Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жер астынан өндірудегі ауа құрамы , талап 21-кесте



З Заттар аты Х Химиялық формуласы Жіберілу шегі мг\м3
1. Г 1.Газдар 1. А 1. Азот тотығы 2. К 2.Көміртегі тотығы 3. К 3.Күкірт ангидриді 4. К 4.Күкіртті сутегі   N2O5 CO SO2 SH2  
11 11.Аэрозольдер Қ Құрамында бос SiO2 шаңдық ж жынысжәне көмір жыныстарының са саны: А а) 70%-тен жоғары Б б)10-70% В в) 10%-тен төмен К Көмір шаңы     - - - -  

 

сәйкес, шахталық желдеткіштер ластанған аймақтарда жерасты өндірушілерге өз бағытын өзгертетін яғни соратында, тығыздайтындай жұмыс істеуі керек. Жерасты өндіру жұмыстарында желдендіруде ауаны қоршау, ластануды азайту, желденетін жаққа қарай, әрине атмосфералық ауаның ластануы көзінен мүмкіндігінше алыс аластату (тау жынысын аудару, сыртқы бункер, коксхимзауыттары т.б.) мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті жерлерде қоршау, ауаны ластанған аймақтан алдын ала тазарту, санитарлық жобаға сай зиянды қоспарлардан арылту. Желдететін ұңғыманың орналасуына қарай орталық және диагнолды деп бөледі.

О р т а л ы қ ж е л д е н д і р у, сырттан келетін ауаны басты ұңғымаға орнатады, ал ауаның сорылуы желдеткіш арқылы өткізу, себебі орталық шахта алаңында орналастырылады. Ағынды ауа бас желдеткіш штрекке забойдан келеді, оны желдетіп одан ары ұңғымаға береді, параллелді түрде кері кететін штрекке, одан ары ұңғымаға беріледі. Диагналды желдендіру желдеткіш ұңғымада шахталық алаң шекарасында, бір ұңғыма арқылы таза ауаны сорады, екіншісінен пайдаланғанын шығарады.

Д и а г н а л д ы ж е л д е т к і ш т і ң шахталық алаңның ортасына ауа қозғалысы кері жүрмейді, осы жағдаймен желдету сапасының басымдылығы ұңғымаға беру, квершлаг, штрек, забойда тазалау, желдеткіш штрек, желдеткіш квершлаг, желдеткіш ұңғыма. Жерасты өндірілуде ауа бағыты және қозғалу жылдамдығы өндіру қиынымен реттеледі, ол есіктерді орнату, қосқыш құрылғының болуы т.б. газдың шығуына қарай, жер асты өндіруінде желдеткіштер есептеледі. Газ болмайтын шахталарда пайдаланатын ауаның есебі, көмірқышқыл газына байланысты оның өндірілуі құрамы ондағы болатын адамдарға қарай 0,5%-тен аспауы, ал шығатын ауа 1%-тен аспауы керек. Шахтадан шығатын метан өте газды қауіпті. Ауа алмасуында тұтыну есебі, метан концентрациясы шығуы 0,75%-тен аспауы керек. Өндірілуде ауадағы оттегі құрамы 20%-тен төмен болмауы керек, ол әсіресе қопарылыстық жұмыстан кейін забойды желдендірілуі керек. Забойға кіру толық желдендірілгеннен кейін рұқсат етіледі.



Желдеткіштерді орнату ауа райы жағдайына байланысты ескерілу керек. Таулы жерлерде өндірілетін гидрошахтада және терең шахталарда температура 250 С ден аспауы керек. Ауа қозғалысының жылдамдығы 1м/с, 20-210 С, 1,5м/сек 22-300С де аз болсак, ал 2м/с аз болса температура 23-250 С.

Шахтерлардың кәсіби улануы мен кәсіби аурушаңдығын ескерту мақсатында полимерлік материалдарды қолдануда, кәсіби шараларды сақтауы керек. Ең алдымен, кез-келген жұмысты орындауда полимерлік материалдардың токсикалық, гигиеналыққа тексеріліп, олардың жарамдылығын, пайдалануға болатынын қадағалау керек. Арнаулы мамандар, жеке компонентті кешендік құралатын полимерлік жабындысы бар екендігі, қолдану жұмыстарында олардың токсикалық химиялық заттарының қауіпсіздігі жасалынатыны, ережелерге сай болуы керек. Қашықтықтан басқарылып, механикаландырылып оқшауланған жабындылық үдерісте өтілуі керек. Қолдан немесе пульвериваторлармен жағылған болса орындалатын аса көлемді жұмыста немесе апатты жұмыста кезеңмен пайдаланылады, оның өзінде негізгі өнімдер, аэрозолдар және тыныс алуда түспеуі керек. Жергілікті жұмыс орындардың желдетілуі, зиянды және басқада зиянды заттары ауа құрамында сұйылтылуы шектеулі деңгейге дейін жүргізілуі керек. Жұмысшылар қажетті арнаулы киім және басқада қорғаныс құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Зиянды әсер ететін смола т.б. да зиянды компоненттерден тері қорғауды ұсыну, қорғайтын жақпа май, паста (мысалы, паста ПМ-, Селисский жақпа майы т.б.) пайдалану.



Полимерлік материалдардың қақталу ережесі қатаң ескерілуі керек, себебі жер асты жұмысында ерекшеленуі тиіс.

Шаң – көмір шахталарындағы қолайсыз кәсіби фактор. Шаңның пайда болуы көмір өндіру кезінде керту, опыру, көмірді тиеу, тасымалдау уақытында. Шаңның пайда болуы дәрежесі тау-геологиялық жағдайларына байланысты. Өте мықты көмірде шаңдар көп шығады, ылғалды көмірде де шаң аз пайда болады, әсіресе көмір үңгігіш машиналармен, тазалағыш комбайндармен жұмыс істегенде, жұмыс аймағында машинистерге келетін шаң 1м3 мыңдаған миллиграмм. Жұмыс орнында шаңдану деңгейі, сол орнындағы желдеткіш шашырататын ауаның бағытымен тазалау қозғалысына байланысты, тазалау комплексінің қозғалысы, желдеткіштің шашырату бағытына (төмен, жоғары) өзіне бағытталуына (жоғарыдан төмен) байланысты болады.

Комбайнның қозғалысына желдеткіштің шашыратуда шаңдану 1,5-2 есе жоғары болады, ал желдету шашырандысы қарсы қозғалыста болса аз болады.

Комбайнмен суландырса шаң концентрациясы жұмыс орындарында 2-3 есе аз болады, яғни жіберілу концентрациясын кемітеді. Ең жоғары шаңдылық, қопарылыс жұмысы кезінде. Қопарылыстан кейін, пластыларды түсірген кезде тау жыныстарымен, көмірді тиеуден люк тиелетін, көмірді түсіретін ашық есік (люк) саңлауларынан шығатын, өз салмағы түскен көмірден шығатын, тік құлайтын пластылар түскендегі шығатын шаңдар (1м3 – та мыңдаған миллиграмм). Көмір өндіруде механикаландырылуына байланысты жұмыскерлер санының азаюы, еңбектенушілерге келетін зияндылықты кемітеді, забойщиктер шаңданатын уақытында азаяды. Мысалы, тік құлайтын көмір пластылар шахта лавасында балғалық забойщиктер саны 14 болса, жұмыс уақытында олардың опыратын пластысы 55% болса, ал комбайндық әдіспен жұмыс істейтіндер саны 4 адамға қысқаратындай адамдар саны шаңдануы азаяды.

