![]() Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу! ![]() Дисциплины:
Архитектура (936) ![]() |
![]() Толеранттылыққа тәрбиелеу:маңызы мен құралдары
Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды. Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады. Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады. Бала бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.
Азақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету барысы жайында 2011 жылы Қазақстан беделді халықаралық институттардың бірі - Ислам Конференциясы Ұйымының төрағалығын өз қолына алады. Қазақстан өткен 2010 жылы сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жетті. Оған Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Саммиті нақты дәлел. Еліміздің дипломатиясы биыл да белсенді қызмет етпек. Ислам Конференциясы Ұйымы үлкендігі жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін екінші орынды иемденетін беделді халықаралық бірлестік. Оған 57 мемлекет мүше. Штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. 1969 жылы құрылған ұйым жанында Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры сияқты органдар жұмыс істейді. Қазақстан осы ұйымға жетекшілік ету барысында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан жинақтаған тәжірибесін пайдаланары сөзсіз. Cәкен Есіркепов, "Заманауи саяси зерттеулер институтының" ғылыми қызметкері: - Қазақстанның ИКҰ төрағалық етуі сыртқы саясаттағы оң табыстарының нәтижесі деп есептеуге болады. Халықаралық қауымдастық Қазақстанның осы 20 жылдың ішінде жасаған дипломатиялық жетістіктеріне қарап, осы мүмкіндікті беріп отыр. Жалпы бұл ұйымның әлеуеті өте зор. ![]()
![]() |