Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мұнайды өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы



Жана технологияның және техникалық енгізілуіне байланысты газдардың ауаға бөліну қарқыны бәсеңдеді. Бірақ бірқатар жұмыс орындарында зиянды булар мен газдардың бөлінуі байқалуда, әсіресе фенолды, парафинсіздеу, деасфальттау орындарында. Жалпы газды фактор келесі еріткіштермен сипатталады:

1. Газды ластанудың жоғары мөлшерін қаныққан көмірсутектер береді. Олар битум, парафин өндірісінің майлы блок қондырғылары - алкилдеу қондырғыларынан ауаға бөлінеді. Қазіргі заманғы зауыттарда ауаға қаныққан көмірсутек орташа сағатына бір насостан шығуы: отынды блок қондырғыларынан 1000-2000 т, майлы блок қондырғыларынан 500-1000т. Ауада көмірсутектер тек бу түрінде кездеспейді. Сонымен бірге, аэрозоль конденсация түріне де болады - сұйық дисперсті фазада (майлар аэрозолі) және қатты дисперсті фазада (парафин аэрозолі) ауыр көмірсутектер аэрозолі мұнай өнімдерін 120-150°С дейін қыздырғанда түзіледі.

2.Қанықпаған көмірсутектер мұнайды деструктивті өңдеу концентрациясы 0,09-0,06 мг/л және мұнайды тік өңдеу кезіне пайда болды.

3.Каталитикалық крекингтегі бензин құрамындағы ароматты көмірсутектердің көптігіне қарамастан,белгілі қокдырғыда олардың ауадағы концентрациясының алдын алу шараларында, кәсіптік патологиялық маңызы жоқ.

4.Ауа аз мөлшерде, өндірістік жағдайда, ароматты көмір сутектері жақсы қымталмағанынан ( гермитизированный) құрал жабдықтардан түсуі мүмкін.

5.Көміртегі тотығы ауаның ластануының негізгі көзі. Жылытатын пештердің конструкциясының ақаулығы және отын жағу тәртібі бұзылғанда да көмір тотығымен ластанады.

6.Күкіртті және күкірт көп мұнайларды өңдегенде, жеңіл мұнай өнімдерінен ауаға күкіртсутектердің шығуы және еритін күкіртті сутегінің аз болуынан жоғары болады.



Мұнай өңдеу заводтарында газдардың бөлінуінің себебі: қондырғылардың кемеліне жетпегендігі, олардың қымталуынларының (герметикалылығының) бұзылуынан, кейде өндірістік канализация құрылымдарында газ бөлінудің көзі .

Метерологиялық жағдай

Метерологиялық жағдай қуатты жылу көздерінің (құбыр өткізгіштердің, электрдвигательдердің, компрессорлардың, насостардың ыстық беттері) болуымен анықталады. Отынды блоктың бөлмелерінде салыстырмалы жылу бөліну 40-150 ккал/м 3 сағ. шамасында, майлы блокта - 50-200 ккал/м 3 сағ. Температуралық ауытқу жабық бөлмеден ашық ауаға шыққанда байқалады.

Мұнай өңдеу өндірісінде ауаның шаңмен ластануын білінуі гигиена тұрғысында маңызды, әртүрлі катализаторлардың (алюмосиликатты, молибденді, вольфрамды, фосфорлы) енгізілуіне байланысты:

- отынды блокта шаң көзі шарлы катализаторы бар каталитикалық крекингте; - реакторлар барлауда (дозер), катализатор деңгейін қормен өлшеу кезінде;

- катализатор майдаларын салғанда.

Агрессивті заттар және сұйық мұнаймен жанасу, бұл заттармен жұмысшылардың ластануы толық механикаландырылмаған жұмыста байқалады: мұнай және мұнай өнімдерін құю және төгу, қондырғыларды тазарту және жөндеу. Арнайы қондырғыларда қышқыл, сілті еріткіштерімен жанасуы мүмкін.