Салыстырмалы төменгі деңгейдегі шаңдану, жер астынан гидравликалық әдіспен көмір өндіретіндер де аз болады. Ең тиімді шаңдану төмендеуі механикалық гидравликалықтарда орташа есеппен 2-ден 20 мг/м3.Осындай әдіспен жұмыс істейтіндердің шаңдану концентрациясы 1-3 мг/м3 құрайды. Қопарылысты гидравликалық әдіспен жұмыс істейтіндерде забойлық топта шаңдануын қамтамасыз ете алмайды. Көмір өндірудегі шаң дисперстілік дәрежесі жоғарлығымен сипатталады, олардың шаң бөлшектері 5мк дейін жетіп 75% - ын құрайды.

Шаң және діріл – көмір шахталарының көп технологиялық үдерістерінің өзіне байланысты.

Шахтадағы шудың негізгі көзі, әртүрлі механизмдер мен машиналар (қырғыш машина, комбайн, іргелік қалайтын машина, желдеткіштер, насос т.б.), қолмен пайдаланатын құралдар (қайла, балға, пневматикалық, электрлік перфораторлар-тескіш).

Шой балғамен жұмыс істеу кезіндегі шу 90-95 дБА, 50-2300 Гц жиілікті құрайды. Тескіштер (перфоратор) мен жұмыс атқарғанда 115 дБА оданда жоғары шу болады. Гидромониторлармен жұмыста шу деңгейі 125дБА. Сонымен, шахталық механизмдер жіберетін шу деңгейі өндірісте 10-15 дБА болады. Пневматикалық шой балғалар электрлі және пневматикалық тескіштер тереңнен көмір өндіруде діріл шығуының көзі. Осы аталған механизмдермен өндіру бұл жергілікті дірілдер, ол қол жабдықтарымен қолданғанда. Олардың параметрлері, санитарлық нормадан көбірек діріл тудырады және жиілік диапозоны кең болады. Шой балғалар діріл берілуі, оның серпімді соққылары жиілігі негізгі құралдарға сәйкес тербелу жиілігі 25-30Гц тең, тербеліс ауытқуы соққының күшіне байланысты сол құрал-саймандардан шыққан тербеліс шахтердің тірек-қимыл аппаратының зақымдануына да байланысты болады. Көмір комбайны, рельефі көліктердің жалпы шығаратын тербелісі төмен, орташа жиілігіне де байланысты, олардың параметрлері шектеулі деңгейден аспайды. Электровоздар күрделі компонентті тербелістер жиілігі 5-6 Гц, ауытқуы 0,7-1 мм, ал максималді тербелісінің ауытқуы 3,25 мм, жиілігі 15 Гц.

Шаң факторы .Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен алудың негізгі процесі шаңның бөлінуімен жүреді. Шаңның бөліну қарқындылығы технологиялық үдерістердің сипатымен, тау жыныстарының бекітілуі мен ылғалдылығына, тасымалдау тәсіліне, автожолдардың жай күйіне, салыстырмалы жел өтіне байланысты. Шаң бөлінуінің негізгі көзі ұңғыманы бұрғылау, айналмалы станоктармен тесу, перфораторлармен бұрғылау, тасымалдау кезіндегі автокөліктің экскавация үдерісінен бульдозерлер және қырғыштардың жұмыстарынан. Карьерлердегі ауаның ластануының белгілі мәні ол қопару жұмыстарынан, карьердегі шаңның үрленуінен сыртқы опырылуынан. Бұрғылау перфораторларынан шаң қоршаған атмосфераны ластайды, ол тесу кезінде тығыз ауаны үрлеген сәтінде шығады. Айналмалы бұрғылау станоктарының әрекетінеде тау массаларының бұзылуынан шаң шығады. Экскавация, тасымалдау, тиеу, түсіру кезінде ауаның көп дәрежеде шаңдануы жыл мезгіліне байланысты, күздегі қарқынды мөлшердегі жауын шашыннан және көктемдегі қардың еруінен төмендейді, ал жазғы уақыттарда күрт өршиді. Карьер жолдарында автосамосвалдардың қарқынды қозғалыстарында көп мөлшерде шаң шығады. Осы шаң жүргізушілер кабинасына енеді, тек еніп қана қоймай, ол барлық карьерлерге тарайды. Шаңның қарқынды шығуы жол, оның жай күйі, жабынды түріне және ылғалдануына байланысты. Жолдардағы шаңданудың қосымша көздері үрленетін жел мен басылған шаңдар.

Шаң концентрациясының ауытқуының ендік шегі 1 м 3 жүздеген мгм бірлігінде ауытқиды. Карьердегі шаң факторларының ерекшелігі шаңның тұрақсыз деңгейіне қарай ауытқиды. Қандай да бір үдерісте жұмыс орнындағы шаңның пайда болу қарқындылық концентрациясы 2 – 10 мин. аралығында осыған қарай барлық карьердегі (0,3 – 2 мг/ м3) тұрақты шаңдану көлемі төмендейді. Құрғақ және шөлді климаттық жағдайда орналасқан карьерлерде жазғы, күзгі кезеңдердегі атмосфераның шаңдануының ең жоғарғы деңгейі - 6-8 мг/м 3, ал экскватор машинистерінің кабинасының шаңдануы көрсетілген жыл мезгілінде 10- 15 – тен 30 мг/ м3 жетеді. Карьерлердегі жекеше жұмыс орнындағы шаңның болуы жел қозғалысынның жылдамдығы мен бағытына байланысты.

Карьерлердегі шаң құрамы жоғарғы дисперсті.Арнаулы зерттеулер көрсеткендей, негізгі шаңның көлемі 5 мкм ( 90 % - дан жоғары) болады. Ірі дис-персті шаң көлемі 10 мкм нен жоғары бөлігі 0,5 – 2.5 %. құрайды.Перформатормен бұрғылауда және самосвал кабинасындағы 10 мкм шаң бөлшектері 4,4 - 21, 5 % құрайды.

Карьерлердегі шаң құрамын жыныстық, рудалық немесе көмірлік таулы химиялық шикізаттар қазылғанда артықшылық көрсетеді. Карьерлердегі жұмыс істеу әрекетінде аралас шаңдардың әсері болады. Минерологиялық құрамы әртүрлі болады. Осы кремнийдің қос тотығының құрамы 1 – 5о % дейін ауытқып отырады.

Полиметалдық рудаларды қазуда шаң құрамында темір оксиді, аллюминий, кальций, магний, мыс, мырыш қосындылары болады. Бұрғылау, қопару, экскавация, тиеуде шаңның физико химиялық қасиеті жаңадан түзілген аэрозоль дезинтеграциясындай; борттан үрленген, автожолдар, үйінділерде аэрозольдар ескірген күйінде болады.

