқанын көрсетеді. Олар, әртүрлі мақсаттағы ЭЕМ қолданады: дербес компьютерлері, ақпаратты жүйелер, компьютерлік құрастыру, өндірісінде және білім беру жүйелері.



Осылайша, дербес ЭЕМ-ын кең қолдану техникалық және бағдарламалық заттардың мақсатты пайдаланылуы мен өңделуінің, соныме н қатар, олардың негізінде құрылатын автоматталған жұмыс орындарының гигиеналық, эргономикалық және психологиялық мәселелерін тудырады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!