Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Көмір өндіру технологиясы



Өндірістік көмір бос жыныс күйінде қабаттасып шөгінді түрде жатады. Шөгінді жынысты көмір көлбеу, бұрыштап орналасады. Шөгінді пласталар көлденеңінен жатуы көмірдің көлбеу құлауы делінеді. Осыған байланысты үш тобы болады: шымдалған-көлбеу құлауы 0-250; еңкіш-25-450; тік құламалы 45 –дан 900 –қа дейінгісі.

Көлбеу құлау бұрышы көмірдің пайдалы қазбалардың таңдамалы орналасуы. Шөгінді жыныстық қабаттың қуаттылығы (қалыңдығы) 4 топқа бөлінеді. Өте жұқа – қуатты қалыңдығы 0,5м, жұқа – 0,5-тен 1,3м, орташа қуаттысы 1,3-тен 3,5м және қуаттысы 3,5 м-ден одан жоғарғы қалыңдықта. Жыныстық қабаттың қуаттылығын және көлбеу бұрышын әртүрлі әдістермен анықтайды, ал қазып алу механизациясының дәрежесі қазу үрдісіне және жұмыс істеу жағдайына байланысты.

Таудың жиынтықты өндірілуі (тік, көлбеу, көлденең) және жерастының техникалық, жер бетінің құрылысы көмір қазудағы жерасты әдісімен, жерасты шахтасы деп аталатын, ал руданы алу - рудник деп аталады.

Жер астынан өндіру топтарының мынадай түрлері бар:

1. Ж е р б е т і н е ө н д і р і п ш ы ғ а р у, оған бағана, тік қазылған (шурфы), сәл көлбеу қазылған (штольни) саңлаулы ұңғыма етіп қазу, өндіру жолдары.

2. Б і р д е н ж е р б е т і н е ш ы ғ а р м а й ө н д і р у. Оған: шірек (жердің горизонталь бойымен қазылған), бремсберги (ылдилап қазу), (көлденең қазу) квершлаг.

3. Т а з а л а п ө н д і р у г е забой (рудниктегі шахта бөлігі). Ол көмір немесе қазба жатқан жерді шұңқырлау.

4. Қ ы з м е т т і к к а м е р а және о қ п а н д ы қ алаң. Оған жататындар: су тартқыш (насос, машиналық камера, диспетчерлік, күту камералары, медпункт, электровоз депосы, поездің өртке қарсы камера т.б.)



5.Көмір өндіруді механикаландыруға қажетті құрал-жабдықтар, машиналар, керек жарақтар, оларды тасымалдаушылар бәріде алаңнан алынады.

Жер бетіндегі шахталық құрылымдарға: оқпан үстіндегі ғимарат (конры), машина көтеретін ғимарат, бункерлі эстакада (жүк түсіру, тию қондырғысы) компрессорлар, электрлі подстанция, бас желдеткіштер, әкімшілік-тұрмыстық комбинаттар т.б.

Көмірдің жер астындағы кен орнынан өндірілуі кен орын ашылғаннан басталады. Осы мақсатта бос тау жыныстарынан күрделі құрылыс деп аталатын орыннан, көмір пластынан өндіріледі. Тау жыныстары ашылған соң, пайдалы қазбаларды шұңқырды тазартып алу үшін дайындайды. Осы жұмыс өзінің атына сай өндіруге дайындық деп аталады. Тазалық жұмыстарынан соң, көмір шұңқырына кіріседі.

Көмір шұңқырындағы көмір бөліктеріндегі (забой) жұмыстарына шұғыл кірісуде: керту, опыру, бастырмалау, тасымалдау үшін кеңістікті тазалайды, забойлық кеңістікті бекітеді.

Қазіргі уақытта тау машиналары мен механизмдерін қолдану көптеген жеңілдіктер берді, шахтерлер үшін еңбек өнімділігі артты.

