Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Курстық жобаны безендіруге қойылатын талаптар



Курстық жоба компьютер мен принтердің көмегімен А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетінде бір интервалды (аралық) сақтай отырып теріледі. Шрифт – TimesNewRoman, кегль 14.

Айқандалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

Курстық жобаны орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің рәсімделу айқандығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

Курстық жобаның беттерін араб сандарымен, жұмыстың толық мәтіні бойынша реттік нөмірлеуді сақтай отырып, нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағына, ортасына, нүктесіз қойылады.

Титул беті жұмыстың жалпы беттерінің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне бет нөмірі қойылмайды.

Жекелеген беттерде орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жобаның беттерінің жалпы нөмірлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар мен кестелер бір бет ретінде есептеледі.

Курстық жобаның бөлімдерінің, барлық құжаттың өн бойында, абзацтан кейін, араб сандарымен белгіленіп, нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет.

Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген, бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшелерден тұруы мүмкін.

Бөлімдердің атулары қысқа және мазмұнға сәйкес болуы керек. Бөлімдер атауларындағы сөздерді тасымалдауға болмайды, атаудың соңында нүкте қойылмайды. Атаудың және одан кейінгі мәтіннің арасы 10 мм, мәтіннің соңғы жолы мен келесі атаудың арасы 15 мм болуы керек.

Жазбада терминалдық деректер және анықтамалар біркелкі және қойылған стандарттарға, ал олар болмаған жағдайда – ғылыми-техникалық әдебиеттерде қабылданған талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мәтінде және қолтаңбада МЕСТ-пен бекітіліп қысқартылған сөздерден басқа сөздерді қысқартып жазуға болмайды.



Курстық жобадағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде, дөңес жақшаға алынып, араб сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

Мәтінде формулалардың реттік нөмірлеріне сілтемелер жақша ішінде беріледі. Мысалы: (1) формулады.

Формулалар мен теңдеулер мәтіннен бөлек жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формаулалар мен теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбасынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесе басқа да математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағыда қайталануы қажет. Егер формула көбейтуді білдіретін белгімен келесі жолға көшірілсе, онда «х» белгісі қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, оның төменінде, формулада берілген бірізділікпен жүргізілуі керек. Әр символ мен сандық коэффициенттердің мәндерін жаңа жолдан бастап келтіру керек. Бірінші жол «мұндағы» деген сөзден басталып жазылады, соңында ешқандай белгі қойылмайды. Формуланың бір бөлігін, жеке әріптерін теріп, басқаларын қолмен жазуға болмайды.



Түсіндірме жазбада барлық есептеу формулалары басында жалпы түрде келтіріледі, нөмірленеді, формулаға кіретін барлық мәндердің өлшемдері мен белгіленулеріне түсінік беріледі. Кейін формулаға сандық мәндер қойылады және есептеу нәтижелері жазылады.

Бір параметрдің өлшемі түсіндірме жазба барысында тұрақты болуы және СИ бірлік жүйесіне сәйкес келуі керек.

Егер анықтамалардан немесе басқа көздерден алынған мәндердің өлшемдері басқа бір бірлік жүйесінде болса, оларды теңдеуге қояр алдында СИ бірлік жүйесіне ауыстыру (қайта есептеу) керек.

Мәтінде негізгі есептеу формулаларына, физикалық константаларға және т.б. анықтамалық деректерге сілтемелер жасалады. Әдебиет көздеріне келтірілген сілтемелерді тік жақша ішінде көрсетеді.

Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен ретпен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасына (суреттің астында), сызықша арқылы бөлініп, жазылуы тиіс.

Иллюстрацияны бөлім аясында нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі, нүктемен бөлінген, бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады (мысалы: Сурет 1.1).

Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауларымен қоса түсіндірілетін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). Бұл жағдайда «Сурет» сөзін және оның атауын, түсіндірілетін мәліметтерден кейін, былайша орналастырады: Сурет 1 – Бензин фракциясының каталитикалық риформингі технологиялық қондырғысының сызбасы

Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында, ретпен басынан аяғына дейін нөмірлегенде «... 2-суретке сәйкес» деп және бөлім аясында нөмірлегенде «... 1.2 суретіне сәйкес» деп жазу қажет.

Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек, дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, сол жақта, абзацсыз, оның нөмірімен сызықша арқылы бөліп, бір жолға орналастыру керек.

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін, немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.

Курстық жобада барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме жасаған кезде «Кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, барлық кестелер араб сандарымен ретпен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Кестелерді бөлімдер аясында нөмірлеуге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда кестелер нөмірі, нүктемен бөлінген, бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Кестенің графалары мен жолдарының тақырыбын бас әріппен жекеше түрде, ал графаның тақырыпшаларын – егер олар тақырыппен бір сөйлем құраса кіші әріппен, немесе егер олар жеке мәнді көрсетсе бас әріппен жазу керек. Кестенің тақырыбының және тақырыпшаларының соңында нүкте қойылмайды.

Графаның тақырыбын, ережеге сай, кестенің жолдарына параллельді жазады. Қажет болған жағдайда графаның тақырыбын перпендикулярлы орналастыруға болады. Кестенің басы кестенің басқа бөлімдерінен сызықпен бөлінуі керек.

Кестенің тақырыбындағы және жазбалардағы барлық сөздерді қысқартусыз, толық жазады. Егер графадағы мәтін қайталанатын бір сөзден тұрса, оны тырнақшамен алмастыруға болады. Егер қайталанатын мәтін үш немесе одан да көп сөзден тұрса, алғаш рет қайталанған кезде оны «тағыда» сөзімен, ал келесіде - тырнақшамен алмастырады. Тырнықшаны сандар, маркалар, белгілер, математикалық және химиялық символдар қайталанған кезде қоюға болмайды. Егер кестенің қандай да бір жолында сандық немесе басқа бір деректер келтірілмесе, онда ол жерге сызықша қояды.

Кестелер, ережеге сай, сол, оң және төменгі жақтарынан сызықпен шектелуі тиіс.

Кестелердің шрифт өлшемін мәтіндегіден кіші етіп (12) алуға рұқсат беріледі.

Кестенің төменгі сызығы мен келесі мәтіннің арасы екі бос жол болуы керек.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!