Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






НДІРІСТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ



Микробиологиялық өнеркәсіп биотехнологияға негізделген. Заманауи биотехнологияға микробиологиялық синтез, оның кең мағынасында, гендік және жасушалық инженерия, инженерлік энзимология, техникалық сикробиология және қолданбалы биохимия сияқты ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары жатады.

Егер микробиология өнерксібі бастапқыда тек гидролизді ашытқылар мен антибиотиктер шығаратын өндірістерден тұрған болса, қазір оның ірі тоннажды кәсіпорындарында витамин және фермент препараттарын, жемдік мақсаттағы антибиотиктер, өсімдіктерді қорғаудың микробиологиялық құралдар, тағамдық емес шикізаттан (парафиндер, газ, спирт, сутек және т.б.) жемдік ақуыздарын, бактериалық тыңайтқыштар және халық шаруашылығына қажетті басқа да өнімдер шығару меңгерілген.

Микробиология өнеркәсібі кәсіпорындары микроорганизм-продуценттерді (ашытқы және ашытқы тәріздес зеңдер, бактериялар, актиномицеттер және т.б.) қолдануымен ерекшеленеді.

Микробиологиялық синтездің негізгі өндірістерінің (антибиотик, жем ақуызы, фермент өндірісі және т.б.) техникалық үрдісі кезеңділікпен ерекшеленіп, келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

1. егу материалы мен қоректік орта дайындау;

2. ферментизация – қоректік ортада микроорганизмдерді өсіру және дақылдандару;

3. дақылдық сұйықтықты сепарациялау және сүзу;

4. нативті ерітіндіден қажетті өнімді бөліп алу және тазалау;

5. кептіру;

6. дайын өнімді бөліп қаптау.

Микробиологиялық синтез кәсіпорындары технологиялық жабдықтарының негізгі түрлері: ферментерлер (сыйымдылығы 200 л-ден 500-990 м3 дейін); сепараторлар; қажет препаратты қойлтуға және бөліп алуға, оны тазартуға арналған реакторлар; кезеңідік әсерлі сүзгі-престер; кептіру қондырғылары; орау автоматтары.



Биотехнологиялық өндірістің негізгі цехтарында жұмысшы еңбегнің сипаты технологиялық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде технологиялық үрдісті бақылаумен (ферменттеу, сепарация, булау, кептіру операторы орны), сондай-ақ аппараттарды жұмысқа дайындаумен байланысты.

Таза оператор еңбегімен қатар, бірқатар қол операциялары да бар. Мысалы, талдауға сынама алу, аппараттардың ішкі беткейін тазарту, сепараторды, сүзгі-престі шашу, жинау және жуу, т.б.

Аталған операциялар кезінде жұмыс бөлмесінің ауасына микроорганизм-продуценттер, сондай-ақ биотехнология өнімдері мен препараттарының жоғары дисперсті шаңы түседі. Өндіріс ортасын ластаушы микрофлора құрамы негізінен өндіріс түріне байланысты болады. Мысалы, антибиотик өндірісінде актиномицет зеңдерінің едәуір концентрациясы анықталады; фермент препараттарын алуда – аспергилла көгертуші зеңдері, жем ашытқылары өндірісінде – кандида тұқымдас ашытқы тәріздес зеңдер.

Пенициллин, тетрациклин, стрептомицин және басқа да микробиологиялық синтез өнімдерінің уақ дисперсті шаңымен жанасатын кептіру және орау цехтарының жұмысшылары. Мысалы, тетрациклин өндірісінде жұмыс аймағындағы оның мөлшері калорифер кептіргішті, сито мен араластырғыштарды жүктеу және босату кезінде 0,03 – 150 мг/м3 шамасында анықталған. (Ең жоғары мөлшерлері – 120-150 мг/м3 ситолар мен араластырғыштарды өолмен жүктеу кезінде анықталған). Жем ақуыздарын (БВК) қаптау кезінде 1,5-тен 10 мг/м3 дейін мөлшерде шаң анықталғын (ШРЕК 0,1 мг/м3).



Фермент препараттарын дақылдаудың беткейлік тәсілі қолданылатын кәсіпорынның өндірістік бөлмелерінде аспергилла продуцент зеңінің ондаған, кейде жүздеген споралары анықталған. Ал тереңдік дақылдау кезінде споралар саны 1 м3-та 20 – 35-тен аспаған.

Жем ашытқыларын алудағы өндіріс ортасының продуцент зеңдермен ластануының негізгі көзі сепараторлық бөлім болып табылады.

Технологиялық тәртіптің бұзылуы (сепарация барысында көбік түзілуі, сепаратордың биомассамаен бітеліп қалуы, т.б.) ашытқы суспензиясының сепаратордан, жинағыштардын атқылап төгілуіне әкеліп, жұмыс аймағында жабдықтар мен ауаның қарқынды ластануына әкеледі.