Тау технологиясында тазалау жұмысы ең бастысы. Оған жататындар: көмірді опыру, конвейрге бастырмалатын тиеу, көмір оятын орыннан (лава) қазылған кен орнынан (штрек) ұзына бойынан тасымалдау, забой кеңейтілген бөлігін бекіту және жабындыны бағыттау. Біздің елде көмірді шығарудың 4 түрлі әдісі бар: қолмен, бұрғылаумен, гидравликалық және механикалық.



Қ о л м е н а л у ә д і с і н д е пневматикалық балғамен опыруды пайдаланады, бұл шектеулі жұмыс, ол қазір үдемелі түрде механикамен ауыстырылды. Ж а р ы л ғ ы ш б ұ р ғ ы л а у ә д і с і, аса қуатты пластикалардан, құламалы өндіру.

Көмір шұңқырынан г и д р а в и к а л ы қ ә д і с п е н алу жаңа технологиялық жолмен көмір алынатын өндірісте қолданылады, құрал-жабдықтардың сапалылығы үшін гидромониторлар мен насостар қолданылады. Гидравликалық ойып алуда, гидравликалық қопару, гидравликалық, гидравликалық бұрғылау қолданылады.

Гидравликалық қопаруда көмір алу қопарып бұрғылаумен жүргізіледі, ол үшін тау массасын сумен шаюды ондағы су қысымы 25-40 атмосферада, ары қарай гидротранспортировкамен бетін шаяды.

Механикалық гидравликалық шұңқырлау, көмірді опару комбайнмен, сумен шапшытып шайып, 2-6 атмосфералық қысыммен орындалады. Гидравликалық шұңқырдан опырып, кертіп және сумен шапшытып шаюда 80-90 атм. қысыммен жүргізіледі.

Гидромеханикалық әдістерді қолдануда еңбек өнімділігі артады, еңбек қауіпсіздігі сақталады, бірақ оны қолдану кеңінен қолданылғанмен кейбір таулы-геологиялық және климаттық жағдайларға кедергі жасайды.

Көмірді алудағы механикалық әдіс көмір өндірудегі негізгі болып табылады. Ол көбіне машина, комбайн арқылы кешенді түрде өндіріледі.

М е х а н и к а л ы қ ж о л м е н к ө м і р ө н д і р у үдерісі көмір пластыларын шауып, көмір шұңқырларын жасау үшін бұрғылау әдісі қолданылады. Конвейерге тиеу қолмен жүргізіледі, сондықтан , машина шектеулі ғана жұмыс атқарады, ол тау-геологиялық жағдайда күрделі, өйткені комбайн және кешенді түрде ол қазір қолданылмайды.

Көмірді алатын комбайндар ол тау машиналарының қосынды түрлері (комбинациялы), олар мезгілде пайдалы қазбаларды бұзады, сөйтіп қырғыш комбайн көмірді бөлшектеп тиейді. Ол комбайндар кең көлемде (1 м-ден көп), тар көлемді (1м-ге дейін) қамтиды.

Көмірдің жартысының өндірілуі көмір өндіретін машиналардың кешенді түрде үздіксіз жүргізіледі, ол тар көлемді комбайн, гидрофицитті, автоматты қозғалмалы, қозғалмалы қырғыш комбайн, гидро және электрожабдықты конвейерлер қолданылады. Көмір алатын комплексті механикаландырылған үдеріісті қолдану, өндіруде қол жеткізіледі. Көмір шахталарында кешенді типті, әртүрлі тау-геологиялық жағдайда қолданылатын механикалық машиналар бар: КМ – 87Э, КМ – 81В, КМ – 120, К – 1МКС т.б. қазіргі кездерде көмір өндіру технологиялары жетілдірілген, технологиялық деңгейі жоғары. Тіпті адам қолымен істелмейтін машиналары КМД, БУГ бар. Щитті агрегаттар пластыларды ірі тік құлатқыштар қолданылады.

Көмірөндірудің барлық тәсілдері көмір пластыларын жонатын қондырғылар арқылы орындалып барлық үдерістер механикаландырылған. Бұрынғы дәстүрлі көмір өндіруде механикаландырылып кең түрде көмірдің борпылдақ массасы да осындай қолданыстармен іске асырылуда.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!