Өндірістік шаң.Пайдалы қазбаларды алуда шаң кәсіптік қолайсыз фактордың негізгісі. Оның шығар көзі ретінде бұрғылап қопарылыс кезінде қызмет, тиеп түсіру және тиеудегі, тау массаларын тасымалдаудағы жұмыс. Рудалық шаң жоғарғы дисперсті, бөлшектердің диаметрі 5 мм-ге дейін 90% бұрғылау уақытында, қопарылыстың жұмыстарда 90%-ға дейін, тиеу кезінде де 90%-ға дейін болады. Өз құрамына сай шаң аралас күйінде, оның құрамында рудалық бөлшектермен бос жыныстары. Шаңның силикоздық қауіптілігі оның құрамында кремнийдің қос тотығына байланысты анықталады. Үлкен шаң болу, құрғақ күйінде бұрғылауда пневматикалық перфораторды қолдану кезінде қатты құрғақ руданы бұрғылауда шаң концентрациясы 1м3 жүздеген миллиграмм көтеріледі. Бірақ өндірістік шұғыл шара қысқа уақытта жұмыс аяғының соңында орындалады. Пневматикалық перфоратормен бұрғылаудан электрлі тескіш көмегімен бұрғылауда шаңның пайда болуы азырақ, шаңның көп пайда болуы қопарылыстық жұмыс кезінде өтеді. Дыбыссыз, нашар желденетін забойларда шаң концентрациясы қопарылыстық жұмыстан соң 1м3 жүздеген және мыңдаған миллиграммға жетеді. Бірақ, шаңның жоғарғы деңгейі салыстырмалы түрде шаңдануы қысқа мерзімді уақытта 30-60 минут ішінде басылады. Жер асты жұмыстарында қарқынды шаң пайда болуы тиеу-түсіру жұмысы кезінде байқалады. Машинаға құрғақ тау жыныстарын тиеуде, шаңдану жоғарғы деңгейде байқалады.

Тау кен жұмыстарында машиналар мен механизимдерді пайдалану кезінде қарқынды шу пайда болады. Жер асты жұмыстарында шу көздері перфораторлар өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылар тиейтін машиналардың ауыр жүк көтеретін қырғыштармен, аударып тастайтын вагондар және т.б. машиналармен жұмыс істегенде білінеді. Ең көп шу әртүрлі типті перфораторлар жұмыс істеу кезінде байқалады, әсіресе олардың қарқынды жұмысы 114-127 дБА-ға, максималды дыбыстық энергиясы өтуі, жоғарғы жиілігі 1000-8000 Гц-ке жеткенде байқалады.

Таулы рудалық жұмыстағы перфораторлар дірілдің негізгі көзі. Ол құралдардың лақтыру жылдамдық параметрлері, жіберілу шегінің кең жиілік диапозон деңгейі (16-дан 2000Гц дейін), әсіресе октандық жолақта 31Гц құрайды, ол перфоратор тербелісінің негізгі жиілігіне сай келеді. Перфоратордың дірілдік қарқындылық сипаты жүйедегі ауа қысымына байланысты, ол остік ықпал, тау жынысының мықтылығын, құрал саймандардың техникалық жәй күйіне байланысты болады. Бұрғылаушының дірілдік перфоратормен жанасу уақыты жұмыс уақытының 23-25% -ы қамтиды. Бірақ, қарқынды дірілді қосқанда, қолайсыз факторлардың еріп жүруімен (қолдың суынуы, денедегі көп ауыртпалық, бұрғышылардың діріл ауруын дамытуы мүмкін.

Рудниктегі елеулі еңбек жағдайының ерекшелігі, жер астында жұмыс атқаратын топтардың денсаулық күйіне әсер етеді.Рудниктегі еңбек жағдайының жақсартылуы түбегейлі шешу жолдары кең көлемде өзі жүріп орындайтын құрал жабдықтардың болуы, олар негізінен руда өндірудегі комплексті жұмыстарды қамтуы керек.

Ауаның шаңдануын төмендетуде оған жасалатын шаралар пайдалы қазбаларды алудың барлық кезеңдеріндегі кешенді түрде қолданылады. Перфораторлық бұрғылаудағы шаңмен күресудің тиімді тәсілі сумен тесілген жерлерді жуу. Үкіметтің арнаулы қаулысы және қауыпсіздік ережеге сәйкес пайдалы жер қазбаларын өндіруде шаңды басу тәсілі міндетті, барлық қазба жұмыстарында орындалуы керек. «Құрғақ» бұрғыланған тесік (шпуры) жұмыстарында су қамтылуы керек, ол тесікке керекті автоблокты қондырғы және қол перфораторлары жасалынады.

Ылғалды бұрғылаудың 2 тәсілі бар: тік осьтік және бүйірлік. Сумен шайып остік бұрғылауда арнаулы каналдар балғалау және бұрғылау штангалары өтеді. Ал бүйірлік сумен шайып бұрғылауда балғаны жанай өтіп, арнаулы муфта арқылы бұрғыланған жерге өтеді. Мамандардың көбісі бүйірмен шаю бұрғылауды мақұлдайды, өйткені ондағы ылғалдау аз тау жыныстарында өтеді және шаңды ылғалдау жақсарады, яғни шаңды басу тиімдірек. Бұрғылау кезінде ылғалдап шылану немесе шылануға қосындылар қосуда шаң басу тиімді. Тесікті бұрғылау және ұңғыманы шаю мүмкіндігінше толық желдендіруде шаң құрамының төмендеуіне сенімділік көрсетеді, ол рудалық ауаның шектеулік концентрациясын қамтиды. Таулы геологиялық және климаттық жағдайда су қолдануға болатыны шаңмен күресуге мүмкіндік береді. (ауа температурасының теріс төмендік әсері, пайдалы қазбаларды сілтілендіруге, су жетіспеушілігінде т.б.). мұндай жағдайларда құрғақ шаң қаққыштар қолданылады және гигиеналық қатынастың басымдылығы болады. Олар шаңды қағып ұсақ бөлшектер жасайды, ол ылғалды бұрғылауда нашар басылады, одан басқада көп мөлшерде су кетеді, соңында жұмысшылар киімінің көп ылғалдануын ескертеді, забойдағы ауа ылғал-дылығының болмауына себепші болады. Кез келген шаң қаққыштардың принциптік сызбасына: шаң ұстауға төселу, шаң таситын, тазалайтын пневмалық өткізгіш құралдар болуы. Шаң ұстағыштар бұрғылау кезіндегі шаңды өткізу кезінде айырмашылықтары болады, ол тесік забой бойында болады. Біздің елде құрғақ шаң ұстағыштар тәжірибеден өткен, бұрғылық ұсақ шаңдар насоспен забой тесіктері бойында сарылады, ол бірнеше перфораторлар мен труба бойында тасымалдануымен тұйық таулы өндіруінде (коллектор) өңделіп, жақсы қымталған қосылма жабылады. Өндірілгендер шаң тұндыратын камера үшін қызмет етеді, онда шаңның ұсақ және ірі бөлшектері тұнады. Ұсақ тұнбаған шаң бөлшектері арнаулы сүзгілермен ұсталып, вакуумдық насосты қондырғыда сүзіледі. Таза ауа рудалық атмосфераға енеді. Өндірістік сынаманың көрсеткеніндей, жоғарғы гигиеналық тиімділік ол шаңмен күресу тәсілдері.

Шаңмен күресу мақсатында қопарылыстық жұмыста, гидрозабойлық тесіктеуде қолданылады. Ішкі және сыртқы гидрозабойдан ажыратылады. Ішкі гидрозабойлік тесіктеу, тесіктің зақымдануы қопарылыс заттарды зарядтаудан соң сулы ампуланы қояды (ерітіндімен шылану), одан соң сазды забой тесіктері майланады. Ішкі гидрозабойды пайдалану ауаның шаңдануын төмендетуі 3-10 есе, осы уақытта NO2 тез нейтралданады, сыртқы гидрозабойда сулы ампула саздың тосқалдануын қойылады.

