Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ТБ туберкулинді Манту сынамасы



 

95. Манту сынамасын жүргізу мақсаты:
1) МТБ алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
2) БЦЖ вакцинасы мен ревакцинасына контингентті іріктеу;
3) ауруды ерте анықтау үшін.
96. Манту сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.
97. Жоспарлы тері ішілік БЦЖ вакцинациясы (ревакцинациясы) жағдайында туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:
1) оң туберкулинді реакцияның қарқындылығы;
2) вакцинадан кейінгі тыртықтардың болуы және көлемі;
3) БЦЖ еккенен кейін өткен мерзім (вакцинадан кейінгі 5 жыл ішінде вакцинадан соң аллергия болуы мүмкін);
4) туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынастың болу-болмауы;
5) аурудың клиникалық белгілерінің болуы.
98. Вакцинадан кейінгі аллергияға күмәнді немесе папула көлемі 5-11 мм оң реакцияларды сипаттайды.
99. Гиперергиялық реакциялар вакцинадан кейінгі аллергияға жатпайды.
100. Туберкулинге сезімталдық түрін ажыратуда қиындықтар болған кезде, парааллергиялық реацияларды анықтау үшін балалар фтизиатры-дәрігернің бақылауымен («0» диспансерлік есеп тобында) жалпы тәжірибе мамандары балаларда емдеу-профилактикалық іс-шараларды міндетті түрде жүргізуі тиіс (гипосенсибилизация, инфекция ошақтарын санациялау, дегельминтизация – созылмалы аурулар кезінде ремиссия кезеңіне жеткенге дейін). Туберкулинге сезімталдық этиологиясын ажырату мақсатында сараланған диагностика жүргізу кезінде ТҚҰ баланың екінші білегіне «ДИАСКИНТЕСТ®» жасалады. ТМБ жұққандар қатарына 2 ТБ Манту сынамасына сезімталдық динамикасы туралы сенімді ақпарат анықталған мына балалар жатқызылады:
1) алғаш рет анықталған оң реакция (көлемі 5 мм және одан үлкен папула), БЦЖ вакцинасымен иммундаумен байланыссыз (туберкулин сынамасының виражы);
2) тұрақты (4-5 жыл бойы) сақталатын көлемі 12 мм және одан үлкен көлемді инфильтрат түріндегі реакция;
3) 1 жыл ішінде туберкулинге сезімталдықтың күрт күшеюі (6 мм және одан астам) (туберкулин сынамасы оң әсері бар балаларда).
101. 2 ТБ Манту сынамасы бойынша алғаш рет анықталған оң және гиперергиялық туберкулинді реакциясы бар балалар фтизиатры-дәрігеріне толық қаралып тексерілуге жіберіледі. Туберкулинге оң реакциясы бар балаларды толық қарап тексеру кезеңі 1 айдан аспауы тиіс.
102. ТҚҰ балаларға ТМБ қосымша жұғуының алдын алу мақсатында балалар фтизиатры-дәрігері балалар емханасы жағдайында консультация жүргізеді.
103. «ДИАСКИНТЕСТ®» препараты 2 ТБ Манту сынамасы оң болған жағдайда ТҚҰ ғана қолданылады:
туберкулез инфекциясын анықтау үшін;
туберкулезді басқа туберкулезді емес аурулардан саралап диагностикалау үшін;
вацинадан кейінгі және инфекциялық аллергияны саралап диагностикалау үшін;
туберкулез процесінің белсенділігін анықтау үшін.
104. «ДИАСКИНТЕСТ®» БЦЖ ревакцинасына (вакцинасына) балаларды іріктеу үшін қолданылмайды.
105. Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®» реакциялары:
теріс – инфильтраттың және гиперемия ның болмауы немесе «инемен шаншу реакциясының» болуы;
күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;
оң – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса;
гиперергиялық –15 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат немесе везикула-некроздық өзгерістер және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбайды.
106. «ДИАСКИНТЕСТ®» бойынша алғаш рет оң (нормергиялық және гиперергиялық) реакция анықталған балада шоғырланған туберкулез анықталмаған жағдайда оған «туберкулез микобактерияларының жұғуы, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылып, химиопрофилактикалық ем тағайындалады.
107. 2 ТБ Манту сынамасы алғаш рет оң және гиперергиялық болған балаларда «ДИАСКИНТЕСТ®» нәтижесі теріс болған жағдайда олар III ДЕ тобына бақылауға алынады, бірақ оларға химиопрофилактикалық ем жүргізілмейді.
108. «Туберкулез микобактерияларын жұқтыру, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған балалар III ДЕ тобына бақылауға алынады.
109. Туберкулинге және/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®»-ке қайтадан гиперергиялық реакциясы бар балалар шоғырланған туберкулезді процесті анықтау мақсатында жан-жақты қарап тексеріледі. Шоғырланған туберкулезді өзгерістер анықталмаған жағдайда, мұндай балалар диспансерлік есепке алуға және қайтадан химиопрофилактика жүргізуге жатпайды.
110. 2 ТБ Манту сынамасын бойынша қарап тексеруге мына балалар жатады:
«қауіп» тобындағы балалар,
туберкулез ошақтарынана шыққан балалар мен жасөспірімдер,
вакцинация және ревакцинация алдындағы 2 айдан асқан балалар.
111. Туберкулезбен ауыру бойынша «қауіп» тобына:
әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан (табысы аз және көп балалы, ата-анасы – жұмыссыздар, бас бостандығынан айыру орнынан шыққандар, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетіндер, АИТВ-жұқтырғандар, тұрақты мекенжайы жоқтар, мигранттар);
жөтелі ұзақ (2 аптадан астам) және үдемелі интоксикация белгілері (субфебрилитет, тершеңдік, тәбеті мен дене салмағының төмендеуі, ашушаңдық, әлсіздік және т.с.с.) бар амбулаториялық немесе стационарлық емдеуде жатқан;