Сауықтыру шаралары

Мұнай өңдеу өндірістеріндегі алдын алу шаралары заманға байланысты жетілдірілуі қажет. Мұнай өнімдерін өндіру үшін жаңа технологиялық үдерістерді енгізу , біріншіден барлық үдерістерді автоматтандыру, кешенді механикаландыру. Мұнай зауыттарында жоғары қуатты іріленген комбинирленген қондырғылар (АТ. АВТ, ЛК) жасалуда, мұнай өнімдерін күкірт сутекті және сумен тазарту әдістері кең қолданыста, бензиндердің риформингі, яғни, 2-ші класс кауіптілігіне жататын улы және коррозия тудыратын - күкіртсутекті алып тастауды қамтамасыз етеді.

Барлық газ өткізу қондырғыларынан газ жинағыш жүйе арқылы одан ары өңдеуге немесе отынға берілуі керек. Жеңіл мұнай өнімдері температуралық ауытқуда газ бөлінуін болдырмайтын арнайы резервуарларда сақтау керек.

Көмір тотығы және күкіртті газдардың ауаға шығуын азайту үшін түтінсіз жанатын форсункалы (бүріккіш) цилиндрлі пештерді енгізу, күкіртсіз газ тәрізді отын көлемін көбейту. Бұрын автономды қондырғыларды тікелей ағынды қорек көмегімен байланыстыру. Бұл бізге резервуарды шаруашылықты, ысытатын пештерді, жылу алмастырғыш аппараттарды, әртүрлі насостар, коммуникацияларды, яғни, газдың көзі болатын қондырғыларды қысқартуға мүмкіндік береді. Метеорологиялық жағдайды қалпына келтіру булы насостарды электрдвигательдерді насоспен алмастыру жолымен іске асырылады.

Қондырғыларды орналастыру кезінде қалыпты метеорологиялық жағдайға үлкен көңіл бөледі. Гигиеналық тұрғыдан насос аймақтарында бір қатар етіп тұйық қабырға бойымен орналастыру қажет, бұл кезде жұмыс орынының және сыртқы ортаның ауасының температурасының ауытқуылуы, ауа алмасуы салыстырмалы аз болсада санитарлық нормадан шықпайды .

Желдендірудің өзінің шешетін сұраныстары бір мезгілде газ және жылу бөлінумен күресу, сондықтан кең түрде қолданылады.

Бөлмедегі жылу бөліну 20 ккал/м 3 сағ. жоғары болса аэрациялы фонарлар болу керек, яғни, ауа алмасу жоғары болады (сағатына 50-60 рет). Анағұрлым жоғары газ - және жылу бөлінумен жүретін бөлмелерде төменгі аймақтан механикалық сорып шығаратын және механикалық әкелетін желдету жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Механикалық сорып шығаратын ауа көлемі жылу бөліну мөлшеріне байланысты белгіленеді: жылу бөлінуі жоғары бөлмелерде барлық ауа көлемінің 20-40%, сағатына 20 ккал/м төмен жылу бөлінетін бөлмелерде ауа көлемінің 50-80%.

Салқын мекен жайларда табиғи желдендіруге биіктігі 1,62 - 1,5 м жұмыс аймағына салқын мезгілде жылы ауаны беретін механикалық әкелетін желдендірумен толықталады. Күкіртті мұнайды өңдейтін зауыттарда ауаны 12-16 м. биіктіктен алу қажет, онда ауа күкіртсутектен таза болады.

Мұнай өңдеу зауыттарында жарықтандыру және жарылыс қауіпсіздігін ескеру керек, гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Жарықтандырудың төменгі көрсетккіші: бақылау-өлшеу аспаптары маңында 100 лк; операторлардың жұмыс орнында 75 лк, қозғалмайтын бөліктері бар қондырғыларда - 30 лк.

Санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз ету қажет. Этил алмастырғыш және майларды селективті тазарту бөлімдерінде тұрмыстық бөлмелер санитарлық өткізгіш түрінде, өзінің кір жуатын бөлімі болуы керек.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!