Біздің елімізде соңғы жылдары, жүргізілген арнайы зерттеулерде, гидро-забойлық тесікті (сұйықтықтың ең аз жұмсалуы – 1-ға 1,5л) қопарылыстық жұмысқа енгізу шаңға қарсы күресу климаты суық аудандарда жүргізіледі. Осы уақыттарда шаңның төмендеуі (80%) болады. Сыртқы гидрозабойда су толтыру көмегімен шаңды ылғалдайтын ерітінділер сиымдылығы 25-30л қапшықтармен жүргізілуі мүмкің. Қапшықтар жабындының үстіне ілініп немесе забой алуына жайылады, зарядтың қопарылысы кезінде, ал қапшық ішінде орналасқанмен де ол судың шашылуы жүреді. Тұманды түзілуде және суландырылуы тұман түзгіш арқылы қопару алдында жүргізіледі. Қопарылыс кезінде ауа температурасы көтеріледі, шаң бөлшектері тұман конденсаты болып тұнады, осы уақытта пайда болған газ нейтралданады. Газды шаңды бұлтты қопарылыстан соң суландырады. Тиеу-түсіру және тасымалдаулық шараларда, рудниктегі қарапайым шаңмен күресудің тиімділігі суландырумен ылғалдап шаң көздеріне, тұрақты және ауыспалы суландыру қондырғы көмегіне жүгінеді. Жұмыс істеп тұрған забойда суландыруды желдендірумен өндірісте ұйымдастыру шаңның төзімділігін төмендетеді. Таулы өндірілуінде желдендіру жергілікті желдеткіштермен, қопарылыстан соң орындалады. Осы кезде желдендірудің 3 тәсілі: а й д а м а л а у, с о р у және к о м б и н а ц и я л ы арқылы жүргізіледі (37 сурет). Желдеткіш, таза шапшылатуды өндірілуде қондырылады. Желдетудің ұзақтығы 15-20 минуттан аспайды.

Дірілдік аурудың профилактикалық мақсатында бұрғышыларда қол перфораторлары барлық жерде технологиялық айырбастау мүмкіндігі терең бұрғыланатын станоктарда және өз бетімен жүретін автоматты басқарылатын құрал жабдықтармен (СБУ-3, СБКНС т.б.) жүргізіледі.

Бұрғышылар организміне зиян келтіретін діріл әсерін кеміту үшін әртүрлі діріл әсерін өшіретін қондырғылар және перфораторлар (дірілді өшіретін каретка, діріл өшіретін тұтқалар) қолданылады. Діріл өшіретін каретка (КВ, КР т.б.) жұмысшы қолын қорғауға арналған, ол, дірілдік перфоратордан көлденеңінен және көлбеу тесіктен бұрғылауда қорғайды. Олар серіппелі амортизаторлар әртүрлі жиіліктегі дірілді, діріл өшіргіш кареткалар төмендетеді.

Бірақ кареткалар перфоратор салмағын 4-5 кг ұлғайтады, онысы гигиеналық жетімсіздігі. Телескопты перфораторлар діріл өшіргіш тұтқасы резиналы сақинадан және арнаулы амортизатордан тұрады, олар жалпы дірілді төмендететін төсеніштер. Бұрғышылар суланып кетпейтін, майға төзімді қолғаппен (краги) қамтамасыз етілуі керек, онда дірілге төзімді алмалы төсеніш, жеке қорғаныс құралдарының өзі шудан қорғанатын (антифон, іштік) болуы қажет. Ең маңызды бұрғышылардың дірілдік аурудың алдын алу шаралары, ұйымдастырылуы керек, еңбектің тиімділігі еңбек режимі үшін дірілдік саймандардың жұмыс істегендер үшін ендіріледі.

Кешенді кәсіби бригадада жоғарыда шешілетін мәселені тиімді жолдарының өзі бірін- бірі алмастыра алмайтындай болуы керек. Осындай ұйымдастырылған еңбек нәтижелері жұмысшылардың бұрғылау кезінде жылына 100 ауысымдылықтағы жұмыс бастылығын шектейді, бірқатар рудниктегі тәжірибе жүзіндегі кездейсоқтықты бұрғышылардағы дірілдік ауру болдырмауын ескертеді.

Тау өндірудегі жарықтандыру, рудниктегі жалпы желдендіру, шахта мен рудникті сумен қамтамасыз ету, оларды кептіру, қоқыстан тазарту, тұрмыстық бөлмелерді орналастыру, медициналық қызметті ұйымдастыру, кеншілер қызмет ету жұмыстарының барлығы басқалардағы жұмыстардан айырмашылығы жоқ.

Зиянды газдар. Зиянды газдардың негізгі шығу көзі қопарылыс жұмыстары, автокөлік, тепловоз, қырғыш, бульдозер пайдалы қазбалардың өздігінен жануы тотықтану үдерісі, газдың табиғи бөлінуі өндірілетін кен орнындағы табиғи газдардың шығуы, сонымен қатар, карьерлерге жақын орналасқан кен байыту фабрикаларынан, ластанған ауадан туындайды.

Карьерлерлік атмосфераны көміртегі оксиді, азот оксиді, акролейн, формаль-дегидтер ластайды. Одан басқа кодты газ, күкіртті сутегі, метан, родон, торон ластауы мүмкін.

Көміртегі оксидінің шығу көзі ол қозғалтқышты машиналардан, өрттен туындайды. Азот оксиді қопарылу жұмыстарының үдерістерінен түзіледі. Сонымен бірге, дизельді автомашиналармен және басқадай техникалардан шыққан газдардан пайда болады. Шыққан газдардың құрамындағы азот оксидімен бірге құрамында формальдегид, акролейн болады. Күкіртті газ карьердің төменгі қабатында жиналып, руданың мыс кольчеданы, қоңыр көмірден жиналады. Карьера атмосферасына көмірсутегі пласт арасындағы судан келеді. Уран, тори рудаларын алу кезінде жыныстардың жарығында жиналған родон мен торон шығады. Көмірқышқыл газы оның көп концентрациялық бөлігі карьерлердің төменгі терең горизонттарында жиналады, ал оттегінің құрамдық пайызы төмен болады.

Инверсия нәтижесінде және пайда болуы кезінде карьера атмосферасының газбен, түтінмен ластануы қауіпті. Шыққан газдардың жиналуы белгілі болғандай терең карьерлер атмосферасында табиғи желденуді қиындатады және ұзақ соғатын жел мен инверсия жұмысты тоқтатуға мәжбүрлейді. Осы уақыттағы зиынды газ концентрация рұқсат етілген шектеуден он есе артып кетеді.

Ішкі карьерлер инверсиясы географиялық аймақтағы карьердің тереңдігіне, климаттық жағдайға, жыл, тәулік мезгіліне байланысты. Терең карьерлер инверсиясы (300 м және одан жоғары) карьерлер атмосферасының төменгі деңгейінде болады.

