Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мұхиттардың салғырт континеттік жағалауларының басты басты геологиялык және геоморфологиялық ерек.сипаттау



Жапсарлық метасамотоздық кенорындар. Жаралу жағдайлары.

Жапсарлық-метасоматоз класына интрузиялық таужыныстар массивтерінің жапсар маңы белдемдерімен кеңістік пен генетикалық байланысты және негізінен метасоматоз үдерістері нәтижесінде қалыптасқан кенорындар бірігеді.

Метасоматоз - бір минералдар агрегатын екіншілері химиялық қүрамын өзгертіп алмастыру үдерісі. Бір мине- ралдардың еруі мен екіншілерінің жаралуы бір мезгілде жүреді, бүл жағдайда минералдар (таужыныстар) қатты күйін сақтайды және олардың көлемі өзгермейді.Метасоматоз үдерісінде барлық жағдайларда химиялық белсенді газдық-сулық ерітінділер қатысып, олар химиялық компоненттерді шығарады және әкеледі. Жап- сарлық-метасоматоздық кенорындар үшін ерітінділердің негізгі көзі магмалық балқымадан оның эволюңиясы кезінде бөлініп шығатын заттар болып табылады. Терең- дерден магманың газсыздану үдерісінде бөліп шығатын ерітінділер де белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. Бүл ерітінділер мен жер қыртысына енген магма бір көзден пайда болады. Ерітінділер негізінен сулық болғанымен, оның қүрамында едөуір мөлшерде көмір қышқылы, сілтілі ме-талдар хлориді, күкіртті қосылыстары, т.б., сонымен қатар кен заттары болады. Бүл ерітінділер таужыныстар- дағы жарықшақтар мен кеуектер арқылы сіңіп, оларда метасоматоздық алмасуларға әкеледі. Температура төмен- деген сайын ерітінділердің фазалық күйі біртіндеп газ- дан (пневматолиздік ерітінділер) сүйыққа (гидротермалық ерітінділер) дейін өзгереді.

Заттың тасымалдануы екі жолмен жүреді: 1) диффу- зиялық - химиялық компоненттер қозғалыссыз кеуек ерітінділері арқылы, олардың концентрациясы жоғары жерлерден, концентрациясы төмендеу бөлікшелерге жылыстайды; 2) инфильтрациялық (сіңбелік) - еріген заттар ерітінді ағынымен тасымалданады. Осыған байланысты, метасоматоз теориясын мейлінше толық жасаған Д.С.Коржинский оның негізгі екі түрін бөледі: диффузиялық және инфильтрациялық.



Жапсарлық-метасоматоздық класқа альбититтік, грейзендік (көбінесе альбитит-грейзендікке біріктіріледі) және скарндық кенорындар класшаларына жатады. Бүл класшалардың арасындағы айырмашылық - негізінен белсенді магмалық пен сыйыстырушы таужыныстардың қүрамына, метасоматоздың сипатына, пайдалы қазба кенорындарының ерекше типтері болуына байланысты.

Альбититтік және грейзендік кенорындар өздерінің жаралуымен, кенжасаушы компоненттер көзінің ортақ- тығымен, кейде олардың бірге жаралуымен бірігеді. Типтік жағдайлардаоларсілтілікметасоматозға үшырай- тын қышқылды және сілтілі гипабиссал интрузиялық таужыныс массивтерінің апикал (шеткі) бөліктерінде орналасады.

Альбититтер бүрын жаралып, метасоматоз бағанасы- ныц тылдық бөлігінде орналасады және сындарлықтан жоғары ерітінділердің әрекетіне байланысты болады, ал грейзендер - метасоматоз шебінің бойымен, температу- расының жоғарылығы шамалы газдық-сулық ерітінділер әрекетіне байланысты кейінірек жаралады. Альбитит пен грейзен қалыптасуының температурасы 650-300°С, оңтайлы тереңдігі 1-4 км, қысымы 130-10 МПа деп баға- ланады.

