Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Көмір өндірісінің еңбек гигиенасы



Көмір өндірісте, көліктерде және барлық халық шаруашылығында жылу мен энергияның басты көзінің бірі болып табылады.

Шахта қабаттары қондырғылары мен көмір өндіру үдерісі, көмір шахтасы - өзіне тән жер асты және жер беті бөлігінен, яғни "сырт" деп аталатын кешенді жер беті құрылымдары деген тау кені орнынан тұратын өндіріс кәсіпорны.

Шахтаны жобалау мен кұрылыс жүргізу үшін көмір кен орны учаскесіне терең барлау жүргізу қажет.

Шахтаны жобалауда оның бүкіл пайдалану мерзіміндегі өндірілетін көмірдің жалпы мөлшері, тәуліктік көмір өндірілу жеке қабаттардың өңделуінің жүйелілігі мен өңдеу жүйесінің мүмкіншілігі, жер асты өнімі жабындысын, шахтада көмірді тасымалдау және оны сыртқа немесе тауға көтеру әдісін меңгеру анықталынады. Сонымен қатар, шахтаның су және газға байлылығы суды ағызатын, желдету, жарықтандыру және йоджер ассенизация қондырғыларын орнату мәселелерінің шешілуі де анықталады. Сонымен бірге, « сырт» жобасы, оқпан үсті ғимаратты, машиналы көтеретін ғимарат, бункерлік эстакада, компрессорлы электор желілі кішігірім станция, басты желдеткіштер, қазан ағаш қойма, механикалық шеберхана, әкімшілік- тұрмыстық комбинаттармен қоса, тазалау қондырғыларының артезиандық ұңғыма, кен ішіндегі пайдасыз жыныстар, терриконик, тұрғын кенттер жобасында зерттеледі.

Кей жағдайларда, жиі коксты көмірді өндіру кезінде, ірі шахталар болса немесе жақын орналасқан шахта топтары болса көмір байыту фабрикаларын орнату жобаланады.

Шахта және кенттер құрылысының жобасы және барлық бақылау ұйымдарымен келісілген болуы тиіс.

Екінші кезең шахта құрылысы болып табылады яғни, ол көмір қабаттарына кіру үшін шахта жерін аршумен басталады.

Бұл, оқпан немесе штолен қазумен, ал кен орнын ашық әдіспен өндіруде кесік немесе карьер көмір қабаттарын жауып жатқан жыныс қабаттарын ашумен аяқталады. Бұдан соң, оқпан айналасы қондырғыларын құру жұмыстары жүргізіледі, кейде оны рудник ауласы деп атайды, онда: жарғыш заттар қоймасы, материалдар қоймасы, электровоз депосы, басты су сорып шығарғыш, шеберхана және т.б. жайластырылады.



Тау кен жұмыстарының басталуы мен бір уақытта жер беті қондырғылары құрылысы жүргізілуі тиіс, яғни, тау кені орындарын уақытында желдетіп отыру үшін жиі желдеткіштер, қондырғылар ғимараттары салыну қажет.

Жер беті өндірістерінің құрылысынан шахта құрылысының айырмашылығы тау кен орнын қазу үдерісінде көмір өндіріледі. Сондықтан, шахта құрылысының аяқталуы кезеңімен пайдаланып қабылдау кезеңінің анық шегі жоқ. Шахта пайдалануында өндірісте дайындық (ойық) және тазалау (қазып шығару) жұмыстарымен көмірді қазып беру және жыныстарды сыртқа шығарумен аяқталады.

Дайындық жұмыстары штректер, бремсберг, (скат) еңкіс, гезенк және басқа өнім қазбасынан тұрады. Дайындық жұмыстары көмір қазуды жүргізу үшін көмір оятын орындардың ойық сызығын жүргізу, қазып алынған көмір мен жыныстарды шығару үшін көлік құралдарын сонымен қатар, шахтаны желдету үшін канал құралдарын құрастырумен қорытындыланады. Көмір шығатын жерді аршу жұмыстарының ішінде көбіне құрамында бос кремнезем бар жынысты қазу жұмыстары жүргізіледі. Көмірді қазу шығару жұмыстары (тазарту жұмыстары) таза көмір қабаттарында жүргізіледі. Дайындық және тазарту жұмыстарының жүргізілу тәртібі кен орнындағы өңдеу жүйелілігін құрайды. Қабаттардың қуаттылығы мен тереңдігі, оның түсу еңкіштігін көмірдің мықтылығы мен өзін-өзі тұтандырғыш қасиетін, шытырлауық газдардың бөліну мөлшерін, қоршаған жыныстарын және физикалық қасиеттерін т.б. анықтау негізгі соңғы талдау жұмыстары болып табылады.



