Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мәдени айырмашылықтың параметрлерінің ерекшеліктері



 

13. Діни толеранттылық

Діни толеранттылық - мағынасы мынапарды білдіреді: өкіметте азаматтарға белгілі бір немесе басқа дінді таңдау еркіндігі беріледі, сонымен қатар, мемлекет пен ресми мойындалған дін арасындағы байланыс сақталып қалады. Бұндай қоғамда дінге деген көзқарас саяси «іс» болып табылады және мемлекетпен реттеледі.[

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлес­тіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шір­кеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестант­тық бірлестік жұмыс істейді. Қа­зіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер ене­ді: 5 буддистік қауым, 24 ин­дуис­тік, 12 кришнаиттік, 23 ба­хаи, 2 трансценденталдық меди­та­ция қауымы, ұлы ақ бауыр­лас­тықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.

14.Діни ағымдар олардың алдын алу жолдары
Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет беру, біле отырып, олардан аулақ болуды түсіндіру.



Қазақстандағы соңғы он жыл ішінде діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауынан байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында ориенталисттік бағыттағы (кришнаиттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және басқаларының әсерлері байқала бастады.

Дәстүрлі емес діндерге салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ ағымдарды жатқызылады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды.

Дін, әуелі, әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.



Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

Осы күні қоғамда кейбір отбасы мүшелерінің түрлі дінге еріп, тоз-тозы шығып жатқанын көріп жүрміз. Адамды адастырушы діндерге кірген кейбір қандастарымыз, өз отбасының ойранын шығарып, ата-анасы, бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап және өз көзқарастарына өз жақындарын да мәжбүрлеуде. Өзімшілдікке бой алдырған кейбір бауырларымыз өз үйін, жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншіктеріне беріп, отбасылық өмірден (ата-ана, бала-шаға, туыстары) бас тартып, адамды көрсоқырлыққа итермелейтін діни-нанымдардың соңына еріп, өзгелердің қол шоқпарына айналғаны өкінішті. Бұл - дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту. Мұндай діни көзқарастары алуан түрлі жандардың ешқашан бір шаңырақтың астында береке-бірлікте өмір сүре алмайтындығын көріп отырмыз. Отбасы - кішігірім бір мемлекет. Демек, бұл - бүтін бір ұлттың шаңырағын шайқалту әрекеті деп білеміз.

 

22.«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» – шыдам, төзім): бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау.
Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.

Бүгін әлеуметтану ғылымы толеранттылықтың мынадай түрлерін атайды: 1. Келіспеушілік, бас тартушылық; 2. Өздігінен, өз бетімен келісу; 3. Өзара келісім; 4. Бірауыздан келісу; 5. Алауыздық – келіспеушілік; 6. Өзімен өзі келіспеушілік; 7. Өзара келіспеушілік; 8. Қарсы келісім.

келісу – келісімшілдікті түсіну, сыртқы қысымға бағыныштылықты емес, терең ұғынылған жеке мәдени бірегейлікті сақтай отырып, өзара түсіністікке ішкі себептілікпен ұмыту. Келісім ұрпақтар қатынасын да сипат-тайтын категория.

 

23. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай адам? Қазақстан басшысының сіңірген нақты да басты еңбегі неде? Біріншіден, Н.Назарбаев өзінің Жарлығымен жер жүзінде алғаш рет Семейдегі ядролық тажал полигонын жапты, сөйтіп, жаһандық ядролық қарусыздану үдерісінің басталуына белгі берді.Екіншіден, ол КСРО-ның ядролық мұрасынан бас тартып, Қазақстанды ядролық қарусыз ел деп жариялады. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қою жөнінде шешім қабылдады.Үшіншіден, Н.Назарбаев ядролық клубтың барлық мүшелерінен, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Францияда өз еліне қауіпсіздік кепілдігін алуға қол жеткізе алды.Төртіншіден, Қазақстан Президенті 1992 жылы БҰҰ мінбесінен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру идеясын жария етіп, оны іске асырды. Он жылдан кейін Алматыда АӨСШК саммиті болып, осы үдерістерді институттандыру туралы маңызды құжаттар қабылданды.Бесіншіден, қазақстандық басшының бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интеграциялық идеялары да ақиқатқа айналды. 2000 жылы Астанада Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық құрылды, он жылдан кейін – Кеден одағы дүниеге келді.

Алтыншыдан, Н.Назарбаев қазақтардың ұлт ретінде қалыптасқаннан бергі тарихында алғаш рет Қазақстанның көрші елдермен мемлекеттік шекарасын ресми түрде делимитациялады.

Жетіншіден, Н.Назарбаев Ресеймен Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге, Мәңгілік достық туралы декларацияға, Қытаймен Тату көршілестік, достық, және ынтымақтастық туралы келісімге, Орталық Азия елдерімен Мәңгілік достық туралы келісімге қол қойды. Сөйтіп, біздің еліміздің бүкіл шекарасы бойында қауіпсіздік аймағы құрылды.

Сегізіншіден, Қазақстан Н.Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдарында ТМД-дағы ең жоғары әлеу­меттік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Сөйтіп, халықаралық ортада өз орнын елеулі істерімен бекемдеді.

