Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқынуларды диагностикалау



 

Вакцинациядан кейінгі лимфадениттер - вакцина енгізген жерге жақын орналасқан аймақтық лимфа бездерінің ұлғаюы, жиі – қолтық асты, кейде – бұғана үсті және бұғана асты, сирек – мойын, жақ асты, иек асты және бұлшық ет аралық. Бір немесе бірнеше топтың лимфа бездерінің бірден немесе бірте-бірте зақымдануы мүмкін. Вакцинациядан кейінгі лимфадениттер, негізінен, алғаш рет вакцинация жасалған балаларда 2-3 айдан кейін пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайларда суық абсцесспен бірге кездесуі мүмкін. Лимфа бездерінің 10-15 мм-ге дейін ұлғаюы шекаралық жағдай болып саналады және де лимфоидты тіннің қалыпты реакциясы мен БЦЖ асқынуы арасында ажырату жүргізу мен динамикада бақылауды талап етеді.
Вакцинациядан кейінгі аймақтық лимфадениттердің клиникалық көрінісі үрдістің фазасына сәйкес (инфильтрация, казеозды некроз, кальцинация) әртүрлі болады. Кейде лимфа бездері жұмсарып, флюктуация, абсцестену мен жыланкөз пайда болып, иіссіз ірің бөлінеді. Вакцинациядан кейінгі лимфаденит ұзақ ағымды болса, балалада интоксикация белгілері пайда болады (оқтын-оқтын субфебрильді температура, микрополиадения, тәбетінің төмендеуі, салмақ қосуы бәсеңдейді немесе тіпті қоспайды, гипохромды анемия, бауырының үлкеюі және басқалар). Өте сирек жағдайларда менингизм көрінісі немесе капилляротоксикозға ұқсас геморрагиялық бөртпелер пайда болуы мүмкін.
Вакцинациядан кейінгі лимфадениттерге төмендегілер тән:
лимфа бездерінің көлемі 15 мм және одан да астам ұлғаюы;
консистенциясы – басында жұмсақ, эластикалы, кейін – тығыз;
лимфа бездерінің пальпациясы - ауырусыз;
бастапқы кезеңде тері өзгермеген, кейіннен тері қызыл-көкшіл түсті болып, лимфа безі теріге жабысады. Одан кейін лимфа безі абсцестеніп, казеозды массалар сыртқа шығып, аз не көп мөлшердегі иіссіз бөліндісі бар жыланкөз пайда болуы мүмкін;
баланың жалпы жағдайы мен көңіл-күйінде айтарлықтай өзгерістер болмайды;
туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынастың болмауы.
Теріастылық суық абсцесстер жергілікті температурасыз абсцесстің пайда болуымен сипатталады. Теріастылық суық абсцесстің пайда болуы БЦЖ вакцинасын енгізу техникасын бұзумен, вакцинаның тері астына түсуімен байланысты.
Теріастылық суық абсцесстердің клиникалық көріністері:
ісік пайда болады да, оның үстіндегі тері түсі өзгере бастайды;
пальпация кезінде ауырмайды, ортасында флюктуация анықталады;
кейде қолтық асты лимфа бездері ребелсендігі ұлғаюы мүмкін;
вакцина жарым-жартылай тері ішіне түскен жағдайда БЦЖ вакцинасы енгізілген жерде вакцинациядан кейінгі қалыпты жергілікті реакция дамиды;
жараға айналу (теріастылық суық абсцесс уақытылы анықталмаса және өз бетімен жарылса);
вакцинациядан (ревакцинациядан) кейін 1-8 айдан соң пайда болады.
2-3 айдан кейін абсцесстің өз бетімен сорылуы немесе жұмсарып, ірің шығып, жара пайда болып, жазылғанда жұлдызша тәрізді тыртықша пайда болуы мүмкін.
Беткей жара – вакцина енгізілген жердегі тері мен теріастылық талшықтың ақауы. Жараның пайда болу себебі – егу материалының жоғары реактогендігі немесе оның жоғары мөлшерде болуы.
Беткей жараның сипаттамасы:
диаметрі 10 мм-ден 20-30 мм-ге дейін (шеттері кесілген, жан-жағындағы инфильтрация айқын емес, түбінде көп мөлшерде іріңді бөлінді бар);
ревакцинациядан кейін 2-3 аптадан соң пайда болады және әр түрлі бөртпелер, әсіресе аллергиялық, шығу бейім, терісінің ерекше реактогендігі бар балаларда байқалады.