әртүрлі аурулармен педиатрда диспансерлік есепте тұрған;
жабық оқу орындарының (мектеп-интернаттар, мүгедек балалар мен жас қылмыскерлерге арналған арнайы мектептер) контингенті;
БЦЖ вакцинациясы жасалмаған және вакцинадан кейінгі тыртық пайда болмаған;
иммунносупрессивті ем қабылдап жүрген балалар (глюкокортикоидтар, иммунодепрессанттар, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар) жатады.
112. Учаскелік педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері (бұдан әрі – ЖТД) баланың даму тарихнамасына (№ 112/е үлгісі) эпикриз толтырады - қауіп факторын көрсете отырып, баланы туберкулез бойынша «қауіп» тобына алуды дәлелдеу. Қауіп тобын учаскелік педиатр (ЖТД) қызмет өрсететін барлық балаларға қалыптастырады.
113. ТБ шалдыққан науқаспен қарым-қатынастағы, алғаш рет тексергенде 2 ТБ Манту сынамасы теріс нәтижелі болған балаларға сынама 8-10 аптадан кейін қайта жасалады.
114. БЦЖ ревакциянациясына балаларды іріктеу мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы 6 жастағы балаларға (1-сынып) мектепте, оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) жасалады. Бұл айда мектепте басқа екпелерді жүргізу уақытша тоқтатылады. Манту сынамасы алдындағы екі айлық үзіліс кезеңін сақтау мақсатында, АДС және ККП вакциналарының ревакцинациясы оқу жылына дейін екі ай бұрын жасалады.
115. 2 ТБ Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®» арнайы оқытылған медицина қызметкерлері жасайды.
116. Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектеп, мектепке дейінгі мекеме) арнайы оқытылған медицина қызметкерлері болмаған жағдайда туберкулинмен диагноз қоюды емхана мейіргері жүргізеді, балалар мекемелеріне бару кестесі мен құрамы МСАК ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
117. Ерте шақтағы және мектеп жасына дейінгі ұйымдаспаған балаларға 2 ТБ Манту сынамасын МСАК мекемелерінде жасалады.
118. «Туберкулез микобактерияларының жұғуы, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған балаларға басқа профилактикалық екпелер бақылаулы химиопрофилактика курсы аяқталған соң жасалады.
119. ТҚҰ балалар фтизиатр-дәрігері Манту сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®» жүргізуге әдістемелік басшылық етеді.
120. Манту сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®» нәтижелері профилактикалық екпелер картасына (№ 063/е үлгісі), баланың медициналық картасына (№ 026/е үлгісі), баланың даму тарихнамасына (№112/е үлгісі) тіркеледі және де төмендегілер жазылады:
стандартты туберкулин мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті шығарған
мекеме, сериясы, бақылау нөмірі мен оның жарамдық мерзімі;
туберкулин сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті жүргізген күн;
Манту сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®»-тің нәтижесі фильтрат немесе гиперемияның көлемін миллиметрмен өлшеу арқылы жазылады, ал инфильтрат және гиперемия болмаса – теріс деп тіркеледі.
121. Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®» жүргізудің қарсы көрсеткіштері:
туберкулинді дербес көтере алмаушылығы (абсолютті);
жедел және созылмалы жұқпалы аурулар (өршу кезеңі) және соматикалық аурулар, туберкулез ауруына күдік тудыратын жағдайлардан басқа;
жайылған тері аурулары;
аллергиялық жағдайлар (өршу кезеңі);
эпилепсия.
122. Аурудың барлық клиникалық белгілері басылғаннан кейін екі айдан соң Манту сынамасын жүргізуге болады.
123. Манту сынамасын жүргізбес бұрын дәрігер (мейіргер) қарсы көрсеткіштерді анықтау мақсатында медициналық құжаттармен танысып, сынама жүргізілетін балаларға сұрақ қойып, оларды қарап тексереді.
124. Балалар инфекциясы бойынша карантин жарияланған балалар ұжымында Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®» жүргізуге болмайды (карантин аяқталған соң жасалады).
125. «Қауіп» тобындағыларға туберкулин диагностикасы әртүрлі жұқпаларға қарсы профилактикалық екпелерді жүргізуге дейін жоспарланады.
126. «Қауіп» тобындағыларда Манту сынамасы қандай да бір себептермен әртүрлі профилактикалық екпелерді жүргізгеннен кейін жасалған жағдайларда, туберкулинмен диагноз қою екпелерден кейін екі айдан соң жүргізіледі.
127. Туберкулинді Манту сынамасы мен/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті үйде жасауға болмайды.
128. Туберкулез ошақтарындағы балаларға Манту сынамасы және/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®» туберкулезге қарсы күрес жүргізу ұйымдарында жасалады.
129. АИТВ-инфекциясы бар балалар мен жасөспірімдердегі теріс немесе күмәнді Манту реакциясы ТМБ жұғуының ғана емес, белсенді туберкулез процесінің болуын да жоққа шығармайды. Сондықтанда АИТВ-инфекциясы бар балаларға Манту сынамасы жасалмайды.
130. Манту сынамасы алғаш рет оң не гипререгиялық болған балаларға аурудың кімнен жұққандығын анықтау мақсатында олардың ата-анасы мен бірге тұратын барлық адамдар туберкулезге тексеріледі.





 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!