![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алудың мәні
1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын.Мемлекет басшысының қолдауының арқасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін тарих бетінде мәңгілік қалдыру мақсатында өте ауқымды шаралар қолға алынуда. Оларға арнап тұрғызылған ескерткіштер, олардың жатқан жерлерін іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Тарих бетінде қастерлі күн саналатын 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні» 16 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтіп келеді.Елдігіміздің, патриоттығымыздың, отансүйгіштігіміздің белгісін айқындайтын бұл қастерлі күнді жиі насихаттап, оны еске түсіріп, оның соңына қалдырған сабағын болашақ иелері-еліміздің бүгінгі жастарына үйрету-аға ұрпақтың парызы. Өткенді еске түсірмей бүгінді, бүгінді айтпай өткенді айта алмайтын тарихтың бұлжымас қағидасы адам санасынан қай уақытта да өшпек емес. Сан ғасырлар бойы туған елді, өскен жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген ата-бабаларымыздың арманы бүгін біз бақытын көріп отырған Тәуелсіздік еді. Ұлылардан қалған ұлағатты жол- достық пен татулықтың, ынтымақ пен бірліктің сара жолын көрсетіп келді. Сондықтан біздің халқымыз қай уақытта қандай қуғын-сүргінді бастан кешірсе де туған жердің топырағын теуіп кеткен емес. Оған айқын дәлел, 1930 жылдарда елге келген нәубеттің салдарынан атамекеннен алыс кеткен қандастарымыз туған топырақпен қайта қауышып, ел-жұртқа оралып жатыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында шетке кеткен қандастарын атамекенінен оралуына үлкен мүмкіндік туғызып, қамқорлық танытып отырған Қазақстан мемлекеті дүниежүзі елдері арасындағы екі мемлекеттің біреуі. 1997 жылы 31мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп атау туралы шыққан Елбасының Жарлығынан соң, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жыл сайын аталып өтуде.Осы қасіретті жылдардың қара құрығына ілініп кеткен бір адамның тағдыры-бір тарих. Ол тарихтың тереңіне көз жіберетін болсақ, оның бойында елдің мүддесіне көзделген сан алуан мазмұнды тамаша идеяларды көруге болар еді.Оны оқып, танып, білген соң ғана жарыққа шығарып, жастардың зердесіне жеткізіп жатқан тарихшыларымыз бен әдебиетішілерімізге, ғалымдарымыз бен оқымысты азаматтарға үлкен құрметпен қараған дұрыс. Өйткені, олар көзінің майын тауысып, бүгінгі ұрпақ үшін топырақ астында көміілп қалған бай рухани дүниелерді жарыққа шығарды. Бұл дегеніңіз баға жетпес, құнды еңбек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу күнінде: «Қазақстанның мақсаты – өзіне жау табу емес, болғанды болғанындай шынайы білу. Біздің мақсатымыз- жау іздеу емес, болған қасыретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру. Біз әлде кімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді. Шындықты білу арқылы тап сондай нәубат қайталанбас үшін не істеу керек екенін білеміз. Біз бүгін Саяси репрессия құрбандарын еке алу үшін жиналдық» деген болатын. Бейбіт елдің берекесі өзінде, ынтымағы көзінде, татулығы тілегінде, ақ пейілі жүрегінде. Тағы да тарих беттеріне жүгінетін болсақ, ел басына түскен ауыр жылдар-мейлі ол соғыс, мейлі ол ашаршылық, мейлі, ол саяси қуғын-сүргін жылдары болсын, тарих таразысына тартып қарайтын болсақ, аты аталған осы сұрапыл жылдар халық санының азаюына, ел экономкасының құлдырауына, ел арасының ыдырауына, әкеліп соқтырған. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі тарих беттерінен ешқашан өшпек емес. Осы орайда олар туралы шығармалардың жазылуы, кинолардың түсірілуі, ескі жазбалардың табылып, мұражайларға қойылуы, шетел асып кеткен азаматтардың өмір-деректерінің зерттеліп, көпшілікке ұсынылуы ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта бұдан да салмақты, бұдан да ауқымды, терең мазмұнды шаралар жасалады деген үмітіміз бар. Атамыз қазақ: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бекерге айтпаған. Еліміз Тәуелсіздік алғалы төрт құбыламыз түгенделіп, экономикамыз жаңа серпінмен дамып, бірнеше шет мемлекеттермен достықтың туын бірге тігіп келеміз.
№ 38. Қазіргі ғылымдағы толеранттылық Толеранттылық қазіргі ғылымда әр түрлі аспектіде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық, т.б. Осылардың ішінен біздің зерттеу пәнімізге байланысты этникалық толеранттылықты жеке бөліп қарастырайық. Этникалық толеранттылықтың философиялық негізі – басқаның, өзінен айырмашылығы бардың өмір сүруі фактісінің өзі болып табылады. Ал оның түпкі мәніне жету үшін ең алдымен «этникалық» түсінігіне тоқталып өткен жөн. «Этнос» терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю.В.Бромлейдің анықтамасын негізге алады. Оның айтуынша «этнос – бұл белгілі территорияда тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түйсінетін адамдардың тұрақты жиынтығы». Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Л.Н.Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс ретінде қарастырды. Оның түсінігінде этнос – «бұл өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе)». Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж.Ж.Наурызбай «этнос» ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт (национальность) және нация ұғымдарын жалпылаушы термин ретінде қолданады. Этникалық толеранттылықтың мәні – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алуда.
№ 39. Мемлекеттік Тіл- ол халық бірлігінің негізгі факторы.
![]() |