Қопарылыстық жұмыстар жаппай, ауаның қысқа мерзімді зиянды газдармен ластануының көзі. Қопарылыс орнынан 15- 20 минуттан кейін көміртегінің және азоттың қос тотығының концентрациясындағы газды шаңның шығуы жіберілетін көлемнің шегінде болады. Осыған байланысты, ауысым арасында, демалыс күндерінде жарылыс жасау, ауысым басында карьера атмосферасын қопарылыстық газдармен ластамайды, бірақ, жарылыстың толық тау жыныстарының ыдырауынан екінші химиялық реакциялар жүреді. Ол улы заттардың шығуымен жалғасады. Олар шаңмен жұтылады, қопарылған тау жыныстары кесектермен, бос орындармен толтырылады. Шағылған тау массаларынан экскавация уақытында қауіпті концентрациялы азот оксиді жәнне көміртегі оксиді шығады. Экскаваторшылардың уланбауы үшін ауалы сулы ағынмен, дегазациямен мәжбүрлеу керек.

Карьерлерлік атмосфераның гигиеналық бағалануында, атап айтқанда, автомобильден шыққан газдар зиянды газдар комбинациясы ескеріледі. Улы газдармен күресу мәселелері таулы ашық өңдеуде улы газдармен күресу проблемасы бүгінгі күнгі өзекті гигиеналық мәселесі. Еңбектің қауіпсіздік жағдайын жасау орындалатын іс шаралардың ішінде газға қарсы күрес ең маңыздысы. Ол әсіресе, терең карьерде жұмыс істейтін автокөліктердің қуаттылығына байланысты болады.

Шу жән діріл.Тау машиналарымен жұмыс пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен алуда қолданылады: экскаваторлар, бульдозерлер, бұрғылау станоктары және қолмен бұрғылау саймандары, көлік машиналары осының бәрінде шу мен діріл қоса жүреді. Машиналардың типтік сипатына қарай жұмыс циклі механизмдердің тозу дәрежесі, тау массасының қаттылығы және кабиналарда қолайлы болуына байланысты. Қазіргі шынжыртабанды экскаваторлардағы шуды жіберілу өлшемі 1- 15 дБ. Машина бөлімінде неғұрлым деңгейі байқалады. Шудың төменгі деңгейі адымдайтын экскаваторлар кабинасында төмендеу болады. Роторлы экскаваторларда көмір кесіндісімен жұмыс істегенде шудың жіберлу өлшеміне жақын. Бұрғылау станоктарында машинист кабинасында шудың деңгейі әртүрлі және жұмыс істеу алаңында тербеліс 93 – 105 дБ дейін. Ал орташада жоғары жиілік спектрліқ құрамда болады. Қалыпты параметрлердегі шу автосамосвалдар кабинасында жоғары болады.

Барлық көрсетілген тау машианалары кезеңдік емес, тұрақты емес, орташа және төменгі жиіліктегі дірілдер. Дірілдің жоғарғы деңгейі шу тәріздес шынжырлы табанды экскаваторларда байқалады. Адымдайтын экскаваторларда діріл қалыптағы өлшемнен жоғары болады. Бұрғылайтын саймандарда жалпы діріл қашаулы бұрғылау станоктарында айқын білінеді: жұмыс орындарында жібірілетін діріл деңгейінен жоғары. Автомобиль, автосамосвал да жалпы дірілден кейін машинаның типіне, жолдың жағдайына байланысты болады. Ең жоғарғы діріл көлемі 1-4 Гц диапозонды жиілікте. Қолайсыз жағдайда оның деңгейі жіберілетін өлшемнен артық болады. Кәдімгі діріл басқа көпшілік тау машиналары итерілістермен қоса жүреді. Бір орнынан екінші орынға жылжуы әртүрлі амплитуда болады. Жерт қазатын машианалардың машинистерінде ауыр автосамосвал жүргізушілерінде жергілікті жоғары жиіліктегі діріл басқару тұтқышы мен рульдік дөңгелекпен және жұмсыр орнындағы жалпы дірілмен бір сәтте әрекет етеді.

 

Жұмысшылар аурушаңдығы

Шахтерлардың аурушаңдығы еңбек қабілеттілігінің уақытша шығындағаны өндірістің басқа салаларында істегендермен орташа деңгейіндей. Жер бетіндегі істегендерге қарағанда жер астында жұмыс істейтін топтарда аурушаңдық деңгейі жоғары, жеке көмір бассейндерде істейтін шахтерлер аурушаңдығымен салыстырғанда аурушаңдық деңгейлерінің айырмасы сипатына қарай ерекшеленеді; мұнда арнайы еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайына, дәрежесіне, көптеген факторларға (шахтаның климатгеографиялық аймағында орналасуы, тереңдігімен ұзақтығы, желдеткіштерінің жай күйіне, сумен жабдықталуына, пайдалы қазбалардың шығару тәсіліне, медициналық қызмет атқару сапасына т.б.)

Бірінші кезекте тазалау және забойда дайындық жұмыстарын жүргізуде шахтерлер көп жарақат алу деңгейі жоғары болады. Шахтерлардың атқарылатын жұмысы механикаландырылуына байланысты жарақаттану деңгейі төмендеуі, оған қосымша техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауда көмектесті.

Нозологиялық формасының өзіндік салмағына (25-30%) грипп, жоғары тыныс жолдарының қабынуы, баспа т.б. да суық тиетін аурулар жатады. Ондай аурулардың шығуы дененің суынуы, киім, аяқ киімнің ылғалды болуынан туындайды. Шахтерлер ауруының болуы терінің іріңдеуі, көбінде терінің шаңдық ластануынан, терінің микрожарақаттануынан, арнаулы киімнің ластануынан, киімдерді шахталық сумен тазалаудан да туындайды.

Салыстырмалы түрде алғанда, шахтерлердің аурушаңдығына жіті ішек-асқазан және гельминттер тудыратыны, шахтаның кейбіреулерінің дұрыс таза-ланбауынан, сумен қанағаттанарлықтай қамтылмауы, тамақтанудың өзі жұмыс орнында өтуіде себепші болады.

Гидрошахтада жұмыс істейтіндердің ішінде, кейбір нозологиялық формада аурушаңдық шеткі перифериялық нерв жүйкелерінің, ревматизмнің белгілері байқалады. Нозологиялық формада аурушаңдықтың басқадай түрлері, шахтерлер-мен салыстырғанда көрсеткіштері төмен.

Өзінің құрылымы бойынша белгілі жағдайларды шахтадағы санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайының ерекшелігін көрсетеді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың көптеген басқада салаларынан айырмашылығы аурушылдықтың структурасында өндірістік травматизм бірінші орын алады.

Тұмаумен аурушаңдық екінші орын алады және барлық аурушылдықтың 15-16% құрайды. Үшінші орынды тері-іріңді аурулар алады. Одан кейін; ангина, тұрмыстық жарақат, жедел асқазан-ішек жолдарының ауруы, неврит және радикулит.

Өндірістік жарақаттану. Шахтерлардың арасында жарақаттану өндірістік және қарастырылған техникалық себептерге байланысты. Жарқаттанудың тікелей себебіні ң 40%-ы кен ошағында тіреуіштерді қою ережесін сақтамау салдарынан, көмір мен жыныс бөлшектерінің түсу жағдайынан болады. Жобамен жарақат алудың 25% жер асты көліктерінің жүру жолдарының бұзылу салдарынан, ағаш материалдармен, жыныстарды үйіп тастау, вагондарды тіркеудің дұрыс орынадалмағаны, вагонеткалардың рельстен шығып кетуі, механизм күшімен тасып шығару кезінде сигнализацияның нашарлығы және басқаларға байланысты дамиды. 20%-ке жуық жарақат, механизм және құрал саймандармен туындайды.