Скарндық кенорындардың қалыптасуы кальцийлік және магнийлік метасоматоз үдерістерімен байланысты. Бүл үдерістер қышқыл жөне қышқылдау гранитоидтар- дың (гранит, гранодиорит, сиенит) оларды сыйыстыру- шы карбонат, кейде силикат таужыныстар жапсарында өтеді. Оңтайлы тереңдіктің диапазоны 500-2000 м ша- масында болады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бүл кенорындардың жаралу температурасы кең ауқым- да өзгереді - 250-ден 900°С-қа дейін. Үдеріс бірнеше са- тыда дамып, олардың ағымында ерітінділердің агрегат- тық күйі өзгереді, пневматолиздіктен нағыз гидротер- малыққа ауысады



Мұхиттардың салғырт континеттік жағалауларының басты басты геологиялык және геоморфологиялық ерек.сипаттау.

Салғырт континенттік жағлауларды кейде «Атлант типті жағалау» деп те атайды, себебі мұндай жағлаулар сол Атлант мұхитының жағалауларына түгелге жуық, ал Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларына жарым-жартылай тән. Мұндай жағалаулар мезозой эрасының бас шенінде Пангея суперматеригінің «быт-шыт боп жарылып», осылайша дараланған континенттердің жан-жаққа көлбеу (горизонталь) бағытта жылжып кетуі, сөйтіп бір-бірінен қашықтаған көнтиненттердің арасында мұхиттық құрылымның қалыптасуы нәтижесінде пайда болған. Екінші сөзбен айтқанда, мұндай жағалаулар көне материктің көне кезеңдердегі «жыртылу орны».

Салғырт жағалауларда үш түрлі геоморфологиялық элемент дараланады, олар «қайраң» (шельф), «континенттік баурай» (континентальный склон) және «континенттік етек» (континентальное подножье) деп аталады. Мұндай атаулар континенттердің ішкі өңірінде орналасқан теңіз жағалауларына да тән екендігі белгілі, яғни мұхиттың салғырт континенттік жағалаулары өздерінің геоморфологиялық ерекшеліктері тұрғысынан алғанда ішкі теңіз жағалауларынан ұқсас болып келеді.

Қайраң континенттің жағалаулық жазығының су астында қалған жалғасы болып табылады. Ол жағалау сызығынан мұхиттың ішкі өңіріне қарай бірте-бірте еңістене беретін бетбедермен сипатталады, алайда қайраң ауқымында мұхит түбінің еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайды. қайраңныңң ені мұхит алаптарының әр түрлі аймақтарында түрліше көрсеткіштермен сипатталады, бұл көрсеткіш ондаған км-мен шектелуі де, жүздеген км-ге жетуі де мүмкін. Қайраңның бетбедері негізінен аккумуляциялық жазық түрінде көрініс береді, сирегірек абразиялық жазықтар да ұшырасады. Қайраң ауқымындағы судың тереңдігі орта есеппен 100 м-ден аспайды, кейде 350 м-ге дейін жетуі мүмкін. Беткі жазықтығы жағалау сызығынан мұхиттың ішкі өңіріне қарай еңістене беретін болғандықтан қайраң өңірінің ең терең тұстары оның континенттік баураймен жапсарласу аймақтарына сәйкес келетіндігі түсінікті.

Континенттік баурай біршама енсіз жолақ түрінде көрініс береді. Ол атырау мен континенттік етектің аралығына орналасқан. Континенттік баурайдың ені әдетте 200 км-ден аспайды. Оның беткі жазықтығының мұхиттың ішкі өңіріне қарай еңістену бұрышы атырау ауқымындағы еңістік көрсеткішімен салыстырғанда құламалау болып келеді, алайда бұл көрсеткіш те оншалықты жоғары емес – орта есеппен 4° шамасында болып келеді. Кейде континенттік баурай бетінің еңістену көрсеткіші тіпті 35-40°-қа шейін жетуі мүмкін. Континенттік баурай ауқымында мұхит суының тереңдік көрсеткіші 100-200 м-ден 1500-3500 м-ге дейін жетуі мүмкін. Континенттік баурай өңірінің бетбедері де біршама тегіс жазықтық құрайды, алайда бұл белдемнің атыраумен және континенттік етекпен жапсарласу сызығын белгілейтін өңірлерде «күрт құлайтын» кертпештер жиі ұшырасады. Мұндай кертпештер әсіресе континенттік баурай мен атыраудың жапсарласу өңіріне мейілінше тән. Баурайдың беті алуан түрлі шөгінділермен көмкерілген, бұл шөгінділер арасында сынықты (терригендік) таужыныстар да, карбонаттар да ұшырасады.

