![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Химия өндірісінің кәсіптік зияндылықтарының жұмысшыларға әсері
Организмге әсер ету дәрежесі бойынша барлық өнеркәсіптік улар 4 қауіптілік класына бөлінеді: 1 класс – аса қауіпті 2 класс –қауіптілігі жоғары 3 класс –қауіптілігі орташа 4 класс – қауіптілігі аз
Зиянды заттарды қандай да бір қауіптілік класына жатқызудағы негізгі санитариялық норматив жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК болып табылады. Әртүрлі кластағы заттар үшін ШРЕК:
Жұмыс аймағы ауасында біруақытта әсері бір бағытты бірнеше зиянды заттар болғанда ауа ортасын тәжірибелік гигиеналық бағалау үшін мына формула қолданылады:
мұндағы, С1, С2, Сn – жұмыс аймағы ауасындағы берілген заттың концентрациясы. Жұмыс аймағы ауасында біруақытта, бірбағытта әсер етпейтін зиянды заттар болғанда, ШРЕК оқшауланған әсер кезіндегідей қалады. Зиянды заттарды қандай да бір қауіптілік класына жатқызу МСЭҚ ұйымдарымен келісіледі. Кейбір жағдайда ШРЕК бекітілмеген заттар қолданылатын өндірісті жобалау кезінде шамамен қауіпсіз әсер ету деңгейін (ОБУВ) пайдалануға рұқсат етіледі ( МСЭҚ ұйымдарының келісімі бойынша) оның мөлшері 1 мг/м3 (қауіпті және аз қауіпті заттар). ШҚӘД (ОБУВ) бекітілген соң 2 жылдан кем емес уақытта қайта қарастырылады немесе ШРЕК-пен ауысады. Өнеркәсіптік уларды қауіптілігі бойынша жіктеу, өндіріске енгізгенде зияндылығы аз заттарды таңдаудың және кәсіптік уланулармен күресудегі гигиеналық талаптардың орындалуын анықтаудың қатаң дәрежесінің негізі болып табылады. Химиялық заттар организмге ингаляциялық (ішке тарту), тері арқылы және пероральды (ауыз қуысымен) түседі. Улы заттардың жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабаты арқылы сіңірілуі организмге олардың түсуінің негізгі және жылдам жолы. Көптеген улы заттардың булары организмге өкпе арқылы және тері арқылы да түсуі мүмкін. Өнеркәсіптік улар тері бетіне шаң, сұйықтық, паста күйінде түсуі мүмкін. Бұл жағдай таралу, жөндеу жұмыстары кезінде заттарды аппаратурадан түсіру және тиеу жұмыстары кезінде жұмысшы затпен тікелей жанасуынан және де жеке басты қорғау заттарымен қорғалмаған қол терісінің ластануы мүмкін. Потенциалды қауіпті болып тек майларды ғана емес және де суда (қанда) еритін қабілеті бар зиянды заттар табылады. Терінің зақымдануы организмге улы заттардың енуіне себеп болады. Тері жабындысының ластануы 2 жолмен жүруі мүмкін: ластанған заттар (жабдықтар, қоршаулар т.б.) болмаса зиянды заттармен тікелей жанасу нәтижесінде немесе тері және арнайы киім арқылы заттардың сорбциясы есебінен. Терінің ластану дәрежесі шайындыдағы затты анықтау және тері ластануның ШРЕД-мен салыстыру бойынша бағаланады. Кейбір улы қосылыстар ауыз қуысында сіңірілуі мүмкін, тікелей қанға түседі (майда еритін қосылыстар, фенолдар, кейбір тұздар, әсіресе цианидтер). Удың резорбциясы асқазан және ішекте жалғасуы мүмкін (қорғасын және сынап қосылыстары, мыс, уран т.б.). Қазіргі уақытта, химиялық заттардың ауа, су, тағам арқылы түсуінің шынайы мүмкіндігі бар, өйткені, олар бір уақытта өндірістік бөлме, тұрғын және ғимарат ауасында, атмосфералық ауада, ауыз суда және тағамдық азықтарда болуы мүмкін. Бұл комплекстік әсер – бір заттың организмге әртүрлі жолмен түсуі. Химия өндірісінде зиянды заттардың әсер етуі жедел және созылмалы улануға әкелуі мүмкін. Жедел кәсіптік улану деп зиянды заттың жұмысшыға бір рет немесе бір ауысым бойы әсер етуінен соң пайда болатын ауруды айтады. Жедел уланулар апаттар, технологиялық тәртіптің бұзылуы, өнеркәсіптік санитария және техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы нәтижесінде зиянды заттың мөлшері ШРЕК-дан ондаған жүздеген рет асып кетуі кезінде болады. Осындай улану салдарынан жылдам сауығуы, өлім немесе денсаулықтың тұрақты бұзылуы болуы мүмкін. Созылмалы улану деп зиянды заттың аз концентрациясы немесе дозасы ұзақ уақыт әсер етуінен дамитын ауруды айтады. Өндірісітік улар үшін тек созылмалы уланулар тән. Өндірісітік улар организмге спецификалық (арнайы) әсер көрсетуі мүмкін, яғни, өмірлік еңбек ету жолдарынан алшақтығы байқалады. Бұларға: гонадотропты, мутагенді, тератогенді, эмбриотропты, канцерогенді әсерлер және де ерте қартаю, атеросклероздың тереңдеуі және аллергоздар дамуы жатады. Химия өнеркәсібінің дамуына қазіргі заманғы кезеңі үшін кәсіптік аурулардың жасырын, әлсіз түрлері дамуы және спецификалық емес поолиэтиологиялық аурулар санының өсуіне (невротикалық синдром, жүрек-қан тамыр аурулары т.