Тоғызыншыдан, өткен ғасырдағы қуғын-сүргін жылдарында туған жерден амалсыздан қол үзген біздің көптеген қандастарымыз Қазақстанға оралды.

Оныншыдан, Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдерінен алғаш рет ЕҚЫҰ секілді бірегей халықаралық ұйым­ды басқаруға қол жеткізді. Одан басқа Қазақстанға Ислам Конференциясы ұйымы секілді беделді ұйымға төрағалық ету құқығы да берілді.Н.Назарбаевтың конфессияаралық келісім мен бейбітшілік туралы идеясы да өз жемісін берді. Сөйтіп, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үш форумы өтті.Әлемге танылу жолы – шырғалаңға толы, бірде тайғақ, бірде тұманды да ызғарлы, тосқауылдары, сынақтары мен қиындықтары мол азапты жол. Н.Назарбаевтың дарыны, жаңа тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы оның рөлі күмән туғызбайды. Ол қазақ ұлтының баршаға, күллі әлемге танылған Елбасы. Ол осы атпен елі­мізді аймақтық алпауыт мемлекеттер қатарына қосқан біртуар тұлға, мемлекет қайраткері мен саясаткер ре­­тінде Тарихқа енді.

Владимир Путиннің сөзін келтіре кету орынды болар еді: “Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз мемлекетті іргетасынан бастап тұрғызды. Мұндай міндетті орындау тек біртуар адамның ғана қолынан келеді. Бәрі біткен кезде қай іс те оңай секілді көрінетіні рас. Басынан бастап, дамудың осындай деңгейіне дейін жеткізе алу – Нұрсұлтан Әбішұлы тамаша орындаған орасан зор міндет”.

Президент Дж.Буш Н.Назарбаевты “қазақтың Джордж Вашингтоны” деп атады, ал Владимир Путин біздің басшымызды осы заманның көрнекті саясаткері деп са­найтынын мойындады. Нұрсұлтан Әбішұлы кіммен кездессе де, және кіммен келіссөз жүргізсе де, тіпті сөзге сараң монарх болсын, президент немесе үкімет басшысы болсын, шын жүректен шыққан ең жылы сөздерге ие болады.

 

 

№24----------------

2003 жылдан бастап біздің елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездері өткізілді. Осы съездерге әртүрлі конфессиялардың көрнекті діни қайраткерлері және өкілдері қатысады. Сонымен, әр түрлі конфессия мен этностардың бейбітшілік өмір сүруін қамтамасыз ететін, Қазақстанда ұлттық саясаттың бірегей тәжірибесі жиналды. Сонымен қатар этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің табысты болуының негізгі факторы ретінде елімізді қоныстанған этникалық топтар мүдделерінің балансын сақтап қалу болып табылады Этносаралық және конфессияаралық келісім мен диалогтың жасалынған өзіндік моделі – ол біздің еліміздің әртүрлі этностардың және конфессиялардың өзара әрекеттесудің жалпы адамзаттық үрдісіне қосқан үлесі

Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.

I-ші Съез

І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті. Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты. Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.

II-ші Съез

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясына» «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты. Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылы Астана қаласында өту шешімі қабылданды. Форум аяқталғаннан кейін барлық дін лидерлері мен құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бейбітшілік және келісім сарайының жоғарғы қабатында залға көтеріліп өз портреттері астына естелік жазу қалдырды. Келешекте бұл жазбалар ІІ Съезд делегаттарының портреттерімен және олардың баяндамаларының дәйексөздерімен жеке кітап болып жарияланды. Форум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысты. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.

III-ші Съез

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты. Христиан конфессиясынан рим - католик, орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Ватиканнан дінаралық сұхбат жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан Луи Торан, ағылшын шіркеуінен епископ Николас Бэйнс, Константинополь шіркеуінен Франция митрополиті Эммануель, лютерандық федерациядан Бүкіләлемдік лютерандық одақтың Бас хатшысы доктор Ишмаел Ноко бастаған делегациялар қатысады. Иудаизм делегацияларын Израильдің Бас раввині Иона Мецгер және Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар бастап келді. Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен будда дінінің өкілдері қатысты.

Делегацияларды дәстүрлі діндердегі синтоизм атынан жапондық Синтоистік шіркеу қауымдастығының вице-президенті Цунекие Танака, индуизмді - Индология және дінаралық сұхбатты зерттеу институтының төрағасы Шантилал Сомайя, даосизмді - қытайлық Даосизм қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун, ал зороастризмді Бүкіләлемдік заратуштра мәдени мұрасы кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла бастап келді.Съезге құрметті қонақ ретінде белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Олардың ішінде Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос, Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Кьелль Бондевик, БҰҰ Өркениеттер алянсы хатшылығының директоры Марк Шойер және тағы басқа лауазымды тұлғалар болды.

Съездің бірінші күні "Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі" атты жалпы отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара "Моральдық және діни құндылықтар", "Сұхбат және ынтымақтастық", "Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік" атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданды.

25.-26-27


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!