Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Абайсыздық және оның түрлері. Кінәнің қиын түрі



Қылмыстық әрекетінің соңына байланысты әр адамның абайсыздыққа деген психикалық қатынасы ерекше болады. Негізінен абайсыздық қылмыстар қылмыс нәтижелі болғанда, нәтижеге жетуге қолданылған тәсілдер бойынша сараланады.

Бәрімізге белгілі абайсызда жасалған қылмыстарда дайындалу, оқталу және қылмысқа қатысу сияқты түрлері (формалары) жоқ, бұл қылмыстық жауапкершілікті де азайтады.

Абайсыздық менмендіктен және немқұрайдылықпен жасалады.

Қылмыс менмендікпен мынадай жағдайда, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе.

Мысалы: автокөлік жүргізушісі өте жоғары және тез жүргенді сезе отырып, жоғары жылдамдықта тез тоқтаймын немесе қауіпті жағдай туғызбаймын деп сенеді. Бірақ ол тез тоқтата алмай көшеде келе жатқан адамды соғып, оған дене зақымын келтіреді.

Жүргізуші алдында болатын жағдайларды ескере отырып, бірақ оны болдырмаймын деп ойлайды. Ол менмендікті жүзеге асырғысы келді. Менмендікті бір жағынан қылмысты сезіне отырып оның болдыруына жол бермеуі, ал екінші жағынан қылмыс жүзеге асқаннан кейін сезіну.

Сонымен қатар менмендік былай мінезделеді: а) қоғамға қауіпті жағдайларды біліп тұру б) бұл жағдайларды менмендікпен болдыртпау.

Қоғамға қауіпті іс-әрекетті біле отырып және оның жүзеге асуының нәтижесін ескеріп, осылар менмендіктің интеллектуалды эелементін құрайды, ал оны жеңілдікпен болдырмау адамның еркіне байланысты, осы екі бөлігінің жиынтығы қылмыстың менмендікпен жасауына тура әкеледі.



Немқұрайлық қоғамға қауіпті әрекеттерді көрмей немесе оның жүзеге асуын білмей отырып мінездеуге болады, бірақ кейбір жағдайда оны білу керек және алдын-ала шара қолдануы мүмкін еді.

Бұны мына мысалмен келтіруге болады: Е аң аулап болған соң Б екеуі ат шанамен келе жатады. Шанада қарулы (оқталған) мылтық жатады. Жолдың қтылысында Е мылтықты басып қалады, мылтық атылып Б-ны жарақаттандырады. Осы мәселені сот абайсызда жасалған деп зақымы деп саралайды. Бірақ Е өзінің әрекетін, нәтижесін білмей отыра оны тиісті түрде ескеріп қарулы мылтықты оқсыздандырып ету керек еді. Келген зардабы бойынша қылмысқа психикалық қатынасы немқұрайлық түрінде жүзеге асады.

Немқұрайлық екі жағдайда мінезделеді: теріс - яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетінің зардаптарының көруінің болмауы, дұрыс - қауіпті жағдайлардың болуы және өз әрекетінің нәтижесін субъект білу керек немесе алдын ала көруі керек еді. Бірінші жағдайда немқұйлық қасақана жасаудан (тікелей және жанама) және менмендіктен ерекше айырмашылығы бар. Екінші жағдайда ол барлық кінәсіз келтірілген зиянды зардаптардан, яғни сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын тұлғаларды айтуға болады.



Мына жағдайларды анықтауға бағытталған яғни қоғамға қауіпті зардаптарды білуі керек және алдын-ала көруі туралы қылмыстық құқық теориясы мен соттық тәжірибе екі тұрғыда анықтайды: объективті және субъективті.

Объективті тұрғысы: немқұрайлық заңда былай көрсетілген: "алдын-ала білу керек еді" (96 б); яғни адамды қоғамға қауіпті әрекеттерді білуді міндеттейді және оны болғызбайтын шаралар қолдандырады.

Ал немқұрайдылықтың субъективтік тұрғысы (заңда "көруге болушы еді") адамды нақты жағдайда персоналды тәсілдермен және жеке қабілеттігін (өмірдегі тәжірибі, білімі, денсаулық жағдайы, психикалық көзғарасы және т.б.) қолданып қоғамға қауіпті зардаптарды көруге алдын ала білуі керек екеніне әкеледі.

Қылмыстық құқық әдебиетінде казус түсінігі кездеседі. Казус (жағдай) - яғни қоғамға қауіпті зардаптар келтірілген кезде адамның әрекетімен себептік байланыста болады, бірақ адам оны көрген жоқ, көруге болушы жағдайдың болмауы және осы әрекеттердің нәтижесіне жетудің білмеуі. Осы жағдайлардың болғызбауына міндетінің болмауы ерекше мән-жай болады, яғни адамның кінәлігін жояды. Сондықтан болған зардаптары қандай да объективті тұрғыда болмасын жауапкершілікті жояды.



Заңда қылмыстың құрамдары бір қатарда еоекше белгіленген және құрамның объективті жағының белгілері әрекеттің ерекше қасиетіне юерілген, келген нәтижеге бір түрлі көрсетіледі. Осыған байланысты субъективті тұрғысынан қарағанда адамның жасаған әрекетіне байланысты психикалық қатынасы және келген зардаптарды психикалық көзғараста ерекшеленеді. Бұл жағдайларда біз кінәнің ерекше (қиын) түріне кездесеміз: әрекетіне байланысты қасақана ойы және келтірілген қоғамға зардаптарды абайсыз қатынасы.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру барысында абайсыз жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырса (ҚК 103 б 3 п) келген зардаптарға тікелей қатынасы қасақана деген орынға ие болады(тікелей және жанама) және жасалып жатқан қылмыстың қоғамға қатысты ерекше мінезделеді, сондықтан бұл мән-жайлар кінәлінің әрекеті тек қана денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталған. Осыған сүйене отырып субъект келетін зардаптарды алдын ала біледі және олардың нәтижесіне жетуін тілейді. Бірыңғай адам дене зақымын келтіру барысында, бұл әрекеттер адамның өліміне әкелетінін сезбейді, келетін зардаптарды ескермейді, бірақ оны білуі және алдын ала көруі, жәбірленушінің өліміне әкелетінін ескеруі керек еді. Бірақ ерекше түрде оны жеңілдікпен болдырмаймын деп сенеді.Кінәнің қиын түрі объективті жағынан барлық жерде болуы мүмкін егер де бір қылмыста объективті мен субъективті белгілерінің қиындалған түрлері болады және бұл қасақана қатынасына сәйкес болады.

Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың сұрақтары ҚР ҚК-ң 22 б көзделген.


Просмотров 3657

Эта страница нарушает авторские права





allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!