Осындай апат жағдайларында ашытқы суспензиясы аэрозөлінің жұмыс аймағы ауауысндағы мөлшері 5-10 есе артып кетуі мүмкін.

Ауа ортасының микроорганизмдермен ластану дәрежесіне олармен арнайы киімдердің ластану дәрежесі де байланысты болады. Ең қатты ластанатыны сепарация және ашытқы биомассасын өсіру бөлімі аппаратшыларының арнайы киімдері.

Өндірістік бөлмелердегі жұмыс аймағы ауасының ластануы бөлмелерді желдеткенде ашық фрамугалар арқылы, желдету жүйелері мен ғимарат саңылаулары арқылы өнеркәсіптік ферментерлер мен сепарация бөлімдерінің тастандылары есебінен де жүреді.

Осылайша, жұмыс бөлмелерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады – ұйымдастырылмаған ауа тастандылары бар бөлмелер (ферментация, мепарация) және өзіндетехнологиялық үрдістен микроорганизмдер тастайтын көздері жоқ бөлмелер (булау, кептіру, қаптау, т.б.).

Биосинтез өнімдерін алуда өнірістік әрекет барысында адамның биологиялық ластаушылармен жанасуына әкелетін негізгі себептері :

· барлық материалдық ағындарды – кісіби зияндылықтың ықтимал тасымалдаушыларын және бірінші кезекте технологиялық тастандыларды (ауа, ағын су) өңдеудің инженерлік жүйесінің болмауы немесе техникалық жетілмегенді, сондай-ақ технлогиялық үрдісті жүргізуде бекітілген шектеулерді қатаң сақтамау;

· қолданылатын технологиялық жабықтың, құбырлар мен арматураның герметикалық болмауы;

· қолданылатын кейдір жабдықтардың биологиялық белсенді аэрозөлдер түзуі (центрифугалар, сепаратор, жоғары жылдамдықтағы ұнтақтау құрылғылары, араластырғыштар, флотаторлар, бүру типтес кептіру құрылғылары, т.б.);

· микроорганизмдермен ашық операциялар жасау;

· апаттық және жөндеу жұмыстары.

Микробиологиялық синтез өндірісі ортасының басқа да қолайсыз факторлары бар. Мысалы, жылдың жылы мезгілінде таза дақыл, булау бөлімінде және сепарация цехында ауа температурасы 28,5оС жетеді. Бұл учаскелердегі қолайсыз температуралық режим салыстырмалы ылғалдылықтың жоғары болуымен күрделенеді. Ол жекелеген жағдайларда 80-90% жетеді және ол лотоктардың, жуу аппараттарының және су суспензияларын бүркігіштердің ашық беткейлерінен судың буланына байланысты болады.

Өндірістік ортаның микроорганизм-продуценттермен, дайын препарат шаңымен ластануымен қатар, кейбір басқа да қолайсыз факторлар бар. Олардың ішінде ең бастыларының бірі шу деңгейінің жоғары болуы. Бұл арнайы патологияны күрделілендіруі мүмкін.

Ферменттеу бөліміндегу шу көзі ферментерлердің аэрациясын қамтамасыз етуші ауа айдайтын құбырлар болып табылады. Жоғары жиіліктегі аэродина-микалық шу шектік рұқсат етілген деңгейден 4-тен 14 дБ-ге дейін асып кетеді.

Сепарация бөлімінде шу көзі – сепараторлар. Дыбыс қысымының максималды деңгейлері орташа геометриялық жиілігі 1000-4000 Гц болатын октавалық жолаққа сәйкес келеді. Шу 1000 Гц жиіліктегі октавалық жолақта дыбыс қысымының шектік рұқсат етілген деңгейінен 4 - 9 дБ, 2000 Гц-те – 3 - 6 дБ және 4000 Гц-те – 2 – 4 дБ асып түседі. Вакуум-булау қондырғыларының жұмыс алаңында 1000-4000 Гц жиілікті октавалық жолақта шудың шектік рұқсат етілген деңгейден 4 – 8 дБ асып кететіні анықталған.

Осылайша, микробиологиялық синтез кәсіпорындарындағы жұмысшыларға микроогранизм-продуценттер, шудың жоғары деңгейі, жұмыс бөлмесі ауасы температурасы мен ылғалдылығының жоғары болуы, химиялық заттар және басқа да бірқатар өндірістік ортаның қолайсыз факторлары қосақтасып әсер көрсетуі мүмкін. Ілескен факторлар жетекші факторлардың, ең алдымен барлық биологиялық фактордың әсерін күшейтіп, күрделілендіруі мүмкін. Еңбек жағдайын бағалауда да, жұмысшылар денсаулық жағдайын зерттеп, аурушаңдықты талдау кезінде де осыны ескеру қажет.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!