Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты



1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және
заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді.
2. Қауіпті қалдықтардың паспорты:
1) осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға;
2) Янтарь және Қызыл тізімдердегі қалдықтарға жасалады.
3. Қауіпті қалдықтардың паспортында мынадай міндетті бөлімдер:
1) қалдықтардың атаулары;
2) қалдық шығарушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, өндірістік үй-жайы болған кезде оның орналасқан жері, кәсіпорынның атауы мен деректемелері;
3) қалдықтардың шығу көздері;
4) қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі;
5) қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрауыштарының қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы;
6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері;
7) қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары;
8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;
10) қосымша ақпарат қамтылуға тиіс.
4. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады.
5. Қауіпті қалдықтар паспорты, қауіпті қалдықтар құралған кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелуге тиіс.
6. Міндетті бөлімдерге енгізілген, деректердің толықтығы мен дұрыстығын көтеретін қосымша ақпараттардың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға және қайта тіркелуге жатады.
7. Тіркелген қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы тобын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға, сондай-ақ қалдықтардың осы тобының (топ бөліктерінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде табыс етіледі.
8. Жүк алушы алынған қалдықтар тобын өңдеу кезінде, басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы топқа (топ бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге және оны тіркеуге тиіс.
9. Қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.
10. Қалдықтың химиялық және құрауыштық құрамы аккредиттелген зертхана орындаған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі. Өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) түрінде берілген қалдықтар үшін техникалық жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрауыштық құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.
11. Қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.
12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.
13. "Қосымша ақпарат" бөлімінде қалдықтардың меншік иесі хабарлағысы келетін өзге де ақпарат көрсетіледі.
Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар

1. Пайдалану процесінде қалдықтар құралатын объектілерді жобалау кезінде:
1) жобалау құжаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды ескеру;
3) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі техникалық және технологиялық құжаттама әзірлеу қажет.
2. Тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ пайдалану процесінде қалдықтар құралатын өндірістік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ережелерге, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.

Бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге;
2) ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру шараларын енгізуге;
3) қалдықтар мен оларды орналастыратын объектілерге түгендеу жүргізуге;
4) қалдықтар орналастырылған объектілердің аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге;
5) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге;
6) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты авариялардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтауға және оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қолдануға;
7) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін авариялар туындаған немесе олардың қатері төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
2. Қалдықтарды орналастыру объектісі салынатын жерді айқындау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде) және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптаманың оң қорытындылары болған кезде арнайы (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және өзге де) зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды орналастыру объектілерінің меншік иелері, сондай-ақ иеленуінде және пайдалануында қалдықтарды орналастыру объектілері бар адамдар осы объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуге міндетті.
4. Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың аумақтарында, тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады.
5. Егер пайдалы қазбалар жатқан жерлерге ластану қатері және тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігіне қатер төндірген жағдайларда, пайдалы қазбалар жатқан және тау-кен жұмыстары жүргізілетін жерлерге қалдықтарды көмуге тыйым салынады.
Ескерту. 291-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!