б.) әкелетін аз интенсивті химиялық факторлардың әсері тән. Өнеркәсіпте кең таралған қарапайым химиялық аллергендерге металдар (хром, кобальт, никель, берилий, платина т.б.), формальдегид, фтал және малеин ангидридтері, эпихлоргидрин, изоцианаттар, фуран қосылыстары, хлорланған нафталиндер, каптакс, тиурам, триэтаноламин, антибиотиктер, көптеген дәрілік препараттар және т.б. жатады. Бұл қосылыстар өзі жеке немесе күрделі химиялық композиция құрамында сезімталдығына қарсы әсер көрсетуі мүмкін. Аллергендердің үлкен тобын формальдегид, эпихлоргидрин, кремний органикалық қосылыстар, изоционат, винилхлорид, фуран негізіндегі жасанды полимерлік материалдар құрайды. Табиғаты аллергиялық кәсіптік аурулар үшін химиялық факторлардың әсер ету ұзақтығы және интенсивтілігіне аллергоздың қандай да бір түрінің тәуелділігі тән. Аллергиялық аурудың кәсіптік екенін тек аллергологиялық анализ мәліметтерін сәйкестіру және кешенді зерттеу, науқастың кәсіптік маршруты, еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайы, аллергоздың клиникасы және арнайы зерттеу негізінде бекітеді. Химиялық канцерогендерге циклдік аминдер, полициклді ароматты көмірсутектер, алкилдеуші агенттер, хлор туынды көмірсутектер (винилхлорид), кейбір металдар, талшықты материалдар (асбест) және т.б. жатады. Химиялық заттар және химиялық заттар тобы канцерогенді қауіптілік дәрежесі бойынша 2 үлкен топқа бөлінеді: 1 топ – адамға канцерогенді екендігі дәлелденген заттар, 4-аминодифенил, мырыш және оның қосылыстары, асбест, бензол, бензидин, хром және оның кейбір қосылыстары, спирт, 2-нафтиламин, күйе, смола және минералды майлар, винилхлорид. 2 топ – адамға канцерогенді болуы ықтимал заттар (2 топқа бөлінеді): 2А – ықтималдылығы жоғары және 2Б топ бөлігіне – ықтималдық дәрежесі жоғары емес. 2А топ бөлігіне: акрилнитрат, бенз (а) пирен, берилий және оның қосылыстары, диэтилсульфат, никель және оның кейбір қосылыстары жатады. 2Б топ бөлігіне: амитрол, аурамин, кадмий және оның қосылыстары, 4-хлорлы көміртегі, хлороформ, хлорфенол, дибромтан, ДДТ, гербицидтер және т.б. жатады. Өнеркәсіптік канцерогендер түрлі онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін, олардың ішінде: жоғарғы тыныс жолдары және өкпенің қатерлі ісігі, бауырдың ангиосаркомасы, қуықтың қатерлі ісігі, лейкоздар, сүйектің ісігі, асқазанның қатерлі ісігі (хромнан). Рак және басқа ісіктердің кәсіптік этиологиялы екенін мойындап, бір уақытта әсер ететін басқа канцерогенді және ко-канцерогенді факторлардың әсерін жоққа шығару қиын. Бұл жағдай радиацияның жалпы фоны, темекі шегу, вирустық аурулар, иммунитет, тұқым қуалау мүмкіншілігіне және басқа себептерге қатысты. Бірақ, нақты канцерогенді агент бар болса оның әсері басты болып есептеледі. Адам организміне улы заттар әсері химиялық өндіріс жағдайындағы жоғарғы және төмен температура, жоғары және төмендетілген ауа ылғалдылығы, діріл және әртүрлі сәулеленулер сияқты қолайсыз факторлар әсерінен оқшауланып, жекеленіп тұруы мүмкін емес. Зиянды заттардың басқа факторлармен бірлесіп әсер етуі кезінде олардың әсері сол факторлардың жекелеп әсер етуінен де жоғары болуы мүмкін. Бұдан басқа физикалық факторлар интенсивтік деңгейде тәуелді химия өнеркәсібі жұмысшыларында қандай да бір кәсіптік патология тудыруы мүмкін (кәсіптік кереңдік, діріл ауруы, фотодерматит және с.с.).
![]() |