Келоидты тыртық – вакцина енгізілген жердегі көлемі 10 мм-ден астам, тері деңгейінен көтеріңкі орналасқан ісік тәрізді түзіліс. Алғаш рет жүргізілген вакцинациядан кейін келоидты тыртық сирек пайда болады. Келоидты тыртықтың пайда болуына себепші факторлар: ұзақ (6 айдан астам) жазылмайтын жергілікті реакция, БЦЖ вакцинасының енгізу орнын (білектің жоғарғы үштен бір бөлігі) дұрыс таңдамау, сонымен қатар ағзаның гормондық қайта құрылуы.
Келоидты тыртықтың вакциндық үрдістің қалыпты ағымында түзілетін тыртықшадан айырмашылығы:
тығыздығы, кейде шеміршек тәрізді консистенциялы;
келоидтың қалың қабатында капиллярлар болады және олар қарап тексергенде анық көрінеді;
тыртық пішіні дөңгелек, эллипс тәрізді, кейде жұлдызша тәрізді;
беті тегіс, жылтыр;
түсі – солғын қызғылт, көкшіл реңкі бар алқызыл түстен, қоңыр түске дейін;
келоидты тыртықтың жан-жағы қышиды, кейде ауыру сезімі қосылады.
Терінің кез-келген зақымдануына келоидты тыртықтың пайда болуына бейім балаларда жиі түзіледі. Көлемі 1 см және бір жыл ішінде өспеген келоидтарды емдеу қажет емес.
Келоидтарды хирургиялық емдеуге тыйым салынады.
Сүйек жүйесінің зақымдануы (оститтер) – жаңа туылған нәрестелердің БЦЖ вакцинациясының сирек кездесетін (1млн. егілгендер арасында 1 жағдай) кеш пайда болатын асқынуы. Латентті кезеңі 18 айға дейін. Содан соң зақымданған жер ісіңкіреп, қозғалыс көлемі шектеледі.
Оститтің диагнозы келесі төрт белгіге негізделеді:
туберкулинді реакциялар - оң, «ДИАСКИНТЕСТ®» - теріс;
өзіне тән рентгенологиялық көрініс – склерозды жиегі бар остеолиз ошағы, сирек жағдайда – периостальдық реакция байқалады;
биопсиялық материалды зерттегенде эпителиодты жасушалы гранулематозды остеомиелит анықталады;
микробиологиялық зерттегенде қышқылға төзімді микобактериялар анықталады және олардың БЦЖ микобактериялары (bovis) екендігі сәйкестендіріледі.
Процестің вакцинациядан кейінгі екендігіне нұсқайтын белгілер:
баланың жасы 5 жасқа дейін;
зақымдану ошағының шектелгендігі;
остит кез келген жерде шоғырлануы мүмкін, бірақ аяқ сүйектері жиі зақымданады;
зақымданған буынның ісініп, пішінінің тегістелуі;
аяқ/қол бұлшық еттерінің тырысуы және атрофиясы;
пальпация кезінде және білікке салмақ түскенде жергілікті ауыру сезімінің күшеюі;
қозғалыс көлемінің шектелуі;
буынға сұйықтық жиналуы мүмкін (флюктуацияның болуы, тізе тобығының ауытқуы, аяқ/қолдың мәжбүрлі жайы бойынша анықталады);
жүріс-тұрыстың өзгеруі;
сүйек тінінің зақымдануының басқа белгілері.
Балалар емханасында клиникалық белгілер бойынша вакцинациядан кейінгі асқынулар анықталған жағдайда фтизиатр келесі қосымша зерттеу әдістерін тағайындайды:
қан мен зәрдің жалпы талдамасы;
«ДИАСКИНТЕСТ®»;
кеуде қуысы ағзаларының жалпы рентгенограммасы (көрсеткіштер бойынша – томографиялық зерттеу), қабыну сүйек-буын жүйесінде орналасса – сүйектер мен буындардың рентгенографиясы;
көрсеткіштер бойынша – 2 ТБ Манту сынамасы (БЦЖ вакцинациясынан кейін 12 ай өткен соң);
қабыну аймағынан алынған кез-келген материалды (жыланкөздерден бөлінген зат, пунктат, резекциялық материал және т.б.) ҚТБ бактериоскопия және егу әдістерімен зерттеу.
БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқыну диагнозы анықталған соң, анықталған асқыну туралы медицина мекемесінің басшысына, аймақтық тұтынушылар құқығын қорғау депаратментіне және ҚР ТМҰО.
Асқыну сипаты туралы мәліметтер 063/е, 026/е, 112/е есепке алу үлгілеріне тіркеледі.
Вакцинациядан кейінгі асқынуы бар барлық балаларға «БЦЖ вакцинасын еккенде жанама әсер пайда болған бала туралы хабарлама картасы» толтырылады.





 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!