Өңдеудің ұтымды жүйесі, жұмыс қауіпсіздігі талаптарын, экономикалық, жиі пайдалы қазбалардың шығынын азайту жұмыстарын қанағаттандыру тиіс. Пайдалы қазбалар мен бос жыныстарды өндіру нәтижесінде пайда болған шахтадағы барлық "бос" (өндірілген) қуыстар тау кені орны (горные выработки) деп аталады. Тау кені орындары тағайындалуына байланысты барлау, дайындық және тазарту, ал орналасуы бойынша – тік , еңкіш және көлденңді болуы мүмкін. Тік орналасқан қазбаға шахта оқпаны, шурф, ұңғым а және гезенки жатады.

Көлденеңді немесе аз ғана еңкіш қазба - штолен квершлаг, штректер деп аталады. Еңкіш қазба, көмір қабаттары орны мен өңдеу схемаларына байланысты.

Шахта оқпаны мен штольни - (оқпан, тік шахтаның үстінен астына дейінгі жері); (штольня - жатық не сәл көлбете қазылған қазба) жер асты қазбаларын жер үстімен жалғастыру үшін қажет, олар адамдарды тасымалдау, материалдарды беріп отыру және шахтадағы өндірілген көмірді шығарып отыру мақсатында пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл арқылы шахтаға таза ауа беріліп және пайдаланылған желдеткіштерден ауа шығарылып отырады.

Шурф - бұл тау кені орнын жер бетімен жалғастыратын тік жол (шурф - жер бетінен қазылған қазба). Шурф шахта оқпанына қарағанда аз ғана тілінген орынға ие.

Штрек - деп жер бетімен байланысатын және көмір қабаттарын бойлай жатқан көденеңді, не азғана еңкіш орналасқан кен орнын айтамыз (штрек - жердің көөлденең бойымен қазылғаи кен орны). Штректер тазаланған жерлерде көмірді тасуға нұсқау үшін және көп орындарында желдету жүргізу үшін қажет. Шахтада штректердің жалғасы өте үлкен және олар бірнеше ондаған километр құрайды.

Квершлаг- бұл жыныстарға перпендикуляр жатқан немесе созылып жатқан көмір қабаттарын бұрыш жасап өтетін көлденеңді қазба. Бұлар рудник ауласының жалғасы болып табылады. Мұнымен шахтаның өндірілген қазбалары шығарылып тректі материалдар беріліп отырылады.

Бремсберг- өндірілген көмір тиелген, вагонеткаларды түсіру (бремсберг - ылдиға түсірілетін жүкке арналған үңгір қазба) үшін немесе ойып алынатыи жыныстарды жоғарғы горизонттан төменге қарай механикалық тиексіз түсіретін еңкіш қазба. Олар жоғарғы горизонтқа таза ауа беріи отыру үшін және ерекше шахтаны диагональды желдету мақсатында пайдаланылады.

Скат - ылди - өте қатты ылди қазба, мұнымен қазба өздігінен жоғарғы горизонттан төменге сырғанап түседі.

Уклон - еңіс - еңкіш қазба, бремсбергтеи ерекшелігі мұнымен электромотормен немесе сығылған ауа мен әсер ете отырын шығырдың көмегімен төменгі горизонттан жоғарыға қарай көмірді немесе жыныстарды көтеру жұмыстары жүргізіледі.

Забой - жыныс немесе көмір қазып алу орны (забой - шахтадағы штольнидің бір бөлімі). Егер забой қазылған штректің соқында орналасса онда ол тұйық деп аталады. Шахтадағы көмір оятын жерлердегі забой "тазарту" деп аталады.

Корсинги - бір ауа ағынының екіншісі арқылы "асырып" алмасуы үшін қажетті өзінше ерекше аспалы қондырғы. Мысалы: қиылысу орнынан таза ауа шығатын жер арқылы енеді.

Рудник ауласы - деп шахта оқпаны мен басты штоленге тікелей жақын орналасқан кен орнын айтамыз. Мұнымен оқпан немесе штольни арасын жалғастырып, көмір және жыныстар тиелген вагонеткаларды сыртқа шығару үшін көтергіш шығырға беріп отыру және қайта шахтаға беріп отыру жұмыстары іске асырылады, Рудник ауласы орналаскдн жерде шахтаға тіреу ағаштарын түсіріп отыратын ұңғыма орналастырылады. Рудник ауласында штректер арқылы адамдардың қозғалысы, таза ауаның берілуі және тау кені орны арқылы өткен ауа шығуы іске асырылады.

Барлық машиналар, құралдар, материалдар көмірді механикалык, өндіру мен оны тасымалдауды қарастыру үшін кажет, сонымен қатар, жарылғыш заттар да рудник ауласы арқылы беріліп отырылады.

