Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мұнай өндірудегі технологиялық үдерістегі гигиеналық сипат



Мұнай жер қойнауының қыртыстарында кездеседі. Мұнайдың әр уақыттағы "жолай" серігі мұнай газы және суы; жоғары қысымдағы газ мұнай бетінде жатады және бір бөлігі еріген күйде болады; су қыртыстардың терең жерлерінде болады.

Технологиялық үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады: барлау, бұрғылау, мұнай табылған жерлерді эксплуатациялау (пайдалану), мұнайды кәсіпшілікке біріншілік дайындау.

1. Мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау бірқатар ерекшеліктермен сипатталады: географиялық, геофизикалық және геохимиялық дала жұмыстары, кейін тереңдігі 5000 м. іздеу ұңғымаларын (скважина) бұрғылаумен жүреді. Осылай кен орнының шекарасы, қуаттылығы, қабат тереңдігін, кеннің ( мұнай, газ) физико-химиялық құрамын анықтайды. Барлау және эксплуатациялық, бұрғылау үрдісі кезінде жыныстар және мұнай горизонтын зерттеудің радиоактивті әдісі қолданылады.

2. Іздеу-барлау жұмыстары аяқталған соң ұңғымаларын бұрғылау кезеңі басталады.

Бұрғылаудың мақсаты мұнай қабатын басып жатқан, мұнай өткізбейтін тау жынысын бұзу және түзілген ұңғымадан оны шығару. Мұнайды алу үшін ұңғыма бұрғыланады.

Бұрғылау ұңғымасы - бұл жер қыртысында орналасатын цилиндрлі скважина, басталу бетін - аузы, бүйір бетін - қабырға, ал түбін – забой (кеніштегі кені бар жердің бір бөлігі) деп атайды.

Қазіргі кезде көбіне айналмалы бұрғылауды қолдануда. Жыныс арнайы құрал - қашау арқылы алынады, ол бұрғылау құбырлары көмегімен скважинаға түсіріледі.

Бұрғылау тізбегі - бұл бұрғылау құбырларынан тұратын қондырғы, яғни, бұрғылау тізбегін көтеру және түсіру кезінде бұрау және ашу үшін. Ал бұрғылау тізбегі ұзындығы 25-30 м жеке шамдарға қарай бағытта бұрылады. Құбырлар тізбегінің ұзындығы мұнай жынысының жату тереңдігіне байланысты.



Бұрғылау құралдары тозған да скважинадан бұрғылау құбырларының тізбегін шығарады, шамдарды бұрап ашады да "элеватор" көмегімен арнайы орынға қояды. Құралдар толық жаңартылған соң шамдарды скважинаға қайта түсіреді. Көтеру-түсіру шаралары бұрғылаушылардың жұмыс уақытының 20-35% алады, бұл жұмыстар механикаландырылмаған шараларды (операцияларды) атқарудан және ауыр заттарды жылжытумен байланысты. Көтөру механизмдері арнайы бұрғылау мұнарасының шыңына орнатылады.

Терең скважиналар үшін мұнара биіктігі 41-53 м болады. Мұнара негізінде шығыр (лебедка) , қозғалтқыш, (двигатель), құбырлар үшін тіреуіштер, бақылау - өлшегіш аспаптар орналастырылады. Мұнараның еденінен 25 м биіктікте болкон-полати (аспа тақгай төсек) жасалады. Бұнда құбырлар тізбегін көтеру және түсіру кезінде "жетекші" орналасады, ол шамдарды қабылдап түсіреді.

Бұзылған жыныс скважинадан балшықгы ерітіндіні үздіксіз резина шлангысы көмегімен жуу арқылы шығарылады. Біздің бұрғылаушылары әлемде бірінші болып қатты тау жыныстарынан өткенде скважинаны жуу үшін суды қолданады. Соған байланысты балшықты ерітіндіні дайындағанда пайда болатын шаң әсері жойылады.



