Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратн науқасқа арналған жадынама



 

Сіз стационардан шыққаннан кейін өзін өзі қалай ұстау керек?
- Үйге келгеннен кейін Сіз әлі күнге дейін сырқат екеніңізді ұмытпаңыз! Дұрыс тамақтанбау, жиі суық тию, тез шаршау, жағымсыз әдеттер (алкоголь, темекі шегу) сияқты туберкулезбен қайта сырқаттануға әкеп соқтыруы мүмкін көптеген факторлар бар.
- Туберкулезге қарсы препараттардыуақтылы қабылдауды ұмытпаңыз, ешқашан емді үзбеңіз.
- Емдеуші дәрігерге қарап тексерілуге уақтылы келу және қажетті талдауларды тапсыру (қақырық талдау, қан және несеп талдауы) және рентген-зерттеп-қараудан өту қажет екені есте болсын.
- Жөтел пайда болған немесе туберкулездің басқа да симптомдары (әлсіздік, салмақтың төмендеуі, қызудың көтерілуі, түңгілік терлеу) байқалған кезде амбулаториялық кезеңде ем қабылдайтын науқас, не емдеу аяқталғаннан кейін дәрігерге қаралуы және зерттеп-қараудан өтуі қажет.
- Емдеу мен зерттеп-қарау тегін жүргізілетінін біліңіз!
- Препараттарды қабылдау медициналық қызметкерлердің тікелей қадағалауымен ғана жүзеге асырылуы тиіс.
- Бұл дегеніміз Сізге сенім білдіреді, бірақ мұның бәрі:
- пациенттер туберкулезге қарсы препараттарды уақтылы қабылдауды ұмытпауы;
- емдеу дұрыс және үздіксіз жүргізілуі, сондай-ақ, оң нәтиже беруі;
- туберкулезге қарсы препараттардың жанама әсерлерінің уақтылы алдын алу немесе жою;
- алатаны препараттарға көнбеушіліктің туындауының алдын алу үшін;
- аурудың емделмейтін нысанға айналуының алдын алу үшін жасалды.
- пациенты не забывали вовремя принимать противотуберкулезные препараты;
- Науқас тұрмыста қандай қағидаларды ұстануы тиіс?
- Жөтелген кезде, әсіресе қоғамдық орындарда аузыңызды жабыңыз.
- Жерге, еденге немесе терезеге түкірмеңіз. Қақырықты осы мақсатқа арналған ыдысқа жинаңыз.
- Пайдаланған медициналық бет пердені жер жерге тастамаңыз.
- Өз бөлмеңізді күніне 3-4 рет желдетіңіз.
- Емдеудің ең жоғңары тиімділігін алу үшін науқас не істеуі қажет?
- Дәрігер жазып берген барлық препараттарды уақтылы қабылдау.
- Тамақтану құнарлы және толық қанды болуы тиіс (ет, көкөністер, сүт және айран өнімдері, жемістер және т.б.).
- Уақытты таза ауада өткізген және тыныс алу жаттығуын жүргізген өте пайдалы.
- Ұйқы мен демалуға жеткілікті уақыт бөлу (8-10 сағат).
- Ешқашан қандай да бір себеппен емді өз бетінше үзбеу, емдеу курсын аяғына дейін жеткізу.
Есіңізде болсын: емдеу режімін сақтаған кезде туберкулезді емдеуге болады!



 

Туберкулез бойынша профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

 

Бірінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің дозасы және дәрілік түрлері

 

 

Дәрі атауы Дәрiлік түрi Белсендi заттың дозасы
Изониазид Таблетка, инъекцияға арналған ерітінді, сироп 100мг, 300мг, 500 мг, 4000 мг
Рифампицин Таблетка, капсула, инъекцияға арналған ерітінді 150мг, 300мг
Пиразинамид Таблетка 400мг,500мг
Этамбутол Таблетка, инъекцияға арналған ерітінді 100мг, 400мг, 500 мг/3 мл, 1000 мг, 2000 мг
Стрептомицин Инъекцияға арналған ұнтақ 1000 мг

 



Үйлестірілген белгіленген дозасы бар туберкулезге қарсы
қолданылатын дәрілер (бұдан әрi - ҮБМД)

 

 

Дәрі атауы Дәрiлiк түрi Қабылдауға арналған белсендi заттардың дозасы (мг)
күнделiктi қабылдау аптасына 3рет
Изониазид + Рифампицин таблетка 75+150 150+300 150+150
Изониазид + Этамбутол таблетка 150+400 -
Изониазид + Рифампицин Пиразинамид таблетка 75+150+400 -
Изониазид + Рифампицин + Пиразинамид + Этамбутол таблетка 75+150+400+275 -

 

Емнің стандартты кестелері

 

 

Санат Қарқынды саты Жалғастыру сатысы
I 2-4 HRZE (S) Стрептомицин 2 ай қолданылады 4 (7) Н3 R3 немесе 4 (7) НR немесе 4 (7) НRЕ*
II 3-5 НRZЕS Стрептомицин 2 ай қолданылады 5 Н3R3Е3 немесе 5 НRЕ

 

Ескерту: әрiптердiң алдындағы сандар ем кезеңінің айлық ұзақтығын көрсетедi. Төменгi индекстегi сандар ТҚП мөлшерiнiң аптадағы санын көрсетедi. Егер әрiптен кейiн сан болмаса, науқас ТҚП күнде қабылдауы керек. Баламалы ТҚП жақша ішінде көрсетiлген.
*Бұл кесте изониазидке монорезистенттілік анықталған жағдайда қолданылады.

 

Туберкулез бойынша профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

 

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің
ересектерге арналған тәулiктiк дозасы (мг)

 

 

Дәрі атауы Салмағы (кг)
30-39 40-54 55-70 70-тен аса
Қарқынды кезең – күнделiктi қабылдау
Изониазид 200 мг 300 мг 300 мг 400 мг
Рифампицин 300мг 450 мг 600 мг 750 мг
Пиразинамид 1000 мг 1500 мг 2000 мг 2000 мг
Этамбутол 600 мг 800 мг 1200 мг 1600мг
Стрептомицин (1гр) 500 мг 750 мг 1000 мг 1000 мг
Қолдау сатысы – күнделiктi қабылдау
Изониазид 200 мг 300 мг 300 мг 400 мг
Рифампицин 150 мг 300 мг 450 мг 600 мг 750 мг
Этамбутол 400 мг 600 мг 800 мг 1200 мг 1600 мг
Қолдау сатысы – аптасына 3 рет қабылдау
Изониазид 300 мг 600 мг 600 мг 700 мг
Рифампицин 150 мг 300 мг 450 мг 600 мг 750 мг
Этамбутол 400 мг 1200 мг 1600 мг 2400 мг 2400 мг

 

Ескерту: Рифампициннiң КБМД ең жоғарғы тәулiктiк мөлшерi – 750 мг.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!