Терриконик - кен орнын казын ашу және пайдаға асыру кезінде шығарылған пайдасыз жыныс үйіндісі. Террикониктер мөлшері мен биіктігі едәуір үлкен болады. Жыныстарды оған тиеу скреперлік ауыр жүк көтергіш шығырдың көмегімен механикаландырылады. Сондай-ақ, террикониктерге жиі күкіртті колчедан түседі, ол өздігінен жану мүмкіндігіне ие және ауаға күкіртті ангидрит бөліп шығарады, бірақ террикониктер шахта желдеткішінің ауа кіретін қашасынан 80 м-ден аз емес кашықтықта, ық жағында орналасуы қажет.

Тау кені орындарындағы жұмыстардың санитарлық жағдайы бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Барлығынан бұрын тау кені орнына толықтай күн жарығы түспейді. Шахтадағы барлық жұмыстар толықтай жасанды жарықтандырумен жүргізіледі. Екінші ерекшелік, осы шахта орналасқан аумақтың географиясына, оның жатқан орнының тереңдігіне, көмір қабатының және оны жауып жатқан жыныстардың суға байлылығына және т.б. себептерге байланысты. Үшінші ерекшелік – бұл ауаның табиғи шахта газдарымен ластану мүмкіндігі. Көмір түзілу барысында көмір қабаттары қалыңдығында жиналған және оны өндіру процесінде көмірмен бөлінетін көмір қышқылы мен метан газдарымен ластанады. Көмірде сирек күкірт колчеданы болуы мен шахтада органикалық заттарды шіру үдерісі кезінде күкіртті сутек пен аммиак бөлінеді, ал жер асты өрті болғанда күкіртті газ бен көміртегі окисі түзіледі.

Шахтада бұрғылап - жару жұмыстары жарғыш заттар пайдаланумен байланысты, жарылыс кезінде көміртегі окисі мен нитрогаз бөлінеді. Көмір өндірудің көптеген үдерістерінде тасымалдау, көтеру, тиеу және төгу жұмыстарының барлығы көп мөлшердө құрамында аз немесе көп қосындылары бар жыныс шаңдарының бөлінуімен қатар жүреді Шахтаның еңбек жағдайының тағыда бір ерекшелігі болып, тау жұмыстарының қозғалыс фронты яғни, күнделікті ауыстырылып отырылуы және желдеткіштік қондырғылардың, сондай-ақ, электірлік ауа және су шығаратын байланыстарды да ауыстырып отыруды талап етеді. Тау кені орындарының аса терең болуы мен оның созылып жатқан жерінің үлкендігі шахтаны желдетуге бір шама қиындық туғызады, сонымен қатар, гигиеналық көз қарас бойынша жер асты ассенизация және жұмысшыларды ауыз сумен қамтамасыз ету сұрақтарын ұтымды шешуді қиындатады.

Кіші габаритті штрек, лав жөне забойларды өте ірі механикалык, қондырғылардың орналасуымен оның жиі-жиі қозғалыста болуынан, электр кабельдерінің аса үлкен ұзындыққа созылуымен, сондай-ақ, төбе жабындысының беріктігінің нашарлығынан барып жарақат алуға жағдай туады. Механизмдер жұмыс істегенде айтарлықтай шу және діріл шығарады.

Кессон әдісімен шахта оқпанында қазу жұмыстары ауа қысымының жоғары жағдайында болумен байланысты және кессон ауруының даму мүмкіншілігі туады. Жоғарыда келтірілген шахтадағы еңбек жағдайының ерекшеліктері шахтерлардың еңбек жағдайының негізгі кәсіптік зияндылықтарын сипаттайды.

Көмір өндіру өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы

Көмір өндіру өнеркәсіп салаларына өнеркәсіптік барлау, өндіру және пайдалы қазбаларды алғашқы өңдеу жатады. Көмір өндіру өнеркәсібі: жылуды қамтитын (көмір, мұнай, газ) және т.б.; кенді өндіретін (темір, түсті металдар, радиоактивті элементтер рудалары) және т.б; пайдалы қазбалар ішінде металды емес және құрылыстық материалдар (мрамор, известняк, саз) және т.б. таулы химиялық (фосфорит, аппатит, күкірт т.б.) және т.б. жатады.

Пайдалы қазбаларды өндірудің екі түрлі: а ш ы қ және ж е р а с т ы н а н өндіру әдісі бар .

Өндіру тәсілдері мен технологиялық қолданыстары мәні сол еңбек ету жағдайына, гигиеналық ерекшелігімен анықталады.

Пайдалы қазбаларды өндіру, қазуға дайындық ол тау-кен жұмыстары нәтижесінде тау жыныстарының алынуы ( бос жыныстар мен пайдалы қазбалар) жер қыртысы қуысынан пайда болады, сондықтан оларды таулы өндіру дейді.

Таулы өнеркәсіптің қазіргі заманғы дамуы, құрылыстық мекемелердің қуаттылық сипатына қарай, жер асты жұмыстары, ал ашық алыну жергілікті қазбалары еліміздің халық шаруашылығының қазіргі сұранысына қарай сәйкестеледі.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!