Айналмалы бұрғылау роторлы және забойлы двигательді бұрғылау болып бөлінеді. Роторлы бұрғылау кезінде бетінде орналасқан двигатель тек бұрғылау құралдарын айналдырып қана қоймай, бүкіл бұрғылау тізбегін айналдырады. Забойлы двигательмен ( турбобур, электробур) бұрғылау кезінде тек қашау айналады. Соңғы жылдары мұнай өндірісінде көбіне турбинді бұрғылау қолданылуда және злектробур көмегімен бұрғылауда енгізілуде.

3.Бұрғылау аяқталған соң бұрғылау тізбегіне квадратты құбыр жалғастырылады және бірқатар қызметтерді атқару үшін (скважинада жоғары қысым тудыру, бұрғыланған жыныстарды шығару) жоғары қысымды бұрғылау ерітіндісі беріледі.

Ұңғыма опырылып құламас үшін оған металды құбырдың "жағалатылған" (обсадную) тізбегін түсіреді және жер асты суынан оқшаулау үшін ұңғыманы цементтейді. Бұл үшін ұңғыма қабырғасы мен жағалатылған тізбек арасына үлкен қысыммен цемент ерітіндісі жіберіледі, ерітіндіні даярлау физикалық ауыртпалықпен және көп мөлшерде шаң бөлінумен қатар жүреді.Мұнай қабаты ашылғаннан соң бұрғылауды тоқтатады, ұңғымадан бұрғылау құбырларын шығарады да, пайдалынатын құбырларға түсіреді, оған мұнайәкелуді қамтамасыз ету үшін мұнай қабатының деңгейінде жағалатылған құбырларды арнайы перфораторлау (жер жынысын бұрғылайтын аспап) арқылы теседі. Мұнай ағымын алған соң ұңғыманы пайдалану басталады.

4. Қабаттағы қысым жеткілікті болған кезде, мұнай жоғарыға көтеріледі және кәсіпшілік өткізгіш жүйесі арқылы резервуарға түседі. Мұнай ағымын алған соң ұңғыма тесігі арнайы арматурамен (темір арқау) жабылады. Кейін мұнайды, қабат (фонтанды) энергиясын немесе механикалық жолды пайдаланып алады.

Қабат энергиясының көзіне: мұнай астындағы судың және газдың күші. Ұңғыманы пайдалану барысында мұнай қабатының энергиясы азаяды, онда мұнайды алу-компрессорлы және тереңді насосты механикалық жолмен жүреді. Компрессорлы әдісте - 40-50 атм. қысымда ұңғымаға сығылған ауа немесе сығылған мұнай газы жіберіледі. Тереңдік - насосты әдісте - насосты арнай тізбек құбырлары арқылы ұңғыма түбіне түсіреді де мұнайға батырады. Станок теңгеріміне бекітілген штанг көмегімен насос жұмысын атқару үшін жердің бетіне тербелме-станок орналастырады; тербелме-станок энергияны электромотордан алады.

Мұнайды өндіруде фонтанды әдіс, экономикалық және гигиеналық жағынан тиімді. Сондықтан ұңғыманың фонтанды атқылауын барынша ұзарту маңызды. Бұл мақсатта соңғы жылдары мұнай қабатының энергиясын жасанды әдіспен көтеру қолданылуда.

Мұнай құбырлар арқылы резервуарға түседі, алдын ала мұнайды жолай газдан тазартады. Газ басқыштан газ магистраліне, ал мұнай ұңғыманың есбін мөлшерлеу үшін өлшегішке, кейін резервуарға (су қойма) түседі; онда лас заттардан және сусыздандыру үшін тұндырады. Меншікті салмағын үлкендігіне байланысты лас заттар мен су резервуардың төменгі бөлігінде жиналады да каналдық магистральға жіберіледі.

Өндірілген мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін құбыр жүйелері пайдаланады. Олар экономикалық және гигиеналық жағынанда тиімді, себебі үрдіс максимальды автоматтандырылады. Тасымалдаудың негізгі түрлеріне темір жол және су жолдарыда кіреді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!