Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Мемлекеттерді өркениеттік тәсілмен тұрпатқа (типке) жіктеудің дамуы және оның мәні



Мемлекетті өркениетті тәсілмен сипаттағанда оның қоғамды басқару жолдары қандай екені, экономиканы, мәдениетті дамытудағы атқаратын қызметі айқындалады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі және кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі топқа бөлінеді. Алғашқы өркениеттегі мемлекет шексіз билікке негізделеді де, біріктіруші және ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымы анықталады. Бұл - көне грек, шумер, ассировавилон, иран, бирма, жапон, т.б. елдердегі саяси ұйымдар. Кейінгі өркениеттегі мемлекеттік билік алғашқы өркениеттідей аса қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күшті емес. Мемлекет көп жағдайда мәдени-діни жүйеге бағынған. Мемлекет басшысы заңдарды, қағидаларды бекіткеннен кейін оларды өзі сақтауы керек, әйтпесе, оның билігі заңсыз болып саналады. Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, т.б. мемлекеттері жатады.
Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде мемлекеттердің мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық құрылысын қоғам дамуының рухани ізгілік және мәдени факторларымен салыстыра отырып шешеді. Сонда:
Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі болмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, этникалық (халықтық), діни негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейінің дәрежесі, сондай-ақ тұлғаның (жеке адамның) экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани бостандығының деңгейі кіреді.
Өркениет дегеніміз қоғамның салыстырмалы түрде тұйықталған және локалдық (жергіліктілік) ахуалы.
Осы ахуал – діни, психологиялық, мәдени, географиялық және басқа да белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Бұл ахуалдың негізгі ерекшелігі – дін мен оның ұйымдасу тұрпаттары (формалары) өзгеріссіз кала береді.



 

92.Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар, олардың пайда болуы мен тоқтатылуы. Тұрғын үй ортақ меншік болып есептелінедіОртақ меншіктегі тұтас мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылады. Ал өзіне тиесілі үлеске қатысушы жеке-дара билік етеді, яғни өз қалауымен сатуға, сыйға тартуға, кепілге қоюға, мұраға қалдыруға құқылы.Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену мен пайдалану да барлық қатысушылардың келісімімен іске асырылады. Ал келісе алмаған кезде иемдену және пайдалану тәртібін сот белгілейді.Ортақ меншіктің екінші түрі – бірлескен меншіктегі құқық үлестерге бөлінбейді. Қатысушылар өздеріне тиесілі үлесті тек Ортақ меншіктен шыққанда ғана айқындайды. Бірлескен меншік азаматтар арасында ғана (ерлі - зайыптылардың некелескен соң алған мүлкі, шаруа қожалығы құрылғанда, тұрғын үйді жекешелендіргенде) пайда болады.



Бірлескен меншіктегі мүлікті қатысушылар бірлесе иеленеді және пайдаланады. Олардың келісімімен өзгеше тәртіп те белгіленуі мүмкін. Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету де барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Бірақ мұнда ерекше тәртіп қолданылады: жылжымалы мүлікке меншік иелерінің біреуі билік еткенде басқаларының келісімі бар деп болжамданады, ал жылжымайтын мүлікке қатысты не нотариалдық куәландыруды талап ететін мәміле жасағанда басқа қатысушылардың жазбаша түрде келісімдері талап етіледі.Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.



Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншікӨзге де заттың құқықтарЗаттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады.Жерді пайдалану құқығыЖерді пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мүлікті иелену меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуі және пайдалануы.Шаруашылықты жүргізу құқығыШаруашылықты жүргізу құқығы — мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етуді заң жүзінде жүзеге асыратынмемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.Оралымды басқару құқығыОралымды басқару құқығы — меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған,және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.Өзге де заттыққұқықтарӨзге де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы; кепіл..

93.Міндетеме түсінігі Азаматтық құқықта Шартпен ресімделген азаматтық-құқықтық қатынас. Міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасауға не оны жасаудан тартынуға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеменің пайда болу негіздемесі – заңи фактілер, бір жақты мәмілелер, әкімш. актілер, заңсыз әрекеттер, оқиғалар. Міндеттемеде әрқашан да белгілі бір субъективтік құрам (міндеттеме тараптары) болады. Тараптардың бірі – борышқор, яғни тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, мүлікті табыстауға, ақшалай қаражат аударуға, өзге де әрекеттерді жасауға міндетті тұлға. Екінші тарап – несиегер, яғни борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы тұлға. Жалпы мағынада алғанда міндеттеме бір тұлғаның (борышқордың) екінші тұлғаға (несиегерге) борышы деген ұғымды білдіреді, яки міндеттеме дегеніміз тұлғалардың міндеттемелік құқық нормаларымен реттелген өзара қарым-қатынасы. Міндеттеме мүліктік қатынастар тобына жатады, өйткені қоғамдағы айырбас үдерісін ресімдейді. Екі тарапты; көп тұлғалар қатысатын; үшінші тұлға қатысатын; тараптары ауыстырылатын міндеттеме түрлері болады. Басқа да жіктелімдері бар. Міндеттемелер заңның, өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға, ал мұндай талаптар болмаған жағдайда іс қағаз айналымының ғұрыптарына және ғұрып бойынша қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттеменің орындалуы несиегер мен борышқордың өз құқықтары мен міндеттерінен құралатын әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындау қағидатынан басқа міндеттемені нақты орындау қағидаты да қолданылады, мұндағы міндеттемеде көзделген әрекеттердің орнына залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде ақшалай қолданбай заттай орындау міндеттілігі өкім етіледі.

94Міндетеменің орындалуын қаматамасыз ету әдістерінің түсінігіКүнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.

° Айып төлеу (айыппүл, өсім) — міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.

Өсім — міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады.

Айыппүлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады.

Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде «айыппұл санкциясы» термині қолданылады.

Айып төлеу заңды айып төлеу және шартты айып төлеу дпген түрлерге бөлінеді. Заңды айып төлеу — міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда заңмен немесе басқа да қүқықтық нормалар актісімен белгіленеді. Несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндеті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құқығы бар. Заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшерін көбейтуге болады. Ал шартты айып төлеу міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда төленетін сома тараптардың келісімімен белгіленеді.

Несие берушінің шеккен залалдарына байланысты айып төлеудің есептік, айыппулдық, ерекіие баламалық деген түрлерін ажыратуға болады. Есептік айыппүл — келтірілген залалды өндіріп алудың ішіне кіргізіледі. Айыппұлдықта — айыппұл да, залал да өндіріледі, ал тек айыпты өндірумен шектелетін айып төлеудің түрі ерекше айып төлеуге жатады. Не айыпты, не залалды өндіріп алу баламалы айып төлеу көрсетеді.

95. 2.1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-жауаптылық мынадай формада болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б.

Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты (міндеттемелік, заттық, ерекше және т.б.) қорғауда қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез келген азаматтық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін шығындарды өтеуге қатысты шығындарды толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Шығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.


Просмотров 1657

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!