Қайғылы оқиғалардың себептерін тексерумен, шахта жарақаттарының анализдері бойынша штрек пен забойлардың үйіліп тасталуы, желдету мен жарықтандырудың нашарлығы, жұмыс кезінде арнайы бейімделген қорғаныштардың болмауы, машиналар мен механизімдерді қоршайтын қорғаныштардың болмауы, өндіріс үдерістерін дұрыс қаоастырмау мен тау кен жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі, бұзылған қондырғылар мен жұмыс істегенде арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдердің сай келмеуі салдарынан жарақат саны жоғарлайды.

Жарақаттану оқиғасының басым көпшілігі, шахта жұмысының санитарлық және техникалық ережелерін нашар меңгерген, аз тәжірибелі шахтерлар арасында кездеседі.

Орналасуына қарай барлық жарақаттардың жартысы қолдардың жарақатына алып келеді, оның ішінде 40%-саусақ пен білезік, аяқтың үштен бірі, көбінесе табан және 10% бас жарақаттары байқалады.

Шахтадағы жарақаттану оқиғаларының себептерінің анализдері бойынша олардың көмір шахтасының техникалық пайдалану кезінде ережесін сақтау мен тау кен жұмысы өндірісінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ, жаңадан жұмысқа түскен шахтерларға санитарлық-техникалық, нұсқаулар беру жолдарымен көптеген себептерден жарақаттың дамуынан қорғап қалуға болады.

Көмір шахталары жұмысшыларының тері және тері асты шел қабатының іріңді ауруларының деңгейі - өнеркәсіп салалары жұмысшыларының ішінде сыртта істейтін жұмысшыларға қарағанда, жер астында істейтін жұмысшылар арасында көп кездеседі. Көмір қазушылардың арасында бұл аурулардың шығуына, жалпы себептерден басқа, тері мен арнайы киімдердің көмір және жыныс шаңдарымен ластануы, теріде кіші-гірім зақымданулардың болуы, жоғары температурамен ылғалдылық жағдайында жұмыс жасағанда тер бөлінудің күшейуі, артезиан суы жеткіліксіздігі кезінде тазартылмаған шахта суын күнделікті душты пайдалану, арнайы киімдер мен аяқ киімдердің сапасыздығы мен ақаулығы, арнайы киімдер мен шкі киімдердің уақыттылы жуылмауы салдарынан терінің іріңді ауруларының дамуына мүмкіндік туғызады.

Шахтерлар арасында жедел асқазан - ішек аурулары мен жұмыр құрт инвазиялары шахтада жер асты ассенизациясын дұрыс қарастырмау және тау кені орындарын дұрыс тазаламағанда, сонымен қатар, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі жеткіліксіз б олғанда дамиды. Жер асты дәретханалары болмаған кезде немесе қанағаттанғысыз жағдайда асқазан - ішек ауруларының қоздырғыштары мен нәжістегі жұмыр құрттардың жұмыртқаларын бациллотасымалдаушылар шахта сумен таратады, топырақ, көмір, ағаш материалдардың жынысын ластайды, одан жұмысшылардың аяқ киіміне, киімдеріне, қолдарына түседі.

Тұмау - жоғары тыныс жолдарының мерзімді қатары және басқада суықтап аурушаңдық – дененің салқындауына киім мен аяқ, киімінің сулануына байланысты шахтерларда барлық аурушаңдықтың 25-30% құрайды. Ылғалдылығы өте жоғары шахталарда бұл аурулардың деңгейі жоғары. Шахтерлердің арасында белгілі жағдайларда кәсіптік аурулар дамуы мүмкін; нистагм, анкилостомидоз, бурситтер мен пневмоканиоздар.

Нистагм – көздің жылдам еріксіз қозғалысы, координаторлық невроз болып табылады; ол нашар жарықтандыру жағдайларындағы жұмыс кезіндегі шамадан тыс зорланушылықпен ыңғайсыз немесе дене тұрқын қалыптан тыс, дұрыс емес ұстау нәтижелері салдарынан көз бұлшық еттерінің координациясының бұзылыстары дамиды.

Анкилостомидоз. Анкилостомидтер тудыратын құрт аурулары. Анкилостомидтердің дамуы үшін ерекше қолайлы жағдай, шахта тереңдігі, оның ішінде жарықтың болмауы мен 20-250С оптимальды температураның жоғары ылғалдылықпен бірігуі байқалады. Мұндай шахталарда жаңадан жұмысқа келген жұмысшыларды жұмыр құрт тасымалдаушылыққа толықтай тиянақты алдын-ала медициналық тексеруден өткізу керек, аурушаңдық, байқалған жағдайда – жұмыр құрттарға барлық қарсы күресулердің кешенді шараларын жүргізуді тез шешу қажет.

Бурситтер.Өте аз қабаттардан қазбаны өндіру кезінде жұмысшылар тізесімен жүрелеп отырып немесе алақанын тіреп жартылай жатып жұмыс істеуге амалсыз болады. Мұндай қабаттардың еңкіш түсуі жағдайларында жұмысшы кейпі бірнеше түрлі болуы мүмкін, бірақ, олар өте ыңғайсыз. Нәтижесінде қорғанышы жеткіліксіз буындарға әрдайым тірек нерв беткейіне қысым мен үйкелуге душар етеді де алдымен теріде, сосын тері асты шел қабаттарында өзгерістер дамиды. Ары қарай тиісті шаралар қолданбаған жағдайда шахтерларда созылмалы, жиі қайталамалы жарақаттық тізе, жиі шынтақ бурситтері дамуы мүмкін, ол ұзақ уақытты еңбекке жарамсыздықты тудырады. Кәсіптік бурситтердің кездесу саны жұмыс өтілімен бірге жоғарлайды. Бурситтерді алдын-алу мақсатында шахтерлерді резиналы тізе төсеніштері мен шынтақ төсеніштері, берік бекітілген белбеулермен және соққылардың серіперлігін қамтамасыз ету керек.

Пневмоканиоздар. Шахтерлердің пневмоканиоздармен ауыруы ерекше назар аударуды талап етеді. Бірнеше зерттеушілердің көз қарасы бойынша, шахтерлерде пневмоканиоздың пайда болу мүмкіндігі - тек көмір шаңын жұтудан дамиды, яғни, "таза" көмір пневмоканиозы - антракоз .