Континенттік етек салғырт континенттік жағалаулардың ең енді бөлігі – оның ені жүздеген км-мен өлшенуі мүмкін. Үнді мұхитындағы континенттік етек белдемінің ені тіпті мыңдаған км-ге жетеді. Бұл белдем де мұхиттың ішкі өңіріне қарай (абисальдық жазыққа қарай) бірте-бірте еңістенеді, тек соңғы құрылыммен жапсарласу аймағында ғана горизонталь жазыққа айналады. Континенттік етектің абиссальдық жазықпен жапсарласу аймағындағы мұхит суының тереңдігі 5 км-ге жетуі мүмкін. Континенттік етек қимасының беткі бөлігі шөгінді таужыныстардың біршама қалың қабатымен көмкеріліп жатыр. Бұл қабаттың қалыңдығы әдетте мыңдаған м-мен өлшенеді. Мәселен, Атлант мұхитының Солтүстік Америка континентімен жапсарласу өңіріндегі континенттік етек бетін көмкеретін шөгінді таужыныс қатқабатының қалыңдығы 15 км-ге жетеді. Аталған таужыныстар құрамында континенттік морылу өнімдерінен құралған сынықты (терригендік) шөгінді таужыныстар да, мұхит суынан тұнбаға түскен шөгінділер де ұшырасады. Кейде континенттік етек бетін көмкеретін таужыныстар бір-бірімен шептесіп кеткен ысырынды конустар құрайды, мұндай конустар континенттің құрлықтарынан бастау алған, атыроау мен континенттік баурай белдемдерін «тілгілей отырып», континенттік етек ауқымына «келіп жеткен» суасты өзендерінің аңғарлары болып табылады.

Салғырт континенттік жағалаулардың жоғарыда сипатталған жағалаулық белдемдері ауқымында жүргізілген тереңсулық бұрғылау және сейсмологиялық кескіндеу жұмыстары бұл белдемдер қимасы біршама жақсы жетілген континенттік қыртыспен сипатталатындығын анықтаған. Алайда мұндағы аталған қыртыс қимасының қалыңдығы 25-30 км-ден аспайды және ол алуан түрлі терең жарылымдармен, сол сияқтынегізді құрамды сығылмалармен (дайкалармен) «тілгіленген». Терең жарылымдардың кеңінен етек алуы салғырт континенттік жағалау белдемдерінің мұхит шөгінділері көмкеріп жатқан іргетасында сан түрлі горстлар мен грабендер қалыптасуына жағдай жасаған. Көне грабендердің қимасыконтинент жағдайында түзілген негізінен сынықты шөгінді таужыныстардан тұрады, аракідік толеитті базальт жамылғылары да ұшырасады. Бұл келтірілген деректер болашақ салғырт континенттік жағалаулар тұтас континенттік литосфераның алғаш «жыртыла бастау» сәтінде, яғни болашақ тектоникалық құрылымдар дамуының рифтогендік сатысы жағдайында қалыптаса бастағандығын дәлелдейді.

Қазіргі таңда салғырт континенттік жағалаулар тектоникалық және магмалық салғырттықпен сипатталады, яғни бұл аймақта қарқынды тектоникалық қозғалыстар да, магматизм белгілері де ұшыраспайды.

Салғырт континенттік жағалаулардың қалыптасуы осыдан шамамен 200 млн. жылдай бұрын басталғандығы дәлелденіп отыр.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!