![]() Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу! ![]() Дисциплины:
Архитектура (936) ![]() |
![]() Оқшауланған өткізгіштің электрлік сыйымдылығы
Дәріс. Электр өрісіндегі өткізгіштер Егер өткізгішті сыртқы электр өрісіне орналастырса немесе оған қандай да бір заряд берсе, онда бұл екі жағдайда да өткізгіштегі зарядтарға электрстатикалық өріс әсер етіп, зарядтар өткізгіш ішінде орын ауыстыра бастайды. Бұл процесс өткізгіш ішіндегі өріс нөлге тең болғанша жүреді. Осы кезде өткізгіш ішіндегі потенциал тұрақты ( Гаусс теоремасын қолданып, өткізгіштің бетіндегі өріс кернеулігін тікелей анықтауға болады. Айталық, 13.1-суретте көрсетілген өткізгіш бетіндегі зарядтардың беттік тығыздығы
13.1-сурет. Өткізгіш бетіндегі электр өрісінің кернеулігі. Өсі
мұндағы
а) б) 13.2-сурет. Кернеулік сызықтар. а) Өткізгішті электр өрісіне орналасқан кездегі бастапқы мезет; б) орныққан соңғы күй.
Осы зарядтар туғызған өріс сыртқы өріске қарсы бағытталады. Бұл процесс өткізгіш ішіндегі өріс нөлге тең болғанша жүреді, және өткізгіш бетіндегі кернеулік сызықтары бетке ортогональ болып келеді. 13.2а-суретте өткізгішті электр өрісіне орналасқан кездегі бастапқы мезет; 13.2б-суретте орныққан соңғы күйі көрсетілген. Өткізгіш бетінде пайда болған зарядтар индукциялық зарядтар деп, ал өріс әсерінен өткізгіштегі зарядтардың қайта таралуы (орналасуы) электрстатикалық индукция деп аталады. Өткізгіштің іші қуыс болуы зарядтардың бетте орнығуына кедергі болмайды (әсер етпейді). Бұл айтылғандар әртүрлі денелерді электрстатикалық қорғау үшін қолданылады. Мысалы, электрөлшеуіш құралдарды сыртқы электрстатикалық өріс әсерінен қорғау үшін, көбінесе металл торлар қолданылады. Өткізгішке берілген зарядтардың өткізгіш бетіне орналасуы өткізгіште зарядтардың (екі таңбасының да) көп мөлшерін жинақтау үшін және қарама-қарсы зарядталған өткізгіштер арасында үлкен потенциалдар айырымын (бірнеше миллион вольт) тудыру үшін қолданылады. Бұл идеяны Ван-де-Граф электрстатикалық генератор жасау үшін қолданған. Электрлік сыйымдылық. Оқшауланған өткізгіштің электрлік сыйымдылығы Басқа өткізгіштер мен зарядтардан қашықтатылған оқшауланған өткізгішті қарастырайық. Заряд пен потенциал арасында q=Cj тәуелділігі бар екені тәжірибеден белгілі. Бұдан шығатын
шамасын оқшауланған өткізгіштің электрлік сыйымдылығы деп атайды. Ол сан мәні жағынан өткізгіштің потенциалын бірлікке өсіретін зарядқа тең шама. Сыйымдылық өткізгіштің пішініне, мөлшеріне байланысты болып, бірақ оның материалына, агрегаттық күйіне, өткізгіш ішіндегі бос қуыстың өлшеміне тәуелді болмайды. Сыйымдылық, сонымен бірге өткізгіштің заряды мен потенциалына да байланысты емес. Оны былай да айтуға болады: өткізгіштің потенциалы оның зарядына тура пропорционал да, сыйымдылығына кері пропорционал болады. Радиусы
Мұны (13.2)-ге қоятын болсақ, шардың электрлік сыйымдылығының өрнегін аламыз:
БХЖ-де сыйымдылықтың өлшем бірлігі ретінде өткізгішке 1 Кл заряд берілгенде, оның потенциалы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің сыйымдылығы алынады. Бұл шама фарад (Ф) деп аталады. Фарад - өте үлкен шама. Егер Жерді радиусы 6400км өткізгіш шар ретінде қарастырсақ, онда оның сыйымдылығы шамамен
![]() |