Соңғы кездегі авторлардың айтуы бойынша көмір шахтасының жұмысшыларында пненмоканиоздар айтарлықтай көмір шаңының әсерінен емес жыныс қабаттарындағы көмір қабаты құрамында бірнеше пайыз кварцтардың болуы салдарынан, кремниймен қосылыс түзіп, нәтижесінде өкпе пневмоканиоздары дамиды деген. Көмір қазушы жұмысшылардың пневмоканиозбен зақымдалуы, шаңда кремнийдің қос тотығының болуына тікелей байланысты, сондықтан, антракоз емес силико-антракоз немесе силикоз деп айтуға болады. Кәсіптік антракоз кезінде өкпеде. өкпенің барлық бөліктеріне тарап жаткан фиброзды шаң ошақтары байқалады. Рентгенограммада аурудың алғашқы кезеңінде өкпе суретінің торлы деформирленген фонында майда ошақты фиброздар картинасы басым болады. Антракозбен ауыру бронхит түрінде басталады. Негізгі шағымдары болып: әлсіздік, көкірек қуысының ауруы, жөтел, ауыр дене жұмыс кезінде ентігудің күшейуі. Ентігу ерте пайда болады және пневмоканиоздың дамуына қарайда күшейе түседі, айта кету керек, жұмыс өтілі көп шахтерлар арасында созылмалы бронх қабынулары мен фиброзды өзгерісі жоқ өкпе эмфиземасы біршама байқалады. Көмір өндірісінде 10-20 жыл жұмыс істеген аралықта антракоз дамиды, ол қуатты механизмдердің көмір қазу жұмысы кезінде ауада шаңданудың көп болуына байланысты қысқа мерзімде процестің дамуы мүмкін.

Бұл аурулар "забой" жұмысшылары топтарында, көбінесе өте жоғары шаңдану жағдайында жұмыс істейтіндер арасында кездеседі; бұған жататын кәсіпкерлерге; тас көмірді қашап омыратын үңгігіш машиналар мен комбайындардың машинистері, қазушылар, құлатып қопарушылар, бекіткіштер, бұрғылаушылар, шой тас қалаушылар т.б. кіреді. Еңбек өтілі көп болған сайын жұмысшыларда пневмоканиоздың дамуына негізінде жоғарлайды. Антрако-силикоз ауруымен шаңды жұмыстардан ерте жұмыстан шығарылған болса, онда аурудың дамуы үшін негізгі жоғары деген сөз осыған байланысты жер астында істейтін жұмысшыларды жүйелі медициналық тексеруден өткізілу және дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Әртүрлі карьерлерде жұмыс істейтін жұмысшылардың жұмысқа жарамсыздық аурушылдығы бірдей емес. Оның климаттық географиялық жағдайға байланыстылығы белгілі. Карьердің аурушаңдық құрылымында басты орынды тұмау, жоғары тыныс жолдарының

Ашық тау жұмыстарындағы жұмысшыларда кәсіби аурулардың (діріл ауруы, пневмокониоз) аздаған жағадйлары тіркелген экскаватор машинистерінде ауыр

самосвал жүргізушілерінде діріл ауруының пайда болу жағдайлары белгілі. Пневмокониоз жұмысшыларда баяу және қатерсіз ағыммен дамиды. Яғни, орташа жұмыс өтілі 17, 6 жылды құрайды. Тау кен жұмысшыларының арасында кең тараған ауру пневмокониоз бен бұрғылаушылар, қопарғыштар, бекіткіштер, тау жынысын тазалаушылар жиі ауырады. Пневмокониоз 10- 15 жыл жұмыс өтілі бар адамдарда байқалады. Пневмокониорздың диффузды – склеротикалық түрі кездесе-ді. Тубекулез бен пневмокониздың асқынуы сирек. Тау кен жұмысшыларына тән кәсіби ауру шаңды бронхит. Бірақ, тау кен өнеркәсібінде шаң ауруларының аллдын алу негізгі проблема мен діріл ауруы тау кен өнеркәсібінің кәсіби ауруы. Бұлар пневматикалық бұрғылау префораторларымен жұмыс істейтіндерде болады.

Таулы рудалы өндірісіндегі жұмысшылар аурушаңдығы уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылуы соңғы уақытта жүйелі түрде төмендетеді, ол көп уақыт жарақат алу, пневмококкоз, асқазан-ішек аурулары т.б. аурулар есебінен, ол еңбек жағдайын жақсарту, емдік-профилактикалық қызмет көрсету, материалдық-тұрмыстық жағдайына қарай ескеріледі. Басқадай өндірістік салалармен салыстырғанда таулы рудалы өндірістердегі аурушаңдықтың жоғарлық көрсеткіштері, уақыт жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, ол, жарақат алу мен перифериялық жүйке жүйесінің ауруымен байланысты, іріңдену ауруы, тері ауруы, асқазан-ішек ауруы, сонымен бірге, инфекциялық ауру, ангина сияқты аурумен салыстырғандағы деңгейіне қарай болады.

Перифериялық жүйке жүйесінің ауруларына себепші болатын рудниктегі ауыр қол жұмыстарымен жұмыс істейтіндер дірілдік ауру, олардың амалсыздан дене қалпын ұстау үшін мәжбүр болуы ол уақыттағы дене қалпын келтіруде ауыртпалықтың асқан күйі, организмнің суынуы себебі дененің шамадан тыс ылғалдануы, температураның күрт өзгеруі т.б. Тері ауруларының жиілеуі себебі қатқыл резиналы киім кию, одан тері эпидермисінің қажалуы, бұзылуы, тіпті микрожарақаттылық болуы, сонымен қатар, тері жабындысы жұқпалы ауруына әкеледі. Асқазан-ішек жіті ауруларының (гастрит, гастроэнтероколит-асқазан тоқ ішектердің қабынуы) тууы жалпыға мәлім инфекцияның өндірістегі қоқыстың көп болуы, қай уақыттада сумен, тамақпен жабдықтанудың жетімсіздігі себепші болады. Өндірістік жарақат алу көбінде шахталық бекітілулердегі ереженің бұзылуы, жарықтың аз болуы, бұзылған саймандар мен механизмдердің болуы негізгі себепшілер.

Кеншілердегі кәсіби аурулардың болатыны пневмококкоз, көбірек олармен ауыратындар бұрғышылар, қопаратындар, бекіткіштер, тасып шығарғыштар, жыныстарды жинайтындар. Соңғы уақытта, шахтерлер арасында пневмокониозбен ауыратындар саны азайды, өйткені шаңнан қорғанатын іс шаралар дұрыс жолға қойылды, осыған байланысты оның сандық көрсеткіштері ғана емес, силикоздық аурудың клиникалық ауруда өзгерістер байқалады. 1960 жылдары І және ІІ дәрежелі силикоз рудниктерде диагноз қойылмайтын, тек алғашқы стадиялары ғана білінетін. Пневмокониоздық аурудың көпшілігі, еңбек өтілі 12-15 жыл істейтіндерде тіркелетін, жиірек диффузно-склеротикалық (көздің біркелкі беріштенуі) ауруы болатын.

Тау кеншілерінің кәсіби аурушаңдығына бронхиттер жатады, сондықтан өндірісте осындай ауруларды емдеуде негізгі мәселе.

Тау кен өндірісіндегі кәсіби аурушаңдық ол бұрғышылардың дірілдік ауруы, пневматикалық перфораторлармен жұмыс істейтіндерде әсіресе бұрғылау жұмыстарында. Дірілдің қолайсыздық әсері, бұрғышылардың тереңдігі жұмыс кезінде, дененің мұздауы немесе өте төмен температураның болуы, денемен зорланып жұмыс істеуінен. Бұрғышылардағы діріл клиникасының сипаты нервтік тамырлардың өзгеруі, қолдың шеткері бөлімдерінің, сүйек-буын аппараттарының өзгерісінде байқалады. Осыған байланысты, бұрғышыларда дірілдің жалпы әрекетінің (тік бұрғылауда) кейбіреулерінде тік аяқпен жұмыс істеуінде дірілдік ауру туындайды.

Көп еңбек өтілі бар бұрғышыларда кәсібіне қарай, кохлеарлы (құлақ құрышылық) нефрит ауруы болуы мүмкін.

Сауықтыру шаралары

Көмір өнеркәсібінде еңбек жағдайын сауықтыру келесі негізгі бағыттармен жүргізілуі тиіс:

1. Тас көмір өндірісінде өндіріс үдерісін механикаландыру.

2. Шахтаны құрғату арнайы артезиан ұңғымасын салу және топырақ пен төбе жабындарында суды шығаратын сүзгілер орнату .

3. Шахтада жарықтандыру электр жүйесімен жылыту лампалары мен люминисценттік лампалардың жарығының көмегімен стационарлы жарықтандыру. Бұдан басқа, барлық жұмысшылардың қолында және забойда жұмыс істеуге арналған, сонымен қатар, стационарлық жарықтандырылу жоқ тау кені орындарын жарықтандыру үшін қажетті тасымалданатын аккумуляторлы, бензинді лампамен қамтамасыз етілуі тиіс.

4. Көмір шахтасында шахта және жарылғыш газдармен күресу және адам организміне қажетті ауаның сапасын калыпта ұстап тұру үшін желдету негізгі және сенімді шара болып табылады. Қауіпсіз газдар мен шаңдар бар шахтада, алып келетін желдеткіштер орнатылады. Ал газды шахталарда керісінше сорып шығаратын желдеткіштер қолданылады.

5. Шахтада шаңмен күресу шаралары, шаңның түзілуін мүмкіндігіше төмендету, түзілген шаңды су себу жолымен басу, шаңды оның түзілген жерінде тазарту және кен орнын тиімді желдету жолдары мақсатымен жүргізіледі тиіс.

6. Шахтада шу және дірілмен күресудің сауықтыру шараларында негізінен машиналардың құрылымдарын қарастыру тиіс. Сырттағы басты желдеткіштің шуын, олардың табанына діріл оқшаулағыштарымен, ғимараттарды дыбыс оқшаулап қоршаулар орнату жолдары арқылы төмендету. Көмір кесіктерінде жұмыс істейтін эксковаторлардың кабиналарында дірілді төмендету, еден арасына және кабина қабырғаларына, сонымен бірге мотор астына серпінді материалдардан төсеніштер қолдану арқылы іске асырылу қажет.

7. Тиімді арнайы киімдер, су өткізбайтін аяқ киімдер және олардың дұрыстығын үнемі қадағалап отыру, дененің мұздауы мен су болуынан және тері-іріңді аурулардың жарақатынан сақтайды.

8. Шахтадағы қауіпсіздік шараларын шахтерлерден басқа, шахтаға түсетін барлық адамдар білуге міндетті. Ереже бойынша шахтаға түсуге рұқсат нұсқаулардан соң және инженерлерге немесе оқыту пунктінің басшысына техника қауіпсіздігі бойынша арнаулы емтихан тапсырған соң беріледі. Оқыту бағдарламасына: кен орындары бойында жүру кезінде, түрлі көмірге арналған машина, механизм және қондырғыларға қызмет істеу кезінде қауіпсіздік сұрақтары кіреді.

9. Шахтерлерді ауыз сумен қамтамасыз етудің, асқазан-ішек ауруларымен жұмырт құрт инвазияларын алдын-алуда маңызы зор. Сондықтан, әрбір шахтада ауыз су станциясы орнатылуы қажет. Ауыз су станциясы келесі бөлімдерден тұруы кажет;

- а) суды залалсыздандыруға арналған бөлім (хлорлау қайнақ суды суыту);

- б) флягтарды сумен толтыру және сақтау, толған флягтарды беріп отыру; - в) пайдаланылған флягтарды қабылдауға арналған бөлімдер де оларды жуу және залалсыздандыру жұмыстары жасалынады.

10. Жер ассенизациясында асқазан-ішек және жұмыр құрт ауруларымен күресуде маңызы зор. Жер асты ассенизациясына қойылатын негізгі санитарлық талаптар келесі: жер асты ассенизациясы қондырғылары жағымсыз иіс таратпауы тиіс. Сондықтан, дәретхана кен орнының шығатын ауа ағыны жағында орнатылуы керек, ол электірлі жарықтандырумен жабдықталған және есігі тығыз жабылатын, арнайы қуыс камералар болады. Дәретханаға кемірушілер мен шыбындар кірмейтіндей болу керек.

11. Шахтерларға санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетудің, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен аурушаңдықтың алдын-алуында маңызы өте зор. Шахталар мен кесіктерде санитарлық- тұрмыстық бөлмелер әкімшілік бөлмелермен бір кешенде орнатылады.

12. Шахтада медициналық көмек пен санитарлық-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуы қажет.

Еңбек гигиенасын сақтаудағы ең тиімді орындалатын мәселеде, көмірді механикалық жолмен ойып, дистанциялық басқару әдісімен кенді алу. Мұндай әдіс көптеген шахталарда жүргізіледі, ал оның жаңа әдісін енгізу алда тұрған шешілмек мәселе.

Көмір өндіру үдерісінде шахтерлар еңбегіне жағдай туғызып сауықтыруда, жұмысын механикаландыру үлкен маңызды іс. Осылай істеу еңбек өнімділігін арттырады, дене жұмысының қиындығын жеңілдетеді, қысқартады, бұл профилактикалық шаралар тиімділігін, бірқатар аурулардың алдын алады (радикулит, бурсит т.б.). Бірақ жер астындағы жұмысты механизациялау көмір өндіруде классикалық тәсілдерде шаң, дірілмен қарсы сақтандыруды күшейтеді.

Өндіріс үдерісін механизкаландыруда, әсіресе тау өндірісті құрғақтандыру мен жарықтандыруды еңбектің жалпы санитарлық, сауықтыру шаралар ескерілуі керек. Шахталарды құрғату арнаулы ұңғыма немесе жабынды сүзгілеуден суды сору арқылы жүргізіледі.

Штрек бойында жиналған ағын суларды ағындық бетондау немесе сол бойда ағашты арықша жасап шахтаның еңісіне қарай бағыттайды – ол арнаулы су жиналатын орын зумпфыға түсіреді, одан насос арқылы суды сорып сыртқа шығарады. Тамшыланатын су штректен, арнайы жасалған темірден жасалған жолақ арқылы шығарылады. Арнайы жасалған құрылыммен капежа (тамшыланған сулар) дан (қалқан, маңлайшалық қалқан, су ұстайтында) шахта ұңғымылары арқылы шахта алаңына, адамдар өтетін, түсетін, шығатын сатылар жанымен шығарылады. Суы мол болатын шахталарда арнаулы киімдердің ылғанданбауы үшін пайдаланады (су өткізбейтін матадан жасалынған бас киім, костюм, резиналы етік т.б.киеді).

Суық тиетін аурулардан күні бұрын сақтандырылады, ескертеді, жұмысшылардан таситын көліктер талапқа сай болуы керек, отыратын вагончиктердің өзі жылы, құрғақ, олар шахтадан 1км қашықтан аспауы керек.

Ашық тау жұмыстарындағы жұмысшыларда сауықтыру шаралары кешенді түрде жүргізілуі тиіс, оның сипаты барлық өндірістік ортада қолайсыз жағдайлардан алдын ала сақтандыру және бір